Өздеріңіз көріп тұрғандай соңғы бөлшек – 10 сермер қалды,
сәйкесінше бұл бөлшек құрастыруға бірінші болып кіріседі. Және
ол базалық бөлшек болып табылады. Қарастырылатын бұйымды
құрастыру сызбасы, оны бөлшектеудің кері реттілігінде
құрастырылған, және
8 екі мойынтірегі
(0,005...0,01 мм тартылыс)
мен
9 төлке қондырмасын (
0,01 .0,015 мм саңылау) тексеру
бойынша
К
1
, К
2
және К
3
бақылау операцияларын жүргізу орнын
көрсетумен 3.8, в суретте көрсетілген.
Құрастыру сызбасының негізінде технологиялық үдерістің
маршрутты-операциялық сипаттамасын құрастырады және нақты
құрастыру
өндірісін
техникалық
жабдықтауды
ескерумен
құрастыру операципяларын жасауға қажет уақытты есептеп
шығарады.
3.6.
МАШИНАНЫҢ ТИПТІК ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРАТЫН БІРЛІКТЕРІН
ҚҰРАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
МАШИНЫ
Типтік қосылыстардың түрлері. Бөлшектердің қосылыстарын
құрылымға байланысты жылжымалы және жылжымайтын деп
бөледі. Өз ішінде осы қосылыстар ажырамайтын және ажырайтын
болып бөлінеді.
Бір бөлшектің екінші бөлшекке немесе бір құрастыратын
бірліктің екінші құрастыратын бірлікке қатысты өзара ауысуды
алу міндетті қосылысты жылдымасы деп атайды (осындай
қосылыстардың түрлі жылдымалы қондырмалары бар).
Жылжымайтын қосылыстар бір бөлшектің екінші бөлшекке,
бір құрастыратын бірліктің екінші құрастыратын білікке қатысты
беріктігі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді (мұндай қосылыстарды
тартылыспен орындайды).
Ажырайтын немесе бөлшектейтін деп , кедергісіз және
түйіндес немесе бекітпе бөлшектерді зақымдаусыз бөлшктенуі
мүмкін қосылыстарды атайды (мұндай қосылыстарды саңылаумен
немесе өтпелі қондырма бойынша орындайды).
Достарыңызбен бөлісу: