3.1.3. Өздiгiнен тазару
Су ресурстарының ”мұхит — атмосфера — жер — мұхит„
системасындағы айналым процестерiнде тамаша бiр қасиетi —
өздiгiнен қайта қалпына келу қабiлетi. Табиғатта тұщы суды
материктерден мұхиттар мен теңiздерге, олардан қайтадан керi
қарай қайта алып келетiн алып ”механизм„ үнемi жұмыс
iстейдi.
Гидросферадағы өздiгiнен тазару процесi заттардың айна-
лымымен байланысты. Бұл процесс табиғи суларда оларда тiр-
шiлiк ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк iс-əрекеттерi нəтиже-
сiнде жүзеге асады. Сондықтан табиғатты қорғаудың аса ма-
ңызды мiндеттерiнiң бiрi табиғи сулардың осы қасиетiн сақтап
қалуға барынша мүмкiндiк жасау.
Əрбiр су көзi — түрлi тiрi организмдер, сол ортаға тəн ар-
найы организмдер, өсiмдiктер, микроорганизмдер тiршiлк ете-
тiн, олар үнемi көбейiп, өлiп отыратын тiрi, күрделi экожүйе.
Егер су көзiне бактериялар, не химиялық қосылыстар түсетiн
болса, онда өздiгiнен тазару процесi тез жүрiп, су өзiнiң бас-
тапқы таза күйiне қайта келедi. Өздiгiнен тазару процесiне əсер
ететiн факторлар түрлiше. Оларды шартты түрде үшке бөлуге
болады: физикалық, химиялық жəне биологиялық.
Судың өздiгiнен тазару процесiне əсер ететiн физикалық
факторлардың iшiнде ластаушы заттардың сұйылуы, еруi жəне
араласуы негiзгi роль атқарады. Өзен суының интенсивтi ағы-
74
сы судағы ластаушы заттардың жақсы араласып, концентра-
цияларының төмендеуiне себеп болады. Судағы ерiмейтiн тұн-
балардың су түбiне шөгуi ластанған судың өздiгiнен тазаруына
жағдай жасайды. Микроорганизмдер өз салмақтарымен, немесе
судағы органикалық жəне органикалық емес заттарға қосылып,
олармен бiрге су түбiне шөгедi.
Судың өздiгiнен тазаруына əсер ететiн аса маңызды фи-
зикалық фактор Күннiң ультракүлгiн сəулесi. Бұл сəулелердiң
əсерiнен су зарарсызданады. Ультракүлгiн сəулелер белокты
коллоидтарды жəне микроб клеткалары протоплазмаларының
ферменттерiн жойып жiбередi.
3.2. Гидросфераның ластануы
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшерi — 1386
млн.км
3
. Бұл судың 96,5 % Əлемдiк мұхитқа тиесiлi. (13-кесте).
Мұхиттардың орташа тереңдiгi 3704 м ал ең тереңi — 11034
м Жер қойнауының жоғарғы бөлiгiнде түрлi тереңдiкте жер
асты суының қоры бар. Тұщы сулар əдетте, 150-200 м терең-
дiкте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана бередi.
Жер астындағы тұщы сулардың көлемi жер бетiлiк тұщы су
көлемiнен 100 есе көп. Су табиғатта үш түрлi агрегат күйде
(қатты, сұйық, газ) кездеседi.
Қазiргi кезде адамзат қоғамында бiр жылда тұщы судың
3000 км
3
шамасындайы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын
ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған
судың төрттен үш бөлiгi қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна
бидай өсiру үшiн барлық вегетациялық кезеңiнде 1500 тонна,
1тонна күрiшке — 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұм-
салады.
75
2 кесте
Жердегi су қорлары
Əлемдегi қоры, %
Судың типi
Көлемi
мың км
4
жалпы
мөлшерi
тұщы су
мөлшерi
Əлемдiк мұхит 1 338 000
91,5
-
Жер асты сулары 23
400 1,7 -
Оның iшiнде тұщы
су
10 530
0,76
30,1
Мұздықтар,қар 24064,10
1,74 68,7
Жер асты мұздары 300
0,022 0,86
Көлдер 176,40
0,013
-
Тұщы 91,0
0,007
6,26
Ащы 85,40
0,006
-
Батпақтар суы 11,47 0,0008
0,03
Өзендер суы 2,12 0,0002
0,006
Биологиялық су 1,120 0,0001
0,003
Атмосфера суы 12,90 0,001
0,04
Судың жалпы қоры
1 385 984,61 100
-
Тұщы су қоры 35
029,21
2,53
100
Өнеркəсiпте 1т. өнiм алу үшiн болат, шойын — 15-20 м
3
, ка-
льцийленген сода — 10, күкiрт қышқылы — 25-80, азот қыш-
қылы — 80-180, синтетикалық жiбек — 300-400 м
3
, синтети-
калық талшық — 500, мыс — 500, пластмасса — 500-1000,
синтетикалық каучук — 2000-3000 м
3
т.с.с. су жұмсалады. Қу-
аты 300000 квт/сағ. Жылу электр станциясына жылына 300 км
3
су қажет.
Соңғы жылдары өзен, көл, теңiз бен мұхит суларының лас-
тануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негiзгi көз-
дер төмендегiлер:
1)
өндiрiс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмо-
сфералық сулар;
76
2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың
iшiнде патогендi де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағы-
зынды сулар;
3) суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман-
химия, мұнай өңдеу өнеркəсiптерiнiң ағызынды сулары.
Өндiрiстiң дамуына жəне суды пайдаланудың артуына бай-
ланысты ағызынды сулардың мөлшерi де артып отыр. 60 жыл-
дардың өзiнде-ақ жыл сайын əлемде 700 млрд м
3
ағызынды
сулар жиналатын едi. Өзендердiң ластануы соңғы жылдары
қатты байқалып отыр. Мысалы, тек қана Рейн өзенi жыл сайын
941 т. сынап, 1040 т. мышьяк, 1700 т. қорғасын, 1400 т. мыс, 13
000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн т . түрлi тұздармен лас-
танады.
Жер бетiндегi ең лас — Жерорта теңiзi болып табылады.
Ағызынды сулардың зиянды əсерiнен ондағы балықтардың 80
процентi қырылып қалған. Кемелердiң апатқа ұшырауынан,
танкер резервуарларын жуған судан жəне мұнай өндiру жұмыс-
тары кезiнде жыл сайын Əлемдiк мұхит сулары 12-15 млн т.
мұнаймен ластанады. Судың бетiндегi мұнай қабаты атмосфера
мен гидросфера арасындағы газ алмасу процесiн бұзып, оттек-
тiң жетiспеушiлiгiнен гидробионттардың қырылып қалуына
себеп болады.
Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердiң бiрi бо-
лып саналады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы
химикаттар топырақтан шайылып, суға түседi. Мал шаруашы-
лығында түзiлген өлi органикалық заттар (көң, шiрiндi, моче-
вина) топырақтан суға түсiп, олардың көп массасы улы əсерi
болмаса да, су экожүйелерiне едəуiр əсер етедi. Органикалық
заттары бар ағызынды суда биогендi элементтер əсiресе, азот
пен фосфор көп болады, олардың əсерiнен суда фитопланктон
жаппай көбейiп дами бастайды, əсiресе көк жасыл, қоңыр
балдырлар тез көбейiп, жоғарғы сатыдағы су өсiмдiктерiнiң
қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл организмдер өсiп,
дамып, өлiп, нəтижесiнде судағы органикалық заттардың мас-
сасы артады. Аэробты организмдердiң оттекпен тыныс алуы
нəтижесiнде тез арада оттектiң жетiспеушiлiгi туындайды.
Сондықтан су тiршiлiкке жарамсыз болып, онда анаэробты
процестер басым бола бастайды. Бұл процесс эвтрофикация
77
деп аталады. Эвтрофикация дегенiмiз — суда табиғи, не антро-
погендiк факторлар əсерiнен биогендi элементтердiң жинақта-
луы нəтижесiнде су объектiлерiнiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң
артуы. Анаэробты процестер судың екiншi реттiк ластануы
болып табылады. Эвтрофикация — суға оңай тотығатын
минералды тыңайтқыштардың түсуi, не егiстiктерден азот пен
фосфор тыңайтқыштарының шайылуы нəтижесiнде де болуы
мүмкiн.
Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы
көбiрек қауiп туғызатын себептерiн төмендегiше деуге бо-
лады:
1)
сулы ортада өздiгiнен тазару, ауаға қарағанда əлдеқайда
жəй жүредi;
2) судың ластану көздерi өте көп;
3) сулы ортада жүретiн табиғи процестер ластаушылар əсе-
рiне сезiмтал жəне олар атмосферада жүретiн процестерге қа-
рағанда жер бетiндегi тiршiлiк үшiн аса маңызды болып та-
былады.
3 кесте
Ауыз суындағы химиялық қосылыстар
мен элементтердiң зиянсыз концентрациялары
Рет №
Атаулары
Судағы мөлшерi, мг/л
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Қорғасын
Мышьяк
Фтор
Бериллий
Молибден
Нитраттар
Полиакриламид (ПАА)
Стронций
0,1
0,05
0,7-1,5
0,0002
0,5
10,0
2,0
2,0
3.2.1. Суды тазарту жəне ластанудан қорғау
78
Табиғи суларда олардың өздiгiнен тазару құбылысы жүредi.
Бiрақ бұл процесс өте жай жүредi. Өндiрiстiк-тұрмыстық қал-
дықтар мөлшерi салыстырмалы аз болған кезде өзендерде
өздiгiнен тазару құбылысы жеткiлiктi дəрежеде жүрген болар
едi. Бiрақ, өкiнiшке орай, қазiргi таңда ғылыми — техникалық
революцияның қарқынды дамуынан судың ластану деңгейiнiң
қарқыны өте мөте жоғарылап отыр. Сол себептен, ағызынды
суларды тазарту жəне оларды қайтадан пайдалану қажеттiлiгi
туындап отыр.
Ағызынды суларды оларды ластаушы заттардан тазарту
күрделi процесс. Олар — механикалық, физико-химиялық жəне
биологиялық болып бөлiнедi. Бұл əдiстердiң əрқайсысын таң-
дап алу ағызынды судың ластану сипаты мен ондағы қоспалар-
дың зияндылығына байланысты.
Суды тазартудың механикалық əдiсi бойынша суды тұндыру
жəне сүзу арқылы ондағы механикалық қоспалардан тазарта-
ды. Көлемi түрлi бөлшектер мөлшерiне қарай əртүрлi конст-
рукциялы торлармен, су бетiлiк қоспалар — май, смола, мұнай
ұстағыштар арқылы сүзiледi.
Физико-химиялық əдiсте ағызынды сулардан ерiген органи-
калық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыра-
тылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiн-
де ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металл-
дар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлi-
нiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын
арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды
электролиз арқылы тазарту əсiресе, қорғасын, мыс өнеркəсiптерi
мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi.
4 кесте
Əлемдік су қоры
Рет
№
Атаулары
Ауданы
млн.
км
2
Көлемі,
мың км
3
Жалпы
су
қоры
Тұщы
су
қоры
1
4
4
5
6
79
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
7а.
7б.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
Əлемдік
мұхит
Жер асты
сулары
Оның ішінде:
Тұщы жер
асты сулар
Топырақ
ылғалы
Мұздықтар
мен ерімейтін
қар сулары
Жер асты
мұздықтары
Көл сулары
Тұщы
Ащы
Батпақтар
суы
Өзендер суы
Атмосфе-
радағы су
Организм-
дердегі су
Жалпы қоры
Тұщы судың
жалпы қоры
361,4
134,8
-
82,0
16,
631.95:6
31.82
21,0
-
1,24
0,82
2,68
148,2
510,0
-
1338000
23400
10530
16,5
24064
300
91,0
85,4
11,5
2,1
12,9
1,1
1385984,6
35029,2
96,5
1,7
0,76
0,001
1,74
0,022
0,007
0,006
0,0008
0,0002
0,001
0,0001
100,0
2,53
-
-
30,1
0,05
68,7
0,86
0,26
-
0,03
0,006
0,04
0,003
-
100,0
Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер
мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық
əдiсте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор
жəне оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты
қосылыстары қолданылады.
80
5 кесте
Əлемдегi ең iрi өзендердiң сипаттамасы
Рет
№
Аттары
Ұзын-
дық-
тары,
км
Көлемi,
млн.
км
2
Судың
жұмса-
луы,
м
3
/сек
Конти-
нентi
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Амазонка
Миссисипи
Нiл
Янцзы
Объ
Хуанхэ
Меконг
Амур
Лена
Конго
6437
5971
6670
5800
5410
4845
4500
4440
4400
4370
6,915
4,268
2,870
1,808
2,990
0,771
0,810
1,855
2,490
4,820
200000
18000
3000
34000
12800
1500
14800
10900
16800
41000
Оңтүстiк
Америка
Солтүстiк
Америка
Африка
Азия
Азия
Азия
Азия
Азия
Азия
Африка
Суды тазартудың биологиялық əдiсi сулардың биохимиялық
жəне физиологиялық өздiгiнен тазару құбылыстарының заңды-
лықтарына негiзделген. Ағызынды суларды тазартудың биоло-
гиялық қондырғыларының бiрнеше типтерi бар: биофильтрлер,
биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантэнклер.
Аэротенклерге активтi ил — микроскопиялық өсiмдiктер
мен жануарлар өсiрiп, үстiнен ағызынды сумен толтырады да,
ағызынды суларды төменгi жағынан қатты ауа ағынымен үр-
лейдi. Оттектiң (ауамен үрлегенде) жəне органикалық заттар-
дың көп мөлшерiнде (ағызынды судағы) активтi илде бакте-
риялар мен микрофауна қарқынды өсiп, көбейiп, бактериялар
бiр-бiрiне жабысып, кесектелiп, органикалық ластаушыларды
жай минералдық заттарға дейiн ыдырататын ферменттер бөле
бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесi жүре-
дi. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бакте-
риялар активтi көбейе бастап, массалары ұлғая түседi. Бакте-
81
риялардың кесектелген массалары бiртiндеп судың түбiне шө-
гiп, ал су тазара бередi. Тұнған таза суды бөлiп алып, ал актив-
тi илдiң суды тазарту функциясы əрi қарай жалғаса бередi.
Ағызынды суды тазартудың химиялық əдiстерiнiң ең көп
қолданылатын түрi нейтралдау. Өнеркəсiп орындарының ағы-
зынды сулардың көпшiлiгiнiң құрамында күкiрт қышқылы, тұз
жəне азот қышқылдары көп кездеседi. Осы қышқылдар бола-
тын суларды нейтралдау үшiн магнезит, доломит, iзбестастар
қолданылады. Əдетте химиялық тазартудан соң биологиялық
тазарту жүзеге асырылады.
Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндiрiс
орындарынаң жалпы сметалық құнының 10-15%, кейде 20-
25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының
өте қымбатқа түсуi, сол сияқты көбiнесе тек қана тазарту қон-
дырғылары арқылы үздiксiз даму үстiндегi өндiрiс орындары-
ның зиянды əсерiнен биосфераны қорғау проблемасын шешу
мүмкiн еместiгi су көздерiн ластанудан қорғаудың неғұрлым
тиiмдi жолдарын iздестiрудi қажет етiп отыр. Ал мəселенi
шешу үшiн экологиялық жағынан қауiпсiз, аз қалдық шығара-
тын, тiптi кейбiр жағдайларда қалдықсыз технологиялық
процестердi енгiзу қажет.
Суды ластаушылардан бөлу үш этап арқылы жүзеге асыры-
лады.
Бiрiншi реттiк тазарту. Ағызынды сулар iрi қатты қалдық-
тардан тұндыру арқылы тазартылады.
Екiншi реттiк тазарту: ерiген органикалық заттарды бө-
лу. Ағызынды суларды биохимиялық тазарту əдiсiнде кейбiр
микроорганизмдер судағы ерiген органикалық заттармен қо-
ректенiп, өсiп, дамып, көбейедi. Осылайша, ағызынды сулар
органикалық заттардан тазарады.
Екiншi реттiк тазартудың келесi бiр көп таралған əдiсi там-
шылы биофильтрлер арқылы тазарту. Бұл əдiсте судағы тек
қана жүзiндi органикалық қосылыстар емес, ерiген қосылыстар
да бөлiнедi. Тамшылы биофильтрлер арқылы 80-85% ерiген
органикалық заттар тазарады.
Бiрiншi жəне екiншi реттiк тазарту арқылы ағызынды сулар-
дан 90% органикалық ластаушыларды бөлуге болады.
82
Үшiншi реттiк тазарту: Үшiншi реттiк тазартудың негiзгi
мақсаты — ағызынды судың құрамындағы азот жəне фосфор
қосылыстарын бөлу. Осы элементтердiң қосылыстары суда
балдырлардың қарқынды өсiп, дамуына себеп болады. Үшiншi
реттiк тазартуда ластаушыларды химиялық реагенттермен
тұнбаға түсiру арқылы суды тазартады.
Тазартудың осы үш этапынан кейiн суды ондағы қалған бак-
териялар мен вирустардан тазарту үшiн хлорлап, жер бетiлiк
суларға ағызады.
Суды ластанудан қорғауда оның санитарлық-гигиеналық
жағдайы аса маңызды роль атқарады. Халықтың пайдаланатын
ауыз суы таза, зиянды қоспасыз болуы керек. Сондықтан су
көздерiнiң биологиялық, химиялық жəне бактериологиялық
жағдайы үнемi бақылауда болады.
3.3. Қалдықсыз өндiрiстер
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық процестерi
жəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығын-
дарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялық
процестердi комплекстi экологиялық жəне экономикалық
жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық процестердiң экологиялық тиiмдiлiгiн баға-
лау үшiн өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды зат-
тардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа
екiншi бiр маңызды бағалау критериi — ресурс сыйымдылық
көрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару процесiндегi жұмсалатын
энергия, су, ауа, шикiзат, т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкi-
нiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жо-
ғары. Қор үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар
едi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды
үнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатын
материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдала-
ну, т.б. негiзiнде жүзеге асырылады.
Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды
неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қа-
былдау үшiн қажет.
83
Территориялық-өндiрiстiк комплекстер iшiндегi энергия
мен заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алы-
натын өнiмнiң массасы, алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан
түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын қалдық мөлшерiне аз
болатынын көрсеттi. Ал бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi мақ-
сатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байла-
нысты қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан
пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа экологиялық таза техно-
логиялар пайда болды. Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып,
өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды пайдалану коэффи-
циентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-
шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды
толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол Бер-
меу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру
өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер
мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны
пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi
анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмас-
тыру, т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден бiз не күте аламыз?
Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетiн шығынды
төмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу,
шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды
азайту, т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мыса-
лы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы техноло-
гиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр
металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдау
ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық су
хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай
мысалдарды көптеп кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркə-
сiптiң биосфераға зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурс-
тарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiн-
дегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемала-
рын шешедi деп ойлаймыз.
84
№ 11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
СУДЫҢ ОРГАНОЛЕПТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКIШТЕРIН
АНЫҚТАУ
Температура:
Су үлгiсiн алу үшiн термометрмен (0,1
0
дəлдiкке дейiн) суда
5 мин ұстап өлшейдi.
Мөлдiрлiгi:
Судың мөлдiрлiгi арнайы шрифт арқылы сұйықтың санти-
метрмен алынған биiктiгi бойынша анықталады. Ауыз су үшiн
мөлдiрлiк 30 см ден кем болмау керек. Өзен сулары үшiн 25 см,
мөлдiрлiiгi бұл шамадан төмен болса, су ластанған болып
саналады.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.
Цилиндр;
2.
əрiптерiнiң биiктiгi 2 мм, қалыңдығы 0,5 мм болатын шрифт;
3.
сызғыш;
4.
зерттелетiн су.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Зерттелетiн суды цилиндрге құйып, астына 4 см қашық-
тықта шрифт қояды, суды бiртiндеп, шрифт анық көрiнгенше
төге бередi. Шрифт анық көрiнгенде қалған судың биiктiгiн
сызғышпен өлшейдi.
Тұнба:
Бөтелкедегi жақсылап араластырылған суды 30 см — лiк
цилиндрге құйып, бiрнеше сағатқа тұндырып қояды. Уақыт өт-
кен соң тұнбаның мөлшерiн, түсiн байқайды. Тұнба көп болса,
су ластанған болып саналады.
Түсi:
Судың құрамында гуминдi заттар көп болса, түсi сарыдан
қоңырға дейiн өзгередi. Судың түсiн градус арқылы анықтай-
ды. Түсi 20
0
болса, ол су түссiз болып табылады. Ауыз судың
түсi 20
0
аспауы керек.
85
МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.
Фотокалориметр;
2.
100 мл-лiк цилиндр;
3.
1л-лiк колбалар;
4.
дистильденген су;
5.
№1 стандартты ерiтiндi: 0,0875 г калий бихроматы, 2 г
кобальт сульфаты мен 1 мл (тығыздығы 1,84 г/мл) күкiрт қыш-
қылын дистильденген суда ерiтiп, 1 л ге дейiн жеткiзедi. Ерi-
тiндiнiң түсi 500
0
;
6.
№2 ерiтiндi: 1 мл концентрациялы күкiрт қышқылына 1
л-ге дейiн дистильденген су қосады;
7.
зерттелетiн су.
Шкала дайындау үшiн №1, №2 ерiтiндiлердi түстi анықтауға
арналған хром-кобальт шкаласының кестесi бойынша қосады.
Хром-кобальт шкаласы
№1 ерiтiндi,
мл
0 1 2 4 4 5 6 8 10 12 16
№2 ерiтiндi,
мл
100 99 98 97 96 95 94 92 90 88 84
Түс
градустары
0 5 10 15 20 25 30 40 50 60 70
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
Цилиндрге сүзiлген зерттелетiн суды құйып, кесте бойынша
дайындалған ерiтiндiлер құйылған цилиндрмен салыстырып
табады. Бұдан да дəлiрек фотокалориметрмен анықтауға бола-
ды. Ол үшiн хром-кобальт шкаласы бойынша градуирленген
график сызады. Түсi əртүрлi ерiтiндiлердi көк спектрлi 5 см-
лiк кюветамен фотокалориметрде өлшейдi.
Түсi 35
0
жоғары суды ауыз суға пайдалануға болмайды.
86
Исi:
Судың исi балімен есептеледi. Исi жоқ су 2 баллдан аспау
керек.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.
Тығынды колба;
2.
200 мл конустық колба;
3.
сағат шынысы;
4.
электр плиткасы;
5.
термометр;
6.
зерттелетiн су.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
Тығынды колбаның 2/3 бөлiгiне зерттелетiн су құйып, жақ-
сылап шайқап араластырып, тығынын ашып, исiн байқайды.
Иiстiң интенсивтiлiгi 5 баллдық шкаламен есептеледi.
0 — иiссiз, 1- өте əлсiз, 2- əлсiз, 3 — иiстi, 4 — iшуге жарам-
сыз, 5- өте қатты истi су.
Судың исiн төмендегiдей терминология бойынша сипаттайды:
Символы
Иiстiң сипаты
А
Хош иiстi
Б
Балшық иiстi
В
Шiрiген иiстi
Г
Ағаш иiстi
Д
Жер иiстi
З
Көгерген
П
Балық иiстi
Р
Күкiртсутек иiстi
С
Шөп иiстi
Т
Белгiсiз иiс
Дəмi:
Судың дəмi баллмен анықталады. 2 баллдан аспайтын су
жарамды су болып табылады. Судың дəмi де исi арқылы анық-
талады.
87
№ 12 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
СУДЫҢ РЕАКЦИЯ ОРТАСЫН (рН) АНЫҚТАУ
Реакция ортасының сан мəнi 1-ден 14- ке дейiнгi аралықта
болады. Көптеген табиғи сулардың рН ортасы 6,5-8,5 шама-
сында болып, ол судағы көмiр қышқылы мен бикарбонат-ион-
ның концентрациясына байланысты болады. рН мөлшерiнiң
төменгi шамасы батпақты қышқыл суларда болса, жазда
фотосинтез процесi қарқынды жүргенде 9,0-ге дейiн көтерiледi.
Суда жүрiп жататын химиялық, биологиялық процестер нə-
тижесiнде СО
2
концентрациясы артып, рН мөлшерi өзгередi,
сондықтан бұл көрсеткiштi үлгiнi алысымен тез арада анықтау
керек.
Судың реакция ортасын анықтау үшiн арнаулы реактивтер-
индикаторлар, сол сияқты шыны электродты рН-метрлер қол-
данылады. Универсал индикатор қағазы арқылы рН мөлшерiн
0,2-0,4 бiрлiкке дейiн анықтауға болады.
Судың рН көрсеткiшiн потенциометрлiк əдiспен 0,02 дəл-
дiкке дейiн анықтауға болады.
Бұл əдiс бойынша зерттелетiн су мен шыны электродтың
мембранасының сыртқы бетi мен стандарт ерiтiндi мен элек-
трод мембранасының iшiк бетi аралығындағы потенциалдар
айырмасы арқылы сұйықтың рН мөлшерi табылады.
Шыны электродтың iшкi стандартты ерiтiндiсiнде сутек
иондарының концентрациясы тұрақты болады, сондықтан мем-
брананың iшкi бетiнiң потенциалы өзгермейдi. Потенциалдар
айырмасы электродтың сыртқы бетi мен зертелетiн ерiтiндi (су)
арасында пайда болған потенциалдар арқылы табылады.
МАТЕРИАЛДАР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.
рН-метр;
2.
эталон-ерiтiндiлер;
3.
дистильденген су;
4.
200 мл-лiк стакандар;
5.
фильтр қағазы;
6.
материалдар: грунт сулары, өзен суы, ағызынды сулар.
88
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ:
РН-метрдiң инструкциясына сəйкес грунт сулары, өзен суы
мен ағызынды сулардың рН ортасын анықтауға болады.
89
№ 13 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
СУДЫҢ ЖАЛПЫ КЕРМЕКТIГIН АНЫҚТАУ
Жалпы кермектiк (Н
ж
) — судағы екi валенттi катиондардың,
негiзiнен, кальций мен магний катиондарының болуына байла-
нысты қалыптасатын судың табиғи қасиетi.
Кермектiк жалпы, карбонатты, тұрақты жəне уақытша бо-
лып бiрнеше түрлi болады.
Уақытша (Н
у
) жəне карбонатты (Н
к
) кермектiк судағы каль-
ций мен магнийдiң карбонаттары мен бикарбонаттарының бо-
луына байланысты.
Суды қайнатқан кезде бикарбонаттар нашар еритiн карбо-
наттарға айналып, қақ түрiнде тұнбаға түседi де, су бiршама
жұмсарады ,яғни кермектiгi азаяды.
Ал тұрақты (Н
т
) жəне карбонатты емес (Н
ке
) кермектiктер
судағы кальций мен магнийдiң хлоридтерi, сульфаттары жəне
басқа да тұздарының болуына байланысты. Бұл кермектiктердi
төмендегi формулалар бойынша табуға болады:
Н
т
= Н
ж
– Н
у
; Н
ке
= Н
ж
–
Н
к
Жалпы кермектiгi 3,5 мг*экв/л болатын су жұмсақ, 3,5-7
мг*экв/л — орташа кермек, 7-10 мг*экв/л — кермек, ал 10
мг*экв/л — ден жоғары су өте кермек болып саналады.
Судың жалпы кермектiгi трилонометриялық əдiспен анық-
талады. Бұл əдiсте қолданылатын негiзгi реактив — трилон Б
— этилендиаминтетрасiрке қышқылының қос натрий тұзы —
(COONa – CH
2
)
2
– N – CH
2
– CH
2
– N – (CH
2
–
COONa)
2
Судағы кальций мен магнийдiң иондарын анықтау трилон Б
реактивiнiң бұл иондармен сiлтiлiк ортада сутектiң бос ион-
дарының кальций мен магний иондарының орнын баса отырып
берiк комплекстi қосылыстар түзу қасиетiне негiзделген.
Индикатор ретiнде реакцияға магний иондарымен қанық
қызыл түстi қосылыс беретiн қара хромоген қатысады. Магний
иондары жойылғанда ерiтiндi көк түске боялады.
90
п
мл
MgSO
4
п
мл
трилон Б
n * N * K * 1000
V
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
1.
Бюретка;
2.
Пипеткалар: 15 мл; 100 мл-лiк;
3.
Конустық колба-250 мл;
4.
100 мл өлшеуiш цилиндр;
5.
0,05 н трилон Б ерiтiндiсi;
6.
0,05 н MgSO
4
ерiтiндiсi;
7.
аммиакты буферлiк ерiтiндi (NH
4
OH +NH
4
Cl);
8.
қара хромоген индикаторы;
9.
зерттелетiн су.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
1.
Трилон Б ерiтiндiсiнiң нормальдығы 0,05 н MgSO
4
ерi-
тiндiсi арқылы анықталады.
Конустық колбаға пипеткамен 15 мл 0,05н MgSO
4
ерiтiн-
дiсiн құйып, үстiне 85 мл дистильденген су, 5 мл аммиакты
буферлiк ерiтiндi жəне 5 тамшы қара хромоген тамызады да,
трилон Б ерiтiндiсiмен көк түс пайда болғанша титрлейдi.
Титрлеудi екi рет қайталайды. Түзету коэффициентiн төмен-
дегi формула бойынша табады:
К = ;
2.
Судың жалпы кермектiгiн анықтау.
Мор пипеткасымен 100 мл зерттелетiн суды өлшеп алып
конустық колбаға құяды, үстiне жоғарыдағыдай мөлшерде
буферлiк ерiтiндi мен индикатор қосып, трилон Б ерiтiндiсiмен
титрлейдi. Титрлеудi екi рет қайталап, орташасын алады.
Судың жалпы кермектiгiн төмендегi формула бойынша
табады:
Н
ж
= ;
бұндағы:
91
n — титрлеуге кеткен трилон Б ерiтiндiсi, мл;
N — трилон Б ерiтiндiсiнiң нормальдығы;
K — түзету коэффициентi;
V — су үлгiсiнiң мөлшерi, мл.
92
№ 14 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
СУДАҒЫ ЕРIГЕН ОТТЕГI МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ
Судағы ерiген оттегi мөлшерi ондағы тiршiлiк ететiн гидро-
бионттар үшiн өте маңызды көрсеткiш. Ерiген оттегi концен-
трациясының төмендеуi суда жүретiн биологиялық процестер-
дiң өзгеруiне, сол сияқты биохимиялық тотығу реакциялары-
ның қарқынды жүруiне əсер етедi.
Судағы ерiген оттегi мөлшерi табиғи факторларға — атмо-
сфералық қысым мен судың температурасына, ондағы ерiген
тұздардың концентрациясына байланысты. Ауыз судағы жəне
тұрмыста пайдаланатын сулардағы оттегiнiң концентрациясы
жылдың кез келген мезгiлiнде де 4 мг/л — ден төмен болмауы
керек.
Судағы ерiген оттегiнiң концентрациясын анықтау əдiсi он-
дағы Mn (11) гидроксидiн Mn (111) гидроксидiне тотықтыруға
кететiн оттегiнiң мөлшерiне байланысты табылады:
MnSO
4
+ NaOH = 2Na
2
SO
4
+ Mn (OH)
2
;
4Mn (OH)
2
+O
2
+ 2H
2
O = 4Mn (OH)
3
Mn (OH)
3
қышқылдық ортада калий йодидiн тотықтырып,
йодты бос күйiнде бөлiп шығарады:
2Mn (OH)
3
+ 3H
2
SO
4
+ 2KI = 2MnSO
4
+ K
2
SO
4
+ I
2
+ H
2
O
I
2
+ 2Na
2
S
2
O
3
= 2NaI +N
2
S
4
O
6
РЕАКТИВТЕР МЕН МАТЕРИАЛДАР:
1.
120 мл-лiк тығынды шыны ыдыс;
2.
1 мл, 2 мл — лiк пипеткалар;
3.
250-300 мл — лiк конустық колбалар;
4.
Титрлеуге арналған бюреткалар;
5.
50 мл, 500 мл-лiк өлшеуiш колбалар;
6.
Марганец (11) сульфаты не хлоридi ерiтiндiсi: 200 г
марганец сульфаты кристаллогидратын не 212,5 г марганец
хлоридi кристаллогидратын дистильденген суда ерiтiп, 0,5 л- ге
дейiн жеткiзедi. Фильтрден өткiзiп сүзедi;
93
А х Н х 8 х 1000
V
1
– V
2
7.
Калий йодидiнiң сiлтiлiк ерiтiндiсi: а) 75 г KI 50 мл
дистильденген суда ерiтедi; б) 250 г натрий гидроксидiн не 350
г калий гидроксидiн 250 мл дистильденген суда ерiтiп, екi
ерiтiндiнi араластырып, 0,5 л-ге дейiн жеткiзедi;
8.
Күкiрт қышқылы (тығыздығы 1,84 г/мл), 1:1 қатына-
сында сұйытылған;
9.
Натрий тиосульфаты Na
2
S
2
O
3
* 5H
2
O, 0,01н;
10.
Крахмал, 1%-тiк ерiтiндiсi.
Материал: су.
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ
Су үлгiлерiн 120 мл-лiк тығынды калибтленген шыны
ыдыстарға алады. Шыны ыдыстарды 0,5 м тереңдiкке дейiн
батырып үлгi алып, тез тығынмен жабады. Одан соң 1 мл-лiк
пипеткамен суда тұрғанда 1 мл марганец сульфатын не хлоридi
ерiтiндiсiн құяды, үстiне 1 мл калий йодидiнiң сiлтiлiк ерi-
тiндiсiн құяды. Шыны ыдысты тығынмен жауып, 2 мл суды бө-
лiп құйып алады.
Титрлеу алдында пробиркадағы сұйықтың астыңғы бөлiгiне
2 мл күкiрт қышқылын құяды. Тығынды жақсылап жауып,
түзiлген марганец (111) гидроксидi тұнбасы ерiгенше аралас-
тырады. Одан соң барлық үлгiнi 250-300 мл-лiк конустық
колбаға құйып 0,01н натрий тиосульфаты ерiтiндiсiмен сары
түс пайда болғанша титрлейдi. Бұдан кейiн 1 мл крахмал
ерiтiндiсiн құйып, көк түс жойылғанша титрлейдi.
Судағы ерiген оттегi мөлшерiн (Х) төмендегi формула
бойынша есептейдi:
Х = ;
Бұндағы:
А — титрлеуге кеткен натрий тиосульфатының мөлшерi,
мл;
Н — натрий тиосульфаты ерiтiнiдiсiнiң нормальдығы;
V
1
— шыны ыдыстағы үлгiнiң мөлшерi,мл;
V
2
— марганец (11) гидроксидi түзiлгенге дейiнгi кеткен
реактив мөлшерi, (2мл);
94
А х 0,08 хК х 1000
120 – 2
1000-1 л-ге есептелген коэффициент;
8 — 1 н натрий тиосульфаты ерiтiндiсiндегi оттектiң
эквивалентi.
Х = ;
Бұндағы: К — коэффициент.
Бақылау сұрақтары
1. Биосфера тiршiлiгi үшiн гидросфераның маңызы қандай?
2. Гидросфера дегенiмiз не?
3. Мұхиттардың климатқа əсерi қалай байқалады?
4. Гидросферадағы өздiгiнен тазару құбылысының мəнi не?
5. Антропогендiк фактордың гидросфераға əсерi қай кезден
басталды?
6. Ауыз суы қалай алынады?
7. Гидросфера ластануларының негiзгi жолдары қандай?
8. Судың құрамы мен қасиеттерiне қандай талаптар қойыла-
ды?
9. Ағызынды суларды тазартудың əдiстерi жəне қолданы-
латын заттар қандай?
10.
Қалдықсыз технология дегендi қалай түсiнесiз?
Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары
1. Климат жəне адам.
2. Табиғи сулардың химиялық ластанулары.
3. Қалдықсыз өндiрiстер технологиясы.
4. Əлемдiк мұхиттың ластануы.
95
ТЕСТIК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1.
Биосфераның қанша бөлiгiн гидросфера алып жатыр?
A. 25%
B. 50%
C. 75%
D. 85%
E. 95%
2.
Теңiз суындағы ерiген тұздардың концентрациясы қандай?
A. 2,5 мг/л
B. 5,0 мг/л
C. 7,5 мг/л
D. 8,5 мг/л
E. 3,5 мг/л
3.
Теңiз суында кездесетiн негiзгi иондар қандай?
A. натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний.
B. сутек, кобальт, никель, бром
C. темiр, алюминий, кальций, магний
D. күкiрт, фосфор, азот, хлор, бром
E. мырыш, көмiртек, азот, хлор, бром
4.
Жер бетiлiк суларға жыл сайын қанша ағызынды сулар
ағызылады?
A. 250 км
3
B. 500 км
3
C. 750 км
3
D. 850 км
3
E. 450 км
3
5.
Мұхиттардың орташа тереңдiгi қанша?
A. 1704 м
B. 2704 м
C. 3704 м
D. 504 м
E. 804 м
6.
Ең терең мұхиттың тереңдiгi қанша?
A. 13558 м
B. 11034 м
C. 13754 м
D. 12508 м
E. 12105 м
96
7.
Суда табиғи, не антропогендiк факторлар əсерiнен био-
гендi элементтердiң жинақталуы нəтижесiнде су объектiле-
рiнiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң артуы не деп аталады?
A. ластануы
B. өздiгiнен тазаруы
C. эвтрофикация
D. бiрiншi реттiк тазарту
E. екiншi реттiк тазарту
8.
Суды тұндыру жəне сүзу арқылы ондағы механикалық
қоспалардан тазарту қандай əдiске жатады?
A. химиялық
B. өздiгiнен тазару
C. эвтрофикация
D. механикалық
E. физикалық
9.
Электролиз кезiнде ағызынды сулардағы органикалық
заттар ыдырап, металлдар, қышқылдар мен басқа да орга-
никалық емес қосылыстар бөлiнiп алынады. Бұл суды тазар-
тудың қандай əдiсi?
A. химиялық
B. өздiгiнен тазару
C. эвтрофикация
D. механикалық
E. физикалық
10.
Бактериялар мен микрофаунаның тiршiлiк iс-əрекетте-
рiнiң нəтижесiнде жүретiн тазарту қалай аталады?
A. химиялық
B. биологиялық
C. эвтрофикация
D. механикалық
E. физикалық
97
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ПƏНIНIҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Лекциялық сабақтардың тақырыптары
1. КIРIСПЕ (1 академиялық сағат).
Экология пəнi, қысқаша даму тарихы. Экологияның негiзгi
мақсаты мен мiндеттерi. Экологияның негiзгi бөлiмдерi. Эко-
логияның басқа ғылымдармен байланысы.
Экологияның қазiргi заманғы экономикалық жəне басқа
проблемаларды шешудегi ролi.
2. АУТЭКОЛОГИЯ (Организмдер экологиясы). Организм
жəне орта (1 сағат).
Жерде тiршiлiктiң пайда болуы. Жерде тiршiлiктiң пайда
болуының негiзгi жағдайлары. Химиялық жəне биологиялық
эволюция. Органикалық дүниенiң системасы жəне тiрi орга-
низмдердiң құрылу деңгейлерi.
Экологиялық факторлар туралы түсiнiк, экологиялық фак-
торлардың класификациясы (А.С.Мончадский классификация-
сы, витальды, сигналды факторлар, т.б.).
3. В.И.ВЕРНАДСКИЙДIҢ БИОСФЕРА ТУРАЛЫ IЛIМI
(2 сағат).
Биосфера туралы түсiнiк. В.И.Вернадский — биосфера
туралы iлiмнiң негiзiн салушы. Ноосфера- ақыл-ой сферасы.
Биосфераның құрылысы мен жалпы сипаттамасы. Тiрi зат
туралы түсiнiк. Биосферадағы заттар мен энергия айналымы.
Биогеохимиялық циклдер: үлкен жəне кiшi.
4. ДЕМЭКОЛОГИЯ — популяциялар экологиясы (1
сағат)
Популяция туралы түсiнiк. Популяцияның статикалық си-
паттамалары: популяция саны, биомассасы, жас жəне жыныс-
тық құрамы. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туы-
лымы, өлiмi, өсу жылдамдығы. Популяция санының реттелуi.
Популяция тығыздығына əсер ететiн факторлар. Эколо-
гиялық ойық туралы түсiнiк.
98
5. СИНЭКОЛОГИЯ — қауымдастықтар экологиясы (1
сағат)
Биоценоз; биогеоценоз, экожүйе туралы түсiнiк. Экожүйе-
нiң энергетикалық балансы. Экожүйедегi энергия ағыны мен
химиялық элементтер айналымы. Биогеоценоздың трофикалық
құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер). Қорек-
тiк тiзбектер, торлар жəне деңгейлер, экологиялық пирамида.
Экожүйенiң тұрақтылығы мен экологиялық сукцессия.
Гомеостаз туралы түсiнiк.
6. АТМОСФЕРА- биосфераның негiзгi компонентi (2
сағат)
Атмосфера, оның сандық жəне сапалық құрамы. Атмосфе-
раның табиғат пен тiрi организмдер тiршiлiгiндегi ролi.
Атмосфераның ластану көздерi. Атмосфераны ластаушы
заттар (қышқыл жаңбырлар, смогтар, озон қабатының бұзы-
луы). Атмосфераның ластану деңгейлерi (ПДК,ПДВ), атмосфе-
ралық ауаның ластану деңгейiн санитарлық бақылау.
Атмосфера ластануының қоршаған орта мен адам ор-
ганизмiне зиянды əсерi. Атмосфераны ластанудан қорғау жəне
оның құқықтық негiздерi. Қалдықсыз өнiм өндiрiсi.
7. ГИДРОСФЕРА — биосфераның негiзгi құрам бөлiк-
терiнiң бiрi (2 сағат).
Су жəне су ресурстары жəне оларды тиiмдi пайдалану.
Судың биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы. Табиғи жəне
ағызынды сулар, олардың сипаттамалары жəне ластанулары.
Əлемдегi жəне Қазақстандағы тұщы су жетiспеушiлiгi.
Табиғи жəне ағызынды суларды тазарту əдiстерi: меха-
никалық, физико-химиялық, химиялық жəне биологиялық
əдiстер. Судың өздiгiнен тазару құбылысы.
Судың ластануының қоршаған орта мен адам организмiне
əсерi. Каспий, Балхаш, Арал теңiздерiнің проблемалары.
99
8. ЛИТОСФЕРА ЖЭНЕ ОНЫ ТИIМДI ПАЙДАЛАНУ (2
сағат)
Топырақ туралы түсiнiк, оның қасиеттерi, құрылымы мен
табиғат пен адам өмiрiндегi маңызы. Планетадағы жəне Қазақ-
стандағы жер ресурстары. Топырақтың құрамы мен қасиеттерi.
Топырақтың құнарлылығы жəне оған əсер ететiн факторлар.
Литосфераның ластану жолдары, минералдық тыңайтқыш-
тар мен улы химикаттар, оларды ауылшаруашылығында қол-
дану.
Топырақтың эрозиясы, эрозияның түрлерi. Жердi рекульти-
вациялау.
9. ҚАЗIРГI КЕЗДЕГI ЭЛЕУМЕТТIК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПРОБЛЕМАЛАР (2 сағат).
Қазақстанның биоресурстары, олардың қазiргi кездегi жағ-
дайы. Ерекше қорғалатын аймақтар (қорықтар, табиғи парктер,
табиғат ескерткiштерi, бақтар, т.б.). Адамның табиғатқа əсерi.
Қазақстандағы экологиялық проблемалар. Экологиялық Мони-
торинг, оны ұйымдастыру мен жүргiзу жолдары.
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негiздерi. Эко-
логиялық проблемаларға байланысты халықаралық ұйымдар-
дың жұмысы.
10. Табиғи ресурстар жəне оларды тиiмдi пайдалану (1
сағат).
Табиғи ресурстардың классификациясы. Табиғатты тиiмдi
пайдалану негiздерi. Қалдықсыз өндiрiстер технологиялары
100
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. Экологияның негiзгi түсiнiктерi, заңдары мен прин-
циптерi (3 сағат).
№1 сабақ
1. Продуцент, консумент, редуценттер дегенiмiз не?
2. Биосфера, экожүйе, қауымдастықтар туралы түсiнiк.
№2 сабақ
1. Биогендi элементтер, олардың айналымы.
№3 сабақ
1. Экологияның жалпы заңдылықтары.
2. Экологияның жеке заңдылықтары.
2. Биоресурстар, өсiмдiктер дүниесi, олардың ролi (2 са-
ғат).
№1 сабақ
1. Жердiң биоресурстары туралы түсiнiк.
2. Қазақстандағы орман ресурстары, олардың маңызы.
№2 сабақ
1. Қалалар тiршiлiгiндегi ағаштардың ролi.
2. Қызыл кiтапқа енген өсiмдiктер түрлерi.
3. Жануарлар əлемi, олардың ролi (1 сағат).
1.
Жануарлар дүниесiнiң табиғат пен адам өмiрiндегi
маңызы.
2.
Қазақстан фаунасындағы сирек кездесетiн түрлер, Қызыл
кiтапқа енген түрлер.
3. Табиғи қорықтар.
4. Табиғи сулардың ластануы (1сағат).
1. Су ресурстарының биосферадағы, адамзат қоғамындағы
ролi.
2. Климат жəне мұхиттар.
3. Криосфера дегенiмiз не?
4. Тұщы су дефицитi проблемасы.
5. Ағызынды суларды тазарту əдiстерi.
5. Атмосфераны ластаушы көздер (1сағат).
101
1.
Транспорт түрлерi — атмосфераны ластаушы негiзгi көздер.
2.
Өнеркэсiп орындары — атмосфераны ластаушы факторлар.
3.
Атмосфераның шумен ластануы.
6. Қоршаған ортаның радиациялық ластануы (2 сағат).
1. Радиация жəне оның қоршаған ортаға əсерi.
2. Радиациялық сəулелер.
3. Радиациялық қалдықтар.
4. Семей полигонының проблемалары.
7.
Ауыл шаруашылығын химияландыру жəне оның
зардаптары (2 сағат).
№1 сабақ
1.
Ауыл шаруашылығы — азық-түлiк өнiмдерiнiң көзi.
2.
Ауыл шаруашылығын химияландыру.
3.
Агрохимикаттар мен пестицидтердiң адам организмi мен
қоршаған ортаға əсерi.
№2 сабақ
1. Трансгендi өсiмдiктер.
2. Қоршаған ортаны улы химикаттардың зиянды əсерiнен
қорғау
3. Экологиялық таза өнiм өндiру — ауыл шаруашылығын
биологияландыру.
8. Қоршаған ортаның экологиялық мониторингi (1 са-
ғат).
1.
Экологиялық мониторингтi ұйымдастыру мен жүргiзу.
2.
Экомониторингтiң мақсаты мен мiндеттерi.
3.
Экомониторингтiң информациялық қамтамасыз етiлуi.
9.
Экологияның құқықтық негiздерi (2 сағат).
№1 сабақ
1. Қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi принциптерi.
2. Құқықтық негiзде қорғалатын табиғи аймақтар.
№ 2 сабақ
1. Экологиялық құқық бұзушылықтар мен жауапкершiлiктер.
2. Экологиялық нормативтiк — құқықтық актiлер.
102
Студенттердiң өздiгiнен орындайтын жұмыстарының
тақырыптары
1.
Iле-Балқаш су регионының сипаттамасы.
2.
Балқаш көлiн қорғау.
3.
Каспий теңiзiн қорғау.
4.
Климат жəне адам.
5.
Табиғи сулардың химиялық ластанулары.
6.
Қалдықсыз өндiрiстер.
7.
Бүкiл Əлемдiк мұхиттың ластануы.
8.
Гидросфераның антропогендiк ластануы.
9.
Табиғи суларды тазарту əдiстерi жəне ластанудан қорғау.
10.
Ағызынды сулардың химиялық құрамы жəне оларды
тазарту əдiстерi.
103
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Одум Ю. Экология. Часть 1-2 — М., 1986 г.
2.
Риклефс Р. Основы экологии. — М., 1979 г.
3.
Новиков Г.Л. Основы общей экологии и охраны природы
— М., 1979 г.
4.
Бродский А.К. Краткий курс экологии. Алматы Наука.—
1998 г.
5.
Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г. Краткий курс экологии.—
Алматы, 1996 г.
6.
Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Практикум по
экологии. Алматы, 1999 г.
7.
Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник
для студентов ВУЗов. Алматы, 2001 г.
8.
Гиляров А.М. Популяционная экология. — М., 1995 г.
9.
Банников А.Г., Рустамов А.К., Вакулин А.А. Охрана
природы — М., 1985 г.
10.
Фурсов В.И. Охрана природы в сельском хозяйстве.—
Алматы, 1987 г.
11.
Сагимбаев Г.К. Экология и экономика.— Алматы.: Кар-
жы-каражат, 1997.
12.
Уатт К. Экология и управление природными ресур-
сами.— М.: Мир, 1971.
13.
Федоров В.Д., Гильманов Т.Г. Экология. — М.: Изд-во
МГУ, 1980.
14.
Чернова Н.М. Лабораторный практикум по экологии.—
М.: Изд-во МГУ, 1986.
15.
Чернова Н.М., Былова А.М. Экология.— М.: Просве-
щение, 1987.
16.
Шилов И.А. Практикум по экологии наземных поз-
воночных животных. — М.: Высшая школа, 1985.
17.
Шилов И.А. Физиологическая экология животных.— М.:
Высшая школа, 1985.
18.
Захаров В.И., Качурин И.М. Охрана водных ресурсов.—
М., 1979 г.
19.
Матросов И., Попова И.А. Охрана водной среды. 1995 г.
20.
Орлов В.Г. Контроль качества поверхностных вод.— Л.,
1988 г.
104
21.
Беличенко Ю.П., Швецов М.М. Рациональное использо-
вание и охрана водных ресурсов.— М., 1986 г.
22.
Владимиров А.М., Ляхин Ю.И., Матвеев Л.Т., Орлов В.Г.
Охрана окружающей среды.— Л., 1991.
23.
Шилов И.А. Экология.— М.: Высшая школа, 1998.
24.
Канаев А.Т., Сагындыкова С.З. Экология окружающей
среды Казахстана. Алматы, 2002 г.
25.
Виглин В.Е. Инженерные основы охраны природы.
Учебное пособие.— М., 1991.
26. Виноградова Н.Ф. Природопользование.— М., 1994.
27.
Вронский В.А. Прикладная экология.— М., 1996.
28.
Ревель П., Ревель Ч. Среда нашего обитания.— М., 1994.
29.
Боголюбов С.А. Экология. Учебное пособие.— М, 1999.
105
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
І ТАРАУ.
Атмосфера — биосфераның негізгі құрам
бөлігі
1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамы
жəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы
көздер
1.3. Атмосфералық ауаның ластануының
зардаптары
1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау
жəне қорғау
II ТАРАУ.
Литосфера жəне оны тиімді пайдалану мен
қорғау
2.1. Топырақ ресурстарының маңызы
2.2. Жер ресурстары
2.3. Жел жəне су эрозиялары
2.4. Топырақты эрозиядан қорғау
106
2.5. Жердi рекультивациялау
III ТАРАУ.
Гидросфера
3.1. Су — биосфераның аса маңызды элементi
3.2. Гидросфераның ластануы
3.3. Қалдықсыз өндiрiстер
Экология жəне қоршаған ортаны қорғау пəнінің бағдарламасы
Семинар сабақтарының тақырыптары
107
Асқарова Ұ. Б.
ЭКОЛОГИЯ ЖƏНЕ ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Оқу құралы
ЖШС «Заң əдебиеті» бас директоры
Жансеитов Н. Н.
Басылымға жауапты қызметкерлер:
Сляднева А. А., Омаркожаева Г.Қ .
Сарашысы Оспанова Д. К.
Беттеуші Сляднева А. А.
Басуға 8.11.2004 қол қойылды. Офсеттiк басылыс.
Пiшiмi 70
×108/
32
. Қағазы офсеттiк. Қарiп түрi «Таймс».
Шартты баспа табағы 5,63. Есептiк баспа табағы 3,49.
Таралымы 700. Тапсырыс № 100.
«Заң əдебиетi» баспасы
480008 Алматы қ.,
Абай д-лы, 52 үй, 325 оф.
Тел./факс: (3272) 420-344.
E-mail: law_literature@nursat.kz
ЖШС «Заң əдебиетi» баспаханасында басылған.
Document Outline - АЛҒЫ СӨЗ
- 1 тарау - Атмосфера - биосфераның негізгі құрамы
- 1.1. Атмосфера туралы түсiнiк, оның құрамыжəне биосфера мен адам өмiрiндегi маңызы
- 1.2. Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер
- 1.3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
- 1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау жолдары
- № 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- №3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- №4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- №5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- Тарау бойынша тестік бақылау сұрақтары
- 2 тарау - Литосфера және оны тиімді пайдалану мен қорғау
- 2.1. Топырақ ресурстарының маңызы
- 2.2. Жел жəне су эрозиясы
- 2.3. Топырақты эрозиядан қорғау
- 2.4. Топырақтың ластануы
- 2.5. Жердi рекультивациялау
- № 6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 9 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 10 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- Тарау бойынша тестік бақылау сұрақтары
- 3 тарау - Гидросфера
- 3.1. Су — биосфераның аса маңызды элементi
- 3.1.1. Жердiң климаты
- 3.1.2. Криосфера
- 3.1.3. Өздiгiнен тазару
- 3.2. Гидросфераның ластануы
- 3.3. Қалдықсыз өндiрiстер
- № 11 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 12 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 13 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- № 14 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
- Тарау бойынша тестік бақылау сұрақтары
- Экология және қоршаған ортаны қорғау пәнінің бағдарламасы
- Семинар сабақтарының тақырыптары
- Пайдаланылған әдебиеттер
- МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |