ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім Қараша 2015 жыл



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,87 Mb.
#5564
1   2   3   4   5   6

А й н а с ы

 18

Білім

3 Исаева Камила - 5Д (Есмамбетова К.Н.)

Конкурс рисунков и поделок «Волшебные краски осени»

1 место. 1. Головин Александр - 6Д (Турымов Г.У.)

2 место. 1. Бектасова Аружан - 1Д (Оразымбетова М.О.)

2. Еркинкызы Нурай - 1Ж (Айтуганова З.Д.)

3 место. 1. Даниярхожа Дильназ - 1Д (Оразымбетова М.О.)

2. Абдулвахидова Жанетта - 5Д (Турымов Г.У.)

3. Арыстангалиев Асылан - 3А (Омарова Г.)

4. Болатова Аида - 2А (Тапалова З.К.)

Марафон для учащихся 1 - 2 классов «Веселая математика»

1 место. 1. Есетова Дания -2Д (Аманова А.В.)

2. Совет Даниал - 2Е (Тажгуразова Л.Б.)

3. Тлеулиева Зара - 2Е (Тажгуразова Л.Б.)

2 место. 1. Абиш Макпал - 2Д (Аманова А.В.)

2. Махатов Нуржан - 2Б (Шагырбаева С.Д.)

3 место. 1. Байекенова Аружан - 1Ж (Айтуганова З.Д.)

2. Болат Жасия - 2Б (Шагырбаева С.Д.)

3. Жумагали Елнур - 2Б (Шагырбаева С.Д.)

4. Марат Арслан - 2Д (Аманова А.В.)

5. Серитханов Адлан - 2Д (Аманова А.В.)

6. Уалихан Асель - 2Е (Тажгуразова Л.Б.)

7. Шакирова Мадина - 2Д (Аманова А.В.)

Конкурс компьютерного творчества «Фантазируй. Твори»

1 место. 1. Айтбаев Иманали -7В (Бекенова З.Т.)

2. Акылбекова Малика – 6Г (Григорьева И.А.)

3. Бахыт Айзат – 4Б (Абдукаримова А.О.)

4. Досмагамбетова Жания – 9А (Алдамжарова Ж.)

2 место. 1. Алдаш Аяулым – 7В (Бекенова З.Т.)

2. Алдашова Жанель – 6Б (Абдукаримова А.О.)

3. Болат Дильназ – 4Б (Абдукаримова А.О.)

4. Нарманова Дарига – 5Д (Бекенова З.Т.)

3 место. 1. Алиханова Зарина – 4Б (Абдукаримова А.О.)

2. Ахметов Аблай – 6Г (Григорьева И.А.)

3. Бегжан Жания – 7В (Бекенова З.Т.)

4. Габитулы Бахытбек – 7В (Абдукаримова А.О.)

5. Найзабай Куралай – 7В (Бекенова З.Т.)

Григорьева Ирина Анатольевна

2015-2016  оқу  жылының  I  оқу  тоқсаны  аяқталып,

оқушылардың білім сапасының көрсеткіші анықталды.

Оқушылардың  қозғалысынан  кейін  оқушы  саны  3

оқушыға  өзгеріп,  1768  болды.  Олардың  876-ы  қыз

балалар, 892-і ер балалар. Оқу тоқсанының қорытындысы

бойынша 304 оқушы оқу озаты, 665 оқушы оқу екпіндісі

болып, оқу сапасы 63% болды.

 1-4 сыныптар бойынша 852 оқушы бар. Оның 236-сы

бірінші сынып оқушылары. Олардың білім сапасы екінші

жарты жылдықта бағаланады. Ал 2-сыныптарда барлығы

231 оқушы бар. Білім сапасы - 85% болды. Ең жоғары

сапа көрсеткіш 93%-ды  2А мен 2Б сынып оқушылары

(сынып жетекшілері - Тапалова З.Қ. мен Шағырбаева

С.Д.) 85 % беріп отыр. Қалған сыныптарда білім сапасы

81-87%  аралығында.  3-сыныптардағы  177  оқушының

ішінде 3В сынып   оқушыларының (сынып жетекшісі-

Сейдахметова М.С.)  білім көрсеткіші жоғары. Орташа

білім  сапасы  77  пайыз  болды.  4-сыныптар  бойынша

барлығы 208 оқушының орташа білім сапасы 74 пайыз.

Осы тоқсанда 4В (сынып жетекшісі Жансұлтанова П.С.)

сынып оқушылары ең жоғары 81% сапамен аяқтады.

Тоқсандық  қорытынды  шыққан  2-4  сыныптардағы

барлық 616 оқушының 215 оқушы оқу озаты, 270 оқушы

оқу екпінділері қатарында болып,оқу сапасы -79% болды.

5-9  негізгі  мектепте  700  оқушы  бар.  Оның  80-і  оқу

озаттарының  қатарында  болып,  302  оқушы  оқу

екпінділері болып аяқтады.

5- сыныптарда 5 сынып комплектісі бар. 5- сыныптарда

ең  жоғары  білім  сапасымен  5А  (сынып  жетекшісі  –

Ақышева М. Ж.) оқушылары аяқтады. 91% сапа бұл орта

буындағы сыныптар  бойынша жоғарғы көрсеткіш.

6-шы сыныптар бойынша ең жоғары көрсеткішті 71%-

ды 6Г сынып (сынып жетекшісі – Майгелдиева Ш.М.)

оқушылары өз білімдерінің жоғары екендіктерін көрсетті.

Барлық  6-  сыныптар  бойынша

орташа сапа көрсеткіші - 57%.

7-сыныптарда  118  оқушы  бар.

7Б,В,Г сыныптарда оқу сапасы бірдей

55%  болды.  7А  сынып  оқушылары

(сынып  жетекшісі  –  Молдабекова

Ж.М.)  төмен  (40%)  нәтиже  беріп

отыр.

8- сыныптарда сынып комплектісі



-  4.  Барлығы  121  оқушы  бар.  Ең

жоғары білімді 8Б сынып (Бекенова

З.Т.) көрсетті. Бұл тоқсанда 8А мен

8Г  сынып  оқушыларының  білім

дәрежесі оқу  сапасының пайыздық

көрсеткішіне  қарап  төмен  екенін

көруге  болады.  8А  сыныптың  5

Білім таразысы- тоқсандық қорытынды

оқушысы  бір  ғана  пәннен  «4»  -тік  бағаға  қорытынды

шығып, оқу озаттарының қатарынан көріне алмады. 8

сыныптар бойынша оқу сапасы - 51%-ды ғана көрсетіп

отыр.


9- сыныптарда биылғы оқу жылында 120 оқушы бар.

Тоқсандық қорытынды бойынша барлық оқушылардың

орташа оқу сапасы 42%, өткен жылмен салыстырғанда 13

пайызға төмен.

Сонымен 5-9 сыныптардағы негізгі мектеп оқушылары

тоқсанды 53% -бен аяқтады.

10-11 сыныптарда барлығы 216 оқушы бар. 9 оқушы  оқу

озаты,  93  оқушы  оқу  екпінділері  болып  тоқсандық

қорытынды бойынша білімдерін көрсетсе, әлі де сабаққа

дайындықта  өз  мүмкіндігін  толық  пайдаланбайтын

оқушылар  да  бар.  8,9,10  сыныптар  бойынша  11

оқушының  әрқайсысы  1-2  пәннен  (денешынықтыру,

физика,  химия,  алгебра)  үлгермеді.    Олар  жекеленген

пәндер  бойынша  да  (ағылшын  тілі,  орыс  тілі)  төмен

нәтиже  көрсетуде.  Пән  мұғалімдері  үлгерімі  төмен

оқушылармен жеке жұмыс түрлерін көбейтуді қолға алу

қажеттігі туындап отыр.

10-11  сынып  оқушыларына  арналып  жоғарғы  оқу

орнына  дайындық  барысында  арнайы  курстар  жұмыс

жасайды. 11- сынып оқушыларының алдында үлкен сын-

Бірыңғай  Ұлттық  Тест  тапсыру  жауапкершілігі  тұр.

Дайындық барысында сынама тест айына 2 рет алынып,

қорытындыланады.

2-11 сыныптардағы 1532 оқушының білім сапасы оның

ішінде 2-4 сыныптарда 79%, 5-9 сыныптарда 53%, 10-11

сыныптарда  56%  болды.  Жалпы  мектепте  1-ші  оқу

тоқсанның  қорытындысы  бойынша  оқу  сапасы  63%

көрсетіп отыр.



Ахметова Айымкүл Үргенішбайқызы

 директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Р ей т ин г

19

А й н а с ы

Білім

Интеллектісі  жоғары,дарынды

ұрпақ-ұлттың басты байлығы. Мұны

ертерек  түсінген  жапондықтар

дарынды 

балаларын 

ерекше

қамқорлыққа  алып,оларға  ерте



бастан  қаржыны  аямай  төгіп,

тәрбиені  жақсылап  беріп,  ұлттық

болмыстағы  дарын  иесін  жасап

шығаруға 

тырысады. 

Ал

израиль-дарынды балаларын қалай



оқ ы т ы п - т ә рб и ел ей т і н і н , т і п т і

мемлекеттік құпия санайды.

Ал,  бізде  ше?  Құдайға  шүкір

қазіргі  таңда  мектепте  дарынды

оқушылармен жұмыс жүйелі жолға

қойылған.  Мектеп  әкімшілігінің

қолдауымен  жыл  сайын  ғылыми

жобамен  айналысып  жатқан

оқушылар  саны  да  күннен-күнге

көбейіп  келеді.  Бірнеше  жылдар

қатарынан 

оқушыларымыз

облыстық,  Республикалық  және

Халықаралық  жоба  байқауына

қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді. Былтырғы оқу

жылының өзінде физика пәні бойынша бес бірдей оқушымыз

Халықаралық  ғылыми  жоба  қорғау  байқауында  жүлделі

орындарға ие болып, мемлекеттік грант иегері атанып,еліміздің

жоғары оқу орындарының студенті болып отыр. Бұл мұғалімдер

мен  оқушылардың,  ата-аналардың  бірлескен  жұмысының

нәтижесі деп білемін.

Осы  оқу  жылында  да  ғылыми  жобамен    айналысқан

оқушыларымыз 10 «А»сынып оқушысы Шәкір Рүстембек және

11  «Б  «сынып  оқушысы  Сәдібеков  Бағдаулет    алғашқы

жүлделерін қанжығаларына байлап, мектебіміздің абыройын

көкке  көтерді  десек  болады.Оқушылар  бұл  жобамен

айналысқанына бір жыл уақыт болды. Осы уақыт ішінде Рүстем

мен Бағдаулет өздігінен жұмыс істеп, физика пәні бойынша өз

білімдерін  шыңдай  түсті.  Ғылыми  жетекшісі  «Болашақ»

Жұлдыздың    жарығы...

университетінің В.В Свечниковтың еңбегін атап

өтпеске болмайды.

Қазан айының 22 -і күні Қызылорда Облыстық

ішкі саясат Басқармасы «Жас Ғалымдар

Альянсы»      қоғамдық  бірлестінің

ұйымдастыруымен  «Жас  ғалым-2015»

ғылыми  жоба  байқауы  болып  өтті.

Байқауға облысымыздың әр ауданынан

дарынды  жастар  өз  жобаларымен,

өздерінің  ашқан  жаңалықтарымен

келді.Байқауға 

қатысушылардың

жұмысын  Қорқыт-Ата университетінің

мұғалімдері  бағалады.

Ал,  қараша  айының  13-жұлдызында

Рүстем  мен  Бағдаулет  Қорқыт  Ата

университетінде  ұйымдастырылған

«Білім мен Ғылым-кемел келешек кепілі»

Қызылорда  облысы  жас  ғалымдар

форумына  қатысып,  университеттің

атақты    оқытушыларымен  бір  қатарда

отырып, өз жұмыстарын таныстырды. Бұл

оқушыларды  одан әрі жігерлендіре түсті.

Менің  бір  байқағаным,  Бағдаулет  пен

Рүстембектің әр байқауға қатыса отырып,

өздерінде  бір  сенімділіктің  пайда

болғанын көруге болады.

Қорытындылай 

келе,Ел 

президентінің

Жолдауында: «Қазіргі  әлемде жай ғана сауаттылық

жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан,біздің

азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және

ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын

меңгеруге дайын болуы тиіс. Біз бұл үшін барлық

мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен

қамтамасыз етуіміз керек» -деген болатын.

Сондықтан, оқушылар,сіздерге беріліп жатқан

мүмкіндіктеріңізді  толық  пайдаланып,бос

уақыттарыңызда жастарға тән жаман әдеттен өз

бойларыңызды аулақ ұстап,ғылыммен және білім

алумен айналысыңыздар демекпін.



Физика пәні мұғалімі   Сүйеуова. Ш.Б

Қазақ  халқында  «Ізденген  жетер

мұратқа»  деген  сөздер  бекер  айтылмаса

керек.  Мен  4-ші  сыныптан  бері  түрлі

ғылыми  жобаларға  қатысып,  жүлделі

орындарға  ие  болып  келемін.  Мұндағы

мақсатым: әлі сыры ашылмаған, маған,

достарыма бейтаныс тылсым дүниелердің

сырын  ашып,  оны  өзгелерге  паш  ету.

Қараша  айының  5-ші  жұлдызында

Алматы қаласындағы «Бейбітшілік әлемі»

тарапынан 

өткізілген, 

Абай


Құнанбаевтың  170  жылдығы  құрметіне

арналған  «Ғылым  және  қоғам»  атты

ғылыми –теориялық конференцияда үздік баяндама үшін бас

жүлдені иемденіп,  Халықаралық ғалымдар одағының мүшесі

атанып  келдім.    Ғылыми жетекшім  Аленова  Сандуғаш  апай

екеуіміз Алты алашқа аты белгілі, Қызылорда жерінің тумасы

Мұстафа  Шоқайдың    өмірі  мен  ерен  еңбегін  зерттеп,  өзге

балаларға үлгі боларлықтай жерлерін атап көрсете білдік. Менің

жарыстарға қатыса жүріп байқағаным, жарыстарға қатысу арқылы

көп  ізденетін  болдым,  ғылыми  жетекшіммен  бірге  жұмыс

жасауды  үйрендім.  Алдымен  жұмыс  барысында

Сандуғаш  апай  екеуіміз  аталмыш  жұмысқа

байланысты жоспар құрып,  сол бағыт бойынша

жүріп отырдық. Бір қызығы 4-ші сыныпта  Алма

Қыраубаеваның өмірін , шығармашылық жолын

зерттесем,  5-ші  сыныпта  Мұстафа  бабамыздың

қалдырған мұраларын зерттедім. Ал осы екі тума

да    Сыр  өңірінің  ,  оның  ішінде  Шиелі  ауданы,

Сұлутөбе  жерінің  тумалары.  Осындай  өзімізден

шыққан ұлы адамдардың өмірін зерттеп , олардың

елі үшін жасаған елеулі еңбектерін өзімізге үлгі ете

білсек, онымыз артық болмас еді. Сондықтан, мен

достарымды  осындай  жарыстарға  қатысып,

өздеріне деген сенімділіктерін арттырып, көпшілік

алдында сөйлеуге төселе білетінін айтқым келеді.

№ 3 мектеп-лицейдің оқушысы ретінде алтын

ұя  мектебімнің  қоржынына  тағы  бір  жеңісімді

әкеліп  қосқаныма  қуанамын.  Осы  орайда  мені

жарыстарға  тынбай  қатыстырып  жүрген

ұстаздарыма және ата-анама рақметімді айтамын.

       5 «в» сынып оқушысы Сарадин Әсемай

Демалыс  кезіндегі  жеңістер  жемісін  берді

М е к т е п   м а қ т а н ы ш ы


А й н а с ы

 20

Білім

Бірлік — қазақ халқының 

дәстүрлі

дүниетанымындағы маңызды этикалық ұғым.

Бірлік  -  адамдар  арасындағы  ынтымақтың,

жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың

белгісі.

Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың,

жалпы  адам  баласының мақсат, мұрат,

мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы

бірліктің  күнделікті  тіршіліктегі  орны  мен

маңызын  “бірлік  болмай  тірлік  болмас”,

“бірлік  түбі  —  береке”,  “алтау  ала  болса,

ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі

келеді” деп түйген. 

    Ал қазіргі еліміздің ұлттық құрамы туралы:

«Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ

даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепті.

Бүгінге олар тегі басқа болғанымен теңдігі бір, қаны бөлек

болғанымен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа

айналды.  Туған  елінің  туының  астында  бірігіп,  туған

жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір

тағдыр күтеді әр уақытта.

Биыл Ассамблеяның 20 жылдығы аясында өткізілген

«Мың  бала»  республикалық  мәдени-ағартушылық

Бірлігіміз жарасқан

жобасының облыстық кезеңінде «Ынтымағы

жарасқан туған өлкем» номинациясы бойынша

9  «Г»  сынып  оқушысы  Құрбанбаева  Зарина

жүлделі  І  орынға  ие  болды.Осы  жобаның

қалалық кезеңінде де жүлделі орынға ие болып,

облыстық байқауға шақыртылды. Облыстық

байқау бес бағыт бойынша өтті. Аудандар мен

қаладан  37  оқушы  қатысып,  өз  бақтарын

сынады.Заринаға эссе жазу бұйырды. Өзінің

сауаттылығының,  қазақ  тіліне  деген

сүйіспеншілігінің арқасында бірінші орынға ие

болған ол байқаудың республикалық кезеңіне

жолдама  алды.  Ұлты  өзбек  болғанымен

мемлекеттік  тілді  жетік  меңгерген,  өз  елін,

жерін сүйетін, жүрегі қазақ деп соғатын нағыз

патриот.  Заринаның  ендігі  мақсаты-

Республикадан  жүлделі  орын  алып,  өз  облысының

мерейін  үстем  ету.  Асқақ  армандарын  білімімен

ұштастырып,  тіліміздің  мерейін  көкке  көтеріп,

абыройымымызды асқақтатарына сеніміміз мол.



Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мусаева Майра Маралқызы

Осы жылдың қараша айының бесінші

жұлдызында  «Ел  ертеңі  –  жастар

қолында» 

тақырыбында 

Қазақ


техникалық  және  заң  колледжінің

ұйымдастыруымен 

10-11 

сынып


оқушылары арасында ағылшын тілінен

қалалық олимпиада болып өтті.

Олимпиаданың мақсаты:

1.Ағылшын 

тілін 

оқытуда


оқушылардың сөйлеу, оқу, жазу бірліктер

мен фонетикалық білім және дұрыс айта

білу  дағдысын  қалыптастыруда  жаңа

технологиялар  арқылы  оқытудың

ерекшелігін зерттеу.

2.Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын

тілдерін  жетік  меңгерген,  қабілетті

жастарды анықтау және қолдау, көп тілде еркін сөйлейтін

жан-жақты мәдени тұлға, азамат қалыптастыру.

Олимпиаданың міндеті:

Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру,

тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, бәсекеге

қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Олимпиаданың шарты:

1-кезең: Лексика-грамматикалық тест

2-кезең: Шығармашылық тапсырма – заманауи саяси

мәселелер бойынша берілген тақырыптарға эссе жазу.

3- кезең: Берілген тақырып бойынша өз ойын жеткізу.

Эссе талаптары:

·

мәселенің мәнін ашу деңгейі



·

автордың логикасы

·

жазу сауаттылығы



·

жұмыстың ғылымилығы

·

материал фактілерді қолдана білуі



·

жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі

Міне,  осындай  талаптардан  тұратын  қалалық

олимпиадаға мектебімізден екі оқушы іріктеп алынды.

Жалпы жарысқа қала мектептерінен 48 оқушы бірінші

кезеңге қатысып, оның 28-і екінші кезеңге жолдама алды.

Шынымызды айтсақ, алғашқыда қобалжу болғаны рас.

Ел ертеңі – жастар қолында

Сосын қасымыздағы оқушылардың бәрі

де өзіміз сияқты жарысқа дайындықпен

келгенін  байқап,  өз-өзімізді  сенімді

ұстай бастадық. Айта кетейін дегеніміз,

осы  жарыста  ұтып  шығуымызға  көп

көмегін тигізген мектебіміздің ағылшын

пәнінің мұғалімі Есмамбетова Қазына

Нагашыбайкызының еңбегі зор. Қазына

Нағашыбайқызының 

сабырлы


мінезімен  түсіндірген  бағыт-бағдары

бізге көп көмек болды. Қазына апайдың

бізге  жүргізген  дайындығы,  эссе  жазу

талаптарын  ескере  отырып,  онда  не

нәрсеге  мән  беру  керектігін  жете

үйрендік. Әсіресе, эссе жазуда берілген

тақырыптың мазмұнын аша отырып оны

өмірмен байланыстыру, сондай-ақ елбасының сөздерін,

жолдамаларын  келтіре  отырып  жазуды  ескерткен

болатын. Апайдың берген тапсырмалары мен талаптарын

орындап  көп  ізденуге  де  тура  келгенін  жасырмаймыз.

Сонымен  бірге  Қазына  Нағашыбайқызымен  бірге

көптеген лексика-грамматикалық тесттер де талдадық.

Өткен материалды қайталап есімізге түсіргеннің себебі

де  болар  біздің  олимпиаданың  бірінші  кезеңінен  еш

қиналмай  жоғарғы  балмен  екінші  кезеңге  өттік.  Ол

кісінің  берген  білімі  мен  өзіміміздің  сырттай  іздену

жұмыстары  арқасында  осы  жарыстан  жақсы  орын

алуымызға септігі тиді десек те болады. Олимпиаданың

қорытындысы  бойынша  Бисенбай  Аружан  1-орын,

Абсадық  Аделя  2-орын  иеленіп,  бірінші  және  екінші

дәрежелі  дипломдармен  марапатталдық.  Сондықтан

біздер  мектебімізде  осындай  білікті  де,  білімді,  өз

шәкірттерінен  ешуақытта  көмегін  аямайтын

Есмамбетова  Қазына  Нағашыбайқызына  шексіз

алғысымызды  білдіреміз.  Еңбегіңіздің  жемісі  мен

жеңісін көріп, оқушыларыңызды биік шыңдардан көре

беріңіз дегіміз келеді.



10А сынып Абсадық Аделя мен Бисенбай Аружан

М е к т е п   м а қ т а н ы ш ы

21

А й н а с ы

Білім

2015  жылдың  30  қазан  күні

Қызылорда  қаласының  №3 мектеп-

лийецінде    VIII  Президенттік

олимпиаданың  1  кезеңі  өтті.  Осы

додаға    облысымыздың  түкпір-

түкпірінен жастар қатысты және өзім

сияқты    11-сынып  оқушылары

арасында жаратылыстану-математи-

калық  пәндер  бойынша,  яғни

математика,  физика,  химия  және

биология  пәндері  бойынша  өз

білімдерін  көрсету үшін сынға түсті.

№3  мектеп-лицейінің  атынан

менің қатысуым,менің алдыма үлкен

міндетті жүктеді.  Әрине,менде қорқыныш сезімі болды,

бірақ  мен  «осы  оқушылар  сияқты  мен  де  білімімді

көрсетуім керек» деген оймен бағымды сынадым.

Бірінші  кезеңде  4  пән  бойынша  олимпиадалық

тапсырмалар берілді. Шыны керек, бірінші кезеңнен

өтем деген ой болмады және екінші кезеңге өткенімді

естігенде  қуанышымда  шек  болмады.  Сол  мезеттен

Менің арманым....

бастап мұғалімдермен бірге екінші кезеңге қызу дайындық

басталып кетті. Егер орын алсаң Н.Ә.Назарбаев атындағы

университетке  грант  ұтып  алуға  мүмкіндік  бар.екенін

білгенімде,мен  одан  әрі  шабыттана  түстім.  Мұндай

мүмкіндік әркімге беріле бермейді емес пе?

Қарашаның 13 - жұлдызында осы мектепте екінші кезеңі

болып өтті. Алғашында онлайн түрде 4 пән бойынша тест

тапсырдық.  Содан  соң  шығармашылық  эссе  жазған

болатынбыз.Мен  қазіргі  таңда  өзекті  болып  отырған

«Жаңғыртпалы 

энергия-Қазақстан 

болашағы»

тақырыбында эссе жаздым. Бұл тақырыпты таңдауымның

себебі, EXPO-17 көрмесінің Қазақстан ұсынып отырған

«Болашақ  энергиясы»  тақырыбы  –қазіргі  заманғы  ең

көкейтесті  және  жаһандық  маңызы  зор,  бүкіл  әлемді

толғандыратын  мәселе-энергияны  тұрақты  пайдалану

болып табылады.

Мен үшін бұл олимпиадаға қатысу үлкен абырой. Енді

екінші  кезеңнің  нәтижесін  асыға  күтудемін.  Өйткені

Н.Ә.Назарбаев  атындағы  университеті  Қазақстан

Республикасы бойынша ең үздік университет қатарында.

Сол университеттің студенті атану мен үшін мақтаныш

болар еді,тек қуанышты хабар естимін деген үміттемін.

11А сынып оқушысы Мыңжасар Алтынай

Мектеп  –  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  мұғалім.

Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше

тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол

таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны  қадір  тұту,

қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің

борышы.  Ол  өз  кәсібін,  өз  пәнін,  барлық

шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Қазіргі

білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге

қабілетті  маман  дайындау.  Осы  мақсатта

мектебімізге  қалалық  білім  бөлімінен  «Үздік

физика  пәнінің  мұғалімі  -  2015»  байқауына

қатысу туралы өтінім келіп түскен болатын. Бұл

байқауға  қатысу  мен  үшін  өте  маңызды  да

жауапты іс болды.

13  қараша  2015  жылы  №6  мектеп  –  лицей

базасында    физика  пәні  мұғалімдерінің

арасында  «Үздік  физика  пәнінің  мұғалімі  -

2015»  облыстық байқауының  қалалық  кезеңі

болып өтті. Байқаудың негізгі мақсаты:

-физика пәні мұғалімдерінің практикалық икемділігі

мен дағдысы деңгейлерін анықтау;

-физиканы  оқыту  барысында  инновациялық

идеяларды, формалар мен әдістерді іздеу;

-интерактивтік технологияларды қолданудағы физика

пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын көтеру;

-физика пәні мұғалімдерінің озық іс – тәжірибесін

тарату.


Байқауға әр мектептен 1 мұғалімнен қатысты. Барлық

қатысқан мұғалімдердің саны 16 болды.

Облыстық(қалалық )байқау кезеңдері мынадай болды:

І. Өзін –өзі таныстыру

ІІ. Панорамалық сабақтар шеруі(инновациялық әдіс-

тәсілдерді қолдана отырып, жаңашыл сабақтар үлгісін

көрсету)

ІІІ.  Шығармашылық  қоржын(мұғалімнің  жеке

шығармашылық жұмысы, әдістемелік жинақ, баспасөз

материалдары портфолио қорғау)

Байқау  барысында  мұғалімдер  өздерінің  ең  үздік

болып саналатын жаңа үлгідегі сабақтарын көрсетті. Мен

де «Фотоэффект құбылысы. Фотоэффект құбылысын

түсіндіру. Эйнштейн теңдеуі» тақырыбындағы жаңа үлгідегі

сабағыммен қатар өз портфолиомды қорғадым.

Шығармашылық қоржын қорғаудың бағалау өлшемдері

мынадай болды:

-ғылыми  әдістемелік  жұмыстың  жүйелілігі,

жаңалығы;

-тәжірибе  тарату(республикалық,  облыстық,

аудандық 

педагогикалық 

басылымдарда

мақалалардың жариялануы);

-Үміткердің  шығармашылық  табыстары  мен

кәсіби 


жетістіктерін 

айқындайтын

құжаттар(мақтау қағаздар, сертификаттар және т.б)

Байқаудың  әр кезеңі ұпай санымен бағаланды.

Комиссия мүшелері тарапынан  қатысушылардың

әр  кезеңді  көрсете  және  жеткізе  алуына

байланысты  талдаулар  жасалынды.  Байқау

қорытындысы  бойынша «Үздік  физика  пәнінің

мұғалімі - 2015» байқауында «Бас жүлдені» жеңіп

алып, келесі облыстық кезеңге қатысуға жолдама алдым.

Байқауға қатысушы  басқа да мұғалімдер қалалық білім

бөлімі  тарапынан  І  дәрежелі,  ІІ  дәрежелі,  ІІІ  дәрежелі

дипломдармен марапатталды. Бұл байқаудың бізге берері

мол болды. Ұстаздар өз шығармашылығымен бөлісіп, бір

–  бірімен  тәжірибе  алмасуға  үлкен  мүмкіндік  туды.

«Ұстаздық - ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов

айтқандай,  бұған  лайық  болу  -  үлкен  абырой,  басты

борышым  деп  есептеймін.  Мұғалім  -  мамандық  болса,

ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа

қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жаныңа

азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық

қасиет.  Физика  пәнінің  мұғалімі  болу  мен  үшін  үлкен

мақтан, әрі бақыт. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау

етіп, тағы да осындай шыңды бағындырғың келіп тұрады

екен. Осы байқауға қатысып,  жүлдегер атануыма үлкен

қолдау  көрсетіп  өз  үлесін  қосқан  ұжымдастарыма

алғысымды  білдіремін.  Шығармашылықты  өрістету

жолында өркениет шыңына ілгері басу мақсатында,  шебер

ұстаздарымыздың  саны  арта  берсін  деген  тілегімді

білдіремін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет