Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Сұрақ. Көркем дүниенiң құндылығын анықтайтын халықтық пен  көркемдiк өлшемдерiн қалай ажыратамыз?  Жауап



Pdf көрінісі
бет49/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152
Байланысты:
7be5d3766e972ff5b9970344856a2dc2

Сұрақ. Көркем дүниенiң құндылығын анықтайтын халықтық пен 
көркемдiк өлшемдерiн қалай ажыратамыз? 
Жауап. Бұлар – аса күрделi ұғымдар. Сондықтан олардың әрқайсысына 
арнайы тоқталғанымыз орынды болар. Әуелi “халықтық” ұғымынан 
бастайық. 
Әдебиеттiң халықтығыкөп мағыналы ұғым; яғни 1) жеке 
шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы; шығармашылық 
алмасу мен кәсiби әдебиеттiң халықтық шығармашылықтағы поэтика, образ, 
сарындарды мұра ету деңгейi; 2) көркем шығармадағы халық бейнесi мен 
оның дүниеге көзқарасының өнердегi көрiнiсiнiң тереңдiгi мен сәйкестiгiнiң 
(адекватность) өлшемi; 3) өнердiң қалың бұқараға эстетикалық және 
әлеуметтiк тұрғыдан түсiнiктiлiгiнiң өлшемi. 
Әдебиеттiң халықтығы проблемасына қатысты ой-пiкiрлер – ұдайы 
дамып, жетiлiп келе жатқан мәселелердiң бiрi. Қазiргi кезеңде “әдебиеттiң 
халықтығы” деген түсiнiк нақтылана түстi. Яғни әдебиеттiң халықтығы 
дегенiмiз халықтың ой-санасы мен жан дүниесiн бейнелеу және халыққа 
қызмет ету болып табылады. “Әдебиеттiң халықтығы деп шығарманың 
халықтың тiлек-мүддесiне толық сәйкес келер идеялық-көркемдiк сапасын 
айтамыз” (З.Ахметов). 
Уақыт озған сайын халықтың талап-тiлегi де, танымы да үздiксiз өсе 
бермек. Тарихи дамуға орай өнердiң суреттеу құралдары да, автор көздеген 
идеялық мұрат та өзгерiске ұшырайды. Сол себептi “әдебиеттiң халықтығы” 
деген ұғымның аясы да өзгерiп отырады. Дегенмен әдебиеттiң 
халықтығының басты белгiлерiн, басқаша айтқанда, халықтық сипаттың 
өлшемдерiн нақтылап алу қажет. Сонымен, әдебиеттiң халықтығының ең 
басты өлшемi – халық үшiн ең маңызды да қажеттi құбылыстар мен 
өзгерiстердi бейнелеу. Әдебиеттiң ұлы туындылары қай кезде де өз алдына 
халықты толғандырған сауалдарды қойып, қоғамдық өмiр заңдылықтары 
ашылатын аса маңызды құбылыстарды бейнелеп отырған.


54 
Екiншi өлшем – аталған дәуiрдiң ең озық идеалдарына негiзделген 
өмiрлiк ақиқатты шынайы суреттеу. 
Бұл тұста неге қаламгер идеалдарының нақты бiр дәуiрмен ара 
қатынасының астын сыза көрсетiп отырмыз? Егерде өткен дәуiр шығармасын 
талдау барысында оны бүгiнгi күн идеяларына сәйкестiк-сәйкессiздiгiне 
қарай бағалап, ондағы бар-жоқты бүгiнгi талаппен өлшер болсақ, онда бiз 
тарихи заңдылықтан аттап өткен болар едiк. Ондай жағдайда аталмыш 
шығарманың бойындағы өз дәуiрi үшiн жаңалық болған құбылысты да, сол 
құбылыстың кейiнгi кезеңдерде қалай дамығанын да дұрыс пайымдай 
алмасымыз анық. 
Алайда өзiмiз атап өткен екi өлшем әдебиеттiң халықтығы ұғымын 
толығымен көрсетпейдi. Себебi шығармада халық үшiн маңызды да қажеттi 
жағдайлар суреттелiп, сол дәуiрдiң ең озық идеалдарымен үндесiп жатуы 
мүмкiн. Бiрақ соның бәрi ешкiмдi қызықтырмайтын қарабайыр үлгiде, әрсiз 
баяндалуы да ықтимал. Мұндай жадайда бiз нашар орындалған жақсы ниеттi 
ғана көретiнiмiз сөзсiз. Демек, өнер туындысының халық игiлiгiне асуында 
қаламгер шеберлiгi орасан маңыз алмақ. Суреткерлiк шеберлiк шығарманы 
өнер туындысына, ал оны жасаушы қаламгердi өз халқының лайықты 
перзентiне айналдырады. Әдеби шығармашылықта қаламгер ұлылығы 
өмiрдiң маңызды құбылыстарын кеңiнен қамти бiлуiмен, оған тереңдей 
бойлауымен және бейнелеу қуатымен өлшенедi. Осы белгiлер арқылы 
алдыңғы екеуiмен тығыз ұштасып жататын үшiншi өлшем айқындалады. 
Яғни халықтықтың үшiншi өлшемi қаламгер шеберлiгi болып табылады. 
Өйткенi, 
халықтық 
ұғымын 
ақиқатты 
бейнелеу 
тереңдiгi 
мен 
шынайылығынан тыс қарастыруға болмайды. Әр халықтың өзiндiк сана-
сезiмiнiң қалыптасуында суреткерлер аса маңызды роль атқарады. Олардың 
шығармашылығында халықтың өмiрi, ұлттық және адамзаттық сипаттар 
мейлiнше ұштаса көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет