▪
Жаттықтыру немесе іске кірістіруден соң пайда болатын
ақаулықтарды анықтау.
Операциялық бақылау құрастырылатын бұйым сапасының
жеке көрсеткіштерін тексеруге арналған. Бұл ретте құрастыру
кезінде алынған нақты параметрлерді, техникалық құжаттамамен
белгіленген параметрлермен салыстырады. Осы мақсаттар үшін
кейбір құрастыру бірліктерін, пайдалану шарттарына ұқсатумен
арнайы стендтерде сынайды. Пайдаланылатын машинаның
сенімділігіне әсер ететін беріктік, қымтақтылық, дiрiлорнықтылық
және басқа параметрлерді тексереді.
Дайын машиналарды шығыс бақылау құрастыру цехтері мен
сынау стендтерінде орындалады. Жинақталған параметрлерді
тексеру бұйымды дайындау кезеңінде аяқталған фаза болып
табылады. Құрастыру цехында құрастыру бірлігі мен бұйым
жүйесінің монтажын, саңылаулардың, радиал тартылыс пен қаптал
соққыларының сызба талаптарына сәйкестілігін тексереді.
Сынау стендтерінде нормативтік-техникалық құжаттамада
қарастырылған жұмыс тәртіптерінің барлығында дайын бұйымның
шығыс параметрлерін өлшейді. Бұйымның төзімділігі мен
мүлтіксіздігіне әсер ететін параметрлерге ерекше көңіл бөлінеді,
олар мысалы айналушы элементтермен қалыптасатын діріл деңгейі,
сырғанау тірегін майлау шарттары, қуатты немесе отынды
пайдалану, бұйыммен қалыптастырылатын күш немесе бұрау
моменті.
Сенімділік
–
дайын
машинаның,
пайдаланудың
тағайындалған шарттарына сәйкес келетін белгіленген шамада
тағайындалған
пайдалану
көрсеткіштерінің
мәнін
уақыт
аралығындай сақтаумен белгіленген қызметтерді орындау қасиеті.
Бұл дайын бұйымдардың маңызды қасиеті, бұйымды өндірудің
барлық кезеңдерінде қалыптасады. Бұйымның сенімділігін
қалытастырудағы маңызды кезең, бұйымды өндірудің соңғы фазасы
ретіндегі құрастыру процесі.
Машинаның
мүлтіксіздігі, сенімділікті анықтаудың ең
маңызды қасиетінің бірі болып табылады. Бұл қасиет ретінде алдын
ала
белгіленген
уақыт
аралығында
бұйымның
жұмысқа
қабілеттілігін үздіксіз сақтауды түсінеді. Нормативтік-техникалық
құжаттамамен белгіленген шамада берілген мәндерді сақтаумен
тағайындалған қызметтерді орындауға қабілетті бұйым, жұмысқа
жарамды бұйым болып табылады.
Машиналардың мүлтіксіздігін сандық бақылау үшін ең жиі келесі
көрсеткіштерді қолданады:
▪
Мүлтіксіз жұмыс істеу ықтималдығы;
Достарыңызбен бөлісу: