Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ойт о лғАҚ Француз ойшылы Ж. Тириар геосаяси теориясында «әлемде АҚШ-қа қарсы тұра алатын бақталас пайда болғанда, Еуропаның мән-маңызы жойылады»



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата28.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#5059
1   2   3   4   5   6

КАРДИОИМПЛАНТАЦИЯ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН 

ДАМЫҒАН 22 МЕМЛЕКЕТТІҢ 

ҚАТАРЫНДАМЫЗ 

Президент денсаулық саласының да 

жыл сайын дамып келе жатқанын жеткізді. 

Ден саулық пойыздарының бәрі жаңа  за-

ман ғы технологиялармен жабдықталды. 

Еліміздің түпкірлерінде жатқан 200-ден 

астам елдімекендердің жүз мыңдаған тұр-

ғындарына медициналық қызмет көр се-

тілді. Қазіргі уақытта 183 теле-меди ци-

налық орталық қызмет етеді. Осының 

база сында 20 мыңдаған дистанциялық 

медициналық консультациялар жүргізілді. 

Ұлттық медициналық холдинг базасында 

жүрекке бірегей күрделі операциялар 

жасал ды. Соның себебінен Қазақстан кар-

дио имплантация  технологиясы  қол да ны-

латын дамыған 22 мемлекеттің қатарына 

кірді. «Әрине, мұнымен кардиология 

мәсе лелерінің барлығын түбегейлі шешіп 

тастадық деп айтпаймын. Бірақ бұрын 

кардио логия бойынша елімізде операцияға 

мұқтаж 10 мың адамның тек 1000-1200-

іне ғана жасай алсақ, қазір жаңа кешен 

салынып, мамандарымызды оқытқаны-

мыз дың арқасында қажетті адамдардың 

барлығына операция жасауға әлеуетіміз 

жетеді», – дейді Президент. Оның айтуын-

ша, еліміз дің 9 облысында жүрекке ашық 

операция мен шунттау жасалады. 

ДАҒДАРЫСТАН ДАҒДАРЫП 

ҚАЛМАСПЫЗ

Әлем жаһандық дағдарыстың жаңа 

толқынын үреймен күтіп отырғаны жасы-

рын емес. Дамыған елдердің өзінде де 

экономикалық қиыншылықтар туындап, 

қарыздары өсіп, әлеуметтік шығыстарын 

азайтуда. Ал бұл уақытта еліміз жаңа 

фабрикаларды салып, қаншама өндіріс 

орындарын іске қосуда. Бұл аз десеңіз, 

кәсіпкерлерге шағын несиелер беріп, 

зейнетақы мен жәрдемақылардың көлемін 

көбейтіп, қолжетімді баспаналар салу-

дамыз. «Міне, бұл дегеніміз кез келген 

жаһандық дағдарысқа қарсы жасап жатқан 

дайындығымыз», – деп есептейді Елбасы. 

Десек те, әртүрлі жағдай болуы мүмкін. 

Қандай жағдай болмасын, оған сценари-

ле ріміз дайын. Мемлекеттің қоры да жет-

кі лікті. Сондықтан да, Президент бұл дағ-

дарысты өткен 2007-2009 жылғы 

дағ дарыстан да жақсы еңсере алаты ны-

мызға сенімді. Бұның бәрі тұрақтылықтың 

алғы шарттары. 

АССАМБЛЕЯНЫҢ ПРИНЦИПІ – БҰҰ-

НЫҢ ПРИНЦИПІ

Енді бірлікке келсек. «Бүгінде жаһандық 

әлем бірлік формуласын іздеп келіп, оны 

Қазақстаннан тауып отыр», – дейді 

Нұрсұлтан Әбішұлы. БҰҰ-ның бас хатшысы 

Пан Ги Мун «Ассамблеяның принципі – 

БҰҰ-ның принципі» деп баға беріпті. 

Әлем бірлік формуласын 

Қазақстаннан тауып отыр

Елбасы қазақ халқы мен қазақ тілі дамып 

келе жатқан қазақстандық азаматтық 

қоғамның біріктіруші ядросы дейді. 

Мектептерде қазақ тілінде оқып жатқан 

оқушылардың үлесі 63 пайызға жетіп 

отыр. Аралас мектептерді қоссақ, бұдан да 

асып кетеді. Елбасы 2020 жылға қарай 

қазақ тілін меңгерген қазақстандықтардың 

үлесі 90 пайыз болуы керек деген міндеттің 

де қойылғанын еске сала кетті. Мемлекеттік 

тілді игеруге алдымен өз қандастарымыз 

мол үлес қосуы керек. «Үш тұғырлы» тіл 

саясатына да тоқталған Президент бүгінде 

кез келген дамыған мемлекетте таксистен 

бастап менеджерге дейін екі не үш тілді 

еркін меңгергендігін айтты. Нұрсұлтан 

Назарбаевтың айтуынша, әлемнің техно-

логия 

лық дамыған мемлекеттерінде 



химия, математика, физика, биология 

секілді жаратылыстану ғылымдарының 

пәндері мектептерде және жоғары оқу 

орындарында тек ағылшын тілінде оқыты-

лады. Ал гуманитарлық саладағы пәндер 

ана тілінде жүреді. Малайзияны мысалға 

келтірген ол осы елден үлгі алуға шақырды. 

Малайзияда да тәуелсіздігін енді алған 

жылдары тіл мәселесі өте өзекті болған. Ал 

қазір барлық пәндер тек ағылшын тілінде 

оқы ты лады. «Әйтпесе олар әлемдік прог-

рес тен қалып қоямыз деп ойлайды. Одан 

еш қандай саясат шығаруға болмайды», 

– дейді Елбасы. Бірақ бәрібір малай тілін 

ұмыт қан емес. Жастарының барлығына 

дер лігі малай тілін жақсы меңгерген. Өйт-

кені, мектепте жақсы оқытылады екен. 

ЖАҢҒЫРУ – ЖАҺАНДЫҚ ДАМУДЫҢ 

ТАЛАБЫ

«Жаңғыру – жаһандық дамудың 

талабы», – дейді Президент. Бүгінде әлем-

де адам алдында шексіз мүмкіндіктерге 

жол ашқан жаңа технологиялық революция 

етек жайып келеді. Экономиканы дамыту

адамдардың өмір сүру жағдайын жақсарту 

үшін Қазақстан өзінің бірыңғай эконо-

микалық кеңістіктегі серіктестерімен осы 

үрдіске ілесу керек. Сондықтан, қазақ-

стандықтар индустриялық-инно вациялық 

дамудың, әлеуметтік жаңғырту мен 

аймақтық және жаһандық ықпалдастықтың 

тарихи маңызын сезіну керек. Елбасының 

айтуынша, бүгінде жаһандық әлем мен 

жаһандану тежеліп келеді, оның орнына 

өңірлік интеграция үлкен рөл ойнауда. 

Кедендік одаққа кіруіміздің себебі де сол. 



ҰМЫТПАУҒА ТИІС ЕКІ ДАТА

Елбасы қазақ халқы үшін ұмытылмауы 

тиіс қасіретті екі датаны Ассамблея 

мүшелерінің есіне салды. Оның бірі – 

қазақтың басынан өткен ашаршылықтың 

80 жылдығы мен сталинизм репрес-

сиясының – 75 жылдығы. «Бұлар – орны 

толмас қасіреттер. Қазақстан, Ресей, Бело-

руссия, Украина елдерінен ашаршылықтан 

барлығы 7 миллионнан астам қаза тапты. 

Соның 1,5 миллионы – қазақтар. Аштық 

пен аурудан 600 мың қазақ өз жерін тастап 

кетуге мәжбүр болды. 37-38 жылдардың 

өзінде-ақ НКВД-ның ресми мәліметі 

бойынша 1,5 миллионнан астам адам 

сотта лып, 680 мың адам ату жазасына 

кесіл ген. Сондықтан да, мамырдың 31-і 

күні саяси қуғын-сүргін және ашаршылық 

құр бан дарын еске аламыз», – деді Пре зи-

дент. 


МӘСЛИХАТТА ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫҢ 

ИІСІ МҰРНЫНА БАРҒАН

ТӘЖІРИБЕЛІ АДАМДАР ОТЫРУЫ 

КЕРЕК

Этникааралық келісімді нығайту үнемі 

күш-жігерді талап етеді. Қазақстандық 

толеранттылықты нығайту үшін Қазақстан 

халықтары Ассамблеясын нығайту қажет. 

Өңірлердегі Ассамблеяның жұмысын 

сапалы түрде арттыру керек. Осы үшін 

әдейі Парламент Мәжілісінде бейбітшілік, 

қоғамдық және этникааралық келісім 

жөніндегі партияаралық депутаттық топ 

құрылды. Бұл тәжірибені облыстық мәсли-

хаттарда да қолдану керек деген ұсыныс 

тастаған Президент ондай орын дарға 

толеранттылықтың иісі мұрнына барған 

тәжірибелі адамдар отыруы керектігін де 

ескертті. 

Ассамблеяның жұмысы облыстардың, 

Астана мен Алматы қалаларының ресми 

деңгейінде шектеліп қалмауы тиіс. ЖОО 

қызметкерлерінің арасында, ұлттық 

компаниялар мен кәсіпорындарда да 

Ассамблеяның жұмысына жаңаша әр беру 

қажет. Осының бәрін ескере келіп, Елбасы 

Ассамблеяның 2020 жылға дейін стра-

тегиялық даму жоспарын қайта толық-

тырып, түзету енгізу керектігін алға 

тартты. 

МЕМЛЕКЕТ ДІН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА 

ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ

Зайырлы мемлекеттің принциптерін 

мықтап ұстанған жағдайда ғана қоғам 

тұрақты түрде дамиды. «Дін – адам жаны 

мен ұжданының саласы. Сондықтан да, 

біздің мемлекет Ислами, Православтік, 

Католиктік, Протестанттық және басқа да 

сенімдердің құндылықтарына қолдау 

көрсетеді», – дейді Президент. Осыған 

байланысты бір айдан соң әлемдік және 

дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі 

өтеді. Бұл да толеранттылықтың жарқын 

көрінісін айғақтайды. Қазақстандағы 

барлық діндермен өзара әрекет ету үшін 

Дін істер агенттігі де құрылды. Президент 

енді жастарды дін атын жамылған түрлі 

топтардың шырмауынан аман алып 

қалатын тиімді кешенді шаралар атқару 

керек дейді. 

ЕЛБАСЫ ЖАСТАРМЕН

КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫН

Елбасы сессия барысында әлеуметтік 

жаңғыртудың жаңа аспектілерін де атап 

өтуді жөн көрді. Оның айтуынша, негізгі 

мақсатымыз – адам, оның мүддесі, 

тағдыры, білімі, жұмыспен және сапалы 

баспанамен қамтылуы болу керек. Ең 

бастысы, әлеуметтік әділеттілік орнауы 

тиіс. Еңбек те әділ бағалануы керек. «Біз 

«Мен – қазақстандықпын! Мен үшін өз 

елімде барлық есік айқара ашық!» 

дейтіндей инновациялық экономика мен 

әділетті қоғам құрудамыз», – дейді 

Президент. Себебі, Қазақстанда жастар 

үшін білім алуға, жұмысқа орналасуына, 

баспанаға қол жеткізуге және спортпен 

айналысуға барлық жағдай жасалған. 

ДУАЛЬДІК ЖҮЙЕНІ БІЗГЕ ДЕ 

ҚОЛДАНУ КЕРЕК

«Еңбекпен  қамту–2020»  бағдар ла ма-

сында «Жастар практикасы» деген бағыт 

сәтті іске асырылуда. Осы мақсатқа биыл 

2,7 миллиард теңге бөлінді. Бұл 15 мың 

жас түлекті қамтуға мүмкіндік береді. 

Германия, Англия, АҚШ, Оңтүстік Корея 

секілді индустриалдық озық елдерде 

жұмысшы мамандарды даярлаудың 

дуальдік жүйесі өзін жақсы қырынан 

көрсетті. Бұл жүйе бойынша кәсіптік 

мектептердің оқушылары бір мезгілде 

өндірістегі тәлімгер де болады. Қазақстанда 

да осындай дайындық жүйесін кеңінен 

енгізу қажет. ««Самұрық-Қазына» қорына 

базалық кәсіпорындардың тізбесін 

анықтап, дуальдік үлгіні енгізудің кезең-

кезеңдік жоспарын әзірлеуді тапсырамын», 

– деді Президент осыған орай. Бұл бізге 

жаңа индустриализация үшін маман 

даярлауды жаңғыртуға мүмкіндік береді. 

Ал бізде Индустриализация картасы 

аясында жалпы құны 9,6 триллион теңге 

болатын 600-ден астам жоба жүзеге 

асырылуда. Нәтижесінде, жастар үшін іс 

жүзінде 370 мыңға жуық жұмыс орны 

құрылады. Яғни, мемлекет қазақс тан дық-

тардың жаңа буынын қолдау үшін барлық 

қажетті шарттарды жасауда. Бұл жұмыс-

тарды жалғастыру керек. Осыған қатысты 

Елбасы біраз тапсырмалар жүктеді.

Сөз соңында Елбасы татулық пен 

тұрақтылықты орнатуда Ассамблеяға зор 

сенім артты. «Қазір біздің бірлігі жарасқан 

еңселі ел, зайырлы мемлекет екендігіміз 

баршаға аян. Татулық пен тұрақтылықты 

қалыптастыруға Ассамблея айрықша үлес 

қосты. Бірліктің берекелі бесігіне айналған 

бұл құрылымның алдағы уақытта да көп 

жұмыс атқаратынына сенемін. Ұлтты ұйыс-

тырып, ұлысты ұғыстыра білген еліміз 

өркендей түссін! Түрлі халықтың тағдырын 

тоғыстырып, тұтастығын сақтаған Қазақ-

стан жасай берсін! Тұғырымыз – тыныштық, 

тірегіміз – тұрақтылық, тілегіміз –татулық 

бол сын! Баршаңызға табыс тілеймін!» , – 

деп сөзін тамамдады Президент.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Кез келген сынақты тек халықтың 

бірлігі арқылы ғана жеңуге болады

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ: ТҰРАҚТЫЛЫҚ, БІРЛІК, ЖАҢҒЫРУ» АТТЫ ТАҚЫРЫППЕН 

ӨТКЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХІХ СЕССИЯСЫ ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА 

АРНАЙЫ ҮНДЕУ ҚАБЫЛДАУМЕН АЯҚТАЛДЫ. 



«Қазақстан экономика және әлеу мет тік саланы түбегейлі жаңғыртудың шешу-

ші кезеңіне аяқ басып, үдемелі индус триялық-инновациялық даму, ұлттық бірлікті 

нығайту міндеттерін іске асыруда. Ұлт Көшбасшысы «Әлеуметтік-эконо ми калық 

жаң ғырту – Қазақстан дамуының басты шарты» атты жол дауын да, Қазақ стан мен 

оның тұр ғын дарының ма ңыз ды әлеуметтік-эконо ми ка лық қажет тілік терін шешуге 

ар налған оң жаңа стра т егиялық бағытты ұсынды. Қазақ стан халқы Ассамблеясы 

біз дің еліміз дің әрбір аза ма тының мүддесін көздейтін Жол дау дың негізгі бағыт-

та рын толықтай қол дай ды», – делінген Ассамблея үндеуінде.

Бұдан бөлек, Қазақстан халқы Ассам-

блея сы ішкі тұрақтылық пен орнық ты-

лықтың мәні әлемдік дағдарыс жағ дайын-

да ерекше арта түсетіндігін атап өтеді. 

Сондықтан да, жиын ға қатысушылар 

Қазақ стан тәжірибесі – барлық сынақ тар-

ды тек халықтың бірлігі ар қылы жеңуге 

бо ла тынын ерекше атап өтеді. Бұның 

уақыт тара зысымен дәлелденген дүние 

екен ді гіне баса назар аудартады. 

«Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақ 

жеріндегі тыныштық пен бейбітшілікті сақ-

тау үшін, Отанымыздың барлық аза мат-

тарын барынша күш-жігерін салуға ша қы-

рады. Ассам 

блея, Отан игілігі үшін 

қазақ стандық патриотизм мен ел бола ша-

ғына жауапкершілік сезі мін қалыптастыру 

үшін барлық күштерді бірігуге шақырады. 

Ұлттық бірлік, қоғам дағы келісім мен 

толе ранттылық Қазақстан халқына эконо-

ми калық, әлеуметтік өрлеу, демократиялық 

мемлекетті құру жолында жаңа белеске 

көтерілуге мүмкіндік береді. Ассам блея 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас шы-

лы ғымен, күш-жігерімізді аямай, қуатты, 

болашағы жарқын, өркендеген Қазақ-

стан ды құратынымызға сенім білдіреді», 

– де лінген сессия қабылдаған Үндеуде.

С.БОНДАРЕНК

О, Б.О


ТАРБ

АЕВ (фо


то)

№73 (755) 

28.04.2012 жыл, 

сенбі             



www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

Бүгінгі қазақты қазақ ететін не? 

БІРЛІК


Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерін қазақтың тілі мен дәстүрі мүддесіне сай біріктірудің қандай жолдары бар?

Аманжол 

ҚАЛЫШ, 

тарихшы, 

этнограф:

Дос КӨШІМ, 

саясаттанушы:

Серік 

НҰРМҰРАТОВ, 

философия 

ғылымының 

докторы:

– Өзге ұлт өкілдері мен этностарды қазақтың болмысына, рухани 

болмысына, әдет-ғұрпына жақындатудың екі жолы бар. Бірінші, қазақ ұлы 

халық ретінде өзінің дәрежесін көтеріп, сыйлы болған сайын оған өзге ұлт 

өкілдері еліктеп, сондай болуға ұмтыла түседі. Мысалы, ағылшын, француз, 

неміс, түрік мәдениетіне ұсақ ұлттар ұқсауға тырысады. Сол сияқты егер біз 

өзіміздің қай салада да мықты екенімізді мойындатсақ, еліміздегі 

диаспоралар қазақтың тілі мен дәстүріне өздері-ақ мойынсұнар еді. Сосын 

халқымыздың тарихи әділетсіздіктерді бастан кешіп, мұқалған жерлері көп 

болды. Мұндай халықтарға саяси тұрғыда көп жұмыстар жасау керек. 

Мемлекеттік тілді қорғауымыз қажет. Қазақтар 70 пайыздық басымдыққа 

ие болды. Егер қандай да бір жиында қай ұлттың саны 70 пайыз болса, 

жиналыс сол тілде жүргізілуі тиіс. Кез келген мәселені қазақ ұлтының өзі 

қабылдап шеше алатын жағдайға жеттік. Өзге ұлт өкілдерінің азаматтық 

құқықтарын төмендетпей, қазақ мүддесіне жұмылдыру шаралары әлі күнге 

жетіспей келеді. Қазақ өз тілін жақсы игермей, өзге ұлт өкілдері де 

мемлекеттік тілді игеруге құлшынбайды.

– Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдени орталықтары бар. 

Ал ол орталықтар Қазақстан халқы Ассамблеясына қарайды. Атал-

ған мәдени орталықтардың көпшілік жетекшілері қазақ тілін жетік 

біледі. Тек славяндық нәсілдегі мәдени орталықтар қазаққа тілі мен 

мәдениетіне астамси қарайтыны байқалады. Оңтүстік Қазақ стан-

дағы су тасқыны кезінде әлгіндей мәдени орталықтар өз қол ұшта-

рын созды. Бұл олардың қазақ мүддесіне сай жұмылғандығын 

көрсетеді. Өз ге ұлт өкілдері қазақ тілін, мәдениетін, тарихын тану 

керек. Жоғары оқу орындарында, мектептерде, мекемелерде мем-

лекеттік тілді білуді міндеттеген жөн. Ұлыбританияда ағыл шынша 

сөй  ле ме ген дерді, Францияда французша сөйлемегендерді жұмыс-

қа алмайды. Тұрмыс-тіршілікке қажетті мемлекеттік тіл бойынша 

500-100 сөзден кем білетіндерді қызметтен босату қажет. Бала-

бақ шадан бас тап мемлекеттік бағдарламамен қазақша үйретудің 

жетілген әдіс-тәсілін енгізсек, артық етпейді.

– Қазақ мәдениетін өзге ұлт өкілдеріне мойындатудың бір 

ғана жолын білемін. Ол – барлық мектептерді жаппай қазақ 

тілі не өткізу. Оған біздің толық мүмкіндігіміз бар. 1991 жылдан 

бері жүйелі түрде осы бағытта жұмыс істе генімізде осы күні 

бүкіл мектептер қазақ тіліне өткен болар еді. Нақ бүгіннен бас-

тап мұны қолға алсақ, көп ұзамай түрі ұлт өкілдері мен этнос-

тар  ды қазақ дәстүріне бет бұрғызуға шамамыз жетеді. Ел ішінде 

бұрынғы отаршылдық-шовинистік жүйеден қалған «қазақ 

мектептерінің білім деңгейі төмен» деген ұғым әлі сақ талған. 

Оны өзіміздің орыстілді қазақтар қоңсытады. Қазақ және 

орыс мек теп те рінің Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу 

бағ дарламасы бірдей. Рас, қазақ мектептерінде жемқорлық 

мәсе  лелері жоқ емес. Жемқорлық бар лық саланы жайлады 

емес пе? Орыс мектептеріндегілер өте белсенді болса, ал қазақ 

мек  тептеріндегілер тұйықтау болып келеді. Тұйықтық – білім-

сіздік емес.



Әзірлеген Арман СЕРІКҰЛЫ 

ОЙ-КӨКПАР



Басы 1-бетте

Басы 1-бетте

Сабри ХИЗМЕТЛИ, Алматы қалалық 

Шет тілі және іскерлік карьера 

университетінің ректоры, филология 

ғылымының докторы, профессор

Шерубай ҚҰРМАНБАЙ,

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі 

Тіл комитеті нің төрағасы, филология 

ғылымы ның докторы, профессор:

Бұл ол адамның тегінен, түрік екенінен 

хабар беретіндей айтулы үрдіс болған. 

Осы орайда Қазақстандағы барлық халық-

тың тегіне -ұлы, -қызы деген сөздер қо сы-

лып жазылса, мен қолдар едім. Бұлай жазу 

қазір көптеген елдерге де тән болып ба-

ра ды. Сол секілді түркі халықтарына 

ортақ осы лай жазуды таңдап алсақ та 

дұрыс болар еді. Бұлай жазу таңдалған 

жағ дайда менің толық аты-жөнім 

Оспан ұлы Сабри Хизметли болар 

еді. Ең бас тысы, бұлай жазу арқылы 

біз қай сысының аты, тегі, әкесінің 

аты екенін айырып алуымызға да 

мүм кіндік болар еді. Әйтпесе 

бүгінде біреулер өз аты мен 

әкесінің атын қатар жазып 

қояды. Содан келіп қайсы-

сының өз есімі, қайсысы 

әке сінің аты екенін айыра 

алмайтындай жағдайға да 

жеттік. 

Сондай-ақ Қазақ стан-

дағы өзге ұлт өкілдерінің де 

аты-жөні әртүрлі жазы лып жүр. 

Олардың бәрінің аты-жөнін жазуды 

бірізге түсіріп, жазылуына қарай осы елдің 

азаматы екенін танытатындай кез жетті. 

Менің ойым ша, онда тұрған ештеңе жоқ. 

Қазақ станды Отаным деп танып, Қазақ-

стан да тұрды екен, ендеше, қазақи үрдіс-

терге бағын ғаны жөн дер едім. Осы орайда 

мен бұл ұсынысты қолдаймын.

Сондықтан өзге ұлт өкілдерінің аты-

жөндерін қазақыландыруға тырысу 

дұрыс емес деп санаймын. 

Бір жағынан, еліміздегі жеке мәлі-

мет терде бірізділікке бола өзге ұлт 

өкілдерін жаппай қазақи үрдіске сай 

жазуға тырысу олардың құқын да 

бұзу сияқты көрінеді. Шынымен, 

бірізділікті қаласақ, алдымен өзі-

міз дің қазақтарымыздың аты-

жөнін жазуды реттеп алуымыз 

керек. Дәл қазір бірі -ов, -еві-

мен, енді біреуі -ұлы, -қызы-

мен ал енді келесілері -тегі 

дегенді қосып алса, ешбір 

жалғаусыз өз атымен ата-

сы ның немесе әкесінің 

атын қатар қойып, жазып 

жүргендер де жетерлік. Осы-

лайша, алдымен өзіміз аты-

жөнімізді жазуды бір қалыпқа түсіре 

алмай оты рып, басқаларды қазақы лан ды-

руға тырысу тіпті ұят болар еді. Сондай-ақ, 

шындығында, орысты Иванұлы деп жазу 

көзге де тым ерсі көрінеді. Ол орыс ұлтына 

тән, өзіндік ұлттық ерекшелікті бұзу болып 

табылады. Сөздік емле тұрғысынан да 

қиындық келтірері сөзсіз. Тіпті мұндай 



«Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерінде бірізділік болуы үшін өзге ұлт 

өкілдерінің аты-жөнін қазақы дәстүрге сай жазу керек» дегенге келісесіз бе?

өзгеріс әдеби тілдік норманы да бұзу 

болып саналады. 

Егер өзге ұлт азаматы өз ынтасымен, 

ниетімен аты-жөнін қазақыландыруға ұм-

тыл са, оған қарсылық білдірмеуіміз қажет. 

Ал аты-жөніңді өзгерт деп талап қоюымыз, 

қалауын ескермей, зорлап таңуымыз 

дұрыс бола қоймас деп ойлаймын. Сон-

дықтан өз басым «бірізділік үшін өзге ұлт 

өкілдерінің  аты-жөнін  қазақы лан ды ру 

керек» деген пікірді қолдамаймын.



Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Осы  жағынан  алғанда,  Ел ба сы мыз дың 

2007 жылғы «Жаңа әлем дегі – жаңа 

Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы 

«Тілдердің  үштұ ғыр   лы лы ғы»  атты  мәдени 

жобаны кезең-кезең мен іске асыру туралы 

ұсынысын өмірлік қа жет тіліктен туындаған 

игілікті іс деп білген дұрыс. Яки бүгінгі 

қазақ стан дыққа  мем ле кет тік  тілді,  орыс 

тілін және ағыл шын шаны бірдей алып 

жүру міндет. Онсыз дамуымыз тежеле 

береді. Мұны еліміздің тілдік біртұ тас-



тық факторы дейміз. 

Үшіншіден, экономикалық бірлестіктің 

іргесін тас-түйін бекіту үшін қазірден им-

порт  қа тәуелділікті азайтып, өз өндірісімізді 

артты руға басымдық берілді. Ол үшін Үде-

мелі индустриалдық-инновациялық даму 

бағдарламасы қабылданып, негізі нен, өнімі 

экспортқа бағытталатын өндіріс ошақтарын 

түзе бастадық. Сондықтан бүгін гі таңда 

«білім беру» ұғымының мағы на сы да, қол-

да нылу аясы да бұрынғыдан әлде қайда 

кеңіп,  әлеуметтіктен  эконо ми ка лық  сипатқа 

ұласты. Әлемдік өндірістегі инновациялық 

және жаңа технологияларды игеру бойынша 

ғылыми негіздемелер қай та дан қарастырыла 

бастады. Өтпелі кезең де мәртебесі күрт 

төмен деген  техникалық-инже нерлік  маман-

дық тың,  кәсіби  тех ни калық  училищелердің 

жағдайын оңалтуға айрықша көңіл бөлінді. 

Ол үшін арнайы білім моделі жасалды. 

Еліміздің іргелі жоғары оқу орындары жаны-

нан әлемдегі электроника, техника және 

ақпа рат тық технология саласындағы атышу-

лы, мықты компаниялардың өкілдік тері 

ашыла бастады. Соның нәтижесінде, Тәуел-

сіздік алған бастапқы жылдарғыдай заңгер, 

қаржыгер секілді гуманитарлық маман дық-

тар «сәннен» ақырындап шығып, техно-

кратияға жол кеңінен ашылды. Тіпті бүгіндері 

биліктің өзіне технократ маман дар көптеп 

тартылып жатыр. Осы жағынан алғанда, 

бүгінгі таңда білім беру саласының негізгі 

потенциалы өнеркәсіп секторында тың 

жаңалық пен ерен ерлік жасауы тиіс әмбебап 

та жан-жақты техникалық маман дарды 

даяр лауға жұмылдырылып отыр. Демек, 



білім беру саласының бір тұ тас тық кате-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет