Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ойт о лғАҚ Француз ойшылы Ж. Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады»


Аралас неке бірлігімізге ықпал ете ме?!



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5059
1   2   3   4   5   6

Аралас неке бірлігімізге ықпал ете ме?!

Кезінде қазақ 

зиялылары өмірде өз 

орындарын ойып тұрып 

алу үшін орыс, еврей 

немесе татар қыздарын 

келін етіп алған еді... 

Бүгінде керісінше қазақтың 

әлеуеті мен саяси салмағы 

артқандықтан ба, қазақтан 

келін алып жатқандардың 

қатары көбейіп келеді...

Ел арасындағы дипломатиялық қа-

тынасты нығайту мақсатында ежелден 

бері қолданылып келе жатқан бұл үрдіс 

қазақ жерінде сонау үш жүздің басын 

қосқан Абылай ханның заманынан бермен 

қарай келе жатқаны, яғни, қазақ жері мен 

елін жау қолынан аман сақтап қалу үшін 

Абылай ханның өзі бастап Қытай мен 

Жоңғардың қыздарын қалыңмалын төлеп 

әйел еткені тарихтан аян. Содан бері өзге 

ұлтпен құда болып қыз алып, қыз берісу, 

сөйтіп, қан араластырып, құйрық-бауыр 

жеу дәстүрге айналып кеткен еді. 

Қазір, өзге ел азаматының етегінен 

ұстаған қыздарымыздың саны күн санап 

артып келеді. Жалпы статистикаға жүгінсек, 

орта есеппен елімізде бір жылда 100 мың 

неке тіркелсе, соның 20 пайызы өзге елдің 

азаматтарымен болатын көрінеді.



Самал ӘБІЛДИНА, 

Ақмола облысы Әділет департаментінің 

АХАЖ бөлімінің бас маманы: 

– Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері 

қазақ қыздары арасында өзге ұлт өкіл-

деріне тұрмысқа шығушылар қатары артып 

келеді. Әсіресе, біздегі мәліметке назар 

аударсаңыз, қазақ қыздары көршілес Ре-

сей, өзбек, қырғыз және түрік азаматтарына 

тұрмысқа шығуға қарсы еместігін көресіз. 

Тіпті, соңғы кезде Израиль, Германия мен 

Пәкістан азаматтарына да шыққан қазақ 

қыздарының саны күрт өскен. 

Әділет департаменті берген мәлімет-

терге қарағанда, елімізде жиендердің де 

саны жылдан-жылға жедел қарқынмен 

өсіп келеді. Ақмола облысының өзінде 

ғана 2011 жылдың қорытындысы бойын-

ша, бір жылда 6273 неке қиылса, соның 

227-сінде қазақтар өзге диаспора өкіл-

дерімен некелескен. 

Нартай ЫСҚАҚОВ, Ақмола облыстық 

мәслихатының депутаты:

– Ұлт пен ұлыстың өзара қарым-қаты-

насында тонның ішкі бауындай болып ара-

ласу мемлекеттің де іргесін мықты етіп, 

береке мен бірліктің шырағын жағады. 

Біздің еліміздегі ұлттардың тарихи тағдыр-

лары астасып жатқандықтан бір-бірін 

өзара бауыр тартады. Өйткені біздің елді 

қиын-қыстау кезеңде паналап, сая тапқан 

әрбір ұлт қазаққа қарыздар. 

Сонымен, бірқатар елге тұтқа болар 

азаматтардың пікірі осындай ойға саяды. 

Яғни, бүгінде татулықтың тұрағы, бейбіт-

шіліктің мекені болып әлем елдеріне үлгі 

болған – қазақ елінің гүлдене түсуіне түрлі 

ұлттар арасындағы неке еш қандай кедергі 

бола алмайды. 

Алайда саясаттың шоқпарын беліне 

қыстырып жүргендер аралас некенің саяси 

астары қазақ үшін екі ұшты болады деген 

пікірде.


Әсіресе, қытайдың, өзбек пен қыр-

ғыздың қазақ қыз дарына құмарлығы ның 

артып келе жат қанына олар алаңдай қа-

райды.


Қайрат АБАЙДОЛЛАЕВ, Ақмола 

облыстық мәслихатының депутаты:

– Аралас неке елімізге үлкен қатер 

төндіруі ықтимал. Өйткені халқы жылдан-

жылға кемерінен асып, жеріне сыймай 

жатқан Қытайдың Орталық Азия елдеріне 

қазірдің өзінде осы әдіспен еркін еніп келе 

жатқаны байқалып келеді. Сондықтан 

іргеміздің бүтіндігін, тәуелсіздігіміздің 

баян дылығын ойласақ, аралас некеге аса 

сақтықпен қарауымыз керек. 

Үлкен саясатты сарапқа салып жүрген 

бірқатар саясаттанушылар алдағы бес 

жыл да қазақ жеріне 5 миллионға тарта 

Қытайдың енуі мүмкін екенін айтуда. 

Кезінде Асет Вацуева есімді чешен 

қызы ресейлік «НТВ» телеарнасының бетке 

ұстар журналистерінің бірі болған. Асет 

жүр гізетін «Страна и мир», «Сегодня» 

сынды бағдарламалардың рейтингі ша-

рық  тап, шешен қызы тележұлдызға айнал-

ды. Сол Асеттің бір сұхбатында: «Махаббат 

деген таңғажайып сезімді бастан өт кергім 

келеді. Бірақ басқа ұлттың өкілін сүю 

арқылы өзін туған халқынан, ұл тынан, 

отбасынан, дәстүрінен ажыратқан адамның 

алды – түнек. Ол қараңғылыққа батырады. 

Шынымды айтсам, мен мұн дай некелерді 

құптамаймын да, мойын дамай мын да», 

– дегені бар.

Яғни шешен қызы ұлттың қаны бұзыл-

мас үшін аралас некеге қарсы екенін ашық 

айтқан.

Дегенмен басқа ұлт өкілдерімен шаңы-



рақ құрғандар ата-ананың қарсылығына 

қарамай отбасын құрса да, бақытты отбасы 

болып тірлік кешіп жатқандар да бар-

шылық. Мәселен, көкшетаулық қазақ Сә-

бит Жантаев пен кәріс қызы Елена Лю 

осыдан жеті жыл бұрын некелерін қиған. 



Сәбит ЖАНТАЕВ, 

тағдырын өзге ұлтпен байланыстырған:

– Менің ойымша, махаббат бар жерде 

ешқандай да кедергі болуы тиіс емес. Пәк 

те адал сезім барлық әлемдегі күштерден 

артық деп есептеймін. Мейлі, ол қай 

ұлттың өкілі болсын, сүйіспеншілік болса, 

бәрі де жақсы болады. Ал аралас неке 

мем лекеттің мүддесіне қайшы келеді деген 

пікірмен мүлде келіспеймін.

Ең бастысы, елдегі тыныштық пен бе-

реке-бірліктің ортаймауы қажеттігін басты 

бағыт ұстанған соң, бұған да хош дейік. 

Бірақ қазақты өзге ұлтпен ұйыс тырған 

мұндай «құдалық» қауіпсіздігімізге игі 

ықпалын тигізгенімен, ұлттың бола шағына 

кері әсер етіп жүрмей ме деген беймаза ой 

да мазалайды. 

Себебі, жыл сайын жүздеген ұлт тарих 

сахнасынан тұтас ұлт ретінде мәңгілік 

жойы лып кету қаупімен бетпе-бет келіп 

отыр. Сонда әлем бойынша 15 миллионға 

жетер-жетпес қазаққа не істемек керек. 

Қазаққа ең алдымен ірілік қажет. Әр қазақ 

өзгеге емес, өзгені сіңіріп алу әдісімен өмір 

сүруді игеруі керек. 

Саяси сахна осылай деп үн қатса да, 

бүгінгі жағдайда жүзден астам ұлтты бір 

шаңырақ астында біріктіріп, татулықтың 

әлемдегі айшықты ұясы болып отырған 

қазақ елі еркіндік пен азаттықтың, бірлік 

пен берекенің үлгісін танытып келеді. 

Кезінде тәуелсіздік алған қазақ ел бола 

алмайды, ертең-ақ жүз-жүзге бөлініп, тоз-

тоз шығып ыдырап кетеді дегендердің кө-

мейіне құм құйылды. Тәуелсіздік алған 

жиырма жыл ішінде қазақтың жеткен қа-

рымды жетістіктерін әлем мойындап, азуы 

алты қарыс алып елдердің өзі санасатын 

деңгейге жетті. 

Қазақстан көп ұлтты және көп дінді 

мемлекет болғандықтан арадағы ынтымақ 

пен бірлікті сақтау – басты мәселе. Осыған 

орай 2011 жылдан бастап Елбасы Нұрсұл-

тан Назарбаев: «1 мамыр – Қазақстан 

халқының бірлігі күніне» аса мән беру 

қажеттігін, мейрамды тойлауда тұрақтылық 

пен тұтастықты мызғымастай етуге болатын 

үлкен күш тұрғандығын баса атап өткен 

еді. 

Әрине, «Былай тартсаң өгіз өліп, олай 



тартса арба сынатын» заманда таразы 

басын тең ұстап, жұртымыз бен мемлекеттің 

тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау ел 

тізгінін ұстаған азаматтардан үлкен 

жауапкершілік күтетіні ақиқат. Сондықтан, 

еліміздің басты қазынасы, һәм ұлы мұрасы 

– тәуелсіздіктің тамырын нұрландырып, 

бай тақ мекен Отанымызды ұрпаққа таза 

сақтап қалсақ деген ойымыз бар. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Көкшетау 

Қарапайым еңбек адамдарын 

марапаттайтын мемлекеттік 

наградалар қажет пе?

ӘРІПТЕС


Елгезек Елена қазақша 

хабар дайындайды

Кеңес АУХАДИЕВ, 

қоғам қайраткері:

– Мен өткен жылы 1 Мамыр мерекесінде 

Қызылордаға сапарлап бардым. Сол кезде 

таңғалғаным, ол елде қарапайым еңбек 

адамдарының еңбегін бағалау үрдісі әлі де 

жалғасып келеді. Қызылордалықтар ма-

мыр мерекесін желеу етіп жыл сайын өн-

дірістегі, егін шаруашылығындағы, ша руа 

қожалықтарындағы қарапайым еңбек-

керлерді арнайы төс белгілермен мара-

паттап, өзіндік сый-сияпат көрсетеді екен. 

Бұл – басқа аймақтарға үлгі болатын үрдіс. 

Өйткені қазірде еңбек адамдары марапат-

тан тыс қалып, елеусіз-ескерусіз қалтарыста 

қалып жатады. Сондықтан бізге көп 

кешіктірмей, еңбекшілерді марапаттайтын 

мемлекеттік наградалар белгісін ойлас-

тырған абзал. Себебі біздегі ауыр жүкті 

көтеріп, үнемі қайнаған еңбектің ортасында 

жүретін сол қарапайым еңбеккерлер. Ал 

олардың маңдай тері мемлекеттік тұрғыда 

еленіп жататын болса, бұл – қолдайтын 

дүние... 

Жиырма жастың желкенінде жүзген 

әріптесіміз соңғы екі-үш жылда көгілдір 

экран арқылы жергілікті жұртпен жымия 

жүздесіп, жаңалық жеткізеді. Алғашқыда 

көпшілік қазақ тілінде мүдірмей сөйлеген 

орыс қызының бұл құтты қадамына таң-

даныс білдіргені бар. Бері де Еленаның өзі 

де қазақтың шұрайлы тілімен талай 

телехабар дайындағанда жергілікті жұрт 

оның еңбекқорлығы, зеректігі, кішіпейіл-

ділігі, алғырлығы мен жауапкершілігіне 

риза кейіп танытты. 

Елена ешқандай тіл үйрену курсына 

жазылған жоқ, бала кезінен қазақтың ара-

сында өсті, күнде ойнайтын құрбы-құр-

дастары қара домалақ балалар еді. Алғыр-

лығы шығар, тілі енді шыға бастаған сәби 

кезінен қазақ тіліне зейін салып, зердесіне 

тоқып өсті. Әкесі Владимир Рыбин мен 

анасы Галина Ленова да шаңы рақ шат-

тығына айналған бауыр еті – балаларының 

тіл үйренуіне мейлінше жағдай жасауға 

жұмылды. Отбасындағы өзге кісілер қа-

зақша түсінгенімен, емін-еркін көсіліп 

сөйлей алмаса да, олар Елена ның әр тала-

бын орындауға тырысты. 

Әріптесіміз мамандығы бойынша хи-

мия пәнінің мұғалімі болғанымен жур-

налистиканы таңдап, осы саланың дамуына 

бір кісідей атсалысып келеді. Қалалық 

телеарнада жұмыс жасай жүріп, қазақ тілін 

үйренуге байланысты талай байқауға 

қатысты, алдыңғы қатардан көрінуге 

тырысты. 

Елгезек бойжеткен қазір қазақтың 

дүние танымын жете түсінуге талпынып, 

біздің ұлттың фольклор мен қабырғалы 

қа 

лам 


герлер қиялынан туған құнды 

шығар 


маларды оқуға талпынып жүр. 

Қызметтес әріптестері де оған қолдан 

келгенше көмектесіп отырады. 

Әділжан ҮМБЕТ, 

Қызылорда облысы 

Қызылорданы қазақы қаймағы бұзылмаған өңір дейді. Соңғы санақ 

бойынша дария бойындағы аймақта қазақтардың үлес салмағы 95,6 

пайызды құраған. Ал қалғаны этнос өкілдері болса, оның ішінде орыстар 

– 2, кәрістер – 1, татар, түрік, өзбек, шешен, украин, әзірбайжан, башқұрт 

пен немістер диаспорасы өкілдерінің саны 0,03-0,25 пайызға шамалайды. 

Тағдыр айдап қазақ топырағына қаншама ұлт пен ұлыс қадам басты. 

Құшағы кең, пейілі дархан қазекем оларды бауырына тартып, ежелден 

таныс туысындай көрді. Расын айту керек, олардың арасында түбіміз бен 

дініміз бір түркі халықтары қазақ тілін жақсы біледі, сол тілде жаза да 

алады. Ал одан өзге ұлттарда да мемлекеттік тілді меңгерген жандар бар. 

Солардың қатарында Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасының 

дикторы Елена Рыбинаны айтуға болады. 

Серікболсын ӘБДІЛДИН, саясаткер:

– Жасыратыны жоқ, қазір біз тек биз-

несте жүрген кәсіпкерлердің еңбегін елеп-

ескереміз немесе өзін жақсы жар намалай 

білетін қызметкерлердің ең бектері назар-

дан тыс қалмай өзіндік марапат, награда, 

ордендер алып жатады. Ал кері сінше, 

барлық ауыртпалықты көтеріп, қыз-қыз 

қай наған еңбектің бел ортасында жү ретін 

қарапайым жұмысшының табанақы 

маңдай тері еленбейді. Бұл – көрер көзге 

қиянат. Сондықтан бар қиындықты мой-

нымен көтеріп жүрген, иығына батпандай 

жауапкершілік артып, үнемі ауыр жұмысқа 

жегіліп жүретін қарапайым жұмысшы та-

бының еңбегі ескерілгені абзал. Біле білсек, 

бізді ас-ауқатпен, тұрмысқа қажетті дүние-

лердің барлығымен қамтып отырған сол 

еңбекшілердің еңбегі. Осыған орай ай-

тарым, қарапайым жұмысшыларды мара-

паттайтын мемлекеттік наградалар керек. 

Мұны қолданысқа енгізген жөн... 



Әзірлеген 

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Тұрсынбек КӘКІШОВ, 

жазушы-ғалым:

– Кезінде кеңестік кезеңде қарапайым 

еңбек адамдарын ынталандыру мақсатында 

«Еңбек Қызыл ту» ордені берілетін. Ал қазір 

Тәуелсіздік алғалы бері «Еңбек Ері» деген 

атақ-дәреже пайда болды. Бір қынжы лар-

лығы, осы «Еңбек Ері», «Құрмет белгісі» 

тә різді мемлекеттік наградаларды төсіне 

қадап жатқан қарапайым еңбекшілер жоқ. 

Байыбына үңілсек, еліміздің эконо микасын 

көтеруге айтарлықтай үлес қосып жатқан 

сол еңбекшілер... Осыны ескерсек, бізге 

қарапайым еңбекқорлардың еңбегін 

ынталандырып, оларды әрі қарай талап-

тандырып отыратын мемлекеттік награ-

далар қажет. Мұны өз басым өте жақсы 

кө терілген бастама деп бағалаймын. Мә-

селен, Кеңес өкіметі бір ғана Кәмшат Дө-

нентаеваның еңбегін қалай бағалады?! Сол 

кездері марапат алған Кәмшаттың атағы 

күні бүгінге дейін жер жарып тұр. Міне, 

осыған байланыстыра айтарым, бізге қа-

рапайым еңбек адамдарын лайықты ма-

рапаттау рәсімдері керек. Тиісті орын дар-

дың бұған қатты назар аударғаны абзал... 


№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ТҰТАСТЫҚ


 

НИЕ


Т

Антонина Абай тілін үйреніп жүр

«Алғаш рет Антонинаны балабақшаға 

берерде отбасымызда шағын жиналыс 

болды. «Қазақ елінде тұрып жатқаннан 

кейін біздің балаларымыз тек Пушкин тілін 

біліп қана қоймай, ұлы Абайдың да тілін 

үйренуге міндетті» деген шешім қабыл да-

дық.  Сөйтіп, тұңғыш қызымызды қолынан 

жетелеп, қазақ балабақшасына ертіп 

бардым. Қазір екінші қызымыз да қазақша 

тәлім-тәрбие беретін «Жұлдыз–ай» бала–

бақшасына барып жүр. Біз балаларымыз-

дың  мемлекеттік тілде жатық сөйлейтіндігін 

мақтан етеміз», – дейді Антонинаның әкесі 

Юрий Казанин.

Антонина – ақкөңіл, алғыр, белсенді 

қыз. Дегенмен оған бірден қазақша сөй-

леп кету оңай болған жоқ. Мектеп бағдар-

ламасы балабақшадай емес, күрделі. 

Әліппені қолға алып, сөздерді буындап 

оқып үйренгенше біраз тер төгуге тура 

келді. Әрі үйде әке-шешесімен орысша 

сөйлесетін еді. Қанша қиналса да тырысты. 

«Талпынған жетер мұратқа» дегендей,  от-

ба сы да бастаған істі орта жолда қалдыруды 

қош көрмеді. Тіпті Антонинаның анасы 

балаларының болашағы үшін  қазақ тілі 

курсына жазылып, үш ай дәріс алды. Нәти-

жесінде еркін сөйлей алмағанымен, газет–

журналды қазақ тілінде оқи да, жаза да 

алатын дәрежеге жетті. Қазір Антонинаға 

үй тапсырмасын орындауға көмектесетін 

де анасы. 

«Облыс, республика көлеміндегі жаңа-

лықтарды білу үшін қазақша газет-жур-

нал дарды алып, оқып тұрамыз. Әуелі 

жұбайым өзі оқып, сосын түсінгенін маған 

әңгімелеп  береді», – дейді Антонинаның 

әкесі Юрий.   

Қаршадай қызы сабақты жақсы оқумен 

қатар, түрлі үйірмелерге де белсене 

Антонина Казанина Оралдың Сәкен Сейфуллин атындағы № 11  

дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында білім алуда. Қазақ 

балабақшасына барып, тіл сындырған орыс қызы қазір қазақ тілінде 

жақсы сөйлейді. 4-сыныпты тамамдағалы отырған Антонина – оқу 

озаты. Өз-өзін өте еркін ұстайтын бүлдіршін «қазақ тілін қатты жақсы 

көремін», – дейді. 

Елімізде қанша этномәдени бірлестік бар?



Елімізде өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен тіліне қолдау 

көрсетіліп келе жатқаны белгілі. Өзге ұлт өкілдерінің қанша этномә-

дени бірлестігі жұмыс істейді?

Айдар, Талдықорған

Елімізде 108 мектепте 22 этнос-

тың тілі жеке пән ретінде оқытыла-

ды. 88 мектепте өзбек, тәжік, ұйғыр 

және украин тілдерінде сабақ 

жүргізіледі. Республикада 30 этнос-

тың тілін үйрететін 190 лингвисти-

калық орталық жұмыс істейді. Орыс 

тілінде 900 баспасөз құралы тарап 

отыр. 15 этностың тілінде 35 баспа 

басылымдары шығады. Еліміздің 

телеарналарында 11 тілде хабар 

тараты лады. 14 орыс және өзбек 

театры, сондай-ақ кеңестік кезең-

нен кейінгі кеңістіктегі бірден-бір 

ұйғыр, кәріс және неміс театр лары 

жұмыс істейді. Бүгінгі таңда еліміз-

дің барлық өңірлерінде 820 этно-

мәдени бірлестік ойдағыдай жұмыс 

істеуде. Олар үшін Астанада Бей-

бітшілік және келісім сарайы, 10 

об лыстың орталығында Достық 

үйлері салынды. 

ТАМЫР


Бұл жайттардың барлығынан сабақ 

алып отырған біздерге ішкі және сыртқы 

дүниемен интеграциямызды одан сайын 

нығайта түсу қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі 

Тәуелсіз Қазақстан өзінің алыс-жақын 

көршілерімен жан-жақты қарым-қатынас 

орнатып, өзгелермен терезесін тең ұстай 

бастады. Дегенмен посткеңестік кеңістікте 

тұрған елдер қатарынан болғандықтан, 

біздің көбіне осы ауқымдағы жұртпен 

байланысымыз күштірек. Бұл бағытта 

біздерді жақындастырып отырған басты 

факторларға тіл, мәдениет және эконо-

микалық қатынастардың тиімділігі. Әйтсе 

де біз бұрынғы кеңес идеологиясының 

ықпалынан енді ғана ажырай бастаған-

дығымызды мойындауымыз қажет. Осы 

уақытқа дейін қазақтың өзге халықтармен 

тығыз байланысы негізінен қазіргі ТМД 

аумағымен ғана шектеліп отырған сияқты. 

Кейбір білікті сарапшылардың пікірінше, 

қазақ халқының алдында тұрған ендігі 

міндет – түркітілдес елдермен ынтымақ-

тастықты дамыту. Себебі кеңестік империя-

лық саясат бізді түркілік тамырымыздан 

едәуір алшақтатып жіберді. Әлемдік саяси 

аренадан өз орнын айқындап, көпвекторлы 

саясат ұстанып отырған бүгінгі Қазақстанға 

қай жағынан алса да өзімен рухтас, діні 

бір, түбі бір түркі мемлекеттерімен қоян-

қолтық араласу анағұрлым тиімді болары 

сөзсіз. Оның үстіне бүгінгі аласапыран 

заманда туысқан халықтардың бір мүддеге 

жұмылып, бір мақсат, бір идеяға бірігуі – 

ұлттық иммунитеттің артуына қызмет 

ететіндігі дәлелденген. Бұр ретте Ақорда 

саясатының бір ұшы осы бағытты барынша 

қамтуға  бағытталып отырғандығын айта 

кету керек. Өткен жылы ғана Алматыда 

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық 

кеңесінің І саммитінің ойдағыдай өткізілуін 

аталған бағытта жасалған сәтті қадам-

дардың бірі болды деп санауға болады. 

Түркі кеңесі деген атауға ие болған бұл 

саммит кез келген түркітілдес мемлекет 

мүше бола алатын түркітілдес елдердің 

бірлестігі саналады. Түбі бір түркі елдерінің 

басын біріктіруді мақсат ететін бұл кеңес өз 

жұмысын тек қана бейбіт мақсаттарда 

жүзеге асырмақ. Түркінің сөзі төрге шық-

қан осынау тұңғыш саммитке Қазақстан 

тарапы төрағалық етті.  Әзірге аталған ке-

ңес ке Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия 

мемлекеттері мүше болып отыр. Алдағы 



Түркі жұртына «кеңесіп пішкен тонның 

келте болмасын» түсінетін кез жетті

уақытта бұл тізімге басқа да тамырлас 

елдер қосылады деген үмітіміз бар. Қалай 

дегенмен де, түркі жұртына «кеңесіп 

пішкен тонның келте болмасын» түсінетін 

кез  жетті.  Осы  кеңесте  Мемлекет  басшысы         

Н.Назарбаев:

– Түркі кеңесі – қандай да бір үшінші 

елдің мүддесіне қарсы бағытталмаған бір-

лестік. Мақсат – туыс түркі әлемінің әлеуетін 

арттырып, оның орнықты дамуына мүмкін-

дік жасау. Біз бауырлас елдерді жақындас-

тыру үшін мәдени-гуманитарлық, экономи-

калық өзара байланыстарды тереңдетуге 

уағдаластық. Кеңестің толыққанды халық-

аралық құрылым ретінде қалыптасып 

кетуіне барлығымыз да мүдделіміз. Осы 

орайда түркітілдес елдер үшін инновацияға, 

эко номикалық қарым-қатынасқа, шын 

мәнінде, көңіл бөлетін уақыт келді, – деген 

бола тын.

Осы бір тарихи жиынның күн тәртібінде  

негізінен үш мәселе қаралды. Бірінші – 

түркі әлеміне ортақ рухани, тарихи тұлға-

ларымызды бірлесіп дәріптеу, ортақ әде-

би-мәдени кеңістік құрып, ортақ ғылыми 

зерттеулер жүргізіп, ортақ ақпараттық 

кеңістік қалыптастыруға күш салу. Екінші 

–экономикалық сауда-саттық саласын 

алға жылжыта алатын ортақ кеңістік 

дамытып, кеңеске мүше елдер арасындағы 

тауар айналымы көрсеткішін арттырып, 

инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге 

асыру. Үшіншісі – қазіргі заманда кең етек 

ала бастаған  діни-экстремистік, лаңкестік 

топтармен күресте күш біріктіріп, өзге де 

мемлекеттердің жаппай қырып-жою 

қаруларынан бас тартуына қол жеткізу. 

Бейбітшілік идеологиясын жүзеге асыру. 

Міне, осындай қадау-қадау мәселелерді 

талқыға салған келелі басқосу қандай да 

бір қиындықтарға бірлесіп қарсы тұру 

қажеттілігін аңғартып кетті.

Сіз бен біз аңсап отырған түркі жұрты-

ның тұтастығын кезінде Алаш арыстары 

мәселе етіп көтерген болатын. Бірақ 

солақай саясат қазақты тағы да тығырыққа 

тіреп, рухын жанши түскен еді. Тәуелсіздікке 

қол жеткізіп отырған 20 жылдық белестен 

асқан шағымызда алты Алаштың басын 

қосу енді біздің мұратымызға айналуы 

тиіс.


Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: 

– Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде 

елімізде көптеген үлкен өзгерістер орын 

алды. Дегенмен әлі де шешілмеген 

мәселелер жетерлік.  Соңғы уақыттарда 

түркітілдес елдердің интеграциясы 

туралы жиі айтыла бастады. Елімізде 

осыған қатысты қадамдар жасалып та 

келеді. Түркітілдес халықтардың өзара 

байланысы қай кезде де бізге өте қажет. 

Бірақ бұл бағытта жүзеге асырылатын 

іс-шаралар аздық етуде. Бұған қоса, 

шағын бірлестіктер мен ТҮРКСОЙ 

сынды үлкен ұйымдар түркі дүниесінің 

рухани қарым-қатынасын жақсарту 

мақсатында біраз жобаларды іске 

қосуда. Бүгінде әрбір түркітілдес елдер-

де түрлі әдеби, ғылыми басқосулар, 

көрмелер мен концерттік шаралар 

ұйымдастырылуда. Мұның бәрі біздің 

рухани ынтымақтастығымызға серпін 

берері сөзсіз. Бірақ, шын мәнінде, түркі 

жұртының тұтастығына жету үшін бұдан 

да ауқымды ірі қадамдарға баруымыз 

қажет. Ол үшін әр тарап бірлесіп отырып 

өзара түсіністікке тосқауыл болып отыр-

ған кедергілерді жоюға күш салуы қа-

жет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет