Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет163/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   316
Байланысты:
mm

220
 


Екінші кезеңде уақыт аралығындағы тоқтап қалудың 
қарқындылығы азды көпті тұрақты болып қалады, өйткені 
үйкеліскен беттері жұмыс жасайды, ал тоқтап қалулар құрылымның 
жетімсіздігі мен бұйымды өндірудің технологиялық процесінің 
тұрақсыздығынан пайда болады. 
Үшінші кезеңнің басында үйкеліскен беттер біршама тозған, 
материалдар мен тығыздауыштардың тозуы орын алған, үдемелі 
тозу жүріп жатыр ол бұзылу қарқындылығын арттырады.
Машиналардың 
сенімділігін 
арттырудың 
технологиялық жолдары. Бөлшектердің бұзылуы басынан 
басталатыны мәлім, өйткені жүктелген бөлшектердің беттік қабаты 
артығырақ кернелген және оған қоршаған орта теріс әсер етеді. 
Сондықтан бұйымның сенімділігін арттыруға бағытталған негізгі 
технологиялық шаралар бұйымның жұмыс беттерін беріктендіруге 
бағытталған.
Ол үшін келесі технологиялық процестерді қолданады: 
 
Бөлшектерді химиялық-термиялық өңдеу; 
 
Бөлшек беттерін жылутөзімді
лігі жоғары материалмен 
қаптау; 
 
Бөлшектердің жұмыс беттерін қақтау. 
Құрастыру процесіне сәйкес: 
 
Заманауи жабдықтар мен теңгерме әдістерін пайдаланумен 
айналатын құрастыру бірліктерінің мұқият теңгерімін 
жүргізеді; 
 
Құрастыру дәлдігін қамтамасыз ету мақсатында құрастыру 
процесі 
кезінде 
дайын 
бөлшектерді 
жөндеуді 
мүмкіншілігінше жүргізбейді. 
3.2.
 
ҚҰРАСТЫРУ ПРОЦЕСІНІҢ НЕГІЗГІ 
ҰҒЫМДАРЫ
 
 
Құрастыру жұмыстары машина жасау өндірісі процесінің 
соңғы кезеңі болып табылады. Машина жасауда құрастыру 
жұмыстарының еңбек сыйымдылығы, бұйымдарды жасаудың 
жалпы еңбек сыйымдылығының 20... 70% құрайды, ал 
автоматтандыру деңгейі 10.15% аспайды. Құрастыруды орындау 
сапасына, 
білдектердің 
пайдалану 
сипаттамасы 
тәуелді. 
Құрастыруды бұйымның құрамдас элементтерін белгіленген 
дәлдікпен жалғастырумен орындайды. 
Машина жасауда бұйым деп өндіріске жататын кез келген зат 
пен зат жинағын атайды. Бұйым ретінде машина немесе оның 
жинақтамадағы элементтері, берілген өндірістің соңғы кезеңінің 
өнімінің түріне


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет