роботтандырылған технологиялық кешен (РТК) роботтандырылған
технологиялық кешен (РТК) немесе ИАЖ қарағанда оңтайлы
жүктеуді қамтамасыз ететін жабдықтарды пайдалану ретін өзгерту
мүмкіндігі
бар
автоматтандырылған басқару
жүйесімен
біріктірілген басқа технологиялық жабдықтардан құралатын
икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) (2.23-сурет).
2.22 сурет. Икемді автоматтандырылған желіні тұтастыру сызбасы: 1 -
жабдықтар; 2 – көлік жүйесі (конвейер)
Айналу
денесін
өңдеу
үшін
қолданылатын
Отандық
икемді өндірістік жүйелерінің (ИӨЖ) АӨЖ (айналу денелерін
өңдеудің автоматтандырылған жүйелері) индексі бар, АӨЖ үлгілі
ИАТ орта сериялық өндіріс шарттарында айналу денелері
үлгісіндегі (білік, фланец және т.б.) бөлшектерді (жонғыш, фрезер,
бұрғылайтын және т.б.) өңдеуге арналған. АӨЖ үлгілі ИАТ
құрамына СББ бар жонғыш және көп мақсатты (бұрғылайтын
фрезер) білдектер кіреді. Қажеттілік жағдайында икемді
автоматтандырылған телімге (ИАТ) ажарлауыш, тiсжоңғылау және
т.б. бiлдектер енгізіледі.
Бір технологиялық мақсаттағы білдектерді бір үлгіден
таңдап алады, ол технологиялық өзара алмасымдылықты
қамтамасыз етеді. АӨЖ сыртқы, ішкі, дөңбек төселген сатылы және
қисық сызықты беттерді өңдеудің алдын ала және ақырғы
операцияларын, бұрандыою, бұрғылау, үңгiлеу, саңылауларды
жаймалау, қасқалшаны, ойықтарды, контурларды және т.б.
фрезерлеуді орындайды.
АӨЖ үлгілі ИАТ икемді автоматтандырылған телімде
диаметрі 250 мм, ұзындығы 1 000 мм (АСВ-20, АСВ-21, АСВ-22,
АСВ-23, АСВ-24) дейінгі айналу денесі үлгісіндегі бөлшектерді
өңдейді. Өңдеу кезінде технологиялық бағдарды типтендіру,
негіздеу мен дайындамаларды бекіту тәсілдері,
кескіш құралдарды және жабдықтарды ауыстыруды орындау
кезектілігі, СББ бар жабдықтар мен құралдарды кесу режимдерінде
негізделген үлгілік процестер қолданылады.
Күрделі бөлшектерді жасау үшін ИАЖ икемді
автоматтандырылған желілердің ішіне бұранданы қайрау, қырнау,
бүрлеу, қапталдарды фрезерлеу, центрлеу және т.б. орындауға
қызмет ететін СББ бар (бір мезгілде жұмыс жасайтын құралдардың
шектеулі саны тән) мамандандырылған және арнайы білдектерді
орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: