Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет310/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   316
Байланысты:
mm

Клиникалық өлім – жүрек пен өкпе қызметінің жұмысы 
тоқтаған сәттен басталатын өмір мен өлім арасындағы өтпелі кезең. 
Клиникалық өлім кезінде адамның ешқандай өмір сүру белгілері 
болмайды, адам демалмайды, жүрегі жұмысын тоқтатады, көзінің 
қарашықтары үдкейіп, жарықты елемейді, ауыруға тітіркену 
реакциялары туындамайды. Сонымен қатар, осы кезеңде адам 
ағзасындағы өмір толығымен жойылмайды. Адам жарақаттанудың 
түрі мен ауырлығына және адам организмінің жеке ерекшеліктеріне 
байланысты клиникалық өлім жағдайында 4-тен 10 минутқа дейін 
болуы мүмкін.
Электр тоғының соғуынан зақымданушы адамға алғашқы көмек
жедел және ұқыпты көрсетілуі тиіс. Сондықтан әр жұмыс істейтін 
ауысымда алғашқы көмек көрсетуге үйренген арнайы адамдар 
болуы тиіс.
Электр тоғынан зақымданушы адамды тоқ өткізуші сымдардан 
жедел түрде ажырату қажет. Бірақ зақымданушы электр кернеуінің 
болуы мүмкін екенін және оған сақтық шараларысыз жақындау 
қауіпті болуы мүмкін екенін есте сақтау қажет.
Егер 
зақымданушы 
сымдарды 
дірілдене 
қысылған 
саусақтарында ұстап жатса, біріншіден, мысалы, ажыратқышпен не 
қосқыш түймешегімен электр қондырғыны тоқтан ажырату қажет. 
Зақымданушыны құрғақ киімінен немесе құрғақ ажыратқыш 
құралдар арқылы тарту қажет.
416
 


Зардап шегушіні электр сымдарынан ажыратқан соң, оған 
сауатты алғашқы медициналық көмек көрсету қажет. Таза ауаның 
түсуін, толық тыныштық пен дәрігердің келуін қамтамасыз ету 
қажет. Зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету ережелерін 
кәсіпорында жұмыс істейтін әр қызметкер білуі қажет, ол үшін 
жүйелі дайындық түрінде оқулар мен дайындықтар жүргізіледі.
Электр аспаптармен жұмыс жасауға тек қана арнайы оқу мен 
аттестацияны өткен қызметкерлер ғана жіберіледі. Жанар-жағармай 
булары бар жайларда және химиялық белсенді ортада, сондай-ақ 
жаңбыр немесе қар кезінде ашық алаңдарда электр құралдарымен 
жұмыс жасауға тыйым салынады. Электр құралды тиісті 
нұсқаулыққа сәйкес және оның конструцияларында қарастырылған 
клемдер мен сымдар арқылы жерге тұйықтау қажет.
Электр аспаптармен жұмыс бастар алдында оның түзулігін 
тексеріп, электр сымдардың изоляциясы мен аспаптың басқа 
бөлшектерінің зақымдалмағанына көз жеткізу қажет. Жұмыс 
кезінде тоқ өткізуші сымдардың жабдықтың ыстық бөлшектерімен, 
жанармай материалдарымен, сулы немесе майлы беттерімен 
жанасуын алып тастау керек. Кері жағдайда, тоқ өткізетін сымдарда 
изоляциялық материалдардың бұзылуы мүмкін, ол қысқа 
тұйықталуға, немесе, жұмыс істеушіні электр тоғыммен 
зақымдалуына әкеледі. Егер электр аспаптың (не білдектің) 
шпинделі белгісз себептерден, айналмай қалса, аспапты (не 
білдекті) электр желіден ажырату қажет. 
Электр аспапты жөндеу (әр қиындықтағы) кәсіпорынның арнайы 
құрылымдарында жоғары санатты жұмысшылармен өткізілуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет