Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет201/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   316
Байланысты:
mm

266
 


3.20 сурет. Тістің бетіндегі түйіс 
дағының мүмкін пішіні:
1 — доңғалақ тісі; 2, 3 — түйіс дағы
Түйіс дағының пішіні мен орналасу орны, тісті түйіндесуді 
құрастырудағы дәлсіздікті көрсетеді. Егер түйіс дағы тістің ұшына 
жақын орналасса, онда центраралық қашықтық біршама ұлғайтылған 
болады, ал мұндай түйіндесуді пайдалану кезінде тістер мерзімінен 
бұрын сынып қалуы мүмкін. Сына түріндегі дақтың пішіні
отырғызылған тісті доңғалақтары бар біліктердің параллель еместігін 
көрсетеді. 
Конус тәрізді тісті доңғалақтары бар берілістерді құрастыру. 
Конус тәрізді тісті доңғалақтары бар берілістер ілінісі дұрыстығының 
негізгі шарттарының бірі, тісті доңғалақтардың бөлгіш конустарының 
ұштарының дәлдeстігі. Доңғалақтың бөлгіш конусы ұштарының 
екінші доңғалақтың өсіне қатысты және екінші доңғалақтың, бөлгіш 
конус ұштарының бірінші доңғалағының өсіне қатысты ұйғарынды 
жылжуы, (қалыптастыратын ұзындық 
R
e
)
МемСТ регламенттеледі 
(3.21 сурет).
Конус тәрізді тісті доңғалақтардың тістері арасындағы бүйір 
саңылауды қуыс бұрғы немесе қорғасын таспамен бақылайды. Мінсіз 
жағдайда тістер бір біріне барлық жұмыс бетімен үйкеледі (егер 
жұмыс беті ретінде тістің барлық тізбегі бойындағы тар жолақты 
алатын болсақ), жанасуда 1/2 ден 3/4 дейінгі тіс ұзындығы болады.
Конус тәрізді тісті доңғалақтың негізгі өлшемдері әдетте сыртқы 
қимада қарастырылады, онда конустың қосалқы беттерінде тістің ең 
үлкен көлемі бар (сыртқы бөлінгіш диаметр 
d
e
 = mz,
тіс ұштарының 
диаметрі 
d
ae
 = m(z +
2aSδ), мұнда 
m
— доңғалақ модулі; z — тістердің 
саны; 
а
— ілініс коэффиценті; 
S
— тістер арасындағы саңылау; δ — 
бөлінгіш конустың бұрышы (конус тәрізді доңғалақ өсі мен 
қалыптастыратын бөлінгіш конус арасындағы бұрыш, 3.21, а сурет)). 
Тістер кез келген қимада қарастырылуы мүмкін (орташа, ішкі және 
т.б.)
Конус тәрізді тісті берілістерге қойылатын талаптар, оларды 
білікте құрастыру және қондыру тәсілдері, цилиндрлік тісті 
доңғалақтарға қойылатын талаптармен бірдей. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет