Танымның объекті мен субъекті.Сезімдік және рационалды таным.
Шығармашылық және интуиция.
Таным философиялық мәселе ретінде.Таным теориясы.
Таным деп бiз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегi ерекше рухани iс-әрекетiн айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісiнде. Дүниетанудағы негiзгi мақсат -зерттелiп жатқан заттар мен құбылыстардың iшкi сырын ашу, яғни оларды бiлу. Бiлiм - әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесi, өйткені бiрдеңенi бiлу дегенiмiз - сол жөнінде идеалдық түсiнiктiң болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал бiлiмдi белгiлi бiр нәтиже ретiнде қарауымыз керек.
Тарихи ғылыми бiлiм дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгi өмір тәжірибесiнен пайда болған бiлiм дүниеге келедi. Ол адамның кәсiби танымдық iс-әрекетiнен емес, күнбе-күнгi өмірдiң қажеттiлiктерiнен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала түрбиелеу, жемiс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Ал ғылыми бiлiмге келер болсақ, ол арна ұлы бiлiмдi меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негiзiнде пайда болады. Оның қайнар көзi бертiнде, ой еңбегiнiң дене еңбегiнен бөлінуiнен басталады. Жүре келе, ғылыми зерттеудiң тақырыбына байланысты бiлiмнiң әртүрлі салалары пайда болады.
Танымның объекті мен субъекті.Сезімдік және рационалды таным.
“
”
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе жәнерационалдықойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесi: түйсiктерi, ақыл-ойы, ырқы сезім тебiренiстерi, iшкi көкей көзi (интуиция) - бәрi де өзара бiр-бiрiмен байланысты түрде қатысады. Танымды жете түсіну үшін бiз теориялық деңгейде оларды бiр-бiрiнен ажыратып қарастыруымызға болады. Сезімдік тәжірибе жәнерационалдықойлау, олардың негізгі формалары. Сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын сезімдік танымның негізгі формаларына түйсік, қабылдау және елестету процестері жатады.
Ойлау дегеніміз заттар мен құбылыстардьщ мәнді қасиеттері мен қатынас-байланыстарын мақсатқа сай абстрактілі, жанама және жалпылау формасында бейнелендіру процесі. Ойлаудың тууының, дамуының және жузеге асуының негізгі формалары - үғым, пікір және ойқорытынды. Пікірдің таным формасы ретіндегі ерекшелігі - ол ақиқатгы, немесе жалғандықты білдіреді, ештеңе біддірмейтін бейтарап пікір болмайды. Белгілі бір пікірге келу үшін адам ойқорытындысын жасауы тиіс. Екі немесе одан да көп пікірлерден (алгышарт-тардан) қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шыгарудың логикалық тәсілін ойқорытынды деп айтады.
Сезімдік танымның негiзгi формалары түйсiктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған дүниемен адам өз түйсiктерi арқылы байланысты. Адам белгiлi бiр затты көріп, оның жылы-суықтығыiн, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттліiгiн т.с.с. анықтай алады. Түйсiктер бiздi дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретiн бейнелеудiң ерекше түріне жатады. Адамның түйсiктерi бiр-бiрiмен байланысты, олар өзара бiр бiрiн толықтырып, сәйкестендiрiп отырады. Соның нәтижесiнде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегенiмiз оның ащы-тұщылығын, түрлі түстілiгiн т.с.с. қасиеттерін бөлек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесiн тудыру болып табылады. Ол заттың тек оған қажеттi жактарын ерекше белгiлейдi. Ендi елестетуге келер болсақ, ол санаға тiптi жат байқалады. өйткені көзге елестетiн зат, я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сiз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретiн досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды дәл қазiр жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.
Шығармашылық және интуиция.
F
F
Интуиция
Ендi интуиция (көкей көз) мәселесiне келер болсақ, ол - тiкелей шындыққа жету, оның ақиқатыгын анық та айқын көру, ешқандай дәлелдеудi талап етпеу. Қайсыбір көкей көз арқылы берiлген шындық сол мәселемен талай күндер, жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнiн баурап алған адамға келедi. Кең түрде алғанда, гректiң «methodos» деген сөзi «жол» деген мағына бередi. Әр нәрсенi жасағанда, адам оны белгiлi бiр үлгiлер, тәсiлдерге сүйене отырып iстейдi. Мысалы, бүгінгі саясатта батыс елдерiнде алғаш пайда болған «пиар-технологиялар» қолданылуда. Педагогика саласында әр пәнді қалай үйрету керегi жөнінде неше түрлі әдістер шығарылған. Мұндай мысалдарды шексiз көбейте беруге болар едi. Сол сияқты ғылыми салада да неше түрлі әдiстер жасалып, нәтижелі қолданылады.
Шығармашылық
Шығармашылық – алдынғы тәжірибені негіз ретінде ала отырып жаңа бейнелер, заттар немесе әрекеттер жасау.Шығармашылық іс-әрекет адамды болашаққа бағытталған, өмір сүріп отырған ортасын өзгерте алатын жан етеді. Шығармашылық – таңдаулы адамдар, даңышпандар мен таланттыларға ғана тиесілі емес, ол адам қиялдап, құрастырып, өзгертіп және жаңа нәрсе жасауға қабілетті жердің барлығында бар болады.Бізді қоршаған күнделікті өмірде шығармашылық тіршілік етудің қажетті жағдайы болып табылады, әдеттіге айналған заттар шеңберінен кішкене болса да шыққан және аз болса да жаңалығы бар заттың барлығы адамның шығармашылық процессінен туындайды (Л.С.Выготский).