жайдақтау, залгаа - жалганган, залгақ - жалғау, залхаг - жалқау,
зар - жар (салу),засах - жасау, зах - жақ, зоо - жон, зос - жоса т.
б. (Бүл сөздер С. Хабшай мен Ә. Міністің «Монголша - қазақша
сөздігінен» алынды). Сөйтіп монгол тілінен алынған
Жүнжүрек
(Зүүнзураг) оронимі «Шыгыстагы суретті тау» деген мағынаны
білдіреді.
ЗАИСАН - Шығыс Қазақстан облысындағы көл, аудан, ау-
дан орталығының аты. Ғ. Қоңқашпаевтың пікірі бойынша,
монғолдың
заасинг (жақсы) деген сөзінен қойылган. Ертерек-
те бүл көл Зайсан-Нор, кейде Нор-Зайсан деп те аталган. Зай-
сан атының қойылуына байланысты мынадай аңыз да бар: бір
жұт жылы қалмақтар (ойраттар) аштан қырылып жатқанда, осы
көлге келіп, балығын жеп, апаттан аман қалыпты. Сөйтіп көлді
Заасингнор (жақсы көл) атапты. Зайсан көлінің бүдан бұрынгы
атауы Хонхоты да (Қоңыраулы) монгол сөзі (Г. Конкашпаев,
Географические названия монгольского происхождения... Изве
стия АН КазССР. Серия филологии и искусствоведения. Вып. I
(11), 1959, 91 беті). Ертеде монгол ақсүйектері де
Заасинг деп
аталган. Қазақ тіліндегі «жақсы мен жайсаң» деген тіркестегі
жайсаң сөзі монгол тілінен енген. Көл аты осы магынадағы
сөзбен де байланысты болуы ықгимал. Жергілікті тұргындар
осы күнге дейін көлді
Жайсаң деп атайды. Ал монгол, қазақ
тілдерінде
з мен
ж дыбысы ауысатыны белгілі (Баянжүрек,
Жүнжүрек атауларын қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: