Біліктерді икемді өндірістік жүйелер (ИӨЖ) шарттарында өңдеу. Қазіргі кезде білікті өңдеу кезінде ЭЕМ (электрондық
есептеуіш машина) басқарылатын сандық бағдарламалық басқару
(СББ) жабдықтарынан құралатын ИӨЖ қолданылады. Икемді
өндірістік жүйелер – ол жабдықтардың автоматтық тәртіпте жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін құралдар мен жүйелермен қамтамасыз
етілген технологиялық жабдықтардың бірнеше бірлігі. Берілген
жүйе жаңа бөлшектерді белгіленген номенклатура шамасында
өндіруге ауысқан кезде автоматтандырылған қайта жөндеу
қасиетіне ие (МемСТ 26228–90 «Икемді өндірістік жүйелер.
Терминдер мен анықтамалар, көрсеткіштер номенклатурасы»).
Икемді өндірістік жүйелерде дайындамаларды өңдеумен
байланысты негізгі операциялардан басқа қосалқы операциялар да
автоматтандырылған:
жұмыс
орнына
дайындамаларды,
жабдықтарды, кескіш және өлшеу аспаптарын жеткізу, оларды
ауыстыру мен жөндеу; жабдықтар мен құралдардың техникалық
күйін диагностикалау, басқару бағдарламаларын (ББ) автоматтық
түзету; өндірісті жоспарлау мен басқару және т.б. Икемді өндірістік
жүйелерді (ИӨЖ) басқару, сандық бағдарламалық басқару
базасында құрастырылған автоматтандырылған басқару жүйесі
(АБЖ) жүзеге асырылады.
Автоматтандырылған басқару жүйесі орындайды:
▪ Автоматтандырылған жобалау жүйесімен (АЖЖ) жасап
шығарылатын бөлшектерді және автоматтық жобалау
жүйесі арқылы жүзеге асыруға қажетті технологиялық
процестер;
▪ Өндірістің автоматтандырылған басқару жүйесі (ӨАБЖ)
арқылы жүзеге асырылатын өндірісті жоспарлау мен
жабдықтарды жүктеу;
▪ Өндірісті технологиялық дайындау (ӨТД), оның ішінде
өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған
жүйесімен (ӨТДАЖ) іске асырылатын ББ әзірлеу және т.б.
Ұйымдастыру белгісі бойынша ИӨЖ келесі түрлерге бөлінеді:
▪ Икемді автоматтандырылған желі (ИАЖ);