Л.Н. Гумилева атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
жетінші
ЕҰУ Ф 703-07-21. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым
Ландшафт – экологиялық бизнес нысаны түрінде ойдағыдай жүзеге асыру үшін
көгалдандыру жөніндегі мамандарда тәжірибемен бекітілген терең ғылыми білімдері
болуы керек.
Жер телімінің
ландшафт дизайны жобасы дендрологтың күрделі жұмысының
нәтижесі болып табылады. Кешенді шешімге қол жеткізу үшін
ландшафтты жобалау
процесі құрамдас бөліктерге бөлінеді, олардың әр қайсысының
ішінде белгілі бір
шеңбердегі мәселелер шешіледі. Ландшафтты жобалау барысында жұмыстардың негізгі
түрлері кешенді нәтижеге әкеп соғады, оның ішіне ландшафт жобасының бас жоспарынан
бастап автоматты түрде суару және жарықтандыру аспаптарын орналастыру схемаларына
дейінгі шешімдер кіреді.
Ландшафты жобалауға дайындалу кезінде мынадай мәселелер талданады:
- жер телімінің климаттық жағдайлары;
- абаттандырылатын аумақтың бедері;
- топырақтың құрамы және құрылымы;
- негізгі коммуникациялар мен кәріз жолы өтетін орындар;
- жер телімінің проблемалық орындары;
- ағаштар мен бұталы өсімдіктердің болуы және олардың жағдайы;
- бар құрылыстардың сәулеті.
Анығы, сауатты орындалған жобалау жұмысы –
аумақты абаттандыру және
көгалдандыру бойынша жұмыстарды оңтайландырудың ең сенімді тәсілі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: