Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата03.03.2017
өлшемі2,6 Mb.
#5533
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

 
ӘОЖ 544.7 (549.5) 
 
ГОМОПОЛИЭЛЕКТРОЛИТТЕРДІҢ ФЛОКУЛЯЦИЯЛАУШЫ ҚАБІЛЕТІНЕ 
БЕТТІК АКТИВІ ЗАТТАРДЫҢ (БАЗ) ӘСЕРІ 
 
Сабыралиева Ж.Ы., Таубаева Р.С., Айдарова А.О., Әкімбай М. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Суды тазалаудың қол жетімді ҽдістерінің бірі  -сорбциялық-флокуляциялық тҽсіл. Бұл 
ҽдістің  мҽні  ауыр  металдар  мен  басқа  ластаушы  заттарды  модифицирленген  табиғи 
сорбенттерде  сорбциялап,  содан  соң  флокулянттардың,  коагулянттардың  жҽне  ПЭ-  БАЗ 
комплекстері кҿмегімен оларды тұнбаға түсіру болып табылады. 
Дисперстік  фаза  бҿлшектері  мен  беттік  активті  заттардың  (БАЗ)  зарядына,  БАЗ  жҽне 
жоғары молекулалық қосылыстардың (ЖМҚ) молекулаларымен бҿлшектер бетінің жабылу 
дҽрежесіне  байланысты,  БАЗ  мен  ЖМҚ-дың  молекулалары  жҽне  иондары  дисперстік  фаза 
бҿлшектерінің бетіне адсорбцияланып, дисперстік жүйенің тұрақтылығын бұзуы немесе оны 
стабилизациялауы  мүмкін.  Дисперстік  фаза  бҿлшектеріне  кері  зарядталған  иондық  БАЗ 
жҽне полиэлектролиттердің (ПЭ) аз концентрациялары жүйені флокуляциялайды. Ал ЖМҚ-
дың  жоғарғы  концентрацияларында  гидрофобтық  зольдердің  тұрақтануы  –  «қоллоидтық 
қорғау  құбылысы»  байқалады  [1-2].  Құбылыстың  мҽнін  қарастыру  үшін  дисперстік 
жүйелердің  тұрақтылығын  жоғары  молекулалы  қосылыстардың  кҿмегімен  реттеудің  жаңа 
мүмкіншіліктерін ашып кҿрсету қажет болды.  
Зерттеу  жұмысында  флокулянт  ретінде  Ciba  Specialty  Chemicals  (Ұлыбритания)  жҽне 
SNF  S.A.,  (Франция)  ҿндіру  фирмаларының  -  Magnafloc,  Zetag  пен  FО  SSH,  AN  SH 
реагенттері алынды. Олардың негізгі параметрлері 1-кестеде келтірілген 
 
Кесте 1 - Флокулянттар сипатамасы 
Флокулянт 
Типі 
Флокулянттардың 
химиялық формуласы 
 
 
 
 
 
Флокулянттар
дың  комерциялық 
аты 
Молекул. 
масса,10

Да 
Зарядта
лған 
топ 
мҿлшер
і, 
мол. % 

162 
 
Катионды 
 
Zetag 89 
5 – 7 
80 
Zetag 92 
Шамаме
н 10 
25 
FO 4800SSH  
6 – 7 
80 
Анионды 
 
Magnafloc 155 
15 – 20 
10 
Magnafloc 156 
40 
 
Катиондық  БАЗ  ретінде-цетилтриметиламмоний  бромиді  (ЦТАБ)-C
16
H
33
(CH
3
)
3
N
+
Br
-
қолданылды.  Анион-дық  БАЗ  ретінде-атрийдің  додецилбензолсульфонаты  (ДДБС-Na)-
C
12
H
25
C
6
H
4
SO
3
Na

алынды.  Молекулалық  массасы  348,48  г/моль.  Мицелла  түзілудің 
критикалық  концентрациясы  1,15  mM-ға  тең.  Сулы  ортада  иондық  флокулянттармен 
комплекс  түзіп,  олардың  электр  зарядын,  гидрофильді-липофильді  балансын  жҽне 
конформациясын  ҿзгерте  алатын  болғандықтан  зерттелетін  беттік-  активті  заттар  ретінде 
жоғарыдағы  заттар  таңдап  алынды.Зерттеуде  аналитикалық  таразыда  5г  табиғи  каолин 
ұнтағы  стаканға  салынып,  оған  15мл  дистилденген  су  құйылып,  магнитті  араластырғыш 
арқылы  араластырылды.  Толық  дисперсия  пайда  болу  үшін  pH  мҽні  7,5-ге  келтірілді 
(0,125мл 0,1н NaOH қосу арқылы). Алынған қоспа 10 минут бойы 4000 айн/мин жиілікпен 
араластырылды.  Алынған  қоспа  1л  кҿлемді  стаканға  ауыстырылып,  су  құйылды.  Алынған 
суспензия 1 тҽулік бҿлме температурасында сақталды.Сонан соң зерттеуге стаканның беткі 
бҿлігінен 800 мл гидросуспензия алынды. 
Дайындалған каолинді гидросуспензия кҿлемі 20 мл болатын стаканға құйылып, оған 
магнитті  аралыстырғыш  орналастырылды.  Сонан  соң  араластыра  отырып  суспензиялық 
массаға  флокулянт  кезектесіп  енгізілді  (керекті  концентрациясында).  Алынған  жүйені 
спектрофотометр құрылғысының кюветасына ауыстырып, оптикалық тығыздық мҽнін ҽрбір 
бірінші 20 минутта 5 минут сайын, сонан соң 2 минутты жиілікте 40 минут бойы бақылап, 
кҿрсеткіштері кестеге енгізілді. 
Концентрациясы  0,01  %  болатын  флокулянттардың  судағы  ерітіндісі  дайындалды. 
Аналитикалық  таразыда  0,01г  флокулянт  3  сандық  белгісіне  дейінгі  дҽлдікпен  ҿлшеніп 
алынып,  кҿлемі  100мл  болатын  колбаға  ауыстырылып,  үстіне  80мл  дистелденген  су 
құйылып  ерітінді  бір  тҽулікке  полимер  ісіну  үшін  бҿлме  температурасында  қалдырылды. 
Содан кейін ерітіндінің кҿлемі 100мл-ге дейін дистелденген сумен толықтырылады. 
Дисперстік  жүйенің  тұрақтылығы  дисперстік  жүйе  арқылы  ҿткен  жарықтың 
қарқындылығының  ҽлсiреуі  ҿлшенетін  турбидиметриялық  ҽдіспен  зерттелді.  Агрегаттың 
құрылымдануы  мен  бҿлінуі,  сонымен  қатар  флокуляция  кинетикасын  толық  зерттеу  үшін 
LEKI  SS  1104  (Medior  OY  Финляндия)  спектрофотометр  құрылғысы  арқылы  оптикалық 
тығыздық D (жұмыстың спектральдық диапазоны 540 нм) анықталды. Тұну жылдамдығын 
уақыттағы  оптикалық  тығыздықтың  D  ҿзгеруінің  кинетикалық  қисықтары  арқылы 
анықталды.  Макромолекулалар  комплексінің  конформациялық  күйі  туралы  ақпарат  алу 
үшін  вискозиметрия  ҽдісі  қолданылды.  ПЭ  ерітінділерінің  тұтқырлығы  Уббелоде 
вискозиметрімен ҿлшенді (еріткіштің ағу уақыты – 98 сек). Тҽжірибелерді 25°С температура 
±0,1°С дҽлдiгiмен жүргіздік. Келтірілген тұтқырлықты ҿлшеу дҽлдігі ±1%- ды құрайды. 
Ағынды  жүйедегі  агрегаттардың  қалыптасуының,  бұзылуының  жҽне  олардың  қайта 
түзілуінің  кинетикасын  анықтау  үшін  PDA  2000  (Rank  Brothers  Ltd,  Ұлыбритания)  құралы 
пайдаланылды. 
Жүйеде  бҿлшектердің  ҿлшемдері  бойынша  таралуы  лазерлі  Zeta  Sizer  (Malvern) 
құралының кҿмегімен бҿлме температурасында, электр тогының сыртқы градиентінің  
6-15В/см диапазонында ҿлшенді. 

163 
 
ПЭ-дің  оларға  қарсы  зарядталған  иондық  беттік-активті  заттармен  комплекс  түзіп, 
соның  нҽтижесінде  полиэлектролит  макромолекуласының  гидрофильдік-  липофильдік 
балансының  (ГЛБ)  жҽне  зарядының  мҽні  ҿзгеретіндігі  белгілі  [3-5].  Бұл  процесс  ПЭ 
макромолекуласының  судағы  ортада  жиырылып  гидродинамикалық  мҿлшерінің  азаюына 
ҽкеліп  соғады.  Егер  полиэлектролит-БАЗ  комплекстерінің  осы  қасиетін  флокуляцияны 
қарқындату  үшін  пайдаланса,  онда  суды  дисперстік  бҿлшектерден  тазалау  процесін 
жылдамдатып қана қоймай, сонымен қатар бірсыпыра арзандатуға да болар еді. Сондықтан 
зерттеу  жұмысында  флокулянттардың  каолин  гидросуспензиясының  тұрақтылығына  ҽсері 
БАЗ-дың  қатысында  зерттелді.Зерттеу  нҽтижесінде  каолин  гидросуспензиясына  аниондық 
БАЗ-натрий  додецилбензолсульфанатын  (ДДБС-Na)  қосқанда  флокуляция  процесі 
байқалмайтындығы белгілі болды.  
БАЗ қатысында флокулянттың каолин бҿлшектерін тұнбаға түсіру жылдамдығы оның 
концентрациясы  артқан  сайын  ҿсе  түседі  (1  сурет).  ПЭ-тің  зарядының  артуы  бұл  процесті 
күшейтеді.  Қарастырылып  отырған  құбылыс  ПЭ−БАЗ  комплекстерінің  түзілуімен 
түсіндіріледі.  Комплекстің  флокуляциялаушы  концентрациясы  1,5-2,0  мг/г  шамасында 
болды.  
 
 
 
 
1- Zetag 89 + ДДБС-Na; 2- Zetag 92 + ДДБС-Na 
 
1  -  сурет.  Каолин  бҿлшектерінің  бастапқы  тұну  жылдамдығының  ПЭ−БАЗ, 
полиэлектролит концентрациясына тҽуелділігі 
 
Зерттеу  нҽтижесінде  каолин  бҿлшектерін  флокуляциялау  үшін  күшті  зарядталған 
катионды ПЭ-тің (Zetag 89) ДДБС-Na-мен комплексін қолданған тиімді екендігі анықталды. 
«Кҿпірше  түзу»  механизімі  бойынша  адсорбцияланған  полимер  макромолекуласы  каолин 
бҿлшектерінің бетінде бірнеше жерден бекітіліп, ҽлсіз деформацияланады жҽне құрамында 
біршама  ұзын  ілмектер  мен  құйыршықтары  болғандықтан  флокулалар  түзеді. 
Қарастырылып  отырған  флокуляция  дисперстік  фазаның  бҿлшектері  мен  қарсы  зарядтары 
бар үлкен молекулалық массаға ие ПЭ арасындығы кҿпірше түзу механизмі бойынша жүруі 
мүмкін.  Жоғары  эффективтілік  сонымен  қатар,  қарастырылып  отырған  флокулянттардың 
(Zetag 89 полимерінің құрамындағы зарядталған топтар - 80%, ал Zetag 92 полимерінде-25% 
ғана)  полимерлі  тізбегіндегі  оң  зарядтың  тығыздығына  да  байланысты  болуы  мүмкін. 
Зарядының  тығыздығы  жоғары  болғандықтан  Zetag  89  флокулянты  каолин  бҿлшектерінің 
теріс ζ-потенциалының мҽнін айтарлықтай тҿмендететіп, тіпті кері (яғни оң) зарядтайды (2 
сурет). 
 

164 
 
 
 
2  -  сурет.  Каолин  гидросуспензиясының  катионды  Zetag  89  (1)  жҽне  Zetag  92  (2) 
полиэлектролиттерінің мҿлшеріне байланысты электрокинетикалық потенциалының ҿзгеруі 
 
Аниондық  БАЗ−ДДБС-Nа  қатысында  каолин  бҿлшектерінің  БАЗ-дың  салыстырмалы 
концентрациясының n=0,3 мҽнінде таза ПЭ-мен салыстырғанда 2,2 (Zetag 92 үшін) жҽне 2,5 
(Zetag  89  үшін)  есе  жылдам  шҿгуі  байқалады.  ПЭ-дің  анионды  БАЗ  қатысында 
флокуляциялық  қабілетінің  артуын  түзілген  флокулалардағы  каолин  бҿлшектерінің 
арасындағы полимерлі кҿпіршелерде ПЭ – БАЗ комплексінің түзілуімен түсіндіруге болады. 
Бұл флокулалардың тығыздалып жылдам тұнбаға түсуіне ҽсер етеді. 
Алғаш  рет  каолин  бҿлшектерінің  агрегациялануына  олармен  аттас  зарядталған 
полимерлер  мен  БАЗ-дың  қоспаларының,  яғни  катиондық  ПЭ  мен  катиондық  ЦТАБ-тың 
ҽсері зерттелді. 
Бұл  үшін  жаңа  ҽдіс  –  бҿлшектердің  агрегациялану  санын  (R)  анықтау  пайдаланылды 
(22,23 суреттер) [8,9]. 
Зерттеу  нҽтижесінде  жеке  катиондық  БАЗ-дың  каолин  бҿлшектерін  флокуляциялау 
қабілетінің нашар екендігі анықталды (3 сурет). 
 
 
 
1–2,4·10
-7
%; 2- 4,73·10
-7
%; 3– 7,28·10
-7
%; 4– 2,4·10
-7

 


сурет.  Катиондық  ЦТАБ  қатысындағы  каолин  гидросуспензиясының 
бҿлшектерінің агрегациялану кинетикасы 
 

165 
 
 
1  -  FO4800SSH+ЦТАБ;  2  -  ЦТАБ+FO4800SSH;  3-  алдын  ала  дайындалған 
компоненттер қоспасы 
 
4 - сурет. FO 4800 SSH катиондық ПЭ (1,1·10
-7
%) жҽне ЦТАБ (7,28·10
-7
%) қоспасының 
қатысындағы каолин гидросуспензиясының бҿлшектерінің агрегациялану кинетикасы 
 
4  суретте  жоғары  зарядты  катиондық  ПЭ  FO  4800  SSH  пен  ЦТАБ-тың  бірдей 
қатынастағы  қоспасының  компоненттерін  ҽртүрлі  тҽсілмен  қосуға  байланысты  каолин 
бҿлшектерінің  агрегациялану  дҽрежесінің  уақытқа  байланысты  ҿзгеруі  кҿрсетілген. 
Алғашқыда  суспензияға алдымен  ПЭ қосылып  2 минуттан  соң  БАЗ  ерітіндісі  қосылады  (1 
қисық) , ал екінші жағдайда, керісінше, алдымен БАЗ ерітіндісі, содан соң 2 минуттан кейін 
полимер  ерітіндісі  қосылды  (2  қисық).  Үшінші  жағдайда  суспензияға  алдын  ала 
дайындалған  компоненттер  қоспасы  қосылады  (3  қисық).  Тҽжірибе  нҽтижесі  БАЗ  бен 
флокулянттың  қоспасын  алдын  ала  дайындап  алып  гидросуспензияға  қосудың  тиімділігін 
кҿрсетті.  Қортындылай  келе,  зерттеліп  отырған  полимерлердің  ішінде  катиондық  заряды 
жоғары FO 4800 SSH флокулянты жоғары флокуляциялаушы қасиетке ие екені кҿрсетілді. 
Бұдан  флокулянттардың  заряд  тығыздығы  мен  молекулалық  массасы  артқан  сайын 
флокуляция жылдамдығы артатыны байқалды   [6,7].  
Каолин  гидросуспензиясының  тұрақтануы  үшін  тиімді  полимер-коллоидты  комплексі 
ретінде  Zetag  89+ДДБС-Na  таңдалды.  ЦТАБ  қатысындағы  катионды  ПЭ-тің  каолин 
гидросуспензиясына  флокуляциялаушы  ҽсерінің  артуын  БАЗ-дың  адсорбциясынан  каолин 
бҿлшектерінің  теріс  зарядтарының  бейтараптануымен  жҽне  бҿлшектің  гидрофобтануымен 
түсіндіруге болады. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Неппер Д. Стабилизация коллоидных дисперсий полимерами. – М.: Мир, 1986. – 487 
б.  
2.  BaranyS.,  MeszarosR.,  KozakovaI.,  SkvarlaI.Kinetics  and  mechanism  of  flocculation  of 
bentonite and kaolin suspensions with polyelectrolytes and the strength of floccs // Colloid Journal. 
- 2009, V. 71.- Issue 3. -Р 285-292. 
3.  Мусабеков  К.Б.,  Артыкова  Д.М-К.  Стабилизация  водных  суспензий  бентонитовых 
глин  Таганского  месторождения  в  присутствии  ВРП  и  ПАВ  //  Известия  НТО  «Кахак».  – 
2007. № 3 (19). – Б. 55-59. 
4. Сикорский А.А., Миронюк А.В., Свидерский В.А. Реологические поведение водных 
суспензий  каолина  в  присутствии  поверхностно-активных  веществ  //  Technology  audit  and 
production reserves. – 2013, № 2/1 (10). – Б. 45-48. 
5. Баран А.А. Полимерсодержащие дисперсные системы. – Киев: Наукова думка, 1986. 
– 204 б. 
6. 
Р.С.Таубаева, 
К.Б.Мусабеков, 
Д.М-К.Артыкова. 
Влияния 
смеси 
полиэлектролит/ПАВ на электрокинетические свойства глинистых минеральных суспензий 
// Тез.межд.конф. «Коллоиды и нанотехнологии в индустрии». Алматы, 2014, С.78. 

166 
 
7. Р.С.Таубаева, Р.Месарош, К.Мусабеков, Ш. Барань. Электрокинетический потенциал 
и  флокуляция  суспензий  бентонита  в  растворах  ПАВ,  полиэлектролитов  и  их  смесей  // 
Коллоидный журнал, серия химическая, 2015. - Том 77, № 1. – Б. 100–108. 
 
      Аннотация.  Скорость  оседания  частиц  каолина  с  повышением  концентрации 
флокулянта в присутствии ПАВ усиливается. Повышение заряда полиэлектроита усиливает 
этот  процесс,  что  связано  с  образованием  комплексов  ПЭ-ПАВ.  Флокулирующая 
концентрация комплекса – 1,5-2,0 мг/г. 
     Annotation. The rat of settling of kaolin particles with increased flocculants concentration in the 
surfactant  enhanced.  Increasing  the  charge  of  polyelectrolytes  enhances  this  process,  which  is 
associated  with  the  formation  of  complexes  PE-surfactants.  Flocculation  concentration  of  the 
complex - 1,5-2,0 mg/g.     
 
ӘОЖ 373.1.02:372.8 
БАСТАУЫШ МЕКТЕП МАТЕМАТИКАСЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ 
 
Сарыбекова Қ.Н. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
 
Қазіргі  таңда  біздің  ғаламшарымыздың  келешекте  адам  ҿмір  сүруге  жарайтын  күйде 
сақтап қалудың негізгі бір – ақ жолы қалды. Ол – бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен 
оларды табиғат қорғауға тҽрбиелеу. Соның арқасында ҽрбір азамат ҿзі тұратын ҿлкенің ҿлі 
жҽне  тірі  табиғатын  ластап  –  улануына,  қорының  ысырап  болып,  шашылып  –  тҿгілуіне, 
кҿркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүргізуде қарсы тұруға үлес қоса алады. 
Президентіміз  Нұрсұлтан  Ҽбішұлы  Назарбаев  ҿзінің  «Қазақстан  –  2050»  даму 
стратегиясына    сҽйкес  -  Білім  мен  ғылым  министрлігі  бала  бақшадан  бастап  жоғары  оқу 
орындарына  дейін  экологиялық  білім  мен  тҽрбие  берудің  концептуалды  бағытын 
айқындады. Онда: тҽрбие процесін Қазақстандық патриотизм, азаматық интернационализм, 
гуманизм, идеяларына негіздеу жҽне оқушылардың жеке бастарының жоғары адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастыруға  бағыттап,  олардың  қоғамдық  бірлестігін  дамыту  мақсаты 
кҿзделген.  Онда:  «Экологиялық  нашар  ахуал  бүгінде  адам  ҿлімінің  20  пайызына  себеп 
болып  отыр...  Табиғи  ортаны  ластаушылардың  бҽріне  берік  жҽне  қат  –  қабат  тосқауыл 
қойылу қажет» деп айқын кҿрсетілген[1.3б.].  
Табиғатты  қорғауға  бағытталған  іс  –  ҽрекеттің  терең  тарихи  тамырлары  болғанымен, 
«табиғат  қорғау»  термині  тек    ХХ  ғасырдың  басында  ғана  қолданысқа  енді.  Алғашқы 
анықтамасында (1913 ж.) бұл термин «табиғат ескерткіштерін сақтап қалу, оларға жанашыр 
болу» дегенді білдіреді [2.23б.]. 
Кҿп жылғы түрлі деректерді зерттеу алғашқы рет ғылыми ҽдебиетте табиғат қорғауды 
педагогикалық  проблема  ретінде  профессор    В.Н.  Скалонның  түсіндіргенін  кҿрсетті. 
Алайда, зерттеуші тек осы түсінікпен ғана шектелді[3.103б.]. 
Ғылым  мен  техниканың  ҿркендеуіне  байланысты  табиғат  қорғау  жҿнінде  ғылымды 
оқыту  жҽне  насихаттау  мҽселесіне  дүние  жүзілік  мҽн  беріле  бастады.  1950  жылы  табиғат 
қорғаудың халықаралық одағының жанынан табиғат қорғау жҿнінде білім берудің тұрақты 
комиссиясы  құрылды.  Осы  кезден  бастап  табиғат  қорғауды  оқыту  мҽселесіне  Біріккен 
Ұлттар Ұйымы назар аудара бастады. 
1960 жылдардың аяғында педагогикада табиғатқа жауапкершілікпен қараудың ғылыми 
–  педагогикалық,  ҽдістемелік  негізін  қалыптастыру  бағытында  «табиғат  қорғауға  оқыту» 
термині кең қолданыс таба бастады. 
1970  жылдардың  ортасында  бұл  терминді  «табиғат  қорғау  білімі»  мен  «табиғат 
қорғауға тҽрбиелеу» терминдері ауыстырылды. Ал соңғы жылдары «экологиялық білім» мен 
«экологиялық тҽрбие» терминдері жиі – жиі қолдануда[4.24б.]. 
Расында  да,  табиғатты  қорғау  мҽселелерінің  қазіргі  сипаты,  ғылыми  –  техникалық 
революцияның қоршаған ортаға тигізетін ҽсерін ұғыну «табиғат қорғау» терминінің орнына 
«экология» терминін кеңінен қолдануға себепші болды. Дҽстүрлі «табиғат қорғау» термині 

167 
 
қазіргі  заманның  экологиялық  мҽселелері  жүйесін  толық  қамти  алмайтын  болды.  Табиғат 
қорғау мҽселелері іс жүзінде экологиялық мҽселелер ретінде қарастырылды жҽне керісінше. 
Жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  бітірген  жастардың  экологиялық  ойлауының 
тұтастығы  ҽлі  қалыптасып  жетілмегенін  біздің  кҿп  жылғы  зерттеуіміз  кҿрсетіп  отыр.  Оны 
қалыптастыру  үшін  орта  мектептің  барлық  оқу  жылдарында  экологиялық  білім  беру  мен 
табиғат  қорғауға  тҽрбиелеу  бағытындағы  іс  –  шаралар  сақталынып,  жалғасын  табулары 
шарт. 
Табиғатты тани білу жолдары, ҽсіресе мектеп оқушыларында мұндай қабілеттіліктерді 
дамыту  жолдары  алуан  түрлі  болып  келеді.  Ол  бастауыш  сыныптардағы  оқу  –  тҽрбие 
жұмыстарынан  басталып,  жоғары  сыныптарға  ҿткен  сайын  күрделеніп,  оның  қамтитын 
жұмыс кҿлемі де арта түседі. 
Окушыларға экологиялық білім беру мен табиғатты қорғаудан тҽрбие беру ісін мектеп 
тҽжірибесінде  ҽдетте  жаратылыстану  ғылымдары  арқылы  іске  асыру  дҽстүрге  айналған. 
Экологиялык  білім  берудің  ең  тиімді  жолы  жалпы  білім  беретін  пҽндердің  мазмұнын 
экологияландыру,  дҽлірек  айтсақ  олардың  дҽстүрлі  мазмұнын  қайта  қарап,  экологиялық 
білім  жҽне  табиғат  қорғау  тҽрбиесін  беретін  мағлұматтармен  байыту.  Осы  орайда 
математика пҽнінің жекеше орны бар. 
Математиканың  экологияландырылған  курсының  мазмұны,  оқушыларға  оқытуды 
ұйымдастыру  түрлерін,  құралдарын  жҽне  ҽдістерін  тиімді  ұйымдастыру  арқылы  жүргізуге 
болады. Ол үшін ҽрбір негізгі жҿне факультатив сабақтардың, сыныптан тыс жұмыстардың, 
топ  серуендерінің  жҽне  оқушылар  қатысатын  қоғамдық  пайдалы  жұмыстардың  мазмұнын 
экологиялық  материалдармен  байытып,  пҽнаралық  байланысты  ұтымды  пайдалану  қажет. 
Сонда ғана ұстаздар, педагогика ғылымы ҿз асыл міндеттерін адал атқарып, туған табиғатты 
адамның мҽңгілікке сақтап қалуына кемектеседі. 
Бастауыш  сыныптарда  табиғат  туралы  алғашқы  түсініктер  балалардың  қоршаған 
ортамен  танысуымен  басталады.Табиғатты  оқып  үйрену  мектепте  оқылатын  ҽрбір  пҽнге 
кірген. Сол арқылы оқушыларда табиғат туралы бастапқы ұғымдармен бірге табиғатқа деген 
қамқорлық  сезім  де  қалыптаса  бастайды.  Мақсат  –  туған  табиғатты  қорғау,  оған  деген 
сүйіспеншілік, қамқорлық сезімін қалыптастыру. 
Ҿмір мен табиғат егіз. Табиғат үшін күрес – ҿмір үшін күрес. 
Сондықтан біз жеткіншектерді бастауыш мектептен бастап табиғатты қорғау рухында 
тҽрбиелеп, оның жақсысына сүйініп, жаманына күйіне білуге баулуымыз керек. 
Табиғатты гүлдендіріп ҿзгерту үшін алдын – ала оқушылардын бойында табиғатты сүю 
қабілеті  мен  қорғау  қабілетін  қалыптастырып  алуымыз  шарт.  Бұл  педагогикалық  талаптан 
туатын – негізгі қорытынды. Мектеп мүғалімдерініңалдында табиғатқа байланысты бірінші 
тұрған мҽселе оқушыларды табиғатты сүю мен қорғауға баулу.
 
Тҿменгі  сынып  оқушыларының  табиғатқа  қызығушылығы  ҿте  жоғары  болады.  Мұны 
мұғалім табиғатпен таныстыру кезінде табиғат қорғау жҿніндегі оқушылардың білім қорын 
молайтуға  ұтымды  түрде  пайдалануға  тиіс.  Табиғат  туралы  ұғымдар  мен  түсініктер 
балалардың  жас  шамасына,  сынып  дҽрежесіне  қарай  біртіндеп  күрделендіріле,  тереңдетіле 
түседі. 
Ықыласымен мектепке келген алты – жеті жасар бала тҽрбиелік ықпалға тез беріледі. 
Ол  жақсы  оқушы  болғысы  келеді.  Бірінші  сыныпқа  жаңадан  аттап  басқан  бүлдіршінге, 
алғашқы  математика  сабақтарынан  –  ақ  бастап  қоршаған  табиғи  орта  туралы  түсініктерді 
беруге толық мүмкіндік бар. Ҿйткені, тілді ересектен гҿрі елгезек тез қабылдайды. 
Табиғаттану материалдарын пайдалана отырып математика сабағында ауа, су, пайдалы 
қазбалар,  жан  –  жануарлар,  ҿсімдіктердің  ҽр  түрлерін  қорғауға  байланысты  қызықты 
есептерді  шығару  арқылы  балалардың  бойында  туған  ҿлке  табиғатын  аялаудың  қажеттігі 
қалыптасады. 
Оқу  үрдісі  сияқты,  тҽрбие  үрдісі  де  ең  қарапайым  нҽрселерден  басталады  да,  кейін 
біртіндеп  күрделене  береді.  Сондықтан  тҽрбиелік  жұмыста  бір  –  біртелілік  принципінің 
маңызы ҿте зор. 
Бастауыш  мектептің  маңызы  мен  қызметі  оның  үздіксіз  білім  беру  жүйесіндегі  басқа 
буындармен  тек  сабақтас  болуымен  ғана  емес,  ең  алдымен,  оқушы  тұлғасы  ұйытқысының 
қалыптасуы  мен  дамуының  қуатты  жүретін  ерекше  құнды,  қайталанбайтын  буын 
екендігімен анықталып, негізделеді. 

168 
 
Математика  пҽні  оқушылардың  танымдық,  шығармашылық  қабілеттері  интеллектісін 
қалыптастырып дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді «математикалық 
сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды. 
Бастауыш   сыныптардың   білім   мазмұнының   қайнар   кҿзі құрамдас   үш   бҿліктен 
–  адам,      табиғат,      қоғамнан      тұратын  айналадағы  дүние.  Ендеше,  осы  мазмұнның  ҿзі 
айналадағы  дүние,  оны  танып  білудің  ҽдіс  –  тҽсілдері  туралы  түсініктер  мен  ұғымдарды 
біріктіретін біртұтас білім, білік, дағдылар жүйесі. 
І  –  ІV  сыныптарда  оқылатын  математиканың  бастауыш  курсы  математиканың 
мектептік  курсыкың  табиғи  бҿлігі  болып  табылады.  Демек,    V  –  ХІ  сыныптарда  ҿтілетін 
математика  курсы  бастауыш  курстың  жалғасы,  ал  бастауыш  курс  оның  бастапқы  негізі 
болып  табылады.  Осыған  сҽйкес  математиканың  бпстауыш  курсына  теріс  емес  бүтін 
сандарлы жҽне негізгі шамалардың арифметикасы, алгебра мен геометрия элементтері енеді. 
Математикадан      бастауыш      мектенте      алатын      білімдері математиканың ҿзін 
де жҽне басқа пҽндерді де ілгері қарай оқуға негіз болады. Арифметиканы жақсы біліп, одан 
тыңғылықты  білім  алмай  тұрып,  геометрияны  да,  алгебраны  да,  тригонометрияны  да  жете 
түсініп оқуға болмайды. 
Алғашқы  математикалық  білім  заттарды  санаудан,  натурал  сандар  мен  олардың 
қасиеттері  туралы,  нҿл  саны  туралы  түсініктің  болуынан,  сандардың  натурал  қатарының 
ретін білуден, натурал сандар мен нҿл санын оқи, жаза жҽне салыстыра білуден, кеңістік пен 
уақыт  туралы  ұғыммен  танысудан  басталады;  1  ден  10  –  ға  дейінгі  сандарды  қосу,  азайту 
амалдарын қолдану талданады. 
Алғашқы онға дейінгі саядарды санағанда, салыстарғанда мысал ретінде: 
Есеп1.  Құстың,  шыбынның  екі  қанаты  бар,  ал  шегіртке  мен  кҿбелектің  тҿрт  қанаты 
бар. Құстың қанаты кҿп пе, ҽлде кҿбелектің қанаты кҿп пе? Шыбынның қанаты кҿп пе, ҿлде 
шегірткенің қанаты кҿп пе? – деген есепті келтіруге болады. 
1  ден  10  –  ға  дейінгі сандарға  амалдар  қолдану,  олардың  белгіленуі, қосу мен  азайту 
амалдарында  берілгендер  мен  ізделінді  сандардың  атаулары,  геометриялық  фигуралар, 
оларды бір – бірінен айыра білу, заттардың ұзындықтарын ҿлшеуге берілген тақырыптарды 
ҿткен  кезде  табиғат  элементтерін  молынан  пайдаланып  мына  тҿмендегі  есептерді 
қарастырдық. 
Есеп  2.  Шырша  ағашының  түбінде  2  жасыл  сары  бауыр  саңырауқұлағы  жҽне  1 
шыбынжұт саңырауқұлағы ҿсіп тұрды. Шырша түбінде қанша саңырауқұлақтар ҿсіп тұрған? 
Оның қаншауы улы саңырауқұлақ? 
Есеп  3.  Кҿктерек  ағашының  басында  3  торғай  мен  4  нҽуірзек  қонып  отыр.  Кҿктерек 
ағашының басында қанша құс қонып отыр? Оның қаншауы біздің елде қыстап қалады? 
Есеп 4. Мектеп бауында 4 арша мен 6 үйеңкі ҿсіп тұр. Бауда барлығы қанша ағаш ҿсіп 
тұр? 
Есеп 5. Тоғай маңында 8 емен жҽне қайың ағаштары ҿсіп тұр. Қайың ағашының саны 5 
болса, онда неше емен ағашы ҿсіп тұрғаны? 
Есеп 6. Шетен ағашының басында 4 кекілік құсы қонып отыр. Аңшы оның        3 – ін 
атып құлатты. Шетен ағашының басында қанша кекілікке оқ тимей қалғаны?
 
Есеп 7. Мектеп бауына 1 «А» сыныбының оқушылары 5 үйеңкі ағаштарын, ал 1 «Ҽ» 
сыныбының  оқушылары  5  қайың  ағаштарын  отырғызды.  Екі  сынып  оқушылары  бірігіп 
қанша ағаш отырғызды? 
Осы  тҽріздес  есептерді  күнделікті  ҿтетін  тақырыптарға  байланысты  шығарып,  ҽрбір 
есептің  шешуі  барысында,  жасыл  желектердің  суреттерін,  сабақтан  соң  осы  жасыл 
желектерді  ҿзіміз  тұратын      жерден      кҿрсетіп,      балаларды      жасыл      желекке      деген 
құштарлыққа, оларды күтіп бағу, аялап ҿсіру бағытында тҽрбиелей аламыз. 
Бұндай ессптерді шығару барысында мынадай сұрақтарға жауап алынды: Құс, шыбын, 
кҿбелек,  шегіртке,  кҿктерек,  емен,  қайың,  шырша,  шетен  ағаштары,  саңырауқұлақтардың 
қайсысы ҿлі табиғатқа, қайсысы тірі табиғатқа жатады? Олардың адам үшін қандай пайдасы 
бар? 
Оқушылар:  табиғатқа  –  құс,  шыбын,  шегіртке,  кҿбелек,  ағаштардың  барлығы, 
саңырауқұлақ  жатады.  Ағаш  –  жақсылық  кені;  ағаш  –  денсаулық  емі;  гүл  ашып  жұпар 
шашады; ыстықта сая болып, ауаны салқындатады, сондықтан оны қорғау керек. 
Мұғалім  оқушылар  жауабын  толықтырады.  Ағаштар  сонымен  бірге  ауылға,  туған 
ҿңірге  сҽн  береді,  ҿзінің  кҿріктілігімен  сұлулықты  танытады.  Шыбықты  мҽуелі  ағашқа 

169 
 
айналдыру  үшін  ондаған  жылдар  керек  болса,  оны  құрту  үшін  минуттар  ғана  керек. 
Сондықтан ағаш адамнан қамқорлық күтіп, аялауды талап етеді. 
Ондықтар,  ондықтарды  санау,  жазу,  салыстыру,  оларға  амалдар  қолдану,  дециметр, 
оның сантиметрмен қатысы тақырыптарын ҿткен кезде тҿмендегідей есептерді қолдандық: 
Есеп  8.  Ақсу  –  Жабағылы  қорығында  мүктің  61  түрі,  қынаның  58  түрі  ҿседі.  Ақсу  – 
Жабағылы қорығындағы мүктің саны кҿп пе, қынаның саны кҿп пе? Кҿп болса қаншаға кҿп? 
Есеп  9.  Барсакелмес  қорығында  жануарлар  дүниесі  ҿте  аз.  Андардың  12  түрі, 
жыландардың 8 түрі кездеседі. Жыландардың саны аңдардың санынан нешеге кем? 
Есеп  10.  Баянауыл  табиғат  паркінде  құстың  50  түрі,  аңның  40  түрі  бар.  Баянауыл 
табиғат  паркіндегі  құстың  саны  кҿп  пе,  аңның  саны  кҿп  пе?  Барлық  жануарлардың  саны 
қанша? 
Есеп  11.  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  қыстағы  ауасының  температурасы  8  градус 
суық  болса,  Қорғалжын  қорығының  қыстағы  ауасының  температурасы  38  градус  суық 
болады  екен.  Қорғалжын  қорығының  ауасының  температурасы  Ақсу  –  Жабағылы 
қорығының ауасының температурасынан қанша градусқа суық болғаны?  
Есеп  12.  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  территориясында  сүт  қоректілердің  42, 
бауырмен  жорғалаушылардың  9  түрі  мекендейді.  Ақсу  –  Жабағылы  қорығында 
хайуанаттардың қанша түрі мекендейді? 
Есеп 13. Қааақстанның барлық облыстарына таралган жыртқыштардың бірі –  аққалақ. 
Оның дене пішіні 10 см – ден 30 см – ге дейін ҿзгеріп отырады. Дециметрмен есептегенде 
аққалақтың пішіні қашпа дециметрден қанша дециметрге дейін ҿзгеретінін анықта.  
Есеп  14.  Еліміздің  оңтүстігінде  таулы  аумақтарда  кездесетін  үкі  –  71  жыл,  бұлбұл 
үкіден 46 жылға аз ҿмір сүреді, жапалақ бұлбұлдан 35 жылға артық ҿмір сүреді екен. Сонда 
бұлбұл мен жапалақ қанша жыл ҿмір сүретін болған? 
Есеп 15. Біздің елімізде сирек кездесетін, саны азайып бара жатқан құстар мен аңдарды 
аулауға  тиым  салынған. Оның  ішінде аңның  16  түрі, құстың  түрі аңның  түрінен  8  –  ге  аз. 
Сирек кездесетін құстар мен аңдардың барлық сандары қанша болғаны? 
Есеп 16. «Құстар күні» мерекесіне жасҿспірімдер 25 ұсақ кұстар мен шымшықтарға ұя 
жасады.  Олар  ағаштардың  бастарына  13  теңбіл  торғай  ұясын  жҽне  10  шымшық  ұясын 
орналастырды. Ағаштың басына орнатылмаған қанша кеуек ұясы қалды?  
Есеп  17.  Адам  баласы  бұрыннан  сауысқан  мен  қарғаны  жек  кҿреді.  Кҿп  адам  ҿзінің 
мергендігін  сынау  үшін  сауысқан  атады.  Ал,  сол  сауысқан  ҽртүрлі  қоңыздар,  ҿсімдік 
кенелері мен қандалалардың негізгі жауы екен. Кҿптеген сауысқандар Транс  – Сібір темір 
жол магистралының бойында санитардың қызметін атқарады. Сауысқандар 27 жыл жасаса, 
қарлығаштар  одан  18  жыл  аз  жасайды.  Ал,  қарғалар  болса  қарлығаштардан  40  жыл  артық 
тіршілік етеді екен. Қарлығаш пен қарға қанша жыл тіршілік еткені?  
Есеп  18.  Ормандарда  ҿте  жүрдек  жҽне  ағаштан  ағашқа  епті  қозғалатын  шағын  ғана 
шықылдақ құсы 23 жыл  жасаса, теңіз бен ащы кҿлдер жағасын мекендейтіи ши тұмсықты 
шағала 15 жылдай ҿмір суреді екен. Сонда шықылдақ ши тұмсықты шағаладан қанша жылға 
артық ҿмір сүретін болғаны? 
Бұл  есептердің  қорытындысында  Қазақстан  жерінде  кҿлемі  806  мың  гектар  алқапты 
алып жатқан жеті қорық (Алматы, Ақсу – Жабағылы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын, 
Марқакҿл, Үстірт) барын айта кетіп, қорық – табиғаттың қаз – қалпында сақталынын қалған 
қайталанбас сұлу кҿрінісі, табиғи зертханасы екенін айтып ҿтіп, қорықтың мҽні тұсіндірілді. 
Оның мҽні мынада: 
1.Бұрын    пайдаланылмаған    тамаша    табиғат    орындарында қорыққа жер бҿлінген; 
2.Бұрын  даламызда  мекендеген  қазіргі  кезде  азайып  бара  жатқан  сирек  кездесетін 
жабайы аңдар мен құстар қорғалады; 
3.Қорықтағы табиғи үрдістер сақталынын ҿзгерместен жүргізілуі           тиіс [6.77б.]. 
Батыс Тянь – Шаньның солтүстігіндегі табиғи комплекстерді қорғау жҽне зерттеу үшін 
Қазақстанда тұңғыш мемлекеттік қорық – Ақсу – Жабағылы қорығы 1926 жылы құрылған. 
Алдыңғы  есептер  арқылы  қорықтың  территориясында  мекендейтін  аңдар  мен  ҿсетін 
есімдіктердің  түрлерімен  жҽне  олардың  пайдасымен  оқушыларды  таныстыруга  мүмкіндік 
туды. 
Бұл айтқанымыздан математика пҽнімен табиғат мҽселесінің тығыз байланысты екені 
айдан анық кҿрініп тұр. 

170 
 
Туған  елін,  ҿскен  жерін  ҿз  жанындай  аялайтын  математика  пҽнінің  мұғалімдері 
шҽкірттеріне  математиканы  жүйелі  түрде  оқыта  отырып,  оларды  ел  мен  жер  қорғаны 
болатындай тҽрбиелей алады. 
Бастауыш  сыныптарда  дүниетану  пҽнімен  математика  пҽнін  жүйелі  түрде  біріктіре 
отырып оқыту, оқушыларды табиғатты қорғауға тҽрбиелеудің алғашқы сатысы болады. Ол 
жұмыс  бірте  –  бірте  күрделене  отырып  экология  мен  табиғат  қорғауға  математика  тілін 
енгізіп  оқушыларды  табиғат  қорғауға  тҽрбиелеуге  кҿмектесетінін  біздің  кҿп  жылдан 
жүргізген зерттеу жұмыстарымыз кҿрсетіп отыр. Сол себепті бастауыш сынып балаларымен 
тҽрбие  жұмыстарын  жүргізгенде  адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек,  дене  тҽрбиелерінің 
құрамына  табиғатты  аялауға  ҽрбір  кісіні  тҽрбиелеу  идеялары  үзбей  еніп  отыруы  қажет. 
Осылай еткен жағдайда ҿмірдегі табиғат – адам – қоғам байланысы, біріне – бірінің пайдалы 
ҽсері, адамның саналы түсінігі мен сапалы еңбегінің арқасында іске асатын болады. 
Онсыз біз табиғатты адам баласының мҽңгілік игілігіне сақтап қала алмаймыз. Ал таза 
табиғатсыз, оның мол қазынасынсыз егеменді ел болуымыз мүмкін емес.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет