Топырақтың гидролитикалық қышқылдығы – топырақтың
сіңіру кешенінің қышқылдығы, оны топырақпен берік байланысқан,
қиын алмасатын сіңірілген сутек иондары тудырады. Гидролитика-
лық қышқылдық топырақты гидролитті сілтілі тұздың ерітіндісімен
(CH
3
COONa) өңдегенде анықталады.
Гидролитикалық қышқылдықты 100 г топырақтағы миллиграмм-
эквивалентпен өрнектейді.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы алмасу жəне гидролитикалық
қышқылдықтарының өлшеміне ғана емес, топырақтың негіздермен
қанығу дəрежесіне де байланысты болады.
Егер топырақтың гидролитикалық қышқылдығының шамасын Н
əрпімен, сіңірілген негіздердің қосындысын (Ca, Mg, K, Na жəне т.б.)
S əрпімен белгілесек, онда топырақтың жалпы сіңіру сыйымдылығы
T болғанда:
S + H = T.
Топырақтың сіңіру сыйымдылығы 100 г топырақтағы милли-
грамм-эквивалент түрінде өрнектеледі.
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі (V) – сіңірілген
негіздердің қосындысын (S) сіңіру сыйымдылығына (Т) қатынасын
пайызбен өрнектеу:
12–1427
178
Топырақтың негіздермен қанығу дəрежесі жалпы сіңіру
сыйымдылығының қандай бөлігі сіңірілген негіздерге, қайсысы
гидролитикалық қышқылдыққа тиетінін көрсетеді. Негіздермен
қанығу дəрежесінің шамасы топырақтың қышқылдығы мен сіңіру
қабілетінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Топырақ ерітіндісінің реакциясы тұрақты болмайды. Əртүрлі
биологиялық, химиялық жəне физикалық-химиялық құбылыстар-
дың нəтижесінде топырақта қышқылдар немесе негіздер пайда бо-
лып, топырақ реакциясы өзгеріп тұрады.
Топырақ реакциясы енгізілетін тыңайтқыштар əсерінен
де өзгереді. Мысалы, физиологиялық қышқылды тұздарды
(NH
4
Cl, (NH
4
)
2
SO
4,
т.б.) енгізгенде топырақ ерітіндісі
қышқылданады, ал физиологиялық сілтілі тұздарды (NаNO
3
,
Ca(NO
3
)
2
) пайдаланғанда қышқылдығы азаяды немесе топырақ
ерітіндісі сілтіленеді.
Физиологиялық қышқылды немесе физиологиялық сілтілі
тыңайтқыштарды əрдайым енгізгенде топырақ ерітіндісінің ре-
акциясы күшті өзгере алады да, өсімдіктердің жəне топырақ
микроорганизмдерінің тіршілігіне үлкен əсер етеді.
Бірақ əртүрлі топырақтарда реакцияның өзгеруі бірдей болмай-
ды. Біреуінде топырақ ортасы баяу, басқаларында жылдам өзгеріп
тұрады.
Топырақтың буферлік қабілеті – топырақтың ерітіндісі
реакциясының қышқылды немесе сілтілі жаққа өзгеруіне қарсы тұра
алатын қабілеті.
Топырақтың буферлігі оның қатты жəне сұйық бөліктерінің
қасиеттеріне байланысты өзгеріп тұрады. Топырақ ерітіндісінің
буферлік қабілеті оның құрамындағы əлсіз қышқылдар (Н
2
СО
3
, суда
еритін органикалық қышқылдар) жəне олардың тұздары болуына
байланысты.
Топырақ буферлігінің минералды тыңайтқыштарды дұрыс
қолдану үшін маңызы зор. Мысалы, буферлігі төмен топырақтарға
физиологиялық қышқылды тыңайтқыштарды енгізгенде, дақыл-
дардың жəне топырақ микроорганизмдерінің дамуына теріс əсер
етеді. Органикалық тыңайтқыштарды үздіксіз енгізу мен əктеу
топырақтың сіңіру сыйымдылығын жəне негіздермен қанығу
дəрежесін арттырады да, оның буферлігін жоғарылатады.
179
5.12. Топырақ ерітіндісі реакциясының өсімдіктерге əсері
Топырақтың реакциясы. Егер топырақта қышқылдар (мысалы,
глее – күлгін топырақтардағы сияқты фульвоқышкылдары) не-
месе сілтілер (мысалы, сортаң топырақтағы сода) өте көп болса,
мəдени өсімдіктер
нашар өседі немесе мүлде өліп қалады. Мəдени
өсімдіктердің көпшілігінің жақсы өсуі үшін топырақ ертіндісі
қышқыл немесе сілтілі де болмауы керек. Ол орташа, бейтарап бо-
луы керек.
Топырақтың реакциясы (қышқылдығы, сілтілігі) оның қандай
заттарды (элементтерді) сіңіргендігіне де өте тығыз байланысты.
Егер топырақ (оның қатты бөлшектері) сутегін немесе алюминийді
сіңірсе, ол қышқыл болады; ерітіндіден натрийді сіңірген топырақ
сілтілі, ал кальцийге қаныққан топырақтың реакциясы бейтарап, бы-
лайша айтқанда, орташа болады.
Табиғатта түрлі топырақтардың реакциясы түрліше келеді. Мы-
салы, батпақ, күлгін жəне қызыл топырақтар – қышқыл, сортаңдар
– сілтілі, ал каратопырақ – орташа реакциялы болады.
Өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта:
1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтер;
2. Өсімдік сіңіре алатын формада су;
3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз
ету;
4. Топырақ массасының құрылымы қолайлы келеді, оңтайлы
ауа – су режимін жасап, тамырлардын топыраққа жақсы өтуін, одан
қоректік заттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі;
5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар болуы тиіс. Мəлім болғандай
өсімдіктер негізгі қорек элементі ретінде топырақтан азот, фосфор,
калий, кальций, темір, күкіртті сіңіреді. Химиялық талдауға қарасақ,
топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп жəне ол көп жылға
жетеді. Н. П. Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында
азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда
əлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.
Бірақ өсімдіктер үшін элементтер мөлшері емес, топырақтағы
өсімдік сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды.
Тыңайтқыш қолдана отырып адам заттардың биологиялық ай-
налымына белсенді араласып, өз мақсатында бағыт беріп, реттейді.
Органикалық минерал тыңайтқыштар қосумен қатар соңғы жыл-
180
дары бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар
массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді
күшейтуге жəне химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол
жеткізіледі. Мысалы, фосфорбактерин органикалық заттарды ыды-
ратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.
Ауыл шаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макро-
элементтер мөлшері ғана емес, сирек кездесетін жəне бытырап
орналасқан химиялық элементтер құрамы да маңызды.
Олардың болмауы немесе аз болуы мəдени өсімдіктердің ауруы-
на, түсімнің аз болуына əкеледі. Топырақта жездің жетіспеушілігінен
пайда болған жағымсыз құбылыстар кең тараған. Бұл құбылыстар
торф топырақты орман аймағында көп кездеседі («Өңдеу сырқаты»
деп атайды). Жез қосқан соң ғана бұл ауру жойылған, астық
өнімі көбейген. Жезді кейбір өсімдіктер организміне қосу үшін
оларды паразиттік грибоктарға қарсы тұрақтылығын арттыра-
ды. Мырыш, бор, марганец, молибден жəне сирек кездесетін
элементтерді топыраққа қосқанның əсері болатыны анықталды.
Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор.
Кейбір микроэлементтердің топырақта жəне өсімдіктерде (жемде)
артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі əсер етеді. Кобалтьтің
топырақта аз болуынан мал қанында эритроциттер азайып, мал тез
ариды (себебі белок синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған
əсер етпейді. Ұсақ жəне ірі мүйізді малдың бұл ауруы – акобала-
тоз деп аталады, ол ТМД, Шотландия, Австралия жəне т.б. елдерде
таралған. Мал шаруашылығына жез, никель, селен, фтор, йодтың
тапшылығы немесе артықшылығы белгілі əсер етеді. Су өсімдіктің
тіршілігінің барлық кезенінде де дəннен жарып шыққаннан, пісіп
жетілгенше үлкен рол атқарады. Түрлі өсімдік дəндері жарылуы
үшін түрлі су мөлшері керек:
Бидай үшін – салмағының 45%, қызылша үшін – 120% керек.
Түрлі мəдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін
шығындалған су мөлшері де əртүрлі жəне 200-ден 1000 т-ға дейін
өзгереді. Мысалы: бидай, тоннасына – 500 тонна су жұмсалады, ал
күріш тоннасына – 1000 т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су фор-
масын ғана, яғни гравитациялық сіңіліп байланған суды ғарыш
күштері кері тарта алмайды. Сондықтан сіңірілген суы 10-15%
құрайтын саздың топырақта өсімдік су тапшылығын көреді, ал
құмайт топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2%-ға дейін азаяды. Топырақ
181
ылғалы капилярлық булану барысында азаяды. Ұзын капилярдың
болуы топырақты тез құрғатады, ал ол капилярды бұзу, топырақ
ылғалы сақталуына əкеледі.
Сондықтан топырақ құрылымын ұсақ кесекті ету оны құрғаудан
сақтайтын тиімді шара болып табылады. Қуаңшылық аудандарда
судың топыраққа мол келуіне бағытталған түрі – беткі су ағысын
реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру шаралар жасалады.
Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор.
Оттегі микробиологиялық процестер үшін қажет. Топырақтың аэ-
робты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.
Оттегі күрделі өсімдіктер тамыры үшін қажет. Тығыз топырақтағы
газ алмасудың қиындауы, топырақ ауасында көмір қышқылының
жинақталуы, топырақ артық ылғалданғанда оттегінің жетіспеуі
өсімдіктің өсуін тежейді. Н. П. Рмезов (1963 жыл) пікірінше, оттегі
топырақтың барлық көлемінің 8-12%-ы болса, топырақ ауасы
өсімдіктер үшін қолайсыз əсерін тигізеді, ал оттегі құрамы 5%-дан
кем болса, өсімдіктердің көп бөлігі өледі. Топырақтың оттегімен
қамтылуы жəне газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылымына
тəуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың
топырақтағы шығынын жəне бөлінуін, өсімдіктердің қорек режимін
реттейді. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып
есептелетін – ұсақ кесекті түйірлі құрылым суға берік келеді. Топы-
рақ құнарлығына теріс əсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз
концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді
мына себептерге байланысты тежейді:
1. Өсімдік клеткасына су келуі нашарлап, бұзылады, себебі
топырақ ерітіндісіндегі осмос қысымы өсімдік клеткасы
протоплазмасындағыдан жоғары.
2. Ассимиляция жəне газ алмасу процестері бұзылады. В. А. Хов-
да зерттеуі бойынша, сортандау жағдайында өсімдіктерге магний,
натрийдің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, маңызды химиялық эле-
менттер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше есе
кемиді. Тез еріген тұздар өсімдіктің жасыл бөлігінде жинақталып,
фотосинтез процесін əлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады.
3. Сортаңдалу əсерінен өсімдік анатомиясында күрделі
өзгерістер болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ қабырғалары
қалындайды, нəтижесінде өсімдік қурайды.
Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен күрес, сор топы-
182
рақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды
мəселесі болып табылады. Топырақ құнарлылығы тек табиғи
қасиеттеріне емес, оны өңдеу сипатына да байланысты. Табиғи
құнарлылық топырақтың жаратылыс қасиеттеріне байланы-
сты. Тиімді құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мəдени
өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімді құнарлылық тыңайтқыш
қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге жəне т.б. шараларға сəйкес
ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады.
5.13. Сілтілі жəне қышқыл топырақтарды жақсарту жолдары
Топырақ реакциясы – топырақтың қышқылдығы немесе
сілтілігі. Топырақ ерітіндісінің реакциясы оның құрамындағы сутек
(Н
+
) жəне гидроксил (ОН
-
) иондарының арақатынасына байланысты.
Ерітіндідегі сутек иондарының концентрациясын рН символымен
өрнектеп, олардың концентрациясының теріс логарифмін белгілейді.
Топырақ реакциясы. Құрамында түрлі қышқыл басым болуына
байланысты топырақ реакциясы қышқылды не сілтілі болып келеді.
Өте қышқылды не сілтілі топырақтарда өсімдіктер жақсы өспейді,
тіпті, өліп қалады. Өсімдік дұрыс өніп-өсуі үшін топырақ реакция-
сы орташа болуы керек. Топырақ реакциясы оның қандай заттар-
ды көбірек сіңіргендігіне байланысты болады. Əдетте, қышқыл
топырақтарда сіңірілген сутегі жəне алюминий көп болады. Топырақ
реакциясы бейтарап болуы үшін онда кальций элементінің тұздары
көп болуы шарт.
Табиғи жағдайда топырақ реакциясы 3-тен 9-ға дейін құбылады,
ол рН- деп белгіленеді. Ол төмендегідей:
РН 3- 4 өте қышқыл;
РН 4-5 қышқыл;
РН 5- 6 азғана қышқыл;
РН 6-7 бейтарап;
РН 7-8 сəл сілтілі;
РН 8-9 сілтілі.
Топырақ ерітіндісінің қышқылдылығына ондағы бос органикалық
қышқылдар немесе олардың тұздары себеп болады. Топырақ
қышқылдығы актуалдық жəне потенциалдық болып екіге бөлінеді.
Оның бірінші түрі топырақтағы бос сутегі (ІІ) ионының концентра-
циясына, ал екінші топырақтың коллоид бөлімі сіңірген берік сутегі
183
иондарына байланысты болады. Реакциясы өте қышқылды, не өте
сілтілі болып келетін топырақтарда егілетін дақылдардан мол өнім
алу үшін түрлі өңдеу (мелиорациялау) жұмыстарын жүргізеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Топырақтың табиғи радиоактивтігі көбінесе, ауыр металдардың
реттік нөмірі немен байланысты болады?
2. Антропогендік жағдайдан пайда болған радиоактивтік ядролы
жарылыстар.
3. Топырақтағы радиоактивтік элементтердің мөлшеріне əсер
ететін жағдайлар.
4. Топырақ түзуші тау жыныстарындағы радиоизотоптардың
мөлшерлері.
5. Топырақтың сіңіру қасиеттерін қалыптастыруда негізгі орын
алатын не?
6. Топырақтың сіңіру қасиеті дегеніміз не?
7. Академик К. К. Гедройцтың тұжырымдамасында топырақтың
сіңіру қасиеті деп нені айтты?
8. 1933 жылы К. К. Гедройц топырақты сіңіру қасиетіне қарай
неше түрге бөлді?
9. Топырақтың механикалық сіңіру қасиеті дегеніміз не?
10. Топырақтың физикалық-химиялық сіңіру қасиеті дегеніміз не?
11. Топырақтың химиялық сіңіру қасиеті дегеніміз не?
12. Топырақтың биологиялық сіңіруі қасиеті дегеніміз не?
13. Топырақтың сіңіру қасиетінің құрамына əсері?
Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Қоршаған орта неден тұрады?
A) табиғи жəне техногендік мегажүйеден
B) табиғи мегажүйеден
C) техногендік мегажүйеден
D) биосферадан
E) гидросферадан, атмосферадан
2. Жер қыртысының массасының 80%-ы қандай химиялық үш
элементтен тұрады?
A) O,Fe,Ca
B) Si,Na,Ca
184
C) Al,Fe,Na
D) O,Si,Al
E) Ca,Fe,Mg
3. Жердің геосфералары:
A) литосфера, гидросфера
B) литосфера, атмосфера
C) биосфера, атмосфера
D) литосфера, гидросфера, биосфера, атмосфера
E) литосфера, биосфера
4. Бастапқы минералдан кейін желдетуден пайда болған минерал:
A) кварц
B) ортоклаз
C) апатит
D) каолинит
E) пирит
5. Терең жататын тау жыныстарының үлкен сілемі:
A) лакколит
B) өзектер
C) батолит
D) жамылғылар
E) базальттік қабат
6. Мономинералды тау жыныстарына жататындар:
A) химиялық формуласы жоқ жыныстар
B) минерал қатарынан құралатын жыныстар
C) біратты минералдардан тұратын жыныстар
D) магмалық жыныстар
E) метаморфтық жыныстар
7. Полиминеральдық жыныстарға жататындар:
A) химиялық формуласы бар жыныстар
B) біратты минералдардан құралатын жыныстар
C) бірнеше минералдардан тұратын жыныстар
D) ангидриттер
E) доломиттер
185
8. Тау жыныстары пайда болуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
A) метаморфты жəне шөгінді
B) шөгінді жəне магмалық
C) магмалық жəне метаморфтық
D) магмалық, метаморфтық жəне шөгінді
E) шөгінді, базальттық, гранитты қабаттар
9. Шөгінді жыныстар генетикалық пайда болуына қарай қандай
түрлерге бөлінеді?
A) кесекті, химиялық, оргоногендік
B) қопсалған жəне цементтелген
C) қопсалған, химиялық, оргоногендік
D) цементтелген, кесекті, химиялық
E) кесекті, цементтелген, оргоногендік
10. Қопсалған тау жыныстарға жататындар:
A) конгломераттар, брекчилер
B) құмтастар, брекчилер
C) аргиллиттер, алевролиттер
D) ірі кесекті, құмтасты, балшықты жыныстар
E) ангидриттер, доломиттер
11. Минерал дегеніміз:
A) метаморфтық тау жыныстары
B) шөгінді тау жыныстары
C) магмалық тау жыныстары
D) жер қыртысында пайда болған физикалық жəне химиялық
табиғи біртектес дене
E) жердің литосферасын құрайтын табиғи заттар
12. Жердің эндогендік процестерінің арқасында пайда болған
бастапқы тау жыныстарына жататындар:
A) мраморлар, гнейстер, кварциттер жəне т.б.
B) гранит, габбро, сиенит, диорит жəне т.б.
C) аргиллиттер, алевролиттер
D) конгломераттар, брекчилер
E) құмтастар, гнейстер
186
13. Тоқсандық жастағы жыныстардың пайда болу уақыты:
A) архейлік
B) полеозойлық
C) кайнозойлық
D) мезозойлық
E) протерозойлық
14. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін
қандай əдісті қолданады?
A) палеонтологиялық əдісті
B) стратиграфиялық əдісті
C) радиоактивті əдісті
D) стратиграфиялық жəне палеонтологиялық əдістерді
E) электірлік əдістерді
15. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау үшін қандай
əдіс қолданылады?
A) палеонтологиялық əдісімен
B) радиоактивтік əдісімен
C) стратиграфикалық əдісімен
D) химиялық əдісімен
E) электірлік əдісімен
16. Түбірлік жыныстарға жататындар:
A) мезозой заманындағы жыныстар
B) кайнозой заманындағы жыныстар
C) тоқсандыққа дейінгі жастағы жыныстар
D) триас жастағы жыныстар
E) карбон жыныстары
17. Жердің эндогендік процестеріне жататындар:
A) магматизм, желдету
B) метаморфизм, желдету
C) суффозия, магматизм
D) суффозия, метаморфизм
E) магматизм, метаморфизм
187
18. Жел жұмысына негізделген тау жыныстарының бөлек
жинақталуы:
A) элювиалды
B) аллювиалды
C) делювиалды
D) эолды
E) пролювиалды
19. Атмосфералық ауаның жұмысына суларының жинақталуы:
A) эолды жəне элювиалды
B) аллювиалды жəне мұзды
C) делювиалды жəне пролювиалды
D) сулы-мұзды
E) аллювиалды жəне элювиалды
20. Судың кермектілігі қандай мəндермен сипатталады?
A) сутекті көрсеткішпен
B) Ca жəне Mg иондарының санымен
C) SO4 иондарының құрамында болуымен
D) Mg жəне SO4 иондарының құрамында болуымен
E) Mg иондарының құрамында болуымен
21. Капиллярлық сулардың топырақ су деңгейінен көтерілу
биіктігі неден тəуелді болады?
A) қопсалы жыныстардың минералогиялық құрамынан
B) қопсалы жыныстардың кеуектерінің өлшемдерінен
C) топырақ суларының химиялық құрамынан
D) қопсалы жыныстардың химиялық құрамынан
E) жыныстардың қатты бөлшектерінің өлшемдерінен
22. Байланысты жəне байланыссыз жыныстар неге жат-
қызылады?
A) магмалық тау жыныстарға
B) метаморфтық тау жыныстарына
C) шөгінді тау жыныстарына
D) континентальды шөгінділерге
E) теңіздік шөгінділерге
188
23. Байланысқан жыныстар құрамына кіретін негізгі минералдар:
А) каолинит, кварц, гипс
В) монтмориллонит, каолинит, гидрослюда
С) кварц, ортоклаз, мусковит
D) монтмориллонит, гипс, тальк
Е) топаз, флюорит, мусковит
24. Байланыспаған жыныстар құрамына кіретін негізгі минералдар:
А) каолинит, мусковит, гипс
В) монтмориллонит, каолинит, гидрослюда
С) кварц, слюда
D) корунд, флюорит, топаз
Е) топаз, тальк, мусковит
25. Байланысқан жыныстардың ісінуін əкелетін минерал:
А) кварц
В) мусковит
С) монтмориллонит
D) гипс
Е) ортоклаз
26. Байланыспаған топырақтардағы су түрі:
А) əлсіз байланысқан су
В) берік байланысқан су
С) бос су
D) капиллярды су
Е) гигроскопиялық су
27. Химиялық қабілеттілікке ие минерал:
А) гипс
В) ортоклаз
С) кварц
D) тальк
Е) кальцит
28. Суда тез еритін минерал:
А) гипс
В) кальцит
189
С) апатит
D) галит
Е) ортоклаз
29. Метаморфты жыныстар:
А) диорит, конгломерат
В) гранит, диорит
С) мрамор, кварцит
D) алевролит, аргиллит
Е) габбро, базальт
30. Шөгінді жыныстар:
А) гранит, диорит
В) габбро, базальт
С) алевролит, аргиллит
D) гнейс, сланцы
Е) мрамор, кварцит
190
6-ТАРАУ
ТОПЫРАҚТЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ
ЗАТТАР ЖƏНЕ ОНЫҢ
ТОПЫРАҚ ҚҰНАРЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
6.1. Топырақтағы органикалық заттардың көздері
Топырақтың қатты фазасының біршама бөлігі органикалық
қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топырақта өсетін
өсімдіктер майда жəндіктер мен микробтар топырақ бетінде,
оның қабаттарын да көптеген қалдықтар қалдырады. Негізгісі –
органикалық қалдықтар. Өсімдіктердің өсуіне жағдайсыз шөл мен
тундра аймақтарында өсімдіктер қалдығы гектарына жыл сайын
5-10 центнер болса, жеткілікті ылғалданған дала аймақтарында он-
дай қалдықтар мөлшері 100-150, ал күні аса жылы жəне ылғалы да
мол тропикті ормандарда олардың мөлшерлері гектарына 250 цент-
нерге жетеді. Бұл қалдықтардың құрамында май, смола, балауса,
клетчатка, көміртегі, сутегі, лигниндер, белокты, азотты заттар, со-
нымен қатар көптеген күлді элементтер болады. Топыраққа жылма-
жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жəндіктердің қалдық та ры екі
бағытта өзгеріске ұшырайды. Біріншіден, микроорганизмдер-
дін əсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырай-
ды. Екіншіден, осы организмдер қалдықтары микробтардың
əрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан
тұрақты органикалық зат – топырақ қарашірінді – гумус (немесе
қарашірік) пайда болады.
Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералдан-
са, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа
күрделі түріне, биохимиялық синтез арқылы қара шіріндіге (гуму-
ске) айналады. Минералдану мен гуминдену процесін микроорга-
низмдер жүргізеді.
Қара шірінді заттарының түзілуіне көптеген зерттеушілер көніл
бөлген. Оларға химиялық талдау жасап, мəліметтер жинап, түзілу
жолдарын анықтай бастады. Бұл жөнінде ең алғаш көзқарастарын
білдірген М. В.Ломаносов, П. А.Костычев, С. П. Кравков, А. Г. Тру-
сов, т.б. болды.
|