ОҚулық Алматы, 2013 2 Əож кбж қ



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата27.02.2017
өлшемі5,39 Mb.
#5017
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

26

теңіздерге,  тіпті  мұхиттарға  қосылып,  шөгінді  жыныстарға  айна-

лады.  Осы  қопсыған,  ұнтақталған  жыныстарға  тірі  организмдер 

қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті зат-

тар  өсімдіктер  мен  микроорганизмдердің  таңдамалы  сіңірулерінің 

нəтижесінде  көлемді  геологиялық  айналымға  келіп  түседі,  яғни 

ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айна-

лымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, 

бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында 

коректік  заттары  жоқ  тау  жынысы  тірі  организмдер  мекендеген-

нен  кейін  қоректік  биофильді  минералды  жəне  органикалық  азот-

ты  заттардың  қорына  айналады.  Басқаша  айтқанда,  құнарсыз  тау 

жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.

Үгітілген  тау  жыныстарында  өсімдіктердің  өсе  бастауы   

топырақ  түзілу  құбылысының  бастамасы.  Қопсыған  тау  жы-

нысында  өсімдіктердің  мекендей  бастауы  жалпы  физикалық, 

химиялық үгітілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын 

тездетеді. Ең негізгісі – өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау 

жыныстарынан  көптеген  биофильді  элементтерді  өз  денелеріне 

жинап,  ал  күн  сəулесінің  күшімен  жапырақтары  арқылы  (фото-

синтез)  көптеген  органикалық  заттар  түзіп,  Жер  бетіне,  өзінің 

тамырлары  тараған  Жер  қабатына,  олардың  қорларын  жинай-

ды.  Ал  ол  органикалық  заттар  ыдырап,  шіріп  алғашқы  топырақ 

шіріндісін  (гумусты)  түзеді.  Бұл  құбылыс    топырақ  түзілуінің 

алғышарты.

1.2. Алғашқы топырақ түзілу процесі

Топырақ  планетарлық қабаттардың (литосфера, атмосфера, ги-

дросфера, педосфера, биосфера) шекарасында жайғасып, солардың 

бір-бірімен өзара қатынасынан дамып, геосфераның ерекше қабығы 

педосфераны,  яғни  Жердің  топырақ  жамылғысын  түзеді.  Соны-

мен  бірге,  топырақ  Жер  шарының  тіршілік  дамыған  аймағы   

биосфераның негізгі компоненті. Топырақтың табиғаттағы рөлі өте 

зор. Ол жер бетінде тіршіліктің дамуына қолайлы орта. Топырақ  

өзі тіршіліктің туыңдысы бола тұрып, сол тіршіліктің өмір сүруінің 

де негізі.



27

 

Топырақ арқылы жер бетінде заттардың үздіксіз үлкен геологиялық 



жəне кіші биологиялық айналымы өтеді. 

Биологиялық кіші зат айналымы кезінде, ең алдымен, аналық тау 

жынысынан,  кейін  топырақтан  өсімдіктермен  коректік  элементтер 

алынады. Олардан суға ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар 

түзіледі.  Əр  жылы  өсімдіктерден  қурап  түскен  органикалық 

қалдықтардан  қоректік  элементтер  бірге  түсіп,  топыраққа  қайтып 

оралады.  Биологиялық  кіші  зат  айналымның  негізгі  нəтижесі   

қоректік  элементтер  топырақтың  жоғарғы  тамырлы  қабатында 



11-сурет. Топырактың Жер геосферасында 

алатын орны.



12-сурет. Yлкен геологиялық зат айналымның жал-

пы сызбанұсқасы (В. А. Ковда, Б. Г. Розанов, 1988)



28

шоғырлануы, құнарлы топырақтың түзілуі. Ал геологиялық үлкен 

заттар  айналымы  жер  қойнауындағы  жəне  жер  бетіндегі  тау 

жыныстарының өзгеруі мен қозғалуын қамтиды, құрғақ жер мен 

теңіз  арасындағы  геологиялық  үлкен  зат  айналымы  нəтижесінде 

борпылдақ үгітілу қабаты құралып; топырақтың түзілу процесінің 

негізі қаланады. Жер бетіндегі осы екі айналымның арасындағы 

байланыс топырақ арқылы өтеді.

Топырақтың тағы бір функциясы  ол ауа жəне су сферасының 

химиялық құрамдарын реттейді. Фотосинтез арқылы өсімдіктер 

тотыққан  көмірді  сіңіреді  де,  көміртегі  тотығынан  құралатын 

органикалық  қосылыстар  синтезін  өткізеді.  Жапырақтары  мен 

тамырлары  СО

2

  көміртегі  тотығын  жəне  судан  келетін  сутегін 



пайдаланып,  атмосфераға  еркін  молекулалы  оттегін  О

2

  бөліп 



шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық 

құбылыстар реттеледі. Топырақ  адамзат үшін өлшемі жоқ, баға 

жетпейтін  байлық  жəне  құрлықтағы  биоценоздар  тіршілігінің 

негізі.


1.3. Топырақ түзілу процесі туралы

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі – топырақ гео-

графиясы. Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылық-

тары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың 

кеңістікте  ауысуын,  олардың  Жер  шарында  немесе  белгілі  бір 

аймақта,  кезектесіп  орналасуын  зерттейді.  Жер  шарының  топырақ 

жамылғысы  алуан  түрлі.  Өйткені  кеңістікте  топырақ  түзуші  фак-

торлар да өзгермелі болып келеді. Өсімдік дүниесі, климат, топырақ 

түзуші тау жыныстары, жер бедері жəне олардың уақыт өткен сайын 

өзгерістерге ұшырауы əр мекенде, жер аумағында əртүрлі.

Жер  бетінің  топырақ  жамылғасын  топырақ  географиясы 

салыстырмалы-географиялық  əдіспен,  яғни  топырақтың  кеңістікте 

таралуы  мен  топырақ  түзуші  факторларды  бірге  қатарластыра 

салыс тыру арқылы зерттейді. Осы əдісті қолдану нəтижесінде Жер 

шарында топырақтардың таралу заңдылықтары ашылды.

XIX  ғасырдың  аяғында  топырақтану  ғылымының  негізін 

қалаушы орыс ғалымы В. В. Докучаев Орыс жазықтығында топырақ 

қасиеттері мен оның таралуының топырақ түзуші факторлармен бай-

ланысын салыстыра зерттеп, топырақ географиясының басты заңын 


29

 

  топырақтардың  ендіктерге  сəйкес  орналасуын  ашты.  Ол  өзінің 

«Табиғаттың аймақтары туралы ілімі» кітабында: «топырақ түзуші 

негізі факторлар жер бетінде белдік болып, созылып, географиялық 

ендіктерге параллель бағытта орналасқандықтан, топырақтарда ... – 

қара  топырақтар,  күлгін  топырақтар,  т.б. – жер  бетінде,  климатқа, 

өсімдік дүниесіне сəйкес тəртіппен аймақ бойынша таралуы тиіс»,  

деп жазған. Топырақтардың ендік бойынша аймақтар болып таралу 

заңдылығы тек қана топырақтанудың дамуына ғана емес, сонымен 

қатар физикалық географияның табиғат зоналары мен географиялық 

ландшафттар бағыттарын дамытуға үлкен үлес қосты. 1899 жылы 

В. В. Докучаев бүкіл терістік жарты шардың топырақ аймақтарының 

нұсқалық  картасын  дайындап,  оны 1900 жылы  Парижде  əлемдік 

көрмеде көрсетті. Осы картада:

1) бореалды немесе арктикалық;

2) орманды;

3) далалық қара топырақты;

4) аэралды (олар тасты, құмды сорланған жəне лессті шөлдерге 

бөлінеді); 

5)  латеритті  бес  əлемдік  аймақтар  көрсетілді.  Бұл  картада 

аймақтар  Солтүстік  жарты  шар  материктерінде  ендіктерге  сəйкес 

орналасқан  болып  келеді.  Топырақтану  ғылымының  əрі  қарай 

дамуына,  жəне  Жер  шары  топырақтары  туралы  көптеген  жаңа 

мағлұматтардың жиналуына байланысты В. В. Докучаевтың ашқан 

топырақтардың  ендік  бойынша  аймақ  болып  таралу  заңдылығын 

жаңаша  кеңірек  мағынада  «топырақтардың  таралуының  көлденең 

аймақтық заңдылығы», – деп атау ұсынылды. Өйткені жер шарын-

да топырақтардың белдік болып созылып орналасуы кейде мериди-

ан  бағытына  да  сəйкес  келуі  байқалды.  Осындай  құбылыстардың 

басты  себебі,  əрбір  алқаптың  мұхиттарға  немесе  орталық  құрлық 

аймақтарға, таулы өлкелерге жақын немесе алыс орналасуына, яғни 

аймақ климатының ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне 

байланысты болып келетіні.

Кейінгі  жылдары  дайындалған  əлемнің  топырақ  карталарында 

топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына 

сəйкес  орналасуы  жəне  басқа  да  топырақ  таралу  құбылыстары 

көрсетілді (Л. И. Прасолов, 1937; И. П. Герасимов, 1956; В. А. Ковда, 

Е. В. Лобова, 1976).

В.  В.  Докучаев  топырақтың  аймақтарға  бөлініп  таралуы  таулы 


30

өлкеде  де  байқалатынын  анықтады.  Кавказ  тауларында  етегінен 

бастап жоғары көтерілген сайын оның табиғатының жəне топырақ 

жамылғасының  өзгеруін  бақылап,  зерттеп  топырақтардың  таулы 

өлкеде тік аймақ болып, таралу заңдылығын ашты. В. В. Докучаевтың 

айтуынша,  жер  үстінің  биіктігі  өскен  сайын  əрқашанда  топырақ 

түзуші факторлар – климат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі заңды 

түрде өзгереді. Сондықтан топырақтар да тау етегінен бастап, оның 

үстіне  көтерілген  сайын  заңды  түрде  өзгеріп  отыруы  тиіс.  Яғни, 

топырақтар  таулы  өлкеде  де  аймақ  болып  кезектесіп  орналасады, 

бірақ ол көлденең бағытта емес, тік бағытта байқалады.

Қазіргі  кезде  құрлық  бетінде  топырақ-климаттық  белдеулер  анық-

талған.  Оларды  анықтап  жіктеу  үшін  климаттың  ерекшеліктері 

ескеріледі. Осындай белдеулерге полярлық, бореалдық, суб бо реал дық, 

субтропикалық  жəне  тропикалық  белдеулер  жатады.  Бұл  белдеулер-

де  оларға  тəн,  басқа  белдеулерде  жоқ  топырақ  типтері  кездеседі.  Ол 

типтердің түзілуінің термоэнергетикалық режимі ұқсас болып келеді.

Топырақ – климаттық  белдеулер  топырақ-биоклиматтық  облыс-

тарына бөлінеді. Топырақ – биоклиматтық облыстары келесідей:

– орман, тайгалы орман немесе тундра өсімдік жамылғысы бар 

ылғалды облыс;

–  далалық,  ксерофитті-орманды  немесе  саванналы  өсімдік 

жамылғысы бар далалық облыс;

–  шөлейттің  немесе  шөлдің  өсімдіктері  жамылғысы  бар  құрғақ 

облыс.

Топырақ-климаттық  белдеулерге  қарағанда  биоклиматтық-



топырақ облыстардың топырақтары біртектес болып келеді. Соның 

өзінде де бұндай облыста бірнеше аймақтық топырақтар жəне оларға 

сəйкес  интра  аймақтық  топырақ  типтері  кездеседі.  Сондықтан 

əр  биоклиматтық  топырақ  облысы  ішінде 2-3 топырақ  аймағы 

кездеседі. Топырақ аймағы бір немесе екі аймақтық топырақ типінің 

жəне осыларға сəйкес интрааймақтық жəне аймақ ішіндегі топырақ 

типтері таралған жер кеңістігі.

Топырақ аймағы топырақ типшелерінің аймақшаларына, топырақ 

фацияларына жəне провинцияларына бөлінеді.

Топырақ  аймақшасы  –  топырақ  аймағына  сəйкес  таралған  бір 

топырақ типшесі таралған жер аумағы.

Топырақ фациясы – жылу режимінің жəне жыл мерзімдері ішінде 

ылғалдылығының ерекшелігі бар топырақ аймағының бір бөлігі.


31

 

Топырақ  өлкесі  (провинциясы) – жылу  режимі  жəне  жыл 



мерзімі ішінде ылғалдылығының айрықша ерекшелігі бар топырақ 

фациясының бір бөлігі.

Топырақ  округы  жəне  топырақ  ауданы – жер  бедерінің  жəне 

топырақ  түзуші  тау  жыныстарының  ерекшелігіне  байланысты 

қалыптасқан топырақ жиынтығы бар топырақ өлкесінің бөлігі.

1.4. Топырақ пішінінің қалыптасуы

Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымының бірі 

–  пішін  түзуі,  яғни  топырақтың  морфологиясының  қалыптасуы. 

Осы  арқылы  топырақтар  бір-бірімен  жəне  өзі  түзілген  тау  жы-

ныстарынан  ажыратылады.  Морфологиялық  құрылымды  жалпы 

топырақтың құрылымымен шатастырмау керек. Топырақ – əртүрлі 

морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл 

көріністерді оның бір-бірінен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы 

бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.

Жер  үстінде  топырақтардың  географиялық  таралуының 

заңдылықтарын  тұжырымдай  келе  топырақ  жамылғысы  көп 

факторлардың  əсерінен  түзіліп,  құрылысы  мен  қасиеттерін 

географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. 

Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде 

əр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.

Белгілі  бір  аумақта  кездесетін  топырақтардың  түрлерінің 

құрамын, олардың таралу пішінін жəне біріне-бірі сəйкестесе орна-

ласу ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттай-

ды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ 

алабы  (ЖТА)  саналады.  Ол – топырақ  жамылғысының  əрі  қарай 

бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына 

жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы 

дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын жəне оның басты сипаттарын 

В. М. Фридланд (1965) ұсынды.

Жеке топырақ алабын сипаттау үшін:

1) топырақтың толық атауы;

2)  топырақ  алабының  морфологиялық  сипаты – оның  ауданы, 

шекарасының пішіні мен сипаты;

3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклимат-

тық  жағдайымен,  жер  бедерімен,  ылғалдылықпен,  аналық  тау  жы-



32

ныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен 

жəне  адамдардың  əрекетінің  ықпалымен  байланысын  сипаттау 

сияқты көрсеткіштер қолданылады.

Жеке топырақ алабы ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген 

гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ 

алабы  ұсақ  контурлы (1 га-дан  кіші)  орташа  контурлы (1-20 га-ға 

дейін) жəне ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді.

Жеке  топырақ  алабы  пішіні  дөңгелекше  (ұзындығының  еніне 

қатынасы 2-ден  кіші),  созыңқы  (қатынасы – 2-ден 5-ке  дейін), 

ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған жəне қалақша тəрізді 

болады.


Жеке топырақ алабы шекарасының пішінін сипаттау үшін иректік 

коэффициенті қолданылады:



=

S

L

54

,



3

, 

мұнда, L – жеке топырақ алабы шекарасының ұзындығы, S – жеке 

топырақ алабы ауданы.

Бұл көрсеткіш жеке топырақ алабы периметрінің оның ауданына 

тең шеңбердің ұзындығына қатынасын көрсетеді. Осы көрсеткішке 

байланысты  ЖТА 4 топқа  бөлінеді.  Олар  келесідей:  иректелмеген 

и



<2); аз иректелген (К

и 

2-4); орташа иректелген (К



и 

4-6); мол ирек-

телген (К

и

>6).



Жеке  топырақ  алаптарының  заңды  жиынтығы – топырақ 

жамылғысы құрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның басты сипат-

таушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі (жеке 

топырақ  алабы  кеңестікте  өзгеруі)  жəне  ерекше  айырмашылығы 

(генетикалық  жəне  агрономиялық  тұрғыдан  жеке  топырақ  алабы 

өзгешеліктері) жатады.

Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне 

жəне  басқадай  жағдайларға  байланысты  топырақ  жамылғысы 

құрылымы микро, мезо жəне макрокомбинациялар құрап, топырақ 

жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.

Микрокомбинациялар  ұсақ  ауданды  (бірнеше  немесе  ондаған 

шаршы  м)  ЖТА-ның  кезектесіп  орналасуымен  сипатталады. 

Көбінесе, ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.

Мезокомбинациялар  ірілеу  ауданды  жеке  топырақ  алабы  мен 

микрокомбинациялардың  кезектесіп  орналасуымен  сипаттала-


33

 

ды.  Олар  жер  бедерінің  орташа  өзгерістерімен  немесе  аналық  тау 



жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас келеді.

Макрокомбинациялар – мезокомбинациялардың жер бедерінің ірі 

өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.

Жоғарыда  аталып  өткен  топтар  ерекше  айырмашылықты  жəне 

сəл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді.

С. С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты ком-

бинацияларды  топырақ  кешендеріне  (комплексы)  жəне  топырақ 

үйлесушіліктігіне  (сочетания)  бөлді.  Топырақ  кешендері  жер 

бедерінің  микроөзгешеліктеріне  байланысты  қалыптасқан  болып 

келеді.  Ал  топырақ  үйлесушіліктері  мезо  жер  бедеріне  байланыс-

ты  қалыптасып,  үлкенірек  аумақты  алып  жататын  топырақтар 

жамылғысы құрылымын құрайды.

В.  М.  Фридланд (1973) микрокомбинациялар  ішінде  топырақ 

кешендерін  (ерекше  айырмашылықты)  жəне  шұбар  (сəл 

айырмашылықты)  топырақтар  жамылғысы  құрылымын  бөліп 

қарауды  ұсынды.  Мезокомбинациялар  ішінде  жер  бедеріне  байла-

нысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы 

бар үйлесушілікті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы 

бар вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезоком-

бинациялар  ішінде  топырақ  түзуші  тау  жыныстарының  кеңістікте 

өзгеруіне  байланысты  қалыптасқан  ерекше  айырмашылықты 

топырақ жамылғысы құрылымын өрнекті жəне сəл айырмашылықты 

топырақ жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.

1.5. Топырақ түзілу процесінде биологиялық, 

экологиялық факторлардың рөлі

Экологиялық  пəндер  қатарына  жататын  топырақтану 

ғылымының қазіргі кезде маңызы өте үлкен. Өйткені топырақтың 

экологиялық  қызметі  алуан  түрлі  жəне  оның  экосистемалар 

мен  жер  биосферасында  атқаратын  қызметі  ерекше  маңызды. 

Топырақтың жалпы жəне ең басты бірінші экологиялық қызметі  

жер бетіндегі тіршіліктің табиғи ортасы болып, тірі ағзалардың, 

жан-жануарлардың  өмір  сүруіне  жағдай  жасауы  болып  санала-

ды.  Топырақтың  ғажайып  ерекшелігі – оның  бойында  тіршілік 

ететін  ағзалардың  өте  тығыз  орналасуы.  Біздің  планетамызда 

құрлықтардың  бет  ауданы  теңіздер  мен  мұхиттардың  бет  ауда-

3–1427


34

нынан 3 есе  кем  екеніне  қарамастан,  құрлықтағы  қалыптасқан 

экосистемалардың  биологиялық  массасы,  суда  қалыптасқан 

биомассадан  жүздеген  есе  көп.  Сонымен  бірге  құрлық 

өсімдіктерінің жəне жануарларының түрлері сулы ортаны мекен-

дегендерге қарағанда көп басым. Осы салыстырулар атмосфераға, 

гидросфераға  жəне  литосфераға  қарағанда,  топырақ  құрылымы 

жағынан  жоғары  дəрежеде  дамыған  тіршілік  ортасы  екенін 

дəлелдейді.  Топырақта  əрі  қатты  əрі  сұйық,  əрі  газ  бөліктерінің 

болуы  осында  жайғасқан  ағзалардың  тіршілігіне  қажетті, 

қолайлы жағдай туғызады. Топырақтың бойындағы органикалық-

минералдық заттар автотрофты, гетеротрофты ағзалар мен ацидо-

фил жəне алкофилдердің дамуына оң əсерін тигізеді. Топырақтың 

екінші маңызды экологиялық қызметі  құрлық биогеоценозында 

өтіп жататын геологиялық жəне биологиялық заттар мен энергия 

айналымдары сыбайластығының орталық буыны болуы.

Фотосинтез  арқылы  түзіліп  жиналған  органикалық  зат-

тар  топырақта  минералды  затгарға  ыдырап,  қайтадан  тіршілік 

сатысының құрамына қосылады. Топырақтың осы қызметімен оны 

құрамындағы ағзалар жəне өсімдіктер фотосинтезі қосылып, оның 

биологиялық  өнімділігінің  негізін  жасайды.  Сөйтіп  жер  үстіндегі 

тіршіліктің кезекті сатысының жүруінің негізі болады.

Ауылшаруашылығы 

тұрғысынан 

қарағанда 

топырақтың 

экологиялық өнімділікті, яғни өсімдіктердің өнімін қалыптастыруға 

«жағдай жасауы, оның құнарлығы болып есептелінеді. Топырақтың 

құнарлылығы  оның  келесі  басты  экологиялық  қызметі  болып  са-

налады.  Өйткені  адамдар  өміріне  азық-түліктің  барлығы  дерлік 

жəне  өндіріске  қажет  көптеген  шикізаттар  топырақтың  құнарлығы 

арқылы  алынады.  Топырақ  басқа  да  көптеген  экологиялық 

қызметтер  атқарады.  Оларға:  ағзаларды  сумен  қамтамасыз  етуі, 

атмосфера  жəне  жерасты  суымен  келген  заттарды  сіңіруі,  өсімдік 

тұқымдарын  сақтауы,  гидротермалды  өктем  құбылыстарды 

бəсеңдетуі, топырақтағы тірі ағзалардың саны мен құрамын реттеуі, 

биогеоценоздардың  даму  тарихының  айғағы  ретінде  өз  кескінінде 

қалдықтарды жинақтап сақтауы жатады. Қорыта келгенде, топырақ 



 табиғатгың қымбат байлығы, құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің 

арқауы.  Аты  əлемге  əйгілі  эколог  Ж.  Дорст  топырақтың  маңызын: 

«Топырақ    біздің  ең  қымбат  байлығымыз.  Ол  құрлықтағы  табиғи 

жəне жасанды биоценоздар кешенінің баянды ортасы. Сайып келген-



35

 

де, тіршілік жердің ең бетінде орналасқан жұқа қабатына тəуелді», 



– деп сипаттаған.

Топырақ  түзуге  негізгі  алты  фактор:  ауа  райы,  тау  жынысы, 

жоғары жəне төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер 

бедері, аймақтың геологиялық жасы жəне қоғамның өндіргіш күші 

қажет. Осыларға жеке тоқталайық.

Тірі  организмдер  жəне  олардың  топырақ  түзілуіне  əсері.  Жер 

бетінде алғашқы пайда болған тірі организмдер өсімдік те, жəндік 

те емес – ультрабактериялар. Олар өздері өмір сүретін ортаға өте 

бейім келеді. Олардың кейбіреулері тіпті, тастарда да өсе бастаған. 

Олар өздеріне керекті көмір қышқыл газы мен азотты ауадан ғана 

емес, тастан да алды. Сөйтіп, олар тіпті тасты бірте-бірте бұзып, 

бүлдіре  бастады.  Ал  үгілген  ұнтақталған  тау  жыныстары  оларға 

таптырмас мекен болды.

Бұл микроорганизмдер табиғаттың ыстық-суығын, оттегінің ба-

рын,  не  жоғын,  ортаның  қышқылдығын,  не  сілтілігін  таңдамады. 

Сондықтан  олар  табиғатта  кез  келген  жерде  кездеседі.  Оларға  су 

мен  қорек  болса  жеткілікті.  Бактериялардан  басқа,  алғашқы  тау 

жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп-өнді.

Бұлардың  артынша  бүлінген  тау  жыныстарында  қыналар 

мен  мүктер  өсе  бастады.  Клетка  сөлінде  қымыздық  қышқылы 

болғандықтан,  қынаның  тау  жынысының  бұзылуына  əсері 

алғашқы  микроорганизмдерге  қарағанда  əлдеқайда  белсендірек 

болды. Қыналар жер тандамайды. Тау шыңдарында оның сөлінің 

тасты  ерітіп,  орнында  майда  шұңқырлар  қалдыратынын  көруге 

болады. С. А. Захаров бойынша топырақтың негізгі құрылымының 

түрлері 13-суретте көрсетілген.

Сонымен, алғашқы тірі организмдер, су, жел жəне мұздармен 

бірге  Жердің  тасты  қыртысын  бұзып,  өздері  өлгеннен  кейін 

шіріп,  ыдырап  қарашірінді  (гумус)  құрады.  Шырын  желім  тəрізді 

болғандықтан, қопсыған, үгітілген жыныстарды бір-бірімен жым-

дастырып, біріктіреді, сөйтіп алғашқы құнары аздау топырақтар 

пайда  бола  бастады.  Бұл  құбылыстар  ғасырлар  бойы  созылып, 

алғашқы  микроорганизмдер  мен  төменгі  сатылы  өсімдіктер 

өздерінен  кейінгі  дамып  өсетіндерге  жағдай  жасады.  Құнары  аз 

топыраққа  енді  жоғары  сатылы  өсімдіктердің  өсуіне  аз  да  болса 

мүмкіндіктер туа бастады.



36

Осы алғашқы топырақта өскен шөптер мен бұталар тастардың 

жарықтарына да шығып, оларды ыдыратты, бұзды.

Тастар  мен  тауларды  бүлдірумен  қатар  өсімдіктер  өзі  түзген 

топырақты  қорғай  да  алады.  Қарашірік  пен  өсімдік  тамырлары 

топырақ бөлшектерін біріктіріп, жымдастырып, желден, судың жу-

ып-шаюынан сақтады.

Тау  жынысының  үгілуінен  бөлінетін  қоректік  заттардың 

бір  бөлігі  енді  топырақтың  тіршілік  көзі  болып  саналатын 

организмдер  бойына  ауыса  бастады.  Ал  олар  өліп,  ыдыраған 

кезде,  топырақтың  жоғары  қабаттарында  жəне  оның  белгілі 

бір  тереңдіктерінде  қоректік  заттарға  айналып,  топырақ 

құнарлығын  арттырды.  Бұл  келесі  өсетін  өсімдіктергс  қолайлы 

жағдай жасады.

Сонымен,  араға  ғасырлар  салған  уақыт  өте  келе  алғашқы  пайда 

болған  топырақ  жетіліп,  шын  мəнісіндегі  құнарлы  топыраққа  ай-



13-сурет. С. А. Захаров бойынша топырақтың негізгі құрылымының түрлері:

І  типі: 1 – кесек, 2 – орташа  кесек, 3 – майда  кесек, 4 – шаңды, 5 –

іріжаңғақ тəрізді, 6 – жаңғақтай, 7 – майдажаңғақ тəрізді, 8 – ірі дəн тəрізді, 

9 – дəн тəрізді, 10 – ұсақ, 11 – моншақ тəрізді топырақ.

ІІ типі: 12 – тік бағаналы, 13 – бағана тəрізді,

 

14 – ірі призматикалық, 15 



– призматикалық, 16 – майда призматикалық, 17 – жіңішке призматикалық.

ІІІ типі: 18 – жалпақтау, 19 – платика тəрізді, 20 – жапырақ тəрізді, 21 – 

пішіні тұрпайы, 22 – майда тас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет