Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Экологиялық стандарт — табиғи объектілердің заңдық мәні бар сандық немесе
сапалық көрсеткіші. Қоршаған ортаның сапасын мемлекеттің
құқықтық реттеуінің бір
құралы; жекелеген табиғи ресурстарды пайдаланудың құқықтың режімін, табиғи
ресурстарды тікелей
пайдаланбайтын
салалардағы
қызметтің
экологиялық
ережесін Экологиялық стандартқа сәйкестендіре белгілейді.
Экологиялық стандартта құқықтық актілердің барлық белгілері болады және
қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жөніндегі заңнамалық шараларды белгілеуде
екінші кезең болып құқық жүйесіне кіреді (бірінші кезеңде
қоршаған ортаның сапалық
параметрлері заңы қатталады).
Халықаралық стандарт халықаралық ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы
негізгі талаптарды, нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік-техникалық құжат
болып табылады. Жалпы техникалық талаптар, техникалық шарттар, қабылдау ережелері,
типтік
технологиялық процестер, тексеру әдістері мен жабдықтары стандарттары, тағы
басқа болып бөлінеді.
Республикада соңғы жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарда менеджмент жүйесін
енгізу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Танымал халықаралық компаниялардың практикасы мен зерттеулері негізінде
жасалынған қазіргі менеджмент жүйесі қазақстандық кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігіне әсер ететін нарықты реттеу механимдері сұрақтарын кешенді түрде
шешуге мүмкіндік береді.
Халықаралық стандарт кәсіпорынның қызмет ету кезінде
қоршаған ортаға әсерін
басқару талаптарын ұсынады.
ISO 9000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкес құрылған сапаны басқару
жүйесі сапалы өнімді (қызмет) алу кезінде тұтынушылардың құқықтарын тұрақты сақтау
және қанағаттандыруын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Тұлғаның денсаулығын
сақтау кезінде сенімді қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін OHSAS 18000 халықаралық
стандарттарына сай кәсіби қауіпсіздік менеджмент жүйесі қолданылады.
Компанияның қоршаған ортаны кері әсерлерден жүйелі
және мақсатты қорғау
шарттары негізінде
ISO 14000 стандарттарына сай экологиялық менеджмент жүйесі
мүмкіндік береді.
Қоршаған орта және тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік Форум (Рио-де-
Жанейро, 1992) нәтижесінде ИСО-14000 сериялы стандарттары пайда болды. Оларды
Халықаралық стандарттау ұйымының (150) Техникалық комитет 207 (ТК 207) жасаған.
Стандарт моделі ретінде 500-ден астам компанияда қолдану үшін қабылданған және 1992
жылы жарияланған BS 7750 британдық стандарты қолданылды. ИСО-14000 сериялы
стандарттарын жасау
кезінде өнім сапасын бақылау жүйесі бойынша стандарттар моделі ретінде өзін
көрсете білген ИСО 9000 тәжірибелері қолданылған. Қазіргі уақытта дүние жүзінде
70000-нан астам кәсіпорындар мен компаниялар ИСО 9000
стандарты бойынша
сертификатталған. ИСО-14000 сериясының алғашқы стандарттары 1996 жылдың соңында
ресми қабылданып жарияланды.
Қазақстанда бүгінгі экономикалық жағдай Отандық кәсіпорындар қызметімен
анықталады. Ал анықтаушы болып бәсекелестік, бәсекеге қабілеттілік және оны арттыру,
нарықтық саралау, сұраныс мәселелері мен өнімдерді жасау, пайда нормасы табылады.
Бұл стандарт қоршаған ортаны басқарудың мұндай жүйесіне қойылатын талаптарды
қарастырады. Ол кез келген типтегі және түрлі
географиялық, мәдени және әлеуметтік
жағдаймен есептелген мөлшердегі ұйымдарға қолдану үшін жасалған.