нан қойылған. Т. Жанүзақовтың зерттеулеріне қарағанда совет
ұйғырлары мен Шынжаң ұйғырлары Ямул немесе Ямбул деп
«қорған», «бекіністерді» айтатын көрінеді. Семей облысының
¥рж ар, Мақаншы аудандарының қазактары, Жамбыл облысының
тұргындары бекіністі «Жамбыл» деп атайды дейді автор (Т.
Жанузаков. Лично-собственные имена в казахском языке. Ав
тореферат канд. диссертации. 1960, 14 беті). Екінші зерттеуші
Б. Бафин «жамбыл» сөзі қытайдың «ямэнь» (қамал, бекініс) де
ген сөзінен алынған, өйткені XVTII ғасырда «маньчжур әкімдері
кез келген жерде жолыққан казақты, тағы баска жергілікті
халықтарды ұстап алып, ақысыз-пулсыз қамал (жамбыл) жасау
жумысына пайдаланған. Сондай-ақ қазақтардың қалаға сатуға,
айырбастауға алып келген малдарын қамалға (жамбылға)
қамап алып, төлеуін бермей жәбірлеп (қайтарып) отырған»
- дейді (Б. Бафин. Қазақ пен қытай тілдеріне ортақ кейбір
сөздер туралы. «Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының
мәселелері». 4-шығуы, 1962, 230-231 беттері). Біздің ойымыз-
ша дүние жүзіне мағлұм Жамбыл ақынның және қаланың аты
қытайдың йамүн/Уйамүл сөздеріне қатысы жоқ секілді. Мүндай
қытай қамалдары сол қытай жерінде, Шынжаңда салынғаны
белгілі. Ендеше ол сөздің Жамбыл ақынның атына қатысы
жок. Біздің байкауымызша бүл өзбек тіліндегі жанбил деген
өсімдік атына байланысты. Бүл бір жылдық және хош иісті гүл
аты. Орысша аты - «чабор, чебрец» (Узбекско-русский словарь.
М , 1959, 151 беті). Көбіне тауда өсетін бүл өсімдіктің атын
Алматы
облысының
қарттарының
аузынан
естігенбіз.
Сондыктан, Жамбыл ақынның аты жэне одан алынған жер атта-
ры да осы «жамбыл» өсімдігіне байланысты деп караймыз.
Ж Е М - Ақтөбе, Гурьев облыстарындагы озен аты. Эмбі
станциясының касында Жем деген жер де бар. Бұл орта ғасырда
Достарыңызбен бөлісу: