Эмпирикалық зерттеулер нақтылы объектіге бағытталған
және бақылау мен тәжірибе мәліметтеріне сүйенеді. Бұл деңгейде
сезімдік таным басым болды. Мұнда рационалды ойлау және оның
формалары (түсінік, талдау) қатысады, бірақ олар бағынышты күйде
болады. Сондықтан эмпирикалық деңгейде зерттелетін объект өзінің
сыртқы байланыстары мен көріністерінің артықшылығы тұрғысынан
бейнеленеді. Эмпирикалық зерттеуде бақылау мен эксперименттен
басқа сипаттау, салыстыру, өлшеу, анализ, индукция сияқты тәсілдер
қолданылады. Факт эмпирикалық зерттеудің басты элементі және
ғылыми білімнің формасы болып табылады.
Факт (лат. factum – жасалған, істелген сөзінен): а) шындық
түсінігінің синонимі, шынайы болған жағдай, нәтиже, қиялға қарама-
қарсылық; б) эмпирикалық білімді тіркейтін ерекше ұсыныс, яғни
бақылау мен эксперимент барысында алынған білім. Факт ғылыми
білім жүйесінің нақты логикалық құрылымына енгенде ғана ғылыми
болады. Н.Бор көрсеткендей, ешбір факт белгілі бір ұғымдар
жүйесінен тыс құрала алмайды. Қазіргі ғылым әдіснамасында
фактінің табиғатын тануда екі көзқарас қалыптасқан – фактінің әр
түрлі теорияларға қатыссыз және тәуелсіз екенін көрсететін
фактуализм және керісінше фактілер толықтай теорияларға тәуелді
және теория өзгергенде ғылымның факт қоры түгелдей ауысады
дегенді алға қоятын теоретизм. Бұл мәселенің дұрыс шешімі ғылыми
факт теориялық жүктеме ала отырып, салыстырмалы түрде теориядан
тәуелсіз болады, себебі ол негізінен материалды шындыққа
негізделген дегенді қабылдау болмақ. Ғылыми танымда фактілер
жиынтығы гипотеза ұсынуы мен теория жасаудың эмпирикалық
негізін құрайды. Ғылыми теорияның міндеті фактіні сипаттау, оларды
түсіндіру, белгілі болмағандарын болжау болып табылады. Фактілер
теорияны тексеруде, дәлелдеуде және терістеуде маңызды рөл
атқарады: фактіге сәйкес келу ғылыми теорияға қойылатын басты
талап. Теория мен фактінің сәйкесіздігі білімнің теориялық жүйесінің
аса күрделі кемшілігі деп есептеледі. Дегенмен, егер теория бір
немесе бірнеше фактілерге қарсы келсе, оны терістелген деп санауға
болмайды, өйткені мұндай қарсылық теорияны дамыту немесе
эксперименталды құралдарды жетілдіру кезінде жойылуы мүмкін.
Теориялық зерттеу ғылымның түсінік (ұғым) аппаратының
дамуымен, жетілдірілуімен байланысты және шындық болмыстың
байланысын, заңдылықтарын жан-жақты тануға бағытталады.
Ғылыми танымның бұл деңгейі білімнің рационалды формаларын –
ұғымдарды, теорияларды, заңдар мен басқа да ойлау формаларын
86
кеңінен пайдаланумен сипатталады. Ал сезімдік таным қосалқы, яғни
таным процесіне бағынышты болады. Теориялық таным құбылыстар
мен процестерді олардың әмбебап ішкі байланыстары мен
эмпирикалық зерттеулер мәліметтерін рационалды түрде өңдеу
нәтижесінде қол жеткізген заңдылықтар арқылы көрсетеді.
Теориялық зерттеуді ғылыми білімнің жоғары әрі ең дамыған
формасы ретінде қарастыра келе, оның проблема, гипотеза, теория
сияқты құрылымдық компоненттерін көрсетуге болады.
Проблема – теориялық зерттеудің формасы, оның мазмұнын әлі
адам танып, білмеген нәрсе қамтиды. Проблема таным процесі
кезінде пайда болатындықтан ғылыми танымның формасы емес, екі
негізгі нәрсені қаулы және шешімді қамтитын процесс болып
табылады. Адам танымының даму жолының барлығы алдымен бір
проблеманың шешу жолын табу, одан соң жаңа проблемаларды
анықтау ретінде көрінеді.
Гипотеза – теориялық білімнің формасы, ғылыми теорияның
фактілер негізінде жасалған болжамдардан тұратын, шынайы мәні әлі
анықталмаған және дәлелдеуді қажет ететін құрылымдық элементі.
Ғылыми гипотеза әрқашан нақты қандай да проблеманы шешу үшін,
жаңа эксперименталды мәліметтерді түсіндіру немесе теориядағы
қайшылықтар мен эксперименттің теріс нәтижелерін жоққа шығару
мақсатында ұсынылады. Гипотезаның ғылыми білімнен алар орнын
көптеген атақты философтар мен ғалымдар атап өткен болатын.
Атақты британ философы, логик және математик А.Уайтхед жүйелі
ойлау кейбір арнайы қосымшалы жалпы жағдайларға арналған
гипотезаларды
пайдаланбай
алға
баспайтындығын
айтқан:
«Жеткілікті дамыған ғылым екі жағдайда алға басады. Бір жағынан,
білімнің дамуы жұмыста пайдаланатын басты гипотезаны анықтау
әдісінде байқалса, екінші жағынан, осы гипотезаларды түзету
жұмыстары жүргізіледі». Теориялық білімнің формасы ретінде
гипотеза оның туындауы мен негізделуіне қажет кейбір міндетті
шарттарға сай болуы керек: ғылымда қабылданған заңдарға, өзі
түсіндіруге тиіс мәселе төңірегіндегі факті материалдарына сәйкес
болуы керек, формалды логика заңдарына қайшы келмеуге тиіс,
қарапайым әрі дәлелдеуге немесе терістеуге келетін болуы керек.
Теория ғылыми білімнің ең дамыған және күрделі формасы.
Ғылыми білімнің басқа формалары – ғылымның заңдары, жіктеулер,
топтастырулар, алғашқы түсіндіру сызбалары теорияның туындауына
алғы шарттар жасайды. Сонымен қатар, олар көп жағдайда теориямен
бірге өмір сүреді, ғылым жүйесінде оған ықпал ете отырып, тіпті
құрылымдық элементі ретінде теорияға да кіреді. Ғылыми білімнің
басқа формаларынан теорияның өзіндік ерекшелігі ол болмыстың
87
белгілі бір саласындағы кездесетін байланыстар мен заңдылықтар –
аталған теорияның объектісі туралы тұтас көрініс болуында. Ғылыми
теорияға
Ньютонның
классикалық
механикасы,
Дарвиннің
эволюциялық
теориясы,
Эйнштейннің
сәйкестік
теориясы.
Эйнштейннің пікірінше, кез-келген теория төмендегі белгілерге
(критерийлерге) жауап беруі тиіс: тәжірибе мәліметтеріне қарсы
шықпау; тәжірибе жасалған материалдар бойынша тексеруге келетін
табиғилығымен; логикалық қарапайымдылығымен ерекшелену;
неғұрлым анықталған жағдайдан тұру; көріктілігімен, сұлулығымен,
үйлесімділігімен ерекшелену; қолдану аясының кең болуы; жаңа,
жалпылама теорияларды жасауға жол сілтеу. Өзінің құрылысына
қарай теория іштей бөлінген (дифференцияланған), бірақ бір
элементтің екіншіге логикалық жағынан тәуелді болатын және теория
мазмұнының кейбір пікірлер мен ұғымдар жиынтығы, арнайы логика-
әдіснамалық ережелер арқылы шығарылатындығын сипаттайтын
біртұтас білімдер жүйесін құрайды.
Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық деңгейлері бір-
бірімен тығыз байланысты. Эмпирикалық зерттеулер бақылау мен
эксперимент арқылы жаңа мәліметтер ала отырып, теориялық
зерттеудің дамуын ынталандырады, оларға жаңа міндеттер жүктейді.
Теориялық зерттеулер ғылымның теориялық мазмұнын дамыта,
нақтыландыра түсіп, фактілерді болжау мен түсіндірудің болашағын,
жаңа жағын көрсетеді, эмпирикалық зерттеуді бағыттап отырады.
Ғылым біртұтас динамикалық жүйе ретінде тек жаңа эмпирикалық
зерттеулермен байып, оларды теориялық құралдар жүйесі, таным
формалары мен әдістерінде пайдалана отырып қана, сәтті дамуы
мүмкін. Ғылым дамуының белгілі бір сатысында эмпирикалық
зерттеу теориялық зерттеуге өтеді және керісінше. Бұл ұғымдардың
біреуін дамыту үшін екінішісін тежеуге болмайды.
Ғылымда шынайы білімді алу мен негіздеу түрлі ғылыми
әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Әдіс (гр: metodos – зерттеу жолы немесе таным) – іс-әрекетті
практикалық және теориялық жағынан меңгеру ережелері, тәсілдері
және операцияларының жиынтығы. Ғылыми білімдегі әдістің негізгі
қызметі – белгілі бір объектіні тану үрдісін іштей ұйымдастыру және
бақылау.
Әдіснама әдістер жүйесі, жалпы әдістер теориясы ретінде
анықталады. Қазіргі әдістер жүйесі ғылымның өзі сияқты сан алуан.
Ғылым зерттейтін объектілердің мазмұны жаратылыстану және
әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар әдістерін бір-бірінен айыратын
белгі рөлін атқарады. Өз кезегінде жаратылыстану ғылымдарының
88
әдістері іштей өлі табиғатты және тірі табиғатты зерттейтін әдістер
болып бөлінеді.
Әдістің сипаты көптеген факторлар арқылы анықталады:
зерттеу нысанымен, қойылған міндеттің жалпылығы, жинақталған
тәжірибе, ғылыми білімнің даму кезеңдерімен және т.б. Ғылыми
білімнің бір саласына пайдаланған әдіс басқа салада көздеген
мақсатқа қол жеткізуге көмек бере алмауы мүмкін. Ғылыми пәннің
қалыптасу дәуірінде қолданылған әдістер ол дамыған сайын аса
күрделі және жетілдірілген әдістерге орын босатады. Дегенмен
көптеген жетістіктер бір ғылымда жоғары нәтиже көрсеткен әдістерді
басқа саладағы ғылыми білімге ауыстырып қолданудан шыққан
болатын. Мысалы, биологияда физика, химия жүйелерінің жалпы
теориясының әдістері сәтті қолданылуда. Математикалық әдістер де
түрлі ғылым саласында қолданылып, жақсы нәтиже көрсетті. Демек,
қолданатын әдістер негізінде екі қарама-қарсы үрдіс дифференциация
және интеграция жүзеге асады.
Ғылым теориясында және танымның ғылым әдіснамасында
әдістерді түрліше жіктейді. Мәселен, В.Канке ұсынған ғылыми
әдістер жіктемесінде төмендегідей әдістер көрсетілген: білімді белгілі
объектіден белгісізге өткізетін және ғылыми ашылулар мәселесімен
тығыз байланысты индуктивті әдіс; жаратылыстанудағы ғылыми
түсініктің ережелерін анықтайтын және ғылым түсініктің шынайы
жағдайға сәйкестігін анықтауға негізделген гипотетико-дедуктивті
әдіс; логикалық және математикалық талдаулардың ережелерін
анықтайтын аксиомалық және конструктивті әдіс; әлеуметтік-
гуманитарлық білімде жиі қолданылатын құбылысты түсіну
(интерпретация), зерттеуші мен мәдениет әлемі арасындағы
құндылықты байланыс құруға негізделген прагматикалық әдіс.
жалпы әдістер: анализ, синтез, абстракциялау, салыстыру,
индукция, дедукция, аналогия және т.б. да анықталған.
арнайы, яғни ғылымда қолданылатын: ғылыми бақылау,
эксперимент,
идеализация,
формализация,
аксиомализация,
абстракциядан нақтылыққа ауысу және т.б.
тәжірибелік,
яғни
ғылыми
танымның
заттық-сезімдік
деңгейінде қолданылатын: бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент.
логикалық: дәлелдеу, терістеу, түсіндіру, салдарын анықтау,
жақтау.
Бақылау, өлшеу, тәжірибелік эксперимент эмпирикалық әдістерге
де жатады. Идеализация, ойлау эксперименті, абстракциядан
нақтылыққа өту сияқты әдістер теориялық болып табылады.
Әдістердің бірі білімді негіздеуге арналса (эксперимент, дәлелдеу,
89
3.2 Ғылымның
әдіснамалық негіздері
түсіндіру, интерпретация), енді бірі жаңалықтар ашуға бағытталған
(бақылау, индуктивті жалпылау, аналогия, ойлау эксперименті).
Жалпы алғанда әдіснамалық жағдай және принциптер қазіргі ғылыми
білімнің инструменталдық (құралдық) және технологиялық негізін
құрайды.
Қорыта айтқанда, ғылыми таным субъект және объект
қатынасынан тұрады; өзінің арнайы тілі бар; түрлі деңгейлері,
формалары және әдістері бар: эмпирикалық зерттеулер (ғылыми факт,
бақылау, өлшеу, эксперимент); теориялық зерттеулер (проблема,
гипотеза, теория).
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
Ғылымның философиялық негіздемелері: көзқарас эволюциясы.
2.
Ғылыми білімнің дамуындағы әлеуметтік факторлар.
3.
Ғылымды талдаудағы логика эпистемологиялық қадам.
4.
Ғылыми танымның негізгі деңгейлері.
5.
Ғылым лингвистикалық жүйе ретінде.
6.
Ғылыми танымның құралы ретіндегі ғылым тілі.
7.
Қазіргі ғылымдағы рефлексия мен ұғыну рөлі.
8.
Ғылымы білімнің әдістері.
9.
Таным әдістері мен құралдарының әрбір ғылымдардағы
ерекшелігі.
10.
Формализация теориялық танымның әдісі ретінде.
11.
Индукция ғылыми танымның әдісі ретінде.
12.
Дедукция ғылыми әдісі ретінде.
13.
Методология және жүйелілік қадам.
14.
Әлеуметтік таным және оның методологиялық негіздері.
Ғылым бір жағынан дербес, екінші
жағынан мәдениет жүйесіне кіреді. Бұл
ерекшеліктер оның негіздемелерімен
байланысты. Ғылымның негізінің төмендегідей компоненттері
анықталған: әдіснамалық, ғылыми қызметтің мұраттары мен
ережелері, ғаламның ғылыми бейнесі, философиялық негіздер,
әлеуметтік-мәдени негіздер. Алғашқы үш компонент ғылымның
дербестігін, басқа рухани мәдениеттің формаларынан ерекшелігін
сипаттаса, соңғы екі компонент ғылымның мәдениеттер жүйесіне
енетіндігін аша түседі.
Ғылым өзінің әдіснамалық негіздемелеріне сүйене отырып
дамығанда ғана дербестікке ие болады. Ғылым дамуының алғашқы
сатысында негіздеме ретінде философиялық тұжырымдар алынған.
Осындай жайт Ежелгі Грек ғылымына тән болды. Антикалық мәдениетте
90
ғылыми
қызмет
ұйымдастырылған
түрде
натурфилософиялық
болжамдар жүйесіне кірді. Жаңа заманда ғылымда ғылыми зерттеудің
міндеттерін айқындау мен оларды шешу әдістерін таңдауда дербестікке
қол жеткізуге мүмкіндік берген өзіндік әдіснамалық негіздері жасалды.
Әдіснамалық негіздер – бұл ғылыми зерттеудің әдістері мен
принциптерінің жүйесі, олардың негізінде ғылыми білім алу үрдісі
жүзеге асады.
Ғылыми қызметтің «басқарушы принциптеріне» алғашқылардың
бірі болып Р.Декарт көңіл аударған. Ол өзінің «Әдіс жайлы пайымдау»
атты еңбегінде ғылыми қызметтің негізгі төрт принципін көрсетеді:
ешқашан анық көз жеткізбеген нәрсеге сенбеу; зерттеу үшін таңдалған әр
мәселені тиімді шешу үшін мүмкіндігінше бөліп қарастыру; қарапайым
әрі жеңіл танылатын заттардан бастап, одан соң біртіндеп аса
күрделілерді тануға көшу; барлық жерде ешнәрсе назардан тыс
қалмайтындай толыққанды тізім, шолу жасау. Бұл принциптерде табиғат
құбылыстарын зерттеуде жасалған ғылыми қадамдардың мәні көрініс
тапқан. Дегенмен Декарт үшін ең негізгі рөлге ақылдың
аргументациясынан туындайтын интеллектуалды анықтық ие болды.
Г.Галилей ғылымның ерекшелігі оның сезімдік тәжірибелермен
қатар қажетті дәлердерге сүйенетіндігінде деп есептеген. Егер
алғашқысына бақылау арқылы қол жеткізілсе, екіншісі тәжірибелі
тексеруге жататын теориялық тұжырымдардың аргументі болып
табылады.
Ғылымның әдіснамалық негіздері мен әдіснамалық ережелерді
енгізудің маңыздылығын И.Ньютон да атап өткен. «Натуралды
философияның математикалық негіздері» атты үшінші кітабының
бастамасында ол ережелер жүйесін жасайды.
Бірінші ереже табиғаттың қарапайымдылығы мен онтологиялық
мүмкіндігін білдіреді: табиғат құбылыстарын түсіндіруде артық себептер
болмауы керек. Бұл ереже қарапайым түсіндірулерді ұсына отырып,
У.Оккамның қарапайымдылық принципін туындатады.
Екінші ережеде табиғаттың біртұтастығының онтологиялық идеясы
көрініс табады: бір-біріне ұқсас құбылыстар бар, демек оларды бір
себеппен түсіндіруге болады.
Үшінші ереже табиғаттың біртұтастығының онтологиялық
мүмкіндіктерін дамытады: біртіндеп азаймайтын және барлық денелерде
кездесетін, біздің экспериментіміздің аясында ғана көрінетін дененің
қасиеті әмбебап ретінде қарастырылуы керек.
Төртінші ереже: эксперименталды философияда жалпы индукция
жолымен алынған пайымдауды оған қарсылық тудыратын гипотезаларға
қарамастан ақиқат немесе ақиқатқа өте жақын деп қарастыру керек.
91
Жоғарыда
аталған
әдіснамалық
ережені
ХХ
ғасырда
В.И.Вернадский эмпирикалық жалпылаулардан тұратын «ғылыми
аппарат» ұғымын енгізе отырып толықтыра түсті. Ғылыми фактілерге
негізделген эмпирикалық жалпылау ақиқат құбылысты тұтастықта
қарастырады.
Олар
ғылымның
дамуына
қарай
нақтыланып,
толықтырылып отыруы мүмкін, бірақ назардан тыс қалдырылмайды.
Демек, ғылым ғылыми білімді алудың технологиясын анықтайтын
әдіснамалық нұсқаулар, принциптер, ережелер негізінде дамиды.
Ғылыми зерттеудің мұраттары мен ережелері ғылымның
құндылықтық және әдіснамалық ұстанымдарын жалпы реттеуші
принципі болып табылады. Мұраттар мен ережелер құрылысына қарай
жүйелі білім болады және оны құрайтын құрамдас бөліктері бар.
Білімді негіздеу мен дәлелдеудің мұраттары мен ережелері. Ғылым
өзіне дейінгі ойлау формаларынан ғылымның әр даму сатысында әр
формада көрініс табатын өзінің дәлелділігімен, негіздемелілігімен
ерекшеленеді. Антикалық мәдениетте дәлелдеу мен негіздеу
натурфилософиялық пікірлерден және қайшылықсыздықтың логикалық
белгілерінен туындаған. Аристотельдің қайшылықсыздықтың логикалық
заңдылығын танымның ең жоғарғы сатысына жатқызғаны мәлім. Жаңа
заманда Галилейден бастап тәжірибелік тексеру белгілері енгізіле
бастайды.
Ғылыми фактілерді сипаттау мен түсіндірудің мұраттары мен
ережелері ғылымға фактіні енгізудің шарттарын бекіте түседі. Мысалы,
егер классикалық ғылым алғышарт ретінде сипаттаудың объективтілігін,
субъектінің ықпалын ескермеуді талап етсе, неоклассикалық ғылымда
тәжірибеден алынған мәліметтердің эксперименттік шарттары,
логикалық шарттар және олардың интерпретациялары (толықтыру,
тікелей принципі) есептеледі. Квантты механикада зерттеу қаншалықты
классикалық физиканың аясынан тыс түсіндірілгенімен, тәжірибелік
мәліметтер классикалық ұғымдардың көмегімен ғана сипатталады.
Білімнің ұйымдастырылуы мен құрылуының мұраттары мен
ережелері. Ғылымның даму тарихынан антикалық ғылымға тән білімді
ұйымдастырудың аксиомалық әдісін байқауға болады. Қазіргі ғылымға
білімді ұйымдастырудың гипотетико-дедуктивті жолы тән.
Жалпы зерттеудің жүйесі мен ережелерін ғылыми қауымдастық
жаңа білім алу мақсатымен табиғат құбылыстарын жобалайтын
әдіснамалық «тор» ретінде қарастыруға болады. Мұраттар мен ережелер
жаңа білімді алуды, оны сипаттау мен таныстыруды реттеп отырады.
Әлемнің ғылыми бейнесі. Әлемнің ғылыми бейнесі ғылыми
білімдердің синтезін білдіреді, оның негізінде дүниетанудың белгілі бір
моделі жасалады. Әлемнің ғылыми бейнесінің мақсаты – зерттеу пәні
туралы жалпылама мағлұмат беру. Көптеген ғылымдардың бір ғана
92
нәрсені зерттейтіндігін ескере отырып, жаратылыстану, арнайы
ғылымдар физикалық, биологиялық, химиялық т.б. арқылы құрылатын
әлемнің бейнесін бір-бірінен ажыратуға болады.
Әлемнің ғылыми бейнесін құру үшін зерттеудің фундаменталды
объектілерін және оның формасы мен қозғалысын есептеу;
фундаменталды объектілердің жіктелуін және олардың өзара әсерінің
заңдылығын; зерттеліп отырған болмыстың кеңістіктік-уақыттық
құрылымын анықтаудың маңызы зор. Сонымен қатар, атомдық
объектілер жүйелілерге айналатындығы, редукция принципі біртұтастық
принципіне өтетіндігі, нәтижесінде фундаменталды объектілердің
жіктелуі де есепке алынады.
Мәселен, зерттеу объектісі биосфера болса, фундаменталды объекті
ретінде биосфераның бөлінбейтін элементарлы бөлігі биогеоценоз
қатысады. Сәйкесінше қозғалысты басқарушы форма ретінде
эволюциялық үрдіс жүзеге асады. Мұндай өзгерістер фундаменталды
объектілердің өзара ықпалы заңдылығын зерттегенде де байқалады.
Қазіргі ғылым үшін мұндай түсініктерге синергетикалық пайымдауды
күшейтетін ұйымдастыру заңдылығы жатады. Зерттеліп отырған
болмыстың кеңістіктік-уақыттық құрылымы ұғымында да өзгешеліктер
кездеседі. Егер классикалық ғылым кеңістік пен уақыт абсолютті деген
тұжырымды ұстанса, қазіргі ғылым кеңістік пен уақыттың көп өлшемді
болатындығын, олардың сапалық өзгешеліктерін, табиғат пен объектіге
шарттылығын меңзейді.
Әлемнің ғылыми бейнесінің фундаменталды маңызы ғылымның
негізгі өзгерістерін көрсетеді, сондықтан оны ғылымның сапалы даму
сатысы ретінде қарастыруға болады. Бұл аспектте механикалық
дүниетанымның мұраттары мен ережелерін көрсететін механикалық
және әлемнің жүйелі түрде қабылдау мен оған бақылаушы, зерттеуші
ретінде адамның енуі көрсетілетін кванто-релятивті бейнесін анықтауға
болады. Әлем туралы жаңа ғылыми көзқарастар антропты принцип,
синергетиканы, биосфераның ноосфераға өтуі жайлы Вернадский
ілімдерін қамтиды.
Әлемнің ғылыми бейнесі ғылыми қауымдастықты негізгі
мәселелерге
жұмылдырады,
ғылымның
қандай
объектілермен
қатыстылығын анықтайды. Мәселен, механикалық әлем бейнесінде
негізгі мәселе қозғалыс болса, ал қазіргі әлем бейнесінде негізгі мәселе
өзін-өзі ұйымдастыру болып отыр. Сонымен қатар, механикалық әлем
бейнесі және оның парадигмалары редукционизм принципі бойынша
құрылса, қазіргі әлем бейнесінің парадигмалары біртұтастық пен
жүйелілік принципін алға тартады.
Әлемнің
ғылыми
бейнесінің
құрылуы
ғылымның
басқа
формалармен көзқарастар, мәдениеттің өзара байланысына негізделеді.
93
Ғылым тек өзінің аясымен шектеліп қалмайды, оған мәдениетпен етене
араласу қажет. Философиялық ойлар, діни-мистикалық ашылулар,
суреткерлік түйсік ғылымның дамуына сөзсіз әсер етеді.
Ғылымның философиялық негіздері. Ғылымның мәдениеттер
жүйесіне енуі ең алдымен оның философиялық категориялар мен
идеялардан тұратын философиялық негіздерін ұйғарады. Философияның
негізінде ғылым үшін ең маңызды себептер, кездейсоқтық, жүйелілік
және құрылымдық, біртұтастық идеялар туындаған. Кеңістіктік-
уақыттық түсініктер ғылымға енгізілместен бұрын философияның
рефлексиясы болған. Осы және одан да басқа онтологиялық
философиялық түсініктер ғылыми танымға өз әсерін тигізген.
Ғылымның философиялық негіздері ретінде онтологиялық,
гносеологиялық, әдіснамалық және аксиологиялық құрамдас бөліктерін
атауға болады. Ғылымның әр даму сатысында олардың барлығы емес,
тек тиістісі өз ықпалын тигізген. Мысалы, Жаңа заман ғылымы үшін
тұжырымдар шығаруда философиядағы әдіснамалық мәселелер маңызды
болды.
Ф.Бэконның,
Б.Спинозаның,
Г.Лейбництің
жұмыстары
ғылымның әдіснамалық негіздерін дамытты. ХХ ғасырда классикалық
ғылым үшін субъект-объект қатынасының ерекшеліктерін ашатын
гносеологиялық мәселелер маңызды болды. Егер классикалық ғылым
ақиқақатты мәңгілік өзгертетін, тұрақты нәрсе деп қарастырса,
неоклассикалық ғылым ақиқаттың абсолюттілігінің шегі мен
шарттылығын, абстрактілігін, көрнекілігін анықтады. Қазіргі
постклассикалық емес ғылымды аксиологиялық философиялық
пайымдаулар, құндылықтар мен білімнің арақатынасы, этикалық
мәселелер қызықтырады.
Философиялық әдебиеттерде ғылымның философиялық негіздерінің
дамуы мен өзгеріп отыруы зерттеушінің заттың ерекшелігін ғылымға,
оның дәстүрлеріне, мұраттары мен ережелеріне сәйкестігін түсінуде тек
философиялық емес, сонымен бірге арнайы эрудициясының да болуын
талап ететіндігіне назар аударады. Сондықтан философиялық негіздердің
қалыптасуы ғылыми танымның белгілі бір саласына сәйкес философия
арқылы жасалған идеялардың бейімделуімен жүзеге асады. Философия
мен ғылымның тоғысуынан зерттеу қызметінің ерекше қабаты – ғылым
философиясы мен әдіснамасы туындайды.
Ғылымның әлеуметтік-мәдени негіздері. Мәдениеттің ғылымға
негіздеме болуын екі аспектіде қарастыруға болады – өркениеттік және
мәдениеттанулық. Өркениеттік тұрғыда дәстүрлі әлеуметтік өзгерістер
шектеулі қарқынмен жүргізілетін қоғамда инновациялық қызмет жоғары
құндылық ретінде қабылданбайды, білімнің де қажеттілігі шамалы.
Техногенді өркениет жағдайында ғылымның дамуын көптеген жағдайлар
туғызады, әлеуметтік өзгерістердің жоғары қарқынмен жүргізілуі мен
94
инновациялық қызмет жоғары құндылықтар ретінде саналатын
техногенді өркениет тіршілігінің маңызды негізі ғылым білімнің дамуы
мен оны технологиялық қолданылуы болып табылады.
Ғылымның
әлеуметтік-мәдени
негіздерін
П.Сорокиннің
«Әлеуметтік-мәдени динамика» атты еңбегінде қарастырған үш негізгі
мәдениет негізінде идеалдық, идеалистік, сезімдік айқындауға болады.
Ол идеалдық мәдениетке Құдайдың құдыреті мен бейсаналылық
принципіне негізделген бірыңғайланған мәдениет жүйесін жатқызады.
Бұл мәдениетке сезімдік әлемге деген бей-жайлық немесе қарсылық тән,
ол туралы білім құндылық болып саналмайды. Мәдениеттің бұл
жүйесінде ғылым тек теологиялық көзқарасқа бағынышты ретінде
қабылданып, қоғамдық және тұрмыстық өмір, діннің бақылауында
болған.
Мәдениеттің идеалистік жүйесіне Сорокин шынайы болмыстың
біраз бөлігі бейсаналы және біршама бөлігі сезімге негізделетін
мәдениет жүйесін жатқызады. Мәдениеттің бұл жүйесінде ғылымның
логикалық негіздері, тәжірибелік, эксперименттік негіздері де
дамытылады.
Мәдениеттің сезімдік жүйесі өзінің жаңа «объективті шындық және
оның сенсорлы мазмұны» принциптеріне біріктіріліп, негізделеді.
Мәдениеттің үш жүйесіне сәйкес ақиқаттың үш түрі анықталады.
Идеационалды ақиқат – бейсаналы түрде, мистикалық тәжірибе
негізінде, жоғарыдан берілген түйсік пен шабыттың арқасында ашылған
ақиқат. Сорокин мұндай ақиқатты сенім ақиқаты деп атайды. Идеалистік
ақиқат үшін ақиқат ақылдың құралдары арқылы анықталады, оны ойдың
логикалық және диалектикалық түрде логикалық және математикалық
дәлелдеулерге қол жеткізуі қызықтырады. Сезімдік ақиқат Сорокиннің
ойынша тәжірибеге жүгінген сезімнің ақиқаты. Ол сенім ақиқатына
қайшылықты болады.
Бұл ақиқаттар қоғамдық жүйенің даму сатыларына қарай басым
болып отырады. Сорокин эмпирикалық мағлұматтарды жалпылау
арқылы ғылымның даму қарқынын анықтай келе, сезімдік ақиқат басым
болғанда ғылыми және техникалық ашылулардың саны өсетінін айтады.
Мәселен, VII-VIII ғасырда мәдениеттің идеационалды жүйесі басым
болғанда жаңа ашылулар жүзжылдықта төрттен аспаған. Ал XVIII
ғасырда сезімдік ақиқат басым болғанда ғылыми және техникалық
ашылулар 691-ді құраған.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік-мәдени тұжырымдар ғылымға өз
ықпалын тигізеді: оның дамуына көмектеседі немесе тежейді. Бұл
ғылымның мәдеиеттер жүйесіне енетіндігін және дербестігіне
қарамастан онымен санасып отыратындығын дәлелдейді.
|