Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет85/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   316
Байланысты:
mm

114
 


Эвольвентті бұрамдары бар бұрамдық жұптарын үлкен 
жүктемелер мен жылдамдықта, жауапты берілістерде жиі 
пайдаланады, бірақ осындай берілістерді жасау арнайы жабдық пен 
күрделі өңдеу әдістерін талап етеді.
Цилиндрлі 
бұрамның 
келесі 
түрі 
орамның 
қалыпты 
қиылысындағы түзу сызықты бейіні бар және оське көлденең 
қиылыста орамның бүйір жағы эвольвентті ұзартылған бұрам 
болып табылады (1.75, в сур.). Осындай бұрамды конволютті 
бұрам деп атайды, ол эвольвентті бұрамның бір түрі болып 
табылады. Осы бұрамдарды өңдеу біршама қарапайым және 
бұрамдық беріліс ілінісінің жеткілікті нақтылығын қамтамасыз 
етеді, ПӘК жоғары және тез тозбайды.
Глобоидті бұрамдардың бұрам орамының тісті бұрамдық 
дөңгелекпен түйісу беті үлкен, ал ол қысымды төмендетуге негіз 
болады, демек, бұрамдық жұп тістерінің беті тозады. Осы бұрамның 
орам жібі бейіннің цилиндр бетімен емес, глобоид бетімен 
бұрандалы қозғалыс барысында пайда болады.
Өндіру қиындығына қарамастан, оларды үлкен қуаттар үшін 
берілістерді кеңінен қолданады.
Бұрамдарды кесуді қарастырып көрейік. Бұрамдарды өңдеудің 
ең қарапайым түрі оларды түзу сызықты бейінмен қырнаушы 
білдегінде кесу болып табылады. Орамның дұрыс бейінін алу үшін, 
кескіш бейінінде бұрам тістері арасында ойық контуры болу керек 
және ол белгілі бір қиылыста кесу барысында осы қиылыс 
жазығымен қиылысу керек.
Архимед бұрамын алу үшін, жиегі түзу сызықты кескіш бейіні 
бұрам осі арққылы өтетін жақызтықпен қиылысу керек (1.75, а сур. 
қараңыз). Алайда орамды көтеру бұрышы ұлғайған сайын, бұрамды 
бір кескішпен кесу бұрыштың ұлғаюына байланысты қиындайды
ал ол кесетін жиектің үгілуі салдарынан кескіш аспапты істен 
шығарады. Сондықтан архимед бұрамдарын орамдарды көтерудің 
бұрышы үлкен болған кезде, эвольвентті немесе конволютті 
бұрамдармен ауыстырады.
Эвольвентті бұрамды екі 1 және 2 кескіштермен кеседі, олардың 
кескіш жиектерінің бейіндері екі жағынан негізгі цилиндр бетіне 
қатысты орналасқан екі жазықтықпен қиылысады (1.75, б сур. 
қараңыз). Негізгі цилиндрдің диаметрі үлкейген сайын, кескіштерді 
ортадан жоғары және төмен орнату кесу бұрыштарының өзгеруі 
салдарынан белгілі бір қиындықтар туғызады, сондықтан 
эвольвентті бұрамдарды кесу барысында, бейін жазықтығын оның 
осіне перпендикуляр орната отырып, бұрам орамының қалыпты 
қиылысының контурын сәйкес бейінді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет