ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37

116

кремнеземнің (SiO

2

) мөлшері ерекше рөл атқарады. Оның мөлшеріне 



қарай жыныстар қышқыл, орташа, негізгі жəне ультра негізгі болып 

бөлінеді.

Магмалық жыныстардың сипаттамасы:

Гранит – сұр,  қызғылт,  қоңыр  түсті  тереңдік  қышқыл  жыныс. 

Оның негізгі түсі (бояуы), далалық шпаттың түсіне байланысты бо-

лады


Граниттің  құрамындағы  далалық  шпаттың  мөлшері 40-60% 

құрайды. Граниттің құрамына далалық шпаттан басқа, кварц, слюда, 

авгид кіреді. Жыныстың құрылымы – толық кристалды түйіршікті, 

текстурасы біртекті шомбал, жатыс пішіні батолиттік, шток, дайка.

Сиенит – ортоклаздық толық кристалды тереңдік жыныс. Орта-

клаздан,  биотиттен,  пироксиъениттен  құралған.  Сиенит  гранитке 

ұқсас, бірақ құрамында кварц жоқ.

Трахит сиенит тəріздес. Құрамы да сонымен бірдей, бірақ майда 

түйіршікті.

Габбро – қара, сұр жəне жасылдау түсті негізгі тереңдік жыныс. 

Үгілуге  ұшырағанда  жасылдау  түске  енеді.  Құрылымы  бірыңғай 

түйіршікті, кристалдары майдадан іріге дейін өзгереді.

Андезит  –  эффузивтік  жыныс,  плагиоклаздан  құралған.  Түсі 

ақшыл сұр немесе солғын қызғылт. Құрылымы жасырын кристалды. 

Текстурасы шомбал немесе порфирлі.

Базальт – габбро  жынысының  эффузивтік  аналогы.  Түсі  қара 

сұрдан  қараға  дейін.  Плагиоклаз  авгит,  оливиннен  құралған.  Кей-

де  құрамына  айтарлықтай  мөлшерде  магнетит  түйіршіктері  кіреді. 

Тығыз, аракідік, порфирлі құрылымы бар. Қара қошқыл түсті жалпы 

массадан  авгиттің  қара,  оливиннің  сары  жасыл  кристалдары  көзге 

түседі. Базальт бағалы топырақ түзуші жыныс.

4.7.2. Шөгінді жыныстар

Шөгінді  жыныстар  жер  қыртысының  беткі  қабатында  əртүрлі 

жолдармен  түзіледі.  Бастапқы  тау  жыныстарының  үгітілуге 

ұшыраған бөлшектері сумен, желмен жəне мұздықтармен тасымал-

данып, орнын өзгертіп басқа жерлерге жиналады. Ол сонымен қатар, 

химиялық  жолмен  жəне  организмдердің  тіршілік  əрекеттерінің 

əсерінен де пайда болады.

Шөгінді  жыныстардың  құрамы  жəне  құрылымы  алуан  түрлі. 

Сондықтан  оларда  физикалық  жəне  химиялық  қасиеттері  əртүрлі 


117

 

топырақтар  түзіледі.  Олардың  түзілуінде  климат  жəне  жер  бедері 



(рельеф) үлкен рөл атқарады. Осы факторлардың арқасында үгітілуге 

ұшыраған  бөлшектердің  алынатын  жəне  жиналатын  аймақтары 

анықталады. Шөгінді жыныстарының құралу кезеңін:

1. Мүжілуге ұшыраған заттардың жиналуы;

2. Мүжілуге ұшыраған заттардың тасымалдану;

3. Осы заттардың жаңа орынға жинала бастауы;

4. Тығыздалып, тасқа айналуы деп 4 кезеңге бөлуге болады.

Тасқа  айналу  кезінде  жыныстардың  тығыздығы  құрылымы, 

минерологиялық құрамы өзгереді.

Шөгінді  жыныстар  магмалық  жыныстардан  құрамы  жəне 

құрылымы жағынан айырықшаланады. Олар борпылдақ, сусымалы 

жəне цементтелген күйде болады. Магмалық жыныстарға қарағанда, 

жалпы калийдің, натрийдің көп болуы, судың жəне СО

3

2-



 ионының 

мөлшері  жоғары  болуы  шөгінді  жыныстарына  тəн  мəселелер. 

Минералогиялық  құрамында  да  айтарлықтай  өзгешелік  бар.  Жер 

қыртысының  жоғары  бетінен  кездесетін  магмалық  жыныстардың 

минералдың көбісі тұрақсыз, бір түрден екінші түрге ауысып кетіп 

отырады.  Мысалы,  оливин – серпентинге,  далалық  шпат – саздық 

минералдарға. Шөгінді жыныстардағы көптеген минералдар мыса-

лы көмір тұзы, гипс, фосфоттар, магмалық жыныстарда кездеспейді. 

Шөгінді  жыныстардың  өзіндік  ерекшелігі – химиялық  құрамы 

жағынан біртектес минералдың көп мөлшерде шоғырлануы: көмір 

қышқыл  кальций,  гипс,  фосфориттердегі  фосфоттар,  ас  тұзы,  бок-

ситтер жəне басқалар.

Шөшінді жыныстарды сынықтық, химиялық жəне органогендік 

деп бөледі (5-кесте).



5-кесте

Шөгінді жыныстардың жіктелуі

Рет 


саны

Сынықтық


Химиялық

Органогендік

Бос 

(борпылдақ)



Цементтелген

1

2



3

4

5



1

Шағал 


тастар

Конгломерат-

тар, брекчийлер

Карбонаттық 

жыныстар

Диатомиттер, 

əктастардың көшілігі

2

Малта 



тастар

Майда 


түйіршікті 

конгломераттар

сульфаттар

-


118

3

Құм



Құмдақтар

-

Кремнийлі сланцетер



4

Саз жəне 

саздақтар

Сазды 


сланцеттер

Галоидтар

Тас көмір

5

Лесс



Сазды 

сланцеттер

Темір 

тотықтары



-

6

Вулкандық 



күлдер

Вулкандық 

туфтар

Олиттік темір 



рудалар

Мұнай


Бірінші  топ  сынықтық  материалдардың  түйіршіктерінің 

өлшемдеріне жəне цементтеліп жабысу сипатымен айрықшаланатын 

жыныстарды  біріктіреді.  Екіншілік  топтағы  жыныстар  химиялық 

құрамымен ерекшеленеді, ал үшіншідегілері – шөгінді жыныстардың 

түзілу процесіне қатысатын тірі организимдердің түрлеріне байла-

нысты болады.

Шағал  тастар  негізінен,  теңіздердің,  көлдердің,  тау  өзендерінің 

жағалауларында, əсіресе, тау өзендерінің көлбеу жазықтыққа шығу 

тұстарында таралған. Теңіз жағалауларында олар енсіз (10 – 100 м) 

жолақ  түрінде  таралып,  майда  құм  аралас  цементтенбеген  əртүрлі 

формалары ірі тастар жынысқа байланысты дөңгелек, сопақша жəне 

басқа формалары болып келеді.

Құм  түйіршіктерінің  формалары  көбінесе,  бұрыштық  болып 

келеді. 


Шағал тастар құнарсыз жыныстар. Олар орналасқан территория 

тұрақсыз болып келеді. Өйткені өзен арнасы өзгерген сайын шағал 

тастар  орналасқан  орын  өзгеріп  отырады.  Сондықтан  жерге  орна-

ластыру жағдайында шағал тастар орналасқан территорияның ауда-

нын шартты түрде ғана есепке алады. 

Конгломераттар – əк тас, кремнезем немесе саз түйіршіктермен 

цементтеліп жабысқан шағал тастар. Олар ертеде теңіз түбінде не-

месе  жердің  терең  қойнауында  теңіз  шегінген  кезде  пайда  болған. 

Жер бетінде, тауларда олар кейде қалыңдығы 10 м қабаттармен жа-

тады.  Бұл  жыныстар  тек  қана  таулы  аудандарда,  мысалы  Кавказда 

таралған.

Брекчилер – цементтеліп  жабысқан  тас  жатыстар,  тау 

жыныстарының  күшті  дислокацияға  ұшырған  аймақтарында 

кездеседі.  Олар  бір  қатты  жыныстың  екінші  жыныспен  үйкелу 

процесінде  пайда  болатын  жарықтарда  жəне  сырғу  орындарын-

да  құралады.  Бречилер,  салыстармалы  түрде  аз  тараған.  Топырақ 



119

 

түзуші жыныс ретінде олардың, өздері пайда болған, қатты жыныс-



тардан айырмасы жоқ.

Құмдар – кең  таралған  борпылдақ  шөгінді  жыныс.  Оның 

90-95%,  мөлшері 3 мм-ден 0,01 мм-ге  дейінгі  түйіршіктерден 

құралған. Құмдар шығу тегіне байланысты өзендік, көлдік, теңіздік, 

желдік  болып  бөлінеді.  Олар  барлық  аймақтарда  таралған.  Алай-

да,  олардың  ең  үлкен  алқаптары  шөлдерде  жəне  шөлді  далаларда, 

сонан  соң  өзен  арналарымен  террассаларында  орналасқан.  Жалпы 

алғанда,  құмдар  құнарлы  заттарға  бай  емес,  сондықтан  топырақ 

түзуші ретінде кедей жыныс. Шөл далаларда табиғи жағдайда псам-

мофиттер дамыған.

Құмдақтар – кремний қышқылымен кейде саз түйіршіктермен це-

менттелген құмдар. Олар терең жер қойнауында жоғарғы қысымның 

жəне  температураның  əсерінен  түзелді.  Жер  бетінде  негізінен SO

құралған  жыныс  ретінде  таралған.  Құмдақтар  салыстырмалы 



түрде  аз  таралған,  негізінен  таулы  жерлерде,  көне  жыныстардың 

ішінде таңдақ күйінде кездеседі. Саз түйіршіктермен цементтелген 

құмдақтар, қабаттасқан күйде, сазды сланецтердің арасынан да табы-

лады. Осындай құмдақтар үгітіле келе майда құмдақ топырақтарды 

түзеді.

Саздар (пелиттер) ақырын ағатын немесе теңіздердің, көлдердің 



ақпайтын суларында майда түйіршікті материалдың шөгуінен пайда 

болады.  Түсі,  химиялық  құрамы,  тығыздығы  жағынан  бұл  жыны-

стар əрқилы болып келеді, бірақ олардың барлығында да диаметрі 

0,01 мм кіші түйіршіктердің мөлшері 50% артық болады. Кейде саз-

ды қабаттар құм жəне шаң қабаттармен араласып, алмасып жатады, 

бірақ көп жағдайда біртұтас шомбал массаны құрайды. Түсіне бай-

ланысты саз қабаттары қызыл сұр, қара қошқыл, ақ саз деп аталады. 

Саз қабаттарының көпшілігі каолин, алюминий тотығы, темір жəне 

марганецтен  құралған.  Сонымен  қатар,  олардың  құрамында  амор-

фты кремний қышқылы, жұқа уатылған кварц та болады. Таза као-

линнен түзілген жынысты фарфорлық саз деп аталады.

Саздар  суды  өте  нашар  өткізеді,  осы  себепті  олар  əрқашан  да 

су өткізбейтін қабатты құрайды. Олар газды да өте нашар өткізеді. 

Сондықтан  ісінуге  қабілетті.  Су  сыйымдылығы  жоғары  деңгейде. 

Жер бедері қолайлы болғанда саз қабаттарында құнарлы топырықтар 

түзіледі. Бұл топырақтар ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары 

өнім алуға жарамды.


120

Жамылғы  саздықтар.  Бұл  жыныстар  мұздық  қабаттарда  кең 

түрде  таралған.  Бұлай  аталуының  себебі,  олар  теңіз  шөгінділердін 

(морена)  жəне  де  басқа  тау  жыныстарын  жамылғы  тəрізді  жа-

уып  жататындықтан.  Осындай  жамылғының  қалыңдығы  бірнеше 

ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жетеді. Бұл саздықтар 

қабаттасқан  күйде  болмайды.  Механикалық  құрамы  жағынан 

саздықты жəне ауыр саздақты, құрамында жұмыр тастар мен тастар 

жоқ.  Жамылғы  саздақтарында  түзілген  топырақтарда  жаңғақтық, 

кейде  призмалық  құрылым  айқын  байқалады.  Жамылғы  саздақтар 

бағалы топырақ түзілуші жыныс болып табылады.

Лесс (алеврит) шаңды саздақты борпылдақ жыныс. Бұл жыныс-

тың  механикалық  құрамында:  мөлшері 0,05 – 0,01мм  аралығында 

болатын бөлшектер 50 – 60%, 0,01 мм-ден кіші бөлшектер 35-45%, 

CaCO



3-5% бар. Жыныстардың қуыстылығы 50%. Түсі ақ-сұрдан, 



күңгірт сарыға дейін. Төмен ылғалдылықта біршама қатты, биіктігі 

5-10  м  жететін  тік  қабырғаларды  құруға,  сақтауға  қабілетті,  ал 

жоғарғы ылғалдықта отырыс береді. Осы себепті далаларда табақша 

тəріздес ойпаң жерлерді кездестіруге болады.

Минералогиялық  тұрғыдан  қарағанда  лесс  кварцқа  бай,  сонымен 

қатар оның құрамында далалық шпат, слюда, каолинит жəне монтмо-

риллонит кіреді. Лесс – ең жақсы топырақ түзуші жыныстардың бірі. 

Ең құнарлы қара топырықтар осы лесс жыныстарында пайда болған.

Минерлогиялық тұрғыдан қарағанда лесс кварцқа бай, сонымен 

қатар  оның  құрамына  далалық  шпат,  слюда,  каолинит  жəне  монт-

мориллонит кіреді. Лесс – ең жақсы топырақ түзуші жыныстардың 

бірі.  Ең  құнарлы  қара  топырықтар  осы  лесс  жыныстарында  пайда 

болған.

Теңіз  жыныстары  жəне  теңіз  жыныстарының  қабаты – кең 



таралған  топырақ  түзуші  жыныстар.  Бұл – қозғалыстығы 

мұздықтармен  əкелген  борпылдақ,  сынып  бөлінген  материалдар. 

Мұндай жыныс қабаттарының механикалық құрамы əрқилы жəне саз 

түйіршектерінің, құмның, малта тастардың, шағал тастардың жəне 

жұмыр  тастардың  қоспасынан  құралады.  Сондықтан  қоспадағы 

материалдың  басым  көпшілігінде  қарай  сазды,  саздақты,  құмды, 

құмдақты, тасты шағалды болуы мүмкін.

Химиялық  құрамына  қарай  олар  силикаттық  жəне  карбонаттық 

деп  бөлінеді.  Біріншілерінің  құрамында  қышқыл  жыныстардың 

сынықтары  (əртүрлі  дəрежеде  уақталған),  мысалы,  граниттің, 



121

 

екіншілерінің құрамында карбонаттық жыныстардың сынықтары (əк 



тастың, доломиттің) болады. Теңіз жыныстарын осылайша екі топқа 

бөлудің үлкен шаруашылық маңызы бар. Силикаттық теңіз жыныс-

тарында  көбінесе,  қышқыл,  құнары  төмен  топырырақтар  дамиды. 

Ал  карбонаттық  жыныстарда  құнарлы  топырақтар  дамыған.  Осы 

жағдай  орман  типтерінің  таралуына,  шалғындық  бірлестіктердің 

ерекшеліктеріне əсер етеді.

Шөгінді тау жыныстары генезестік (түзілу) ерекшеліктеріне бай-

ланысты элювиальдық, делювиалдық, пролювиалдық, аллювиалдық 

жəне коллювиальдық деп беске бөлінеді.

Элювий  немесе  элювиальдық  деп  тау  жыныстарының  үгітілген 

жерінде  қалып  құралған  бөлігін  айтады.  Бұл – іс  жүзінде  үгітілу 

қабығы. Элювий төбелі – таулы жерлерде таралған, қабатсаздығы-

мен,  сұрыпталмағандығымен  ерекшеленеді.  Біртіндеп  ежелгі 

жамылғы жынысқа айналады.

Делювий  тау  бөктерінің  төменгі  тұстарына  жиналған  май-

да  топырақтардың  тұнбасы.  Мұнадй  жыныстардың  ерекшелігі – 

бірнеше қыртысының (қабатының) болуы.

Пролювий    тау  өзендерінің,  бұлақтарының  əрекетінің 

нəтежесінде  пайда  болған  жыныстар.  Осы  жыныстардан  сағалық 

конустар түзіледі. Конус төбелерінде ірі сынықтық материалдар жи-

налды. Ол материалдар жұмыр тастрадан, шағыл тастардан, малта 

тастардан  құралады.  Ал  төменгі  жағында  майда  құмдар,  тұнбалар 

жиналды.

Аллювий – үлкен  жəне  кіші  өзендердің  тұнбалары.  Өзен 

жазықтарында,  сағаларында  пайда  болып  жиналды.  Олар  жақсы 

сұрыпталған сумен жұмырланған майда түйіпшіктерден құралған.

Коллювий – тау  бөктерлерінің  табанында  ауырлық  күшінің 

əсерінен, қар жəне мұз жылжуының əсерінен сынып жиналған ма-

триал.

Шөгінді  жыныстардың  ерекше  тобын  жер  тұнбалары  құрайды. 



Олар жыныс бөлшектерін желмен ұшырып əкету нəтижесінде пай-

да  болған.  Əдетте  бұлар  жақсы  сұрыпталған  бөлшектер.  Желмен 

ұшқын  бөлшектердің  беттері  кедір-бұдырлы  болып  келеді.  Жел 

тұнбаларының үлкен бөлігі, мөлшерлері 0,05-тен 0,25 мм-ге дейінгі 

бөлшектерден (майда құм) құралады. Эол тұнбалары негізінен кварц-

тан тұрады. Олар дюндарды, бархандарды созыла біткен төбелерді 

құрады. Мұндай құрылымдар шөлдерде, шөл далаларда таралған.


122

Түзілуі  химиялық  жəне  биохимиялық  жолмен  өтетін  шөгінді 

жыныстарға əк тастар, доломиттер, бор қабаты, туфтар, кремнийлік 

құрылымдар, сульфаттардың тұздары жəне хлоридтер жатады.

Əк тастар – негізінен шығу тегі бар, кеңінен таралған тау жыны-

сы. Негізінен кальциттен құралды. Құрамында аз мөлшерде, қоспа 

түрінде, доломит, кварц жəне саз минералдар болуы мүмкін.

Бор  карбонатты,  кальциттен  нашар  цементтелген  жағылғыш 

жыныс. Бор, салыстырмалы түрде, аз таралған. Бірақ ол жер бетіне 

шыққан тұстарда ерекше құрғақ торфты топырақта пайда болады.

Туфтар – борпылдық  əктік  массалар.  Олар  құрамы  жағынан, 

базальттық, тарихтық, болып келеді. Турфтардың үлкен аудандары 

вулкандық жолмен пайда болған.

4.7.3. Метаморфтық тау жыныстары

Үлкен тереңдікте өтетін ауысу процесінде шөгінді немесе магмалық 

тау  жыныстарының  тек  сыртқы  түрі  ғана  өзгеріп  қоймайды,  соны-

мен  қатар  оның  минералдық  құрамы  жəне  құрылымы  өзгереді.  Мы-

салы, кеуекті бос əктас, тығыз кристалдық мраморға – метаморфтық 

жынысқа  айналады.  Теңіз  немесе  мұхит  түбінде  жиналған  əк  тас 

қабаты уақыт өте келе оған қысым түсіріп, мұхит түбін оя бастайды. 

Пайда болған шұңқыр қысымының əсерінен күн өткен сайын тереңдей 

береді. Тереңдік өзгерген сайын əктас жыныстары температурасы жəне 

қысымы да, жоғары жер қойнауына ене береді. Уақыт өте келе ол балқи 

бастайды.  Нəтижесінде  құрамындағы  молекулалар  бастапқы  орында-

рын ауыстырады да басқа түрде топтаса бастайды. Осы масса қайтадан 

жоғары көтеріліп, жер бетіне шыққанда, суынады жəне кристалданады. 

Бірақ ол сол əк тас түрінде қалмайды, мраморға айналады. Оның түсі 

де əртүрлі болады. Егер осындай метаморфизация процесінде таза бор 

немесе əк тас түсетін болса, ақ мрамор түзіледі. Егер əк тас құрамында 

темір тотықтары болса, қызыл мраморға ал көміртегі заттарынан қара 

сұр мрамор түзіледі.

Егер құм жоғары температура жəне жоғары қысым жағдайында 

жартылай балқып, содан кейін кристалданатын болса, құмтас пай-

да  болады.  Гранит  метаморфизация  процесіне  ұшыраса  гнейстер 

түзіледі. Сазды сланецтер-шынылық яшмаға көшеді.

Маңызды  метаморфтық  жыныстардың  қатарына  кристалдық 

сланецтерді жатқызуға болады. Олар кварцтан дала шпатынан, слю-

далардан жəне басқа минералдардан (магмалық) тұрады.


123

 

Сазды  сланецтер  үлкен  қысым  жəне  жоғары  температура  жағ-



дайларында  цементтелінген  саз  материалдарынан  түзілген.  Бұл 

теңіз  түбінің  біртіндеп  жер  қойнауына  енуінен  болған.  Уақыт  өте 

келе  теңіз  түбі  қайтадан  орнына  келген  онымен  бірге  сазды  сла-

нецтерден  құралған  геологиялық  қабаттастық  та  жер  бетіне 

көтеріледі.  Олардың  бірнеше  қабаттан  тұр  механикалық  жəне 

химиялық  құрамының  ерекшеліктеріне  байланысты  болады. 

Сланецтердің  тығыздығы  əр  түрлі  жəне  түсі  де  əр  алуан  болуы 

мүмкін. Олар көбінесе, кеуекті құрылымға ие болып, түсі сарғылт-

сұр  болып  келеді,  тіпті,  қара  қошқыл  түрлері  де  кездеседі.  Мұны 

оның  құрамындағы  көмірге  айналған  органикалық  қалдықтардың 

қоспаларымен түсіндіруге болады.

4.8. Тау жыныстарының үгітілуі

4.8.1. Массивті-кристалдық тау жыныстарының үгітілуі

Тау жыныстары жəне минералдар өздерінің түзілу жағдайлары-

нан  өзгеше  ортаға  түскен  кезде  өзгере  бастайды.  Массивті-

кристалдық, шөгінді жəне метаморфтық тау жыныстары жер бетіне 

шығысымен механикалық ұсақтануға, химиялық жəне биологиялық 

өзгерістерге  ұшырайды.  Жердің  беткі  қабағында  (қыртысында) 

өтетін  осы  процесті  үгітілуі  деп  атайды.  Үгітілуге  ықпал  жасай-

тындар  температура,  су,  көмір  қышқылы,  оттегі,  əртүрлі  тірі  орга-

низмдер. Жер қабығының минералдық бөлігіне осы факторлардың 

барлығы  бір  мезгілде  жəне  бірлескен  түрде  əсер  етеді.  Сондықтан 

олардың əрқайсысының қаншалықты əсер ететінін тап басып айту 

қиын. Əйтседе ең басты факторды əрқашан анықтауға болады.

Үгітілуідің: физикалық, химиялық жəне биологиялық сияқты үш 

түрін анықтайды. Олардың барлығы бір мезгілде жүріп жатады. 

Физикалық  үгітілу – тау  жыныстарының  химиялық  құрамын 

өзгертпей,  тек  қана  механикалық  жолмен  өлшемдері  əртүрлі 

бөлшектерге бөлінуін айтады.

Химиялық  үгітілу  кезінде  тау  жыныстарының  құрамы  өзгеріп 

жаңа  минералдар  түзіледі,  көп  жағдайда,  алғашқы  минералдарға 

қарағанда, олардың химиялық құрамы қарапайымдау болады.

Биологиялық  үгітілу – тау  жыныстарының  тірі  организмдердің 

əсерінен  өздерінің  химиялық  құрамын  өзгерте  отырып,  мүжіліп 

ұсақтануы.


124

Мұндай  үгітілудің  ең  негізгі  себебі – жер  бетіндегі 

температуралардың  тəуліктік  жəне  маусымдық  өзгеруі.  Күн 

сəулесінің  əсерінен  тау  жыныстарының  жоғарғы  қабаттары 

өздерінің  бұрынғы  қабаттары  қатты  қызады,  ал  төменгі 

қабаттары, көлемін ұлғайтады, осының əсерінен кернеу пайда бо-

лып жарықшақтар мен параллель беттерге бөлінуге əкеп соғады. 

Тау  жыныстары  жату  сипатына  жəне  қызыну  жағдайларына 

байланыс ты  бұл  жарықшақтардың  тереңдігі  əртүрлі  болып, 2 

мм-ден 10 мм-ге дейін жетеді. Күн сəулесі жынысты қыздыруын 

тоқтасымен  жоғарғы  қабат  суына  бастайды  да,  сығылу  процесі 

басталады.  Жыныстардың  ішкі  бөліктері  өзінің  температурасын 

ұзағырақ  сақтайды.  Сондықтан  оның  көлемі  де  көп  өзгеріске 

ұшырамайды. Осындай жағдайда жыныстың жоғарғы қабатында 

пайда  болған  кернеу  радиалдық  бағыттағы  жарықшаралардың 

құралуына  əкеп  соғады.  Жарықшаларға  түскен  су  қатқан  кезде 

өзінің көлемін үлкейтіп, жарықшаларды керіп кеңейтеді.

Жыныстардағы  көлденең  жəне  тік  бағыттағы  жарықшақтардың 

саны біртіндеп көбейіп, соңында əртүрлі мөлшердегі тау жыныста-

рың сынықтары пайда болады. Бұл сынықтардың құрамында үлкен 

тастардан бастап майда түйіршіктерге дейін кездеседі. Кесектердің 

пайда  болуына  жеке  жыныстардың  жəне  оларды  құрайтын 

минералдардың көлемдік ұлғаюы коэффиценттері мынадай: кварц – 

0,00031, ортоклаз – 0,00017, кальцит – 0,00020.

Күрделі  жыныстар  минералдарының  ұлғаю  коэффиценттері 

əртүрлі  болғандықтан,  олар  қарапайым  жыныстарға  қарағанда, 

жылдамырақ үгітіледі.

4.8.2. Физикалық үгітілу

Физикалық  үгітілу  процесі  түйіршіктердің  өлшемдері 0,001 

мм-ге  жеткенше  жүреді.  Үгітілуге  ұшыраған  түйіршіктердің 

өлшемдері 0,001 мм-ден кемігенде физикалық үгітілу тоқтатылады. 

Себебі 0,001 мм-ден  кіші  түйіршіктер  бірқалыпты  қызынып, 

суынатындықтан  өздерінің  өлшемдерін  өзгертпейді,  физикалық 

үгітілуге ұшырамайды.

Физикалық  үгітілу,  республика  көлемінде  алғанда,  құрғақ, 

ыстық  аймақтарда  немесе  өте  суық  жерлерде,  таулы  аудандар-

да  айқын  байқалады.  Құрғақ  шөл  далалық  аудандарда  күн  мен 

түннің  температураларының  ауытқуы 60

0

С,  ал  қыс  пен  жаздың 



125

 

температураларының  ауытқуы 50



0

С-ге  жетеді.  Мұнымен  қатар 

күшті  желмен  көтеріліп  ұшатын  құм,  тасты  жыныстарлы  қайрап, 

тегістеп оларды физикалық бұзылуға əкеп соғады. Сондықтан шөл 

жерлерінде  сынған  тастардың,  шағал  тастардың,  құмның  үйінді 

түрінде жиналуы көптеп байқалады.

Физикалық үгітілу топырақ түзілу процесінде маңызды орын ала-

ды. Осы үгітілу нəтижесінде химиялық жəне биологиялық үгітілуге 

негіз жасалынады. Жыныс бөліктері уатылғанда беттерінің үлестік 

ауданы  артады  да  осы  себепті  олар  химиялық  жəне  биологиялық 

үгітілу факторларымен оңай əрекеттеседі.

4.8.3. Химиялық үгітілу

Химиялық  үгітілу  кезінде  минералдар  бұзылып  бөлшектенеді 

жəне синтезделінеді. Сөйтіп бастапқы жыныста кездеспейтін жаңа 

минералдар түзіледі. Химиялық үгітілудің негізгі факторлары – су, 

оттегі, көмір қышқыл газы, температура.

Химиялық  реакциялардың  өтуі  температураның  жоғарылануы-

нан жылдамдайтыны белгілі. Сондықтан химиялық үгітілу ауаның 

жылдық орташа температуралары жоғары жəне көп мөлшерде ылғал 

түсетін  аймақтарда  айқын  байқалады.  Температураның  əрбір 10

0

С 



жоғарылануынан химиялық реакциялардың өтуі 2 – 2,5 есе үдейді. 

Бөлшектердің  көлемі  азайған  сайын  олардың  реакциялық  қабілеті 

жоғарылай  береді.  Осыған  орай  химиялық  реакциялар  кесектің  ең 

ұсақ бөліктерінде (<0,01 мм) жақсы жүреді.

Мысал  ретінде  граниттің  құрамындағы  минералдардың  жəне 

үгітілу  қабығындағы  шөгінді  жыныстардың  химиялық  үгітілуін 

қарастырайық.

Граниттің құрамына кварц, далалық шпаттар, слюда, авгит жəне 

басқа  минералдар  енеді.  Кварц (SiO

2

)  жердің  бетінде  химиялық 



тұрғыдан алғанда өте тұрақты. Оған тек қана зертханалық жағдайда 

сілтілер жіне фторлы сутегі қышқылы ғана əсер ете алады. Кремний 

қышқылы өте аз мөлшерде, ешбір химиялық өзгерістерсіз-ақ табиғи 

суда ериді. Кесекте кварц, химиялық өзгерістерге ұшырамай, белгілі 

бір шекке дейін уатылады. Оның осы ерекшелігі Жер планетасының 

бетіне өте үлкен көлемде шоғырланып жиналуына мүмкіндік береді. 

Химиялық  əсерге,  кварцқа  қарағанда,  далалық  шпаттар  əлдеқайда 

төзімсіз. Мысал ретінде ортоклаздың сумен жəне ауа құрамындағы 

көмір қышқыл газбен əрекеттесуін келтірейік. Ортоклаз (К

2

Аl



2

Si

6



O

16




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет