Бөлшектерді таңбалау жеке-дара және ұсақ сериялы
өндірісте құрастыратын бірліктің тексерілгендігі мен техникалық
талаптарға жауап беретіндігін көрсету үшін қолданылады. Бұдан
басқа көп бөлшектерді техникалық деректер туралы түрлі ақпарат
бар белгілерді түсіру арқылы таңбалайды.
Құрастыру цехтарында таңбалауды электрлік, химиялық
немесе
электржеліну тәсілімен жүргізеді, ол дайын бөлшектердің
зақымдануына мүмкіндік бермейді.
Таңбалау мен маркалаудың электрлік тәсілін, баспатқы орамы
220В кернеуге қосылған қуаты жоғары емес төмендетуші
трансформатордан тұратын электрограф деп аталатын құрылғыны
пайдаланумен
ұсақ
сериялы
өндірісте
қолданады.
Трансформатордың екінші орамына жез немесе мыс пеш және
оқшауланған материалдан жасалған құралбілігі бар мыс электрод
сұққыш жалғастырылған. Маркалауды орындау кезінде бөлшекті
мыс пеш үстіне қояды және электрод сұққыш көмегімен қарандаш
ұқсатып қажетті орындарда керек жазбаны түсіреді. Бұл әдістің
кемшілігі жазбада қателердің кездесуі, өйткені жазу қолдан
түсіріледі.
Таңбалау мен маркалаудың химиялық тәсілін мыс құйындысы
мен болаттан жасалған бөлшектер үшін қолданады. Бұл ретте ір
таңбаны түсіру үшін арнайы резеңке қалып пен желіндіру
ерітінділерін қолданады. Жазуды түсіруге рұқсат етілетін бөлшек
бетіндегі орын майлы жұғыннан тазартылады. Резеңке қалыпты
желіндіру ерітіндісімен суландырылған жастықшаға басады, кейін
бөлшектің бетінде таңба қалдырады. Бөлшектің бетінде түсірілген
таңбалардың пайда болуынан соң, желіндіру ерітіндісінің
қалдықтарын
арнайы
ерітіндімен
жуумен
жояды,
кейін
коррозияның пайда болуын болдырмау үшін техникалық
вазелинмен жағады. Химиялық желіндіруге арналған жұмыс орны
кермелеумен
жабдықталуы,
ал
жұмысшылар
желіндіру
сұйықтығымен байланыстан мұқият қорғалуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: