ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет27/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37

281

 

D) Сайқан



Е) муссон

10. 30-шы ендіктен экваторға қарай соғатын желдер:

А) торнадо

В) самум


С) пассаттар

D) муссон

Е) бриз

11.  Жоңғар  Алатауының  маңындағы  оңтүстік-шығыстан 



солтүстік-батысқа қарай соғатын ең күшті жел:

А) Ебі


В) Сайқан

С) Муссон

D) Бриз

Е) Арыстанды-Қарабас



12. Желдің бағытын қадағалайтын құрал:

А) термометр

В) флюгер

С) анероид

D) барограф

Е) анемометр

13. Атмосфера қысымы төмен жерлер:

А) теңіз жағасында

В) тау жоталарында

С) жазықтарда

D) аласа тауларда

Е) биік тауларда

14. Ебі желі соғатын өңір:

А) Елдің солтүстік-шығысында

В) Батыс өңірінде

С) Жоңғар Алатауының шығысында

D) Солтүстікте

Е) Алтай тауының шығысында



282

15. Ауа райы ауысуының алғашқы нышандары

А) ауа мөлшерінің өзгеруі

В) бұлттар

С) ауаның жəне температураның өзгеруі

D) температураның өзгеруі

Е) желдің бағыты мен қысымның өзгеруі

16. Жер бетінде тұрақты желдердің пайда болуы

А) жоғарғы жəне төменгі қысымның болуынан

В) ауа массаларының қозғалуынан

С) жыл мезгілдерінің ауысуынан

D) жер өз осі бойынша айналуынан

Е) күннің түсуінен

17. Маусымдық желдер

А) Шығыс желдер

В) Батыс желдер

С) Пассаттар

D) Муссондар

Е) Бриздер

18. Ауа райын болжайтын адамдар

А) гидрологтар

В) геологтар

С) экологтар

D) синоптиктер

Е) гляциологтар

19. Жоғарғы қысым белдеуінен экваторға қарай соғатын желдер:

А) муссон

В) цунами

С) бриз

D) пассат



Е) батыс желдер

20. Жыл бойы ауа температурасы жоғары жауын-шашын мол жа-

уатын белдеу:

А) тропиктік

В) қоңыржай


283

 

С) полярлық



D) экваторлық

Е) субтропиктік

21. Жер бетінің əр шаршы сантиметріне ауа қабатының түсіретін 

салмағы


А) шамамен, 1кг 800 г

В) шамамен, 1кг 33 г

С) шамамен, 1кг 50 г

D) шамамен, 2кг 200 г

Е) шамамен, 1кг 500 г

22. Желдің пайда болуының басты себебі:

А) мұхит ағысы

В) жер шары қыртысының қозғалуы

С) атмосфера қысымының өзгеруі

D) ғарыштық сəулелер

Е) жер сілкіністер мен вулкандар

23. Ылғалдану коэфициенті – бұл ....

А) буланудың температураға қатынасы

В) жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасы

С) жылы жəне суық күндердің қатынасы

D) мұндай коэфициент болмайды

Е) жауын-шашынды күндердің ашық күндерге қатынасы 

24. Топырақтың қарашірігі қалай түзіледі? 

А)  өсімдіктер  мен  жануарлардың  жəне  микрорганизмдердің 

қалдықтарының толық шіруінен түзіледі.

В)  топырақтың  микробиологиялық  қасиетіне  байланысты 

түзіледі.

С) аналық тау жынысының минералдық құрамының нəтижесінде 

түзіледі.

Д) табиғи жағдайда топырақ құралу процесінде түзіледі

Е) микроорганизмдердің қалдықтарынан түзіледі

25. Топырақта кездесетін ылғалдың қанша түрі бар ?

А) 7


В) 5

284

С) 4


Д) 10

Е) 8


26. Топырақ эрозиясының неше түрі бар ?

А) 4


В) 5

С) 2


Д) 3

Е) 6


27. Топырақ құнарлылығының қандай категориялары бар ?

А) табиғи, жасанды, экономикалық

В) сарпалық, механикалық, жасанды

С) топырақтың фазалық құрамы

Д) экономикалық, химиялық, жасанды

Е) механикалық, химиялық, табиғи

28. Топырақ ауасының атқаратын қызметі:

А) сіңіргіштік қасиеті

В) өсімдік тамырының тыныс алуы

С) микробиологиялық қасиеті

Д) химиялық құрамы 

Е) һ физикалық құрамы

29. Топырақтың структуралық құрамы:

А) топырақ пішінінің түрліше болып келуі

В) топырақтың механикалық құрамы

С) топырақтың сіңіргіштік қасиеті

Д) топырақ бонитировкасы

Е) топырақтың микробиологиялық қасиеті

30. Топырақтың физикалық қасиеті:

А)  топырақтың  құрылымы,  су-ауа  режимі,  жылулық,  меншікті 

жəне көлем салмағы

В)  топырақтың  дамуы  мен  өсімдіктің  тіршілігінде  жылулық 

қасиеттері

С) топырақтың нығыздылығы

Д) топырақ кеуектерінің көлемі

Е) топырақтың сіңіру қасиеті



285

 

4-БӨЛІМ 



ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР 

ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ ЗОНАЛДЫЛЫҒЫНА ƏСЕРІ

12-ТАРАУ

ТОПЫРАҚТЫҢ ТАБИҒИ ЗОНАЛДЫЛЫҒЫ

12.1. Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне 

оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі – топырақ гео-

графиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары 

мен  топырақ  түзуші  факторлардың  байланысын,  топырақтардың 

кеңістікте  ауысуын,  олардың  Жер  шарында  немесе  белгілі  бір 

аймақта,  кезектесіп  орналасуын  зерттейді.  Жер  шарының  топырақ 

жамылғысы  алуан  түрлі.  Өйткені  кеңістікте  топырақ  түзуші  фак-

торлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ 

түзуші тау жыныстары, жер бедері жəне олардың уақыт өткен сайын 

өзгерістерге ұшырауы əр мекенде, жер аумағында əртүрлі.

Жер  бетінің  топырақ  жамылғысын  топырақ  географиясы 

салыстырмалы-географиялық  əдіспен,  яғни  топырақтың  кеңістікте 

таралуы  мен  топырақ  түзуші  факторларды  бірге  қатарластыра 

салыс тыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер 

шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX  ғасырдың  аяғында  топырақтану  ғылымының  негізін 

қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ 

қасиеттерімен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен бай-

ланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын 

–  топырақтардың  ендіктерге  сəйкес  орналасуын  ашты.  Ол  өзінің 

«Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші 

негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық 

ендіктерге  параллель  бағытта  орналасқандықтан,  топырақтарда ... 

–  қара  топырақтар,  күлгін  топырақтар,  т.б.  жер  бетінде,  климатқа, 

өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс», – 

деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу 



286

заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен 

қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық 

ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы 

В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының 

нұсқалық  картасын  дайындап,  оны 1900 жылы  Парижде  əлемдік 

көрмеде  көрсетті.  Осы  картада  бес  əлемдік: 1) бореалды  неме-

се  арктикалық; 2) орманды; 3) далалық  қара  топырақты; 4) аэрал-

ды  (олар  тасты,  құмды  сорланған  жəне  лессті  шөлдерге  бөлінеді) 

5)  латеритті  аймақтар  көрсетілді.  Бұл  картада  аймақтар  Солтүстік 

жарты  шар  материктерінде  ендіктерге  сəйкес  орналасқан  болып 

келеді.  Топырақтану  ғылымының  əрі  қарай  дамуына  жəне  Жер 

шары топырақтары туралы көптеген жаңа мағлұматтардың жиналу-

ына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан топырақтардың ендік бо-

йынша аймақ болып таралу заңдылығын жаңаша кеңірек мағынада 

«топырақтардың  таралуының  көлденең  аймақтық  заңдылығы», – 

деп  атау  ұсынылды.  Өйткені  жер  шарында  топырақтардың  белдік 

болып созылып орналасуы кейде меридиан бағытына да сəйкес келуі 

байқалды.  Осындай  құбылыстардың  басты  себебі,  əрбір  алқаптың 

мұхиттарға  немесе  орталық  құрлық  аймақтарға,  таулы  өлкелерге 

жақын  немесе  алыс  орналасуына,  яғни  аймақтың  климатының 

ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне байланысты болып 

келетіні.

Кейінгі  жылдары  дайындалған  əлемнің  топырақ  карталарында 

топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына 

сəйкес  орналасуы  жəне  басқада  топырақ  таралу  құбылыстары 

көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, 

Е. В. Лобова, 1976).

В.  В.  Докучаев  топырақтың  аймақтарға  бөлініп  таралуы  таулы 

өлкеде  де  байқалатынын  анықтады.  Кавказ  тауларында  етегінен 

бас тап жоғары көтерілген сайын, оның табиғатының жəне топырақ 

жамылғысының  өзгеруін  бақылап,  зерттеп  топырақтардың  таулы 

өлкеде тік аймақ болып таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың 

айтуынша,  жер  үстінің  биіктігі  өскен  сайын  əрқашанда  топырақ 

түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды 

түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның 

үстіне  көтерілген  сайын  заңды  түрде  өзгеріп  отыруы  тиіс.  Яғни 

топырақтар  таулы  өлкеде  де  аймақ  болып  кезектесіп  орналасады, 

бірақ ол көлденең бағытта емес тік бағытта байқалады.


287

 

Қазіргі  кезде  құрлық  бетінде  топырақ-климаттық  белдеулер 



анықталған. Оларды анықтап жіктеу үшін климаттың ерекшеліктері 

ескеріледі. 

Осындай 

белдеулерге 

полярлық, 

бореалдық, 

суббореалдық, субтропикалық жəне тропикалық белдеулер жатады. 

Бұл белдеулерде оларға тəн, басқа белдеулерде жоқ топырақ типтері 

кездеседі.  Ол  типтердің  түзілуінің  термоэнергетикалық  режимі 

ұқсас болып келеді.

Топырақ-климаттық  белдеулер  топырақ-биоклиматтық  облыс-

тарына  бөлінеді.  Олардың  атмосфералық  ылғалдануының  жəне 

өсімдік  дүниесінің  ерекшеліктері  болады.  Топырақ-биоклиматтық 

облыстары:

-  орман,  тайгалы  орман  немесе  тундра  өсімдік  жамылғысы  бар 

ылғалды облыс;

-  далалық,  ксерофитты-орманды  немесе  саванналы  өсімдік 

жамылғысы бар далалық облыс;

-  шөлейттің  немесе  шөлдің  өсімдіктері  жамылғысы  бар  құрғақ 

облыс болып бөлінеді.

Топырақ-климаттық  белдеулерге  қарағанда,  биоклиматтық-

топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның 

өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне оларға 

сəйкес  интра  аймақтық  топырақ  типтері  кездеседі.  Сондықтан 

əр  биоклиматтық-топырақ  облысы  ішінде 2-3 топырақ  аймағы 

кездеседі.

Топырақ  аймағы  –  бір  немесе  екі  аймақтық  топырақ  типінің 

жəне осыларға сəйкес интра аймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ 

типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ 

фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді.

Топырақ  аймақшасы – топырақ  аймағына  сəйкес  таралған  бір 

топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде 

ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.

Топырақ  өлкесі  (провинциясы) – жылу  режимі  жəне  жыл 

мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ 

фациясының бір бөлігі.

Топырақ  округы  жəне  топырақ  ауданы – жер  бедерінің  жəне 

топырақ  түзуші  тау  жыныстарының  ерекшелігіне  байланысты 

қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.


288

Экологиялық  факторлардың  əр  алуандылығына  қарамастан 

олардың  организмдерге  əсер  ету  қасиеті  мен  тіршілік  иелерінің 

жауап  беру  реакциясының  бірқатар  ортақ  заңдылықтары  бар. 

Организмнің  қарқындылыққа  немесе  əсер  ету  күшінің  факторына 

реакциясын  жатқызуға  болады.  Жетімсіз  немесе  шамадан  артық 

əсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.

Алуан түрлі тіршілік иелерінің əртүрлі жағдайларда өздерін өте 

жақсы  сезінулері  бірдей  емес.  Мəселен,  ылғалды  жақсы  көретін 

өсімдіктер  ылғалды  топырақты  (капуста,  қант  қызылшасы),  гүлді 

капуста  көлеңкелі  салқынды,  кейбірі  құрғақшылықты,  ыстықты 

(қауын)  ұнатады.  Осы  факторлар  өсімдіктің  өсу  жағдайына  өте 

маңызды  ықпал  жасайды.  Бақылау  нүктесінен  барынша  өсуі – 

оңтайлылық  деп  аталады.  Бұл  əдеттегідей – температураның 

көлеміне  жатады.  Жағымды  күш  əсерінің  факторы  (мөлшері)  осы 

организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азы-

нан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралықта температура 

кезінде өсуге мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы 

дейді.  Шектелу  нүктесінен,  яғни  төмен  мен  жоғарының  аралығы 

тіршілікке  қолайлы  температура – тұрақтылықтың  шегі  немесе 

сол  түрдің  шыдамдылық  шегі  болады.  Осы  экологиялық  факторға 

қатысы бойынша шыдамдылық дəрежесін экологиялық валенттілік 

деп  атайды.  Организмнің  экологиялық  валенттілігі  оның  əр  алуан 

ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді. 

12.2. Топырақтың көлденең зоналдығы

Ұлы орыс даласының ауқымдылығына байланысты топырақтың 

кең немесе көлденең зоналық ілім пайда болды. Шынында да КСРО 

ның  еуропалық  бөлігінде,  сондай-ақ  Батыс  Сібірде  қозғалысқа 

байланысты  Солтүстік  Мұзды  мұхиттың  жағалауынан  оңтүстікке 

қарай нақты ретті табиғи, яғни топырақ зоналарының географиялық 

белдеуінің  ауысуы  байқалады.  Солай,  арктикалық  белдеуге 

арктикалық шөлді жəне кəдімгі гумустық қабат сəйкес; тундралық 

зонаның шегінде субарктикада олардың кең зоналары (арктикалық, 

кəдімгі,  оңтүстік  тундра  жəне  орман  тундрасы)  əртүрлі  тундралы 

глейлі  топырақтардың  жəне  жертезекті  қосындыларынан  бөлінеді. 

Оңтүстікке  қарай  бореалды  пояста,  тайга  зонасы  топырақтың 

басымдылығымен  аралас  орман  зонасы  ауыстырады.  Онда  əрі 


289

 

кең  суббореалды  белдеу  жатыр,  онда  жүйелі  түрде  солтүстіктен 



оңтүстікке қарай зоналар бір-бірін алмастырады: жалпақжапырақты 

ормандар  қоңыр  жəне  сұр  орманды  топырақпен;  жазықтар  типті, 

кəдімгі,  оңтүстік  қара  топырағымен;  құрғақ  жазықтар  сыналауы 

жəне түсіп қалуы жартылай шөлді қоңыр жəне тұзды топырақтармен; 

шөлейт сұр қоңырмен, жартылай бекітілген жəне массивті бұзылған 

құммен  тақырлы  топырақпен,  тақырмен  алмасады.  Əрі  қарай  суб-

тропик шегінде топырақ зонасының жүйелі қатарын анықтауға бо-

лады, бірақ олар ауқымды болмайды, көбінесе, арал түрінде болады.

Əр  табиғи  зона  бір  топырақ  типімен  сипатталмайтындықтан, 

яғни белгілі жиынтықпен, кейде өте көп бір-бірімен қосылған, бірақ 

түрлі топырақ типтерімен генетикалық байланыссыз болғандықтан, 

топырақ  жамылғысының  зональды  жүйесі  жайлы  ұғым  енгізілді 

(Фридланд  В.  М., 1972) бұл  топырақ  типтерінің  əр  зонаға 

спецификалық сəйкестілігін білдіреді.

А. Ю. Ливеровский айтуы бойынша (1965), топырақ зонасы ол – 

белгілі типтің топырақ үйлесімділігі, құрамына бір немесе бірнеше 

жазықтық топырақ типтерімен қоса олармен қосылған интразоналық 

жағдайда дамитын топырақ типтері кіретін ареал.

Солтүстік  жəне  оңтүстік  жартышарларына,  экваторлық, 

тропикалық жəне субтропикалық белдеулерде алмасу жəне көлденең 

топырақты зоналардың жүйелігінде белгілі ассиметрия байқалады. 

Мысалы,  оңтүстік  жарты  шардың  бореалды  зонасы,  оның  шека-

расында  мұхитты  аралдар  орналасқан:  Фолклендті  (Мальвинді), 

Оңтүстік Сандвичтері, Оңтүстік Георгия жəне т.б. ормансыз, ал тун-

дра зоналары мүлдем толықтай жоқтың қасы.

12.3. Топырақтың жіктелуі

Топырақтар табиғи əрі тарихи дене болғандықтан, оларды біліп, 

түсіну,  тиімді  пайдалану  үшін  бір  ретке  келтіріп  жүйелеу  қажет. 

Мұны топырақты классификациялау деп атайды. Топырақты класси-

фикациялау жұмыстарының күрделілігі сол – ол жүйеленуге тиісті 

топырақтардың  барлық  қасиеттерін,  олардың  пайда  болып,  түзілу 

құбылыстарын,  топырақ  тузуші  факторлардың  тигізетін  əсерлерін, 

адам  қоғамының  əсерін,  яғни  табиғи-тарихи  əдістерді  қолдану 

қажет. Топырақтардағы кездесетін комплексті белгілерін тауып, со-

лар арқылы оларды əртүрлі деңгейдегі таксономиялық өлшемдерге 

19–1427


290

бөлу  қажет.  Топырақтың  қасиеттері  мен  кейбір  белгілері  тұрақты 

жəне өзгеріп тұратын қасиеттер мен белгілерге бөлінеді. Мəселе – 

оларды жүйелеген кездерде оның қасиеттері мен белгілерін ажырата 

білу. Сонымен қатар, топырақтардың өздерінің одан да күрделі жəне 

жоғарғы комплекс ландшафтардың бір бөлігі екенін ескергеи жөн. 

Осыған  байланысты  топырақтардың  көптеген  қасиеттерінің  өздері 

оның геохимиялық байланысқан ландшафтарының қай бөліктеріне 

орналасуымен  анықталатыны  түсінікті.  Бұл  жағдайлардың 

барлығын  ескеріп,  қамту  өте  күрделі  мəселе.  Əлемде  осы  күнге 

шейін  топырақтардың  барлық  жағдайларын  ескеріп,  үйлесімді 

жасалған классификациясы (жүйелеу) жоқ. Əр ел (мəселен, бұрынғы 

Кеңестер  Одағы,  француздар,  американдықтар,  канадалықтар. 

австралиялықтар, т.б.) өзінше бұл мəселемен шұғылдануда.

Топырақтану  ғылымының  негізін  калаған  В.  В.  Докучаев 

болғандықтан,  топырақтарды  классификациялау  да  Ресейде  дұрыс 

жолға  қойылғандығын  дүниежүзі  ғалымдары  мойындайды.  Сон-

дықтан  біз  І886  жылы  В.  В.  Докучаев  жасаған  топырақтарды 

классификациялау  принциптерін  келтіреміз.  Топырақты  клас-

сификациялаудағы  негізгі  таксономиялық  өлшеміне  топырақ  типін 

қабылдап, жалпы барлық топырақтарды ол 3 топқа бөлді:

1-топ. Қалыпты зоналық топырақтар: А – құрғақ шөпті топырақтар, 

оларға төмендегідей 5 топырақ типтері кіреді: а) терістік ашық сұр 

күлгін; ə) орманның сұр топырақтары; б) қара топырақтар; в) қара 

қоңыр топырақтар; г) құба сортаңдау топырақтар, əрі қарай əр тип 

механикалық  құрамдарына  қарай  бөлінді.  Ə – құрғақ-батпақты 

топырақтар, су жайылмаған шалғындардың қышқыл топырақтары, 

Б – батпақты топырақтар, шымтезектер, тундра топырақтары.

2-топ.  Өтпелі  топырақтар:  А – шайылған  топырақтар,  Ə – жер 

бетіне төселінген топырақтар.

3-топ.  Қалыпсыз  топырақтар:  төселінген,  өзен  мен  көлдер 

аллювилері, жел үйінділері.

Докучаевтың топырақ типі топырақтарды классификациялаудағы 

ңегізгі  өлшем  болып  қалды.  Алайда,  олардың  сандары  əр  заманда 

əртүрлі өзгерістерге ұшырауда. В. В. Докучаевтан соң топырақ клас-

сификациясы  мəселелерімен  көптеген  оның  шəкірттері:  Н.  М.  Си-

бирцев, П. С. Коссович, К. Д. Глинка, К. К. Гедройц, С. А. Захаров, 

А. Н. Сабанин, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов т.б. шұғылданды.

Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту 


291

 

қиын,  сондықтан  кейбір  ғалымдар,  мəселен  К.  Д.  Глинка  оның 



негізіне  топырақтардың  ылғалдану  құбылысын  ұсынды.  А.  Н.  Са-

банин  өсімдіктердің  өсуіне  байланысты  топырақты  жүйелеуді 

жөн  көрді.  Ал  П.  С.  Коссович  псн  К.  К.  Гедройц  топырақтардың 

химиялық құрамын негізге алған классификацияларды ұсынды. Де-

генмен олардың ешқайсысы да қолдау таппады.

Кеңестік  заманда  бүкіл  еліміздің  топырақтарының  ресми  клас-

сификациясы болып КСРО Ғылым академиясының В. В. Докучаев 

атындағы Топырақтану институтының ғалымдары профессорлар 

Е. Н. Иванова, Н. Н. Розов басқарған комиссия мүшелері 1960 жыл-

дары  бекіткен  жаңа  классификация  есептелінді (1965-1967). Осы 

классификация  бойынша  топырақты  жүйелеудегі  негізгі  өлшем – 

«топырақ типі» болып В. В. Докучаев термині қабылданды. Акаде-

мик Л. И. Прасоловтың анықтауы бойынша, топырақтың бір типіне 

жату  үшін  олар  төмендегідей  бір  тектес  жалпы  белгілерге  ие  бо-

луы қажет: 1) органикалық заттардың біртектес түсіп, өзгерістерге 

ұшырауы,  ыдырауы; 2) минералды  заттардың  біртектес  комлексті 

үгітілу  процестеріне  ұшырауы,  олармен  органо-минералдық 

түзілістердің біртектес түзілуі (синтезделуі); 3) заттардың жылжуы 

мен шоғырлануының біртектес болуы; 4) топырақ пішіні құрамының 

біртектес болуы, яғни негізгі қабаттары құрамының біркелкі болуы; 

5) топырақтың құнарын сақтап жəне оны арттыру шараларының бір 

бағытта болуы.

Топырақтар  типі  негізгі  топырақ  түзілу  процестеріне  қосымша 

өткен кезеңнен қалған айрықша белгілері бар топырақ типшелеріне, 

яғни  топырақ  зонасы  топырақтың  кішігірім  зоналарына – зонаша-

ларына  бөлінеді.  Мəселен,  кең  алқапты  орманды  зонаның  күлгін 

топырақтар типінде: кəдімгі типті күлгін топырақтар типшелерімен 

қатар,  глейлі-күлгінді  (күлгінге  глейлі  процесс  қосылса),  шымды-

күлгінді (күлгінге шымды процесс қосылса) топырақты типшелері 

кездеседі. Ал қара топырақты тип негізінен үш зонашаға бөлінеді: 

терістік мол қара шірінді, орталық немесе кəдімгі қара топырақты 

жəне  оңтүстік,  аз  қара  шірініді  зонашаларына  (типшелеріне) 

бөлінеді.

Топырақ  типшесі,  яғни  зонашалары  топырақ  жақындастығына, 

туыстығына (род) қарай бөлінеді. Топырақ жақындастығы негізінен 

оның пішінінің сапалық ерекшеліктеріне тəн.

Бұл  жағдай  топырақ  түзуші  аналық  жыныстардың  химиялық 


292

құрамына  (сортаңды,  карбонатты,  т.б.)  немесе  топырақ  түзілудің 

өткен  кезеңдерінен  қалған  кейбір  белгілеріне  байланысты  болуы 

мүмкін.


Топырақ жақындастығы топырақ түрлеріне бөлінеді. Бұл көбіне 

топырақтағы  негізгі  процестердің  даму  деңгейіне  байланысты. 

Топырақ қабаттарының қалыңдығы, органикалық жəне минералдық 

заттардың  топырақта  жиналу  белсенділігіне,  қарашірінді,  кар-

бонаттар,  тез  ерігіш  тұздар,  күлгінді  жəне  гумусты  қабаттардың 

қалындығына  қарай  бөлінеді.  Мысалы,  шамалы,  орташа  жəне 

қатты  күлгінді,  шамалы,  орташа  немесе  қатты  сорланған.  Ал 

қаратопырақтар: қалың қабатты, орташа жəне жұқа қабатты т.б. бо-

лып бөлінеді.

Топырақтың  əртүрлілігі  негізінен  олардың  механикалық 

құрамына  байланысты:  құмды,  құмдақ,  сазды,  балшықты  т.б.  бо-

лып келуіне қарай ажыратылады. Мəселен, жаңа игерілген, жоғары 

мəдениленген, эрозияға шамалы немесе қатты шалдыққан, т.б.

Сонымен,  бұрынғы  КСРО  елдерінде  топырақтардың 100-

ден  артық  типтері,  олардың  əрқайсысында  бірнеше  типшелер, 

ондаған жақындастық жəне түрлері бөлінген. Олар туралы шамалы 

мəліметтерді əрбір топырақ зоналарына (типтеріне) тоқталған кезде 

келтіреміз.

Топырақ  классификациясы  топырақтарды  картаға  түсіргенде, 

оларды  агроөндірістік  топтағанда  жəне  құнарлылығына  қарай 

бағаланғанда  (бонитировка)  қолданылады.  Ескеретін  жай,  кейбір 

топырақ объектілерін қажеттілікке сай ірі масштабта картаға түсірген 

кезде, жоғарыда айтылған ірі таксономиялық өлшемдерден (тип, тип-

ше,  жақындастық,  түр  жəне  əртүрлілік)  басқа  да  кішігірім  өлшемдер 

практикада  жиі  қолданылады.  Топырақтарды  практикада  қолдану 

бағытына  қарай,  мəселен:  суару,  құрғату,  тыңайтқыштар  енгізу,  эро-

зия  жəне  ластанудан  қорғау  жағдайларына  байланысты  топырақты 

классификаииялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.

Ұсақ  территорияларды  картаға  түсіру  жəне  оларды  клас-

сификациялау  кезінде  кішігірім  өлшмдер  қолданылса,  ал  аса 

ірі  аймақтарды  картаға  түсіріп,  оларды  классификациялау 

кездерінде  жоғарғы  айтылғандарды  біріктіріп,  типтен  де  жоғарғы 

өлшемдер  қолданылады.  Мысалы.  профессор  М.  А.  Глазовская 

əлем  топырақтарын  классификациялау  сызбанұсқасында  типтен 

жоғары  топырақ  жақындастығын,  топырақ  генерацияларын  жəне 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет