Кәдімгі
бұрғылау білдектерінде терең тесіктерді бұрғылау
кезінде шиыршық бұрғылар тесіктің осінің дұрыс бағыты мен түзу
сызықтылығын қамтамасыз ете алмайды. Кесуші жиектердің осьтік
қозғалысының бағытының түзу сызықтылығын шиыршық бұрғылар
қажетті мөлшерде шығара алмауына байланысты, айналдырғының
белгіленген айналу осінің бағытынан басқа жаққа кетіп қалуы орын
алады. Тесіктің осінің түзу
сызықтылығы бұл жағдайда, бұрғының
қаттылығы мен тесіктің бұрғыланған бөлігімен жылжитын және
бұрғының
жырасының
бойымен
орналасқан
таспалардың
бағытталған қозғалысымен қамтамасыз етіледі.
Бұрғының екі кесуші жиегін әртүрлі
ұштаған кезде немесе
олардың әртүрлі мұқалуы кезінде, бұрғы тесіктің осін
айналдырғының айналу осінен басқа жаққа қапталға кетеді.
Бұрғының
қапталға кетуіне, бұрғылаудың бастапқы сәтіндегі
бұрғының жұмыс істеуі әсер етеді, себебі,
сол кезде кесуді
бұрғының осіне көлденең орналасқан тек көлденең жиекпен
жүргізеді. Сонымен қатар, жұмыс барысында бұрғыда үлкен иілгіш
кемшіліктердің
(бойлап
иілуі)
болуы,
айналдырғының
подшипниктерінде оймалардың болуы, бұрғының бас және қосалқы
кесуші
жиектеріне
қиықтардың
тегістелмей
жабысуы
айналдырғының осіне бұрғыға қапталға кету жағдайын түғызады.
Бұрғының қапталға кетуідің немесе тесіктің осінің қисайып
кетуінің алдын алу үшін келесі әдістер
мен жұмыс тәсілдерін
қолданады:
■
аздан беру, сонымен қатар екі кесуші жиектің біркелкі
еңкеюін сақтай отырып,
бұрғыны мұқият ұштау,
бұрғының тозуын және кесуші және қосалқы жиектеріне
металлдың жабысуын бақылау, бұрғыны қажетіне қарай
салқындату
;
■
алдын ала үлкен диаметрлі
қысқа бұрғының көмегімен
(
2ф=90° биіктігіндегі бұрышы
) бұрғылау, ол револьверлі
білдектер мен автоматтарда кішкентай диаметрлі
бұрғылармен тесіктерді бұрғылау кезінде аса қажет;
■
тесіктің
ұзындығының
диаметріне
салыстырмалы
азғантай қатынасы кезінде кондукторлы төлкенің
көмегімен шиыршық бұрғының бағытымен бұрғылау;
■
айналып тұрған
дайындаманың кезінде бұрғылау; бұл
жағдайда, бұрғының әншейінде ығысуына бейімділігіне
қарсы өзі центрлеу орын алады
.
Достарыңызбен бөлісу: