▪
тартылысы бар ішпекті (баспақтаңқырау)
қондыру кезінде
үйкеліс күшімен (3.16, а суретті қараңыз);
▪
ішпекте сәйкес саңылаудың болуы кезінде 4 тоқтатқыш
бұрамамен (3.16, б сурет);
▪
бұрандамен 5 (3.16,в суреті);
▪
бұрандалы сұққыш 6 (3.16, г сурет).
2 және 3 екі бөлігінен (3.17 сурет) тұратын мойынтіректің
алмалы ішпегі құрастыруға жинақтамада жеткізіледі. Ішпектің
жартысын 4 корпусқа және кішкене тартылысы немес саңылауы бар
қақпаққа орнатады және мүмкін жылжып кетуден, корпустағы және
қақпақтағы
саңылауға қондыру
0,04... 0,07 мм тартылысымен, ал
ішпек тесігі 0,1...0,3 мм саңылаумен орындалатын
6 сұққышпен
бекітіледі. Мойынтірек 4 қақпағы,
корпусқа қатысты сұққыш
немесе қондырма кішкентай саңылаулар арқылы орындалатын
басқа элементтермен бекітіледі.
Сырғанау мойынтіректерін құрастыруға қойылатын негізгі талаптар
келесі параметрлерді қамтамасыз ету:
▪
Білік цапфасы мен ішпектің ішкі диаметрі арасындағы
белгіленген
диаметральді саңылау;
▪
Ішпекті корпус пен қақпаққа қондыру;
▪
Ішпекті
сенімді бекіту;
▪
Бекіткіш сұққыштың белгіленген қондырмасы.
3.16 сурет. Сырғанау мойынтіректерінің сызбалары:
А – ішпекті үйкеліс күшімен бекіту; б - ішпекті тоқтатқыш бұрандамен бекіту;
в – ішпекті бұрандамен бекіту; г – ішпекті бұрандалы сұққышпен бекіту; 1 –
білік цапфасы; 2 – ішпек; 3 – корпус; 4 – тоқтатқыш бұранда; 5 – бұранда;
262
3.17 сурет. Алмалы ішпегі
бар сырғанау мойынтірегінің
құрылымдық сызбасы:
1- қақпақ; 2,3 – ішпектің бөліктері (жартысы); 4 – корпус; 5,6 –
сұққыштар; 7 – сомын.
Сырғаудың жылжымайтын мойынтіректерін құрастыруды,
құрастыруға түскен бөлшектерді сыртқы тексеру және белгіленген
қондырмаларды қамтамасыз ету үшін көлемі бойынша іріктеуден
бастайды.
Ішпекті
баспақтаңқыраудан
соң
ішпектің
деформациялануы салдарынан ішкі диаметрдің азаюы байқалады.
Егер бұл деформация ішпекті
өндіру кезінде ескерілмесе, онда
ішпекті баспақтаңқыраудан соң, міндетті майланатын шармен ішкі
саңылауды калибрлеуді орындайды.
Ажырайтын ішпектері бар сырғанау мойынтіректерін
құрастыру,
ажырамайтын
ішпектері
бар
мойынтіректерді
құрастыруға ұқсайды. Ішпектің бір бөлігін қақпаққа, ал екіншісін
корпусқа қондырады. Мйала каналдар
мен оларды құрастырудан
соң шаюға ерекше көңіл бөлінуі керек. Қолданылатын
құрастыратын құралдар жұмсақ материалдан, ал құралбіліктер –
мойынтірек бетінде жаншық пен соқпадақтың пайда болуын
болдырмау үшін ағаш немесе текстолиттен орындалады.
Сырғанау мойынтіректерін
ажырайтын және ажырамайтын
деп бөлінетіндігіне байланысты, оларды құрастыру ерекшелігі
әртүрлі. Ажырайтын сырғанау мойынтірегін құрастыру келесі
операциялардан құралады:
▪
Мойынтірек ішпегінің корпуспен түйіндесуі;
▪
Мойынтіректің жұмыс бетінің
өзектестігін тексеру;
▪
Ішпектер мен біліктердің жұмыс беттерінің жанасуын
қиыстырып келтіру;
▪
Мойынтіректегі монтаждау саңылауын реттеумен;
▪
Білікті мойынтіректе қондыру.
Достарыңызбен бөлісу: