Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет312/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316
Байланысты:
mm

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ 
 
Өрт қауіпсіздігі өрттің пайда болуын толығымен жойылып 
кететін өндірістік жағдайды (шеберхана, алаң) қамтамасыз етеді, ал 
оның пайда болу жағдайында, адамдарға әсер тиюі келтірілмейді 
және материалдық құндылықтар қорғалады. 
418
 


Өндірісте өрт әртүрлі себептерден пайда бола алады:
■ 
жанармай материалдарына түскен кездейсоқ шоқтан; 
■ 
тоқ өткізетін сымдардың қысқа тұйықталуынан; 
■ 
қалдықтар мен жанармай материалдарының дұрыс 
сақталмауына байланысты өздігінен жану себебінен; 
■ 
өрт қауіпсіздігі ережелерінің өрескел бұзылуынан
.
Өртті ескерту үшін, өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау 
қажет. Машина жасау өндірісі барлық аумақ бойынша өрт қаупі 
бар:
■ 
механикалық цехтарда магний жоңқалары мен шаңның 
тұтануы мүмкін; 

жинақтау цехтарында бөлшектерді жуу учаскелерінде 
жанармай жуу сұйықтықтары бар; 

сынақ цехтарында жанармай мен басқа да ыстық-майлау 
сұйықтықтары бар; 
■ 
сүртілетін майланған материалдардың жиналуы кез 
келген жайда өздігінен тұтануға әкеледі. 
Сол себептен, шылым шегу тек қана арнайы ортанытлған 
жерлерде ғана мүмкін.
Әдетте, өндірістік цехтар жанбайтын ғимараттарда орналасады. 
Цехтардың жоспары адамдарды эвакуациялық шыға беріс арқылы 
қауіпсіз эвакуациялауды қарастыруы тиіс, олардың саны кемінде 2 
болуы тиіс. Сатылардың салмақ түсетін элементтері және олардың 
ені өрт кезінде адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуі 
қажет. 
Цехтарда тиісті құрал-саймандар және өрт пайда болған 
жағдайда өз міндеттерін білетін және жүйелі түрде оқулар мен 
дайындықтарға қатысатын цех қызметкерлерінен құралған өрт 
сөндіру жасағы болуы қажет.
Цехтарда ашық қыздыру құралдарымен және түзетілмеген 
электр аспаптарымен пайдалануға рұқсат берілмейді. Тұтанатын 
сұйықтықтарды, оларды болат бөлшектермен жанасу кезінде 
тұтанудан сақтайтын, жұмсақ материалдан жасалған ыдыстарда 
сақтау қажет.
Статикалық электр өзіне үлкен қауіпті жасырады, себебі оның 
разряды үлкен шоқ тудырады, ол өртке әкелуі мүмкін. Сондықтан 
барлық жабдықты, онда барлық статикалық электрдің зарядтары 
жиналмау мақсатында, жерлендіреді. Майлықтар мен арнайы киімді 
бензинге жууға рұқсат берілмейді, себебі статикалық электрден 
түскен кездейсоқ шоқ өртке әкеліп соғуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет