Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет55/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   316
Байланысты:
mm

73
 


1.51-сурет. Топтық фрезамен сыртқы (а) және ішкі (б) бұранданы 
кесу 
__________________________________________________________ 
Ірі жүріспен трапециялық және тік бұрышты бұранданы алдын 
ала дискілі фрезалармен фрезерлейді, тазалау ауысымдарын 
бірнеше жұмыс жүрістермен бұрандалы жонғышпен жасайды.
Қысқа сыртық және үшбұрышты пішіні бар ішкі бұранданы 
тарақ фрезасымен немесе топтық фрезамен фрезерлейді. Тарақ 
бұрандалы фреза дегеніміз бір бірімен шеттерімен қосылған дискілі 
бұранда фрезалардың жиынтығы. Мұндай фрезаларды топтық деп 
атайды. Бойлаған жырашықтар, тиісінше бұрандалы жиектер 
мұндай фрезаларда олардың осіне қатарлас орналастырылған. 
Фрезаның тістері, оларды ұштау жеңіл болу үшін шүйделенген етіп 
орындалады. Топтық фрезаның ұзындығын кесілетін бұранданың 
ұзындығынан 2-3 жіпке көбірек алады. 
Топтық фрезамен бұранданы кесілетін дайындаманың 1,25 
айналымында шығарады, бұл фрезаның кіру жерін жауып тастау 
үшін жасалады. Дайындаманың бұрандасын кесу кезінде әрбір 
айналымда кесілетін бұранданың бір жүрісіне осінің бағытымен 
жылжу қажет. Мұндай фрезалармен жұмыс жасау схемасы 1.51-
суретінде көрсетілген.
Фреза тістерінің пішіні кесілетін бұранданың пішінімен тең болу 
тиіс. Тарақ фрезаның осі кесілетін дайындаманың осіне қатарлас 
орналастырады. 
Бұрандалы 
тарақты 
фрезаны 
пайдалану 
ойықтардың, 
белдемелердің қасындағы бұрандаларды, сондайқ-ақ бітеу 
тесіктердің түбіне дейін жететін бұрандаларды кесу кезінде 
пайдаланған жөн, себебі бұл жағдайларда тек фрезерлеудің 
көмегімен толық кесуші жіптің белдемеге немесе тесіктің түбіне 
жетуі мүмкін.
74
 


Тарақты фрезамен фрезерлеуді тұтқыр және қатты болаттан 
жасалатын бөлшектерді кесу кезінде қолданады, бұл кезде бұранда 
кескіштерді немесе бұранда кесуші бастиектерді пайдалану 
кезіндегі қажетті бұдырлықты қамтамасыз етпейді немесе құралдың 
тез мұқалуына алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет