Физика пәнінің мұғалімі: Бодықова Рая
«Үздік физика пәнінің мұғалімі - 2015» байқауы
М е к т е п м а қ т а н ы ш ы
Ұстаздық еткен жалықпас ...
А й н а с ы
22
Білім
«Ілім үйреніп,одан соң оны
басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,
оны керегіне жаратпай,көміп
қойғанмен бірдей» - деген ардақты
пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. Ия,
ұзтаздық қызметтің ең басты мақсаты
да осы. Жоғарғы оқу орнын бітіріп,
шәкірт тәрбиелеу үшін еңбек
жолымды мектеппен ұштастырып,
«ұстаз» атты ұлағатты есімге ие
болдым. Оңы мен солын әлі тани
білмейтін кішкентай бүлдіршіндерге
әріп танытып, сауатын ашу жауапты
іс. Осы жолда 33 жыл тер төгіп, талай
шәкірт тәрбиелеп, сол шәкірттердің
үлкен азамат болып,еліміздің түкпір-
түкпірінде еңбек етіп жатқандығын
көріп естіп, кеудемді қуаныш сезімі
билейді. Бұл да мен үшін үлкен бақыт,
Өнегесі мен тағылымы мол сапар
еңбегімнің еш кетпегендігі деп
білемін.
Биылғы жылы мектеп бітірген
түлектерімнің ішінен Машарап
Айгерім деген шәкіртім «Алтын белгі»
иегері атанса, 34 түлектің он жетісі
Жоғарғы оқу орнының грантына ие
болды.
Шәкірттерімнің осындай биіктерді
бағындырғанына,
табандылық
танытып, қанша жылғы еңбегімізді еш
кетірмегеніне
іштей
қуандым.Осындай еңбегімізді
бағалап, Облыстық кәсіподақ ұйымы
мектебімізден шәкірттері «Алтын
белгіге» бітірген үш мұғалімге -
Ибраева Катя, Шайманова Үміт,
Балтабаева Ләззатқа қараша айының
3-і мен 9-ы аралығында Астана
қаласында демалып қайту үшін
жолдама берді. Еліміздің бас қаласы
– Астананың көрікті жерлерін аралап,
қонақ үйде демалып, бір серпіліп
қалдық.
«Жас кезіңде бейнет көрсең ,
қартайғанда зейнетін көрерсің» деген
халық мақалы текке айтылмаса керек.
Осындай
еңбегімізді
ақтаған
шәкірттерімізге,
еңбегімізді
бағалаған Облыстық кәсіподақ
ұйымына, Қалалық Білім бөліміне,
мектеп әкімшілігіне алғысымыз
шексіз! Әрқашан абыройымызды
асқақтатын шәкірттеріміз көп болып,
мерейіміз арта бергей!
Бастауыш сынып мұғалімі
Шайманова Үміт
Ұстаздық – қадірлі қызмет,
абыройлы міндет. Менің осы игілікті
салада еңбек етіп келе жатқаныма 33
жыл уақыт болыпты. № 3 мектеп-
лицейдің бастауыш пәні мұғалімімін.
Білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу
жолында тынымсыз еңбектеніп
келемін. Менің еңбегімнің жемісі –
шәкірттерімнің биік белестерден
көрініп, біздің, яғни педагогтар мен
өз ата-аналарының сенімін ақтауы.
Халқымызда «Ұстаздан шәкірт
озар» деген даналық бар. Бұл
мәтелтерең мағыналы, мазмұнды.
Мен тәлім мен білім берген әрбір
шәкіртімді мақтан тұтамын. Облыс
әкімі Қырымбек Көшербаевтың
«Ұстаздар күнінде» маған Елордамыз
Астанаға жолдама беруі де осы ұрпақ
тәрбиелеу жолында бағындырған биік
белесім деп ойлаймын. Бастауыш
сыныбынан оқу-жазуға баулып,
бойына
білім
нәрін
сепкен
шәкірттерім АминаНұрадинова мен
Батырхан Тоқмырза «Алтын белгі»
иегері атанды. Міне, мектеп
табалдырығын имене аттаған қос
шәкіртімнің
білім
ұясынан
қанаттанып, тестілеуден өте жақсы
нәтиже көрсетіп, «Алтын белгі»
еншілеуі – менің мерейімді тасытты.
Еңбек жолымдағы жетістіктерім
үшін аймақ басшысының Есіл
жағасындағы ерке қалаға жолдама
тарту етуі маған үлкен серпін берді.
Біз Астананың көрікті жерлерін
аралап, рухани шабыт алдық. Сәулетті
құрылыс, Елорда символы -
«Бәйтеректе», ұлттарды ұйыстырып,
бірлігімізді еселейтін шаралар
өткізілетін киелі шаңырақ -
Бейбітшілік және келісім сарайында,
рухани білім нәрімен сусындар
керемет орталық - ұлттық мұражайда
болдық. Астана сән-сымбаты келіскен
зәулім ғимаратымен, әрленген, әсем
үйлерімен,
келбеті
ажарлы
көшелерімен бізді тамсантты. Оқыту
процесіндегі қарбалас шақтан бір сәт
қол үзіп, Астанаға сапармен келген
біздер,
рухани
демалып,
қанаттандық. Есіл жағасында
орналасқан еңселі қаланың даму
тенденциясына қарап, біраз ой
түйдік. Жалпы, педагог тек ағарту
саласының
бүге-шүгесін
бағындыруды ғана мақсат етпейтін,
жаңалыққа, жақсыға жаны құмар
Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі
мамандық иесі. Сондықтан, Астанаға
жасалынған сапар біздерге соны
серпін,
еңбегімізге
серпілім,
жұмысымызға шабыт сыйлады.
Бәйгеден оза шапқан шәкіртіміздің
олжалы болуының нәтижесінде біз
Елорда төрінде болып қайттық.
Білім саласына, педагогтардың
тынымсыз еңбегіне қолдау көрсетуді
дәстүрге айналдырған облыс әкіміне
алғысым шексіз. Біз алдағы уақытта
да, білім-білігімізді саналы ұрпақ
тәрбиелеу жолына сарп ететін
боламыз.
Бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Катя Балтабайқызы
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін
білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие
беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып,
адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде
бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі
зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті
тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан
ұстаздар қауымына құрметте арта бермек.
Үстіміздегі жылдың ұстаздар қауымының
кәсіби
мерекелерінің
тұсында
облысымыздағы 139 алтын белгі
иегерлерінің алғашқы ұстаздарына Астана
қаласына жолдама тапсырылды. № 3
мектеп-лицейден бастауыш сынып
мұғалімдері Ибраева Катя Балтабекқызы, Шайманова Үміт Айғалиқызы және
Балтабаева Ләззат Бақытбекқызы қараша айының 3-і мен 9-ы аралығында
Астана қаласында демалып қайтты.
Облыстық кәсіподақ тарапынан ұйымдастырылған аталмыш саяхат жоғары
деңгейде ұйымдастырылуымен, мазмұндылығымен ерекшеленді.
Ең суық, аязды қалалардың бірі ретінде саналатын ордамыз оңтүстіктен
келген біздерге жылы қабақ танытып, ең көрікті деген жерлерін көрсетуге
дайын тұрды. Сондай жерлердің бірі- бала да, үлкен де көруге асығатын
Алаш төрінен Астана алақанына саяхат
Ұстаздық еткен жалықпас ...
23
А й н а с ы
Білім
«Астана-Бәйтерек» кешеніне ат басын тірей отырып,
қазақ елінің бейбітшілік нышанына айналған «Аялы
алақан» - Қазақстан Республикасының тұңғыш
президентінің алақанының таңбасына қолымызды
қоюмен басталды.
Орталық Азияда баламасы жоқ бірегей Ұлттық
мұражайдан көп мәліметтер алып, қазақ халқының
ертеден келе жатқан тарихынан хабардар болдық. Көлемі
74 мың шаршы метрден асатын Ұлттық музейге
Қазақстанның ерте ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі
археологиялық, этнографикалық жәдігерлері мен мәдени
ескерткіштері жинақталған.
Астана қаласында «Астана-Опера» театрын,
«Бейбітшілік және келісім» сарайын, «Ақ Орданы» да
көруге мүмкіндік болды. Астана қаласының- ұлтымыздың
мақтанышына айналғанына көз жеткізген ұстаздар
қауымы әрбір жылы мектептен түлеп ұшқан түлектердің
еліміздің іргетасын әрі қарай берік етіп қалап, еліміздің
экономикасын көркейтуге атсалысатын оқушылардың
шығатынына сенімді. Ол үшін мұғалімдер тарапынан
шығармашылық ізденіс пен қажырлы еңбек талап
етілетіні сөзсіз. Алаш төрінен- Астана қаласына саяхат
жасауға мүмкіндік жасаған облыстық кәсіподақ ұйымына,
қалалық білім бөліміне ұстаздар қауымы атынан
алғысымызды білдіреміз.
Бастауыш сынып мұғалімі Балтабаева Л. Б
Қазіргі заман талабына сай мектепті таңдауда ата-аналар
мұғалімдердің кәсіби шеберлігімен қоса, мектептің
оқушыны жан-жақты дамытуға бағытталған үйірмелер
жиынын, сынып бөлмелерінің
талапқа
сай
жабдықталуына, жалпы алғанда бала білім алатын екінші
үйінің жан-жақты талапқа сай болуына назар аударады.
Осы талаптарға №3 мектеп-лицей сай келеді деп зор
мақтанышпен айта аламын.
Біз №3 мектеп-лицей білім ұясына, ұстаздарына
көзіміздіің ағы мен қарасы болған – балаларымызды
сеніп тапсырғанымызға еш өкінген емеспіз.
Ал білім жолының алғашқы сатысында жүрген қызым
Адияның жолы болды деп қуанамын. Себебі, ол
Сұлушаш Дүйсенбекқызынан білім, тәлім тәрбие алуда.
Сұлушаш Дүйсенбекқызы алғашқы күндерден- ақ өз
ісінің шебері екенін байқатты. Ұстазымыздың әрбір
сабағы баланың терең білім алуына, сыни тұрғыдан
ойлауына, тақырыпты жете түсінуіне, жеке тұлғаның
қалыптасып, балаларды белгілі бір мақсатқа жетелеуге
бағытталған. Балаларымыз ұстазының әрбір сабағын асыға
күтіп, ықыласпен оқиды, әрбір тапсырмасын ынтамен,
қызығушылықпен орындайды. Сабақтары қызықты,
креативті өтеді. Балалардың өз ой-пікірлерін, білімдерін
дәлелдеуге,
кез-келген
топтық
жұмыстарды
ұйымдастыруға икемі де ықыласы да зор. Жалпы 2 «Б»
сыныбы оқушылары да, ата-аналары да ұстазының
жетекшілігімен сынып, мектепішілік іс-шараларға
Білікті ұстаз – білімді оқушы
белсене араласады.
Сұлушаш Дүйсенбекқызы ата-ана жүрегіне де жол таба
білді. Сынып ата-аналарымен әрдайым терең байланыста.
Әркез көкейіңде жүрген сұрақ төңірегінде оңтайлы кеңес
беріп отырады. Ең бастысы, шәкірттерінің
сүйіспеншілігіне, сеніміне, ата-ананың құрметіне ие
болған ұстаз. Біздің балаларымыздың өз қабілеттерінің
ашылуына, болашақта еліміздің тірегі болатын ұрпақ
тәрбиелеп шығарады шын жүректен сенеміз!
Сұлушаш апайға, жалпы мектеп ұжымына алғысымыз
шексіз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт тілейміз!
Ұстаздық жолдарыңызда педагогикалық және
шығармашылық шыңдардан көрінуге тілектеспіз!
2 «Б» сынып оқушысы Сұлтанбек Адияның ата-анасы
Школа – лицей №3 является одной из старейших школ
не только города Кызылорда, но и области. Раньше она
называлась школой имени Ворошилова.
Эта школа является одной из передовых школ города
по качеству получаемых знаний.
Многие ученики, окончившие данную школу, в
настоящее время работают в различных отраслях и
сферах.
Я взрослый человек, повидавший все тяготы жизни, хочу
сказать, что нынешняя молодежь очень счастливая, так
как имеет возможность получать образование. Я
благодарен и склоняю голову перед всеми педагогами,
которые не только учат считать, писать, а учат наших детей
думать и выбирать.
Хочется обратиться к современной молодежи:
«Дерзайте, учитесь, боритесь, чтобы оправдать доверие
родных и близких. Делайте все, чтобы наша страна, наша
Родина стала современной и высокоразвитой, с мощной
Школа- дом знаний
экономикой
и
глубокими
историческими корнями страной»
Мне очень радостно, что моя
внучка является ученицей 4-го «Е»
класса школы – лицея №3 города
Кызылорда.
В будущем, я уверен, что моя
внучка, получив прекрасные знания
в данной школе, без труда выберет
по душе профессию и найдет свое
место в жизни.
Ведь правильно выбранная
профессия в будущем принесет
большую пользу не только ей, но и
развитию и процветанию всей
страны.
Дедушка ученицы 4Е класса
Сыздыковой Нурай Сыздыков Серик
Ұстаздық еткен жалықпас ...
Ата-ана айдары
А й н а с ы
24
Білім
Главный редактор газеты
БІЛІМ Айнасы
Абдыкаликова М.Н.
г.Кызылорда,
ул.Жанқожа батыр 5,
тел: 27-40-80
www.school-liceum3.kz
school-liceum3@mail.ru
Компьютерная верстка:
Ж
УМАБАЕ В
Б
АХЫТ
Р
ЕДАКЦИЯ
: Есімов А.Ж.,
Мухтаров Асет, ученик 11 “Б”класс
Электронная версия газеты на нашем сайте
Если в семье сохраняется уважение к
старшим, новое поколение сможет
избежать
многих
ошибок
и
неприятностей. Главное правило
семейного этикета гласит: старшим
никогда нельзя перечить и отвечать
грубо, даже если кажется, что они
неправы.
О культуре общества можно судить по
тому, насколько в нём молодёжь уважает
старших. Если уважают старших — это
так же значит, что там не распадаются
семьи. Семья — это ячейка общества.
Разумеется, уважение нельзя требовать,
его нужно заслужить. Когда дети видят,
с каким уважением их родители
относятся к своим отцу и матери, это воспитывает в них
уважение и к своим родителям тоже. Если ребёнок видит,
как папа ругается с дедушкой и говорит о нём плохо, то,
повзрослев, он будет испытывать такое отношение и к своим
родителям.
Если человек ценил материальные блага и учил этому
детей, то дети будут его уважать до тех пор, пока он будет
превосходить их в своём богатстве и одаривать их.
Поскольку он всю жизнь думал только о том, как заработать
денег, в старости никто его не будет слушать, потому что он
«ничего не понимает в современной жизни». Если человек
не смог привить детям высоких нравственных ценностей и
сам не обладает возвышенными качествами, ему останется
только требовать уважения к своему возрасту, что выглядит
очень нелепо.
Поступать нравственно и развиваться духовно
необходимо даже просто ради блага своих детей, чтобы
заслужить их искреннее уважение, так как даже самое
неблагоприятное астрологическое влияние не может
Уважение к старшим – показатель воспитанности
Қызылорда қаласындағы іргелі №3 мектеп – лицейіндегі
6
а
және 4
а
сыныпта оқитын балаларым Имамадин Бағнұр
мен Мади осы мектепте оқиды. Балаларымның осы мептеп-
лицейінде білім алып жүргеніне дән
ризамын.Себебі бұл мектептің тарихы
терең Қызылорда облысындағы білім
ордаларының ішіндегі заманауй
техникасы дамыған, ұстаздары білікті
маман-деп есептеймін. Оған дәлел
балаларымның бүгінде сабақтарын
жақсыға оқып үлгілі оқушы болуы
Сонымен қатар оқу ғимаратының
орналасу деңгейі оқушылар үшін
қолайлы. Себебі қала орталығында
орналасқан. Оқушылардың білім
деңгейін жақсарту мақсатындағы іс-
шаралар, олимпиадалар өткізіледі.
Педагогикалық технологияларды шебер
пайдаланып әр оқушыға жеке дара ерекшеліктері мен
принести вреда человеку, который
послушен своим родителям и всячески
заботится о них: у космической
иерархии свои законы.
Во все времена особое внимание
уделялось служению старшим членам
семьи, чтобы заслужить их искренние
благословления, с которыми родители
передают детям плоды своего
благочестия.
Кроме старших в семье, дети должны
уважать своих учителей. Не только тех,
кто преподает у него, а всех учителей
своей школы. Люди во все времена
уважали своих учителей и слушали их.
Уважение учителя показывает на
воспитанность в семье. Только воспитанный и
культурный человек сможет показать себя с лучшей
стороны. Учитель не обязан напоминать учащимся об
уважении учителей.
Учитель — ныне одна из самых распространённых
общественных профессий, возникшая вследствие как
необходимости воспитания и обучения следующих
поколений для более успешного и быстрого их
вхождения в общественную жизнь, так и роста
общественных возможностей для содержания
отдельных людей, выполняющих эти задачи.
Самым важным явлением в школе, самым
поучительным предметом, самым живым примером для
ученика является сам учитель. Он олицетворенный
метод
обучения,
само
воплощение
принципа воспитания.
Уважаемые учащиеся, давайте уважать своих
родителей, родных и наших любимых учителей!
Родительница 8 «Г» класса Абдухаимова Мереке
Біздің мектеп
қабілеттерін дамыту жолға қойылған. Балаларымыздың
жан-жақты даму үшін үйірмелер бар. Атап айтатын
болсақ шахмат, волейбол, футбол, каратэ, би секциялары
бойынша мамандар жұмыс жасайды. Қазіргі кезде
қызым Бағнұр би секциясына қатысып,
әртүрлі мектеп ішілік іс-шараларында өз
өнерін көрсетіп жүр.
Болашақта мектеп-лицейінің жан-
жақты
дамуына,
ұстаздардың
шығармашылық табыстарға жетіп
шәкірттерінің үлкен белестерден көріне
беруіне ата-ана ретінде шын жүректен
тілектеспіз.
Ата-ана: Бисенова Маржан
Қылышбаевна
Ата-ана айдары
Достарыңызбен бөлісу: |