Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет82/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   316
Байланысты:
mm

Түзу тісті конусты дөңгелектерді өңдеу үшін бір уақытта екі 
кескішпен жұмыс істейтін түзу тісжонғыш білдектерді қолданады.
Кішігірім түзу тісті конусты дөңгелектерді өңдеу үшін арнайы 
білдектердегі шеңберлеп тартуды қолданады, онда кескіш аспап 
шеңберлі тартқыш болып табылады. Шеңберлі тартқыш тарту 
перифериясы бойынша өзгерту тәртібімен орналасқан бірнеше 
қалыпқа келтірілген кескіштерден тұрады (әдетте әрқайсысында бес 
кескіштен).
1.73-сур. алғашқы кескіштер 1 
(1-11), таза кескіштер 2 (12-15) мен 
дайындаманы бір тіске бұру зонасы 
3 көрсетілген. Кескіш ұштарының 
бейіні белгілі бір заң бойынша 
өзгереді. 
______________________________ 
1.73-сурет. Тістерді шеңберлі тарту 
арқылы кесу
108
 


Шеңберлі тарту, тұрақты жылдамдықпен айнала отырып, бір 
уақытта 
өз 
жолының 
жекелеген 
учаскелерінде 
әртүрлі 
жылдамдықпен ілгерілемелі қозғала отырып ауысады. Шеңберлі 
тартымның ілгерілемелі қозғалысының жылдамдығы мен сипаты 
өңделетін тісті дөңгелекке 4 қатысты таңдалатын білдектің көшірім 
бейініне байланысты. Демек, әрбір қалпына келтірілген кескіштің 
жұмыс қозғалысының траектория тартымының айналмалы және 
ілгерілемелі қозғалысының жиынтығы болып табылады.
Алғашқы тарту барысында шеңберлі тартым тісті дөңгелектің 
бастапқы конусының жоғарғы ұшынан оның негізіне қарай, ал таза 
тарту кезінде - негізден ұшына қарай қозғалады.
Тартымның бір айналымында конус тәрізді тісті дөңгелек тісінің 
бір ойығы толығымен өңделеді. Тіс ойығын тартқан кезде дөңгелек 
дайындамасы қозғалыссыз болады, дайындаманың келесі ойығын 
өңдеу үшін дайындама шеңберлі тартым секторынан бос кескіш өту 
кезінде өз осі жанында бір тіске бұрылады.
Түзу тісті конус тәрізді тісті дөңгелек конструкциясы 
жетілдірілмегендіктен заманауи машиналардың тез жүріс беру 
талаптарына сәйкес келмейді (шу, жұмыс тегіс емес, ПЭК төмен).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет