Ысқылаудың дәлдігі мен өнімділігі қажақтың түйіршіктілігі мен
түрімен, майлау жағдайлары мен өңдеу режимдерімен анықталады.
Пішіні бойынша кемшілік 0,001 мм құраса, бұдырлығы 14-ші
кластан аспайды. Өңдеуге жіберілген әдіп ысқылаудың үдерісінің
ұзақтығын (0,01 мм көп емес) анықтайды.
Тегістеу - жоңқасын алмай тесіктің бетіне қысым жасай
отырып, жақсы өңделген құралмен ішкі беттерді өңдеу үдерісі.
Бұл
жерде, тесіктің тек геометриялық параметрлері ғана емес, оның
сыртқы бетінің көрсеткіштері де өзгереді. Тесіктерді өңдеу үшін
калибрлеуді (қатаң түзеу) пайдаланады, бұл кездегі құрал кішкене
шар немесе роликті бастиек болып табылады.
2 дайындаманың А
тесігі арқылы
1 роликті бастиекті (1.40, а сурет) майлап
0,05...0,15
мм
тартумен немесе
3 кішкене шармен (1.40, б сурет) өткізу кезінде
беттің бұдырлығы азаяды және диаметрі өзгереді. Алынатын
дәлдігіне байланысы бұл үдеріс тазалап ажарлаумен бірдей. Бұл
үдерісті көбінесе аз диаметрлі тесіктерді, ажарлау мүмкін емес
немесе экономикалық тиімсіз жағдайда өңдеу үшін пайдаланады.
Тегістеудің ерекше түрі алмазды тегістеу болып табылады, бұл
кезде алмаздың жұмыс бөлігіне 1,5...4 мм радиусты сфералық түрін
келтіреді. Әртүрлі металлдардағы жылжу үйкелісінің азғантай
коэффициенті және жоғары беріктілігі жоғары қаттылықты
(HRC≥60) дайындамаларды құралды 0,04...0,1 мм/айн. бойлап беру
және өңдеу жылдамдығы 40...50 м/мин кезінде жақсы нәтижелер
алуға мүмкінік береді.
__________________________________________________________
1.40-сурет. Тесіктерді
қатаң
тегістеу
схемасы
(калибрлеу):
а - роликті тігумен;
б - кішкене
шармен
a
б
Достарыңызбен бөлісу: