Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/35
Дата03.03.2017
өлшемі8,79 Mb.
#5574
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

Литература
1.   Пенионжкевич Э.Э., Зеленская К.В. Основы гусеводства. –М.: Сельхозгиз, 1952., -С.113-140. 
2.   Митрофанов Н., Макарова Н. и др. Сырье для перопуховых изделий / Птицеводство, №5,1990, 
-С.-26-29. 
3.  Альпейсов Ш.А., Молдажанов К.А. Утководство Казахстана. –Алматы: РНИ «Бастау», 2002, -
С.84-128. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
287 
УДК 33319.2 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
Сапаров А.К., Сапарова Г.С., Ауельбаев С.Ш. 
(М.Х.Дулати атындағы ТарМУ) 
 
 
 
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл 
шаруашылығы халықты азық-түлікпен жəне өнеркəсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен 
қамтамасыз  етумен  айналысады.  Ауыл  шаруашылығы  екі  үлкен  саладан,  яғни  өсімдік 
шаруашылығынан жəне мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына 
балық аулау, аңшылық жəне омарта шаруашылығы да кіреді. Қазақ жерінде б.з.б. Олар 
көбінесе  жылқы,  түйе,  қой  жəне  ешкі  өсірді.  Малдарының  жағдайына  байланысты 
көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де 
айналысқан.  Оған  дəлел  -  қыш  құмыраларда  сақталған  арпаның,  бидайдың,  тарының 
дəндері. Егін егу мал өсіруге қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған 
құралдар  қатты  жерлерді  өңдеуге  жарамады.  Олармен  тек  өзен,  көл  жағасындағы 
жерледі  өңдеді.  16-17  ғасырлардан  бастап  Қазақстан  жерінде  егіншілік  дами  бастады. 
1694  жылы  Тəуке  ханның  Түркістан  сарайында  болған  Ресей  елшісі  В.Кобяков 
жергілікті  тұрғындардың  бидайды,  арпаны,  тарыны  өте  көп  мөлшерде  егетін  жəне 
бидайдың  жаздық,  күздік  түрлерін  өсіретінін  жазған.  Шығыс  Қазақстан  жəне  Жетісу 
тұрғындары  егін  шаруашылығын  мал  шаруашылығымен  жəне  балық  аулау  кəсібімен 
қатар  жүргізді.  Бұл  жерлерде  егін  суару  үшін  қолдан  арық  қазылды.  Шу,  Талас 
өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген 
суару  жүйесін  пайдаланды.  Негізгі  салалары  -  егіншілік  пен  мал  шаруашылығы. 
Олардың құрамына а.ш. дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін 
қосалқы  салалар  енеді.  Қазақстанда  ауыл  шаруашылығы,  оның  ішінде  мал 
шаруашылығы ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық-түлікпен 
(сүт,  май,  ет,  тоңмай  т.б.),  жеңіл  жəне  тамақ  өнеркəсіптерін  шикізатпен  қамтамасыз 
етеді.  Күш  көлігі  де  (ат,  өгіз,  түйе  т.б.)  егіске  керекті  тыңайтқыш  та  (көң,  қорда  т.б.) 
осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90-жылдарына дейін Қазақстан ауыл 
шаруашылығы  құрылымының  негізін  Кеңестік  шаруашылықтар  (кеңшар)  мен 
ұжымдық  шаруашылықтар  (ұжымшар)  құрады.  1990  жылдан  бастап  республиканың 
агроөнеркəсіп  кешенінде  кең  ауқымды  əлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  болды.  
Ауыл  шаруашылығы  -  шаруашылық  салаларының  ішіндегі  ең  ежелгі  жəне  табиғат 
жағдайларына тікелей тəуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым 
көп  тараған  сала.  Шындығында,  дүниежүзінде  халқы  ауыл  шаруашылығының  түрлі 
салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге 
таралуы  оның  алуан  түрлілігіне  байланысты.  Ғалымдар  шамамен  онын  50-ге  жуық 
түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мəлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3 
млрд-тан  астам  адам  еңбек  етеді,  оған  ауыл  шаруашылығындағы  шаруа  отбасыларын 
қосатын  болса,  онда  ол  көрсеткіш  2,6  млрд  адамға  жетеді.  Еңбекке  жарамды  ер 
адамдардың 
ауыл 
шаруашылығындағы 
үлесіне 
сəйкес 
елдер 
индустриялы, 
постиндустриялы  жəне  аграрлы  болып  жіктеледі.  Дүниежүзінде  экономикалық 
белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді. Экономикасы дамыған елдер 
тəжірибесі  аграрлық  өндірісте  жандандырмай  елдің  азық  түлік  қауіпсіздігі  мəселесін 
шешу  жəне  дамыған  нарықтың  қатнастарды  қалыптастыру  мүмкін  еместігін  дəлелдеп 
отыр.  Аграрлық  саясат  ол  ауыл  шаруашылық  өндірісі  мен  агробизнестің  басқада 

 
 
288 
салаларын  тиімді  дамытуға  бағытталған  жəне  осы  негізде  халықтың  тұрмыс 
дəрежесімен  елдегі  қоғамдық  процесстің  дамуын  қамтамасыз  ету  саясаты.  Қазақстан 
Республикасы аграрлық саясатының стратегиялық нысанасы отандық өндірісті ұлғайту, 
өнім  сапасын  жақсарту  жəне  оның  өзімдік  құнын  əлемдік  бəсекелестік  деңгейінен  
асырмау,  халықты  экологиялық  азық-түлік  өнімдерімен,  ал  өнеркəсіпті  шикізатпен 
толық қанағаттандыру болып табылады. 
Қазақстанның  аграрлық  секторы  əлеуметтік  -  экономикалық  жағынан  терең 
түрлендірілді, 
шаруашылықты 
жүргізудің 
экономикалық 
механизімі 
өзгерді, 
щаруашылықтың  жаңа  нышандары  қалыптастырылды  .  Тауар  өндірушілердің  құрамы 
түбегейлі өзгеруі , меншіктің жаңа , мемлекеттік емес формалары орнықты. Дегенмен , 
соңғы он жыл ішінде елімізде азық-түлік өнімдері , олардың ең қажетті түрлері бойыша 
екі  жəне  оданда  көп  есе  кеміп  кетті  ,  өндірілген  өнімді  өткізудің  қалыптасқан  жүйесі 
өзгерістерге  ұшырады.  Рыноктың  экономикаға  көшу  көптеген  күрделі  проблемалар 
ішінде ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастырум формаларын өзгертуді жеке мəселе 
ретінде  қойып  отыр.  Сондықтан  нарықтың  қатнастарға  өту  жағдайында  агроөнеркəсіп 
кешенінің негізгі буынында өндірісті ұйымдастырудың мəселелерін зерттеу өзектілікке 
ие болып отыр. Азық-түлік проблемасының шиеленісуінен ауыл шаруашылығын жəне 
онымен  байланысты  салаларды,  аграрлық  қатнастарды  дамыту  туындайды.  Қазіргі 
уақытта  эканомикалық  -  əлеуметтік  саясатты  бірінші  кезекте  аграртлық  мəселелерді, 
əсіресе  азық-түлік  кешенінің  маңыздылығын  ескеру,  дағдарыстан  шығудың  алғы 
шарттарын  жасау,  саладағы  жаңа  нарықтың  құрлымдарға  жан-жақты  қолдау 
шараларын  жəне  ауыл  шаруашылығының  дамуындағы  мемлекеттің  ролін  қарастыру 
актуалды  мəселе  болып  отыр.  Сол  себепті  аграрлы  өндірісті  дамыта  отырып,  осы 
саланың  қызметін  түпкілікті  жақсарту  -  елдің  азық-түлік  мəселесі  мен  əлеуметтік 
шиеленісті  шешіп,  Қазақстанның  рыноктық  қатынастарға  барынша  бір  қалыпты  өтуін 
қамтамасыз  етеді  .  Тəуелсіз  мемлекет  тұрғысынан  əсіресе  оның  даму  негіздері  мен 
тəсілдерін  өзгерту,  шаруашылық  жүргізудің  жаңа  əдістерін  меңгеру,  өнім  көлемін 
көтеру  жəне  оны  өңдеу,  сақтау,  тасымалдау,  əдістерін  жетілдіру,  осы  негізде 
агроөнеркəсіп 
кешенінің 
инфроқұрылымдарын 
дамыту 
мəселелері 
зерттеу 
тақырыбының  өзектілігін  анықтайды.  Өйткені  ауылға  көңіл  бөлу,  ауылды  көркейту- 
мемлекеттік  дəрежедегі  аса  маңызды  шаруа.  Ауыл  шаруашылығын  қайта  өркендету 
бұдан бұлай өзекті мəселеге айналу керектігі бүгінгі күннің кезек күттірмейтін талабы. 
Осы саланы қалпына келтіру үшін үкімет үш жыл көлемінде 150 миллиард теңге қаржы 
бөлмекші.  Ауыл  -  шаруашылығын  өркендетуде  қазіргі  таңда  алда  төмендегідей 
міндеттер тұр: 
- бірінші, азық-түлік рыногын тұрақтандыру; 
-  екінші,  импорттық  тауарлардың  тасқыны  күшейген  қазіргі  жағдайда  халықтық 
отандық өнімдермен қамтамасыз ету мүмкіндіктерінің төмендеуіне жол бермеу; 
- үшінші, аграрлық жəне өнеркəсіптік секторлардың мүдделерін тиімді үйлестіре 
отырып тұрақты экономикалық дамудың алғышарттарын қамтамасыз ету; 
- төртінші, ауыл инфроқұрылымдардың тозғыншылыққа ұшырауын тоқтату. 
Қазақстанның  халық  шаруашылығының  ең  негізгі  маңызды  саласы  -  ауыл 
шаруашылығы болып табылады. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық-түлік 
өнімдерімен  қамтамасыз  ету,  ал  өңдеуші  өнеркəсіпті  қажетті  ауыл  шаруашылық 
шикізатымен.  Ауыл  шаруашылығының  еліміздің  экономикалық,  əлеуметтік  өмірінде 
айрықша  орын  алатын  баршымызға  белгілі.  Ауыл  шаруашылығы  дамуының  деңгейі 
көбінесе 
елдің 
экономикалық 
қауіпсіздігін 
анықтайды. 
Қазақстанның 
ауыл 
шаруашылығына  қолайлы  жерлері  көп  болғандықтан,  əлем  нарығында  бəсекелестікке 
қабілетті  агроөнеркəсіп  секторын  дамытуға  барлық  мүмкіндіктері  бар.  Оған  қоса,  ел 
халқының  жартысына  жуығының  əлеуметтік  жағдайы  ауыл  аймақтарымен  тығыз 

 
 
289 
байланыста. Ауыл республика экономикасы дамуындағы маңызды фактор болса, ауыл 
халқы  еліміздіқ  қоғамдық  -  саяси  тұрақтылығының  да  шешуші  факторы  болып 
есептеледі. Республика халқының 44 пайызы бүгінде ауылдық жерлерде тұрады. 2003-
2005  жылдары  Елбасының  шешімімен  Ауыл  жылдары  деп  жарияланған  еді.  Осыған 
сəйкес,  агроөнеркəсіптік  кешенді  мемлекеттік  қолдаудың  үш  жылдық  бағдарламасы 
қабылданғаны белгілі. Ауыл шаруашылығы ұлттық экономикамыздың негізін құрайды. 
Ауылдың  əлеуметтік  жағдайын,  тұрғындардың  тұрмысын  түзеу  үшін  қатарынан  үш 
жылды  ауылға  арнау  елімізге  үлкен  өзгерістер  əкелді.  Ауылдық  жерді  дамыту  ұғымы 
тек  қана,  ауыл  шаруашылығын  дамытудан  əлдеқайда  үлкен  нəрсені  көздейді.  Бұл 
ауылдық  қауымдастықты  қамтитын  бүкіл  қатынастар  кешенінің  дамуы  болып 
табылады.  Демек,  бүгінгі  таңда  ауылды  жандандыру  ауылдағы  саяси,  əлеуметтік  əрі 
экономикалық  байланыстарды  қалпына  келтірудің  біртұтас  құрамдас  бөлігі  ретінде 
қарастыруымызға  болады.  Ауыл  дегеніміз  -  сайып  келгенде,  халықтың  тұрмыс  салты, 
мəдениетіміздің,  дəстүріміздің,  əдет  ғұрпымыз  бен  рухани  тіршілігіміздің  қайнары 
Аграрлық  салада  тың  өзгерістер  жасау  үшін,  өткен  тарихи  кезеңнің  келеңді,  келеңсіз 
тəжірибелерінен  үйрене  отырып  алға  басқанымыз  жөн  -  деп  түсінеміз.  Сондықтан  да, 
социализм тұсындағы аграрлық қатынастардың қалыптасуы мен дамуы кезеңі, нарыққа 
өтпелі кезеңдегі аграрлық қатынастардың, олардың ішкі құрылымының ерекшеліктерін, 
аграрлық  қатынастардың  негізі  болып  табылатын  жер  қатынастарының  қалыптасу 
заңдылықтарын,  аграрлық  өндірістегі  дағдарыс  себептерін  қарастыра  отырып,  азық-
түлік  қауіпсіздігі,  ғылыми-техникалық  прогресс  жəне  оның  ауыл  шаруашылығындағы 
ерекшеліктерін, 
кооперация 
мен 
жекешелендіру 
процесінің 
нəтижелерін, 
орталықсыздандыру  саясатының  ауылдық  аймақтарға  жасаған  ықпалы  жəне  ауылдың 
əлеуметтік  жағдайын  көтеру  мəселелері  зерттеу  тақырыптың  өзектілігін  анықтайды. 
Соңғы  жылдары  осы  сала  бойынша,  қол  жеткізген  ең  үлкен  жетістік  ретінде 
агроөнеркəсіптік  кешеннің  дамуының  тұрақты  арнаға  түскендігін  айтуға  болады.  Осы 
өткен  жылдар  ішінде  осы  салаға  қатысты  Жер,  Орман,  Су  кодекстері,  астық, 
ветеринария,  егіншіліктегі  міндетті  сақтандыру  туралы  заңда,  көптеген  заң  аясындағы 
актілер,  сондай-ақ  жоғарыдағы  сөз  болып  отырған  үш  жылдық  бағдарламадан  тыс 
Ауылдық  аумақтарды  дамытудың  2010  жылға  дейінгі  мемлекеттік  бағдарламасы 
қабылданды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында аграрлық саясаттың негізіндегі 
жаңа  ережесі  -  жерге  меншіктік  құқықтың  болуы  аса  маңызды  болып  табылады. 
Сондықтан,  жер  кодексінің  мəні,  сол  заң  арқылы  ауылдың  əлеуметтік  экономикалық 
жағдайына  əсерін  айқындайды.  Қазіргі  кездегі  Қазақстаның  аумағындағы  жер 
қатынастарының даму  тарихы - бұл өте күрделі əрі қызықты да тақырып. Реформалау 
процесінде  қалыптасқан  жерде  меншік  пен  шаруашылық  жүргізу  түрлерін  талдау  мен 
жер  қатынастарын  жетілдіру  мəселелерінің  маңыздылығы  сөзсіз.  Аталған  мəселе 
бойынша іс жүзінде əлі де толығымен зерттелмеген деуге болады, алайда, бұл тақырып, 
көптеген  ғалымдарды,  саясаткерлердің  ғылыми  қызығушылығын  тудырады.  Бұған 
дəлел ретінде, бірақтар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихи мəліметтерді 
айтуға  болады.  Қазақстанда  феодалдық  жер  қатынастарын  дамуын  көптеген 
қазақстандық  жəне  шетелдік  ғалымдары  зерттеген.  Жер  қатынастарында  мемлекеттік 
бақылау  жерді  пайдалану  мен  қорғау  саласындағы  жер  заңдарының  орындалуын 
қамтамасыз ететін нормативті құжат бұл  «Жер кодексі» заңы. Жерді құқықтық қорғау 
мен сақтау саласындағы жер құқық қатынастары қиын да əрі өзекті мəселелер қатарына 
жатады.  Қазақстан  Республикасында  аграрлық  қатынастардың  нарыққа  бейімделуін 
қамтамасыз ететін оның даму мəселелерін, осы ауыл шаруашылығы саласындағы терең 
өзгерістерді  тарихи  ғылыми  талдау  жасау  болып  табылады.  Осыған  байланысты, 
зерттеу жұмысының міндеттері төмендегі мəселелерді қамтиды.  

 
 
290 
-  1985-1990  жылдар  аралығындағы  республика  ауыл  шаруашылығының  алдына 
тұрған проблемалар жəне оларды шешу жолдарын көрсету; Республикада осы жылдар 
аралығында  жүргізілген  Кеңес  мемлекетінің  аграрлық  саясатының  шынайы  бағыт-
бағдарын, мəні мен сипатын жəне қайшылықтары мен зардаптарын айқындай түсу; 
-  Кеңес  өкіметінің  аграрлық  салада  жүргізген  саясатының  мəнін  ашып, 
тəжірбиесін  ой-елегінен  өткізе  отырып,  ауыл  шаруашылығының  жағдайын  сапалық 
жағынан жоғарғы деңгейге жеткізе алмауының себептерін ашып көрсету; 
-  Аграрлық  қатынастардың  даму  кезеңдері  мен  жаңа  əлеуметтік  экономикалық 
мазмұнын айқындау; 
-  Орталықсыздандыру  саясаты  мен  ауылдың  аймақтарға  жасаған  ықпалын 
көрсету; 
-  1985-2006  жылдар  аралығындағы  ауыл  шаруашылығындағы  аграрлық 
қатынастар  мен  ауылдың  əлеуметтік  экономикалық  дамуы  көрсеткіштері  нақты 
статистикалық мəліметтер негізінде зерттеу; 
-  Ауыл  шаруашылығы  саласындағы  жекешелендіру  процесі  жəне  оның 
нəтижелерін көрсету; 
- Ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, аграрлық 
қатынастардың жаңа əлеуметтік-экономикалық мазмұнын айқындау; 
-  Нарыққа  өтпелі  кезеңдегі  аграрлық  қатынастарды  жетілдіру  бағыттарын 
қарастыру; 
-  Қазақстанда  «Ауыл  жылдары»  кезінде  жүргізілген  аграрлық  реформаның 
проблемаларына талдау жасау
-  Өтпелі  кезеңге  сəйкес  келетін  жер  қатынастарының  даму  процессінің 
ерекшелігін қарастыру; 
- Ауылдың жағдайын, ондағы əлеуметтік-экономикалық мəселелерді қарастыру; 
-  Қазақстандағы  аграрлық  қатынастардың  даму  кезеңдері  мен  жаңа  əлеуметтік 
мазмұнын айқындалды, аграрлық өндірісіндегі дағдарыс себептерін қарастыра отырып, 
аграрлық саясат бағыттарына талдау жасалған; 
- Өтпелі кезеңге сəйкес келетін жер қатынастарының даму процессінің ерекшелігі 
қарастырылған; 
-  Проблеманы  зерттеу  барысында  соңғы  кезге  дейін  ғылыми  айналымға  енбеген 
мұрағат  қорларының  деректері  негізінде  ауыл  шаруашылық  жағдайының  мəні  мен 
принциптері жан-жақты зерттелген; 

Ауылдың 
жағдайы, 
ондағы 
əлеуметтік 
мəселелері 
қарастырылған. 
Агроөнеркəсіп  мемлекет  иелігіне  «алу»  мен  «жекешелендіру»  колхоздар  өміріндегі 
алғы 
шарттары 
мен 
қиыншылықтары, 
колхоз 
өндірісін 
басқарудағы 
орталықсыздандыру саясаты мен оның мазмұнының біртіндеп өзгеруі көрсетілген; 

Аграрлық 
саладағы 
дағдарыс 
себептері 
қарастырылып, 
нарықтық 
қатынастардың  қалыптасу  жағдайында  ауыл  шаруашылығының  проблемаларын  одан 
əрі теориялық негізі талданған; 
-  Нарықтық  қатынастарға  өтумен  байланысты,  ауыл  шаруашылығы  саласында 
жүзеге  асырылған 
реформалардың  кемшілігін,  өтпелі  кезеңннің  объективті 
заңдылықтарын, ең алдымен оның тарихи сипаты жан-жақты сипатталған; 
-  Аграрлық  қатынастарға  кешенді,  жан-жақты  анықтама  беру  арқылы  кейбір 
теориялық жəне методологиялық тұжырымдама жасалған; 
Қазақстандағы 
қазіргі 
кездегі 
аграрлық 
қатынастардың 
жағдайы 
мен 
ерекшеліктері негізінде, осы саланың нарыққа өтпелі кезеңдегі қалыптасуы мен дамуы, 
ауылдың  əлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейі  бүгінгі  тарихи  көзқараспен 
зерделеніп,  дəйекті  түрде  терең  талданды.  Қазақстандағы  аграрлық  дағдарыс 
себептерін  зерттеудің  жүйелі  тəсілі  оның  сонау  қайта  құру  кезеңіне  дейінгі  уақыттан 

 
 
291 
бастау  алғанын  көрсетті.  Əлі  күнге  дейін  елімізде  азық-түлік  мəселесі  шешілмегендігі 
шындық.  Реформа  басталғалы  он  жылдың  ішінде  (1991-2001  ж.ж)  егістіктің  жалпы 
көлемі  республика  бойынша  7,5  млн.гектарға  азайды,  ауыл  шаруашылығы  дақылдары 
егісінің  көлемі  13,7  млн.гектарға  қысқарған.  Ауыл  шаруашылығы  минситрлігінің 
мəліметтеріне қарағанда 1990 жылы ауыл шаруашылғы өнімдерін өндіру мен сатудың 
рентабельдігі 46 % болған, оның ішінде егіншілік 105,4%, мал басының (жылқы - 33%, 
ірі қара малы - 56%,қой жəне ешкі - 71%,) қысқаруы нəтижесінде, республикамызда ет 
өндірісі  2,4  есеге,  сүт  -  1,7  есеге  жəне  жұмыртқа  3,4  есеге  төмендеген.  Ал,  астық 
өндірісі, 1998 жылы 1992 жылдың дəрежесімен салыстырғанда 2,4 есе, оның экспорты 
6  есе  төмендеп,  дəнді  дақылдардың  орта  жылдық  өнімділігі  1991-1995  жылдары 
гектарына 9,3 ц, 1996-1997 жылдары - 8 центнер құраған [17, 54-55-бб.]. 1996 жылдан 
бастап,  жалпы  рентабельділік  теріс  баланс  берді,  өнім  өндіруге  кетекеншығын  оны 
сатудан  алынған  табыстан  20,8%  асып  кетті,  оның  ішінде  егіншілік  -  теріс  1,9  %,  мал 
шаруашылығы  -  теріс  43,7  %.  Бес  жəне  одан  көп  жыл  пайдаланылып  келе  жатқан 
техника 1997 жылдың 1 қантарына 93 % болды. Шет ел бақылаушыларының пікірінше, 
аграрлық  реформада  1992-1994  жылдары  консервация  жағдайы  болды.  1994-1995 
жылдары  нарықтық  өзгерістер  аса  асығыстықпен  жүргізілді,  1996-2000  жылдары 
экономикалық  қайта  құрулардың  қарқыны  қайтадан  бəсеңдеді.  Бұны  бақылаушылар 
реформа  аумалы-төкпелі  жүргізілді  деп  бағалады.  Еліміздің  аграрлық  саласындағы 
əлеуметтік-экономикалық 
жағдайға 
сүйене 
отырып, 
Қазақстандағы 
аграрлық 
дағдарыстың  негізгі  себептеріне:  халықшаруашылығы  көлемінде  агроөнеркəсіп 
кешеніндегі  ұдайы  өндірістің  терең  үйлеспеушілігі,  яғни  қоғамдық  өндірістің  жəне 
қоғамдық  қажеттіліктің  сəйкессіздігін,  аграрлық  экономиканың  шығындылық  сипаты 
мен  экономикалық  тиімділігінің  төмендеуі;  теңгермешіліктің  жəне  өсу  резервін, 
өндірістің шығындылығын жасыруды тудыратын орталықтан табыстарды бөлудің орын 
алуын, жоғары өнімділікті еңбекке ынталылықтың болмауын айтуға болады.  
 
 
 
Əдебиет: 
1.  Сагадиев  К.А,  Нурсеитова  А.Ш.,  Алтынбаева  Б.А.  Маркетинг  и  инфраструктура  рынка: 
проблемы становления. - Алматы: Экономика, 2004.- С.219. 
2.  Қазақстан  Республикасы  Ауыл  Шаруашылығы  Министрлігінің  ресми  интернет  ресурсының 
мəліметтері негізінде алынған. 
3.  Маркетинг оқу құралы, авторы: С.Р. Есімжанова  
 
 
 
УДК: 33319.2 
 
АГРОӨНЕРКƏСІП КЕШЕНІНДЕГІ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
Сапаров А.К., Сапарова Г.С., Ауельбаев С.Ш. 
(ТарМУ им. М.Х.Дулати) 
 
 
 
Қазақстанның  агроөнеркəсіптік  кешенінде  нарықтық  қатынастардың  қалыптасуы 
мен  даму  үрдісі  жағдайында  тұрақты  даму  мен  бəсекеге  қабілеттілікті  арттырудың 
негізгі  жолы  агроөнеркəсіп  кешеніне  мемлекеттік  қолдау  аясында  нарық  талаптарына 
бейімделе  жұмыс  істеуі  үшін  қаржылық  қолдаумен  қатар,  маркетингтік  қызметті 

 
 
292 
жетілдіру  болып  табылады.  Қазіргі  замануи  маркетинг  əдістері  мен  қағидаларын 
қолдану  арқылы  бүгінгі  экономикалық  шарттарда  агроөнеркəсіп  кешеніндегі 
кəсіпорындардың  алдында  тұрған  сапалы  жаңа  міндеттерді  шешу  қажеттігі  туындап 
отыр.  Аграрлық  салада  кəсіпорындарды  басқарудың  жаңа  жүйесін  қалыптастыру 
барысында  маркетинг-қазақстандық  шаруашылық  тəжірибесі  кəсіпорындардың 
өндірістік-өтімдік қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа əдісі болып табылады. 
Қазақстанда  маркетингті  енгізу  қажеттігі  басқару  теориясы  мен  тəжірибесін 
дамытудағы жалпы əлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар, маркетинг 
қоғамның  даму  бағдарын,  уақыт  пен  сыртқы  ортаның  ерекшеліктерін  көрсетеді.  Сол 
себептен,  маркетинг  саласындағы  батыс  тəжірибесі  бірқатар  өлшемдері  бойынша 
қазақстандық шарттарға сəйкес келмейді. Оның үстіне, отандық тəжірибе маркетингтің 
экономикасы  дамыған  елдерге  тəн  емес,  беймəлім  тұстарын  ашып  берді.  Біздің 
шарттарда  маркетингтің  классикалық  сызбасын  пайдалану  жəне  енгізу  процесі  өте 
қиын  əрі  баяу  жүзеге  асады.  Өйткені,  отандық  аграрлық  кəсіпорындарда  маркетингті 
қалыптастыру  шарттарының  өзіндік  ерекшеліктері  бірқатар  мəселелердің  туындауына 
алып келуі жəне маркетингтің дамыған үлгісінің қолданысына кедергі келтіруі мүмкін. 
Қазіргі  таңда  еліміздің  жекелеген  аймақтарының  агроөнеркəсіп  кешенінің  алдында 
тұрған  басты  міндет  тұрақты  дамитын  аграрлық-индустриялық  жəне  инновациялық 
орталыққа  айналу,  отандық  тауарлардың  əлем  нарығына  шығаруға  жəрдемдесуді 
жүзеге 
асыру 
үшін 
маркетингтік 
қызметті 
қолданудың 
жаңа 
жүйелерін 
қалыптастыруды  қажет  етеді.  Осыған  байланысты,  елімізде  2006-2010  жылдарға 
арналған  Қазақстан  Республикасының  агроөнеркəсіп  кешенін  тұрақты  дамыту 
тұжырымдамасы  жəне  2007-2024  жылдарға  арналған  Қазақстан  Республикасының 
тұрақты  дамуға  ауысу  тұжырымдамасы  қабылданды.  Сонымен,  маркетинг  туралы 
шетелдік  жəне  отандық  əдебиеттерді  зерттеуге  жəне  нақты  кəсіпорындарда  маркетинг 
қызметін  ұйымдастыру  процесінің  ерекшеліктері  бойынша  мəліметтерді  сараптауға 
негізделген  осы  тақырып  бойынша  жұмыс  істеу  оның  нəтижелерін  отандық 
кəсіпорындардың  іс-жүзінде  əрі  қарай  пайдалануы  тұрғысынан  өзекті  мəселе  болып 
табылады.  Зерттеу  мəселесінің  өзектілігі  əзірге  қолданбалы  материалдары  мен  ілімдік 
негіздері  жеткіліксіз  Қазақстан  үшін  жаңа  бір  мəселе  болуымен  де  айқындалады. 
Жұмыс  нəтижелерін  маркетинг  қызметінің  даму  бағыттарын  анықтау  үшін 
қазақстандық кəсіпорындар мен ұйымдардың қызметінде іс-жүзінде қолдану мүмкіндігі 
де  осы  тақырыптың  маңыздылығын  күшейте  түседі.  Осылайша,  аталмыш  мəселенің 
өзектілігі  мен  тақырыптың  ғылыми  тұрғыдан  жеткіліксіз  өңделгендігі  зерттеу 
мақсатын, пəнін жəне нысанын таңдауда негіз болып табылады. Мұндай жағдайда ауыл 
шаруашылығында маркетинг қызметін қалыптастыру жəне дамыту  жөніндегі кеңестер 
мен  ұсыныстарды  дайындау  қажеттігі  туындайды  Егіс  даласынан  өнімдерді 
тұтынушыға  жеткізумен  айналысатын  салалардың  жұмысын  қамтамасыз  ететін 
маркетингтік  сфераны  құрайды.  Дəстүрлі  барлық  салаларға  қатысты  маркетингтік 
арналарға  (көтерме  жəне  бөлшек  сауда,  қойма,  биржа,  аукцион  жүйелері  жəне  т.б) 
қарағанда агробизнестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала - тамақ 
өнеркəсібінің  болумен  ерекшеленеді.  Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде 
маркетингтік  сфераның  орны  ерекше  жəне  тұрғындар  қажеттілігінің  өсуі  мен  азық  - 
түлік  сервисінің  дамуына  байланысты  ол  онан  сайын  өсе  түсуде.  Батыс  елдері 
агроөнеркəсіп  кешені  құрылымының  қозғалысына  тəн  бір  жайт,  мұнда  азық  -  түлік 
өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, 
АҚШ-та  1960-1985  жылдар  аралығында  мұндай  қысқарту  30  процентке  жуық  болды. 
Мұның  өзі  негізінен  ауыл  шаруашылығы  өндірісі  есебінен  жасалып  отыр.  Ал,  өңдеу 
саласындағы  жəне  саудадағы  қызметкерлердің  саны  өсе  түсуде.  Айталық,  АҚШ-та 
соңғы  он  жыл  ішінде  агроөнеркəсіп  кешенінің  маркетингтік  сферасында  жұмыс 

 
 
293 
істейтіндердің  саны  бір  жарым  есе  өсті.  Қорды  қажет  ететін  салалар  (агроөнеркəсіп 
кешенінің  бірінші  сферасы)  мен  шығарылған  техника  мен  ауыл  шаруашылығы 
өнімдерін  өндіру  технологиясының  бір  -  бірімен  сəйкес  келмеуі,  егін  шаруашылығы 
мен  мал  шаруашылығындағы  көптеген  технологиялар  үшін  машиналардың 
жетілдірілген  жүйесінің  болмауы  қалыптасқан  ауыл  шаруашылығы    өндірісінің 
(агроөнеркəсіп  кешенінің  ІІ  сферасы)  үлес  салмақтарын  салыстыру  отандық 
агроөнеркəсіп  кешенінде  салааралық  жəне  ішкі  салалық  сəйкестіктің  жоқтығын 
аңғартады.  Шығарылатын  техниканың  сапасы  да  айтарлықтай  емес.  Қазіргі  заманғы 
жағдайда экономиканың аграрлық секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған 
техниканың сəйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың 
кең  ауқымда  жүргізілетін  өндірісне  ыңғайланып  жасалынған  техника  қазір  шағын 
шаруа  қожалықтарының  қажеттілігі  мен  сұранысына  жауап  бермейді.  Ауыл 
шаруашылығының  өз  ішінде  мал  басына  арналған  жем  -  шөп  өңдірудің  көлемі    мен 
сапасы,  малды  азықтандыру  технологиясы  мен  күту  процесінің  сəйкессіздігі 
байқалады.  Бұрынғы  КСРО-да,  оның  ішінде  Қазақстанда  агроөнеркəсіп  кешеніндегі 
құрылымдық  сəйкессіздіктерді  жою  əрекеті  80  -  жылдардың  өзінде  бірнеше  рет  бой 
көрсеткен. Агроөнеркəсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік 
бағдарламасы  қабылданып,  агроөнеркəсіптік  өндірісті  басқару  қайта  құрылды.  Бірақ, 
шамадан  тыс  орталықтандырылу  мен  əміршіл-əкімшіл  экономика  шеңгелінде  бұл 
міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркəсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде 
тиімді  құрылымдық  өзгерістерді  тікелей  нарықтық  байланыстар  негізінде  жүйенің  өз-
өзін  реттеу  жолымен  ғана  жасауға  болады.  Экономика  сферасында,  оның  ішінде 
аграрлық  секторда  бірдей  бастау  алғанына  қарамастан,  бұрынғы  одақтық 
республикаларда  көзге  ілмей  кетуге  болмайтын  өзіндік  ерекшеліктер  бар.  Мұның  өзі 
КСРО  тарағаннан  кейін  пайда  болған    барлық  жаңа  мемлекеттерге,  оның  ішінде 
Қазақстанға  да  теңдей  қатысты.  Маркетинг  жəне  инспекция  қызметтеріне  мыналар 
кіреді:  ауыл  шаруашылық  кооперативтері  жəне  ауыл  шаруашылық  маркетингі 
қызметтері,  мал  дəрігерлік  жəне  өсімдікті  қорғау  инспекциялық  қызметі,  астық 
Федералдық  инспекциясы  жəне  азық-түлік  инспекциясы.  Ауыл  шаруашылық 
кооперативтері 
қызметі 
ауыл 
шаруашылық 
кооперативтер 
ұйымдастыруда 
коньсултациялық  жəне  техникалық  көмек  көрсетеді  жəне  олардың  қызметінің 
статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы 
өнімінің  сапасын  қалыпқа  түсіру  мəселелерімен  айналысады.  Өсімдіктерді  қорғаудың 
инспекциялық  қызметі  өсімдік  жəне  мал  зиянкестерімен  жəне  аурулармен  күрес 
жүргізеді.  Астық  инспекциясының  Федералдық  қызметі  астық  қалпы  туралы  заңның 
сақталуын  қадағалайды.  Азық-түлік  жөніндегі  инспекция  ет  пен  құстың  сапасын, 
өнімнің,  оның  құрамының  мазмұнына  сəйкестігін  бақылайды.  Азық-түлік  жəне 
тұтынушылық  қызметжөніндегі  басқарма  тұрғындардың  əр  түрлі  категориялары  үшін 
жеңілдік  тамақтандыру  жөніндегі  бағдарламалары  жүзеге  асырып,  сондай-ақ 
диетология саласында зерттеулер жүргізеді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұлттық 
ормандарды,  сондай-ақ  ұлттық  маңызы  бар  шалғындар  мен  жер  учаскелерін 
қадағалайтын  орман  қызметі  бағынады.  Қысқасы,  қазіргі  заманғы  агробизнесте 
мемлекеттік  реттеудің  негізгі  бағытарына  шолуды  қорытындылай  келе,  олардың 
маңызды  ерекшеліктерін  атап  өту  қажет.  Нарықтық  тегерішті  толықтыра  жəне  түзете 
келіп,  реттеудің  мемлекеттік  тегеріші  оның  негізі  сұраныс  пен  ұсыныстың  негізінде 
баға  белгілеуді  бұзбайды.  Өте  сирек  болып  тұратын  ерекше  ситуациялар,  төтенше 
оқиғалар,  аракідік  жағдайларды  айтпағанда  рыноктің  тегерішін  бұзатын  директивтік 
тапсырма, бағаның үстінен жаппай əкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну 
заттарын  натуралдық  бөлу  сияқты  іс-қимылдарға  жол  берілмейді.  Шын  мəнінде, 
дамыған елдердің аграрлық өңдірісінің тиімділігі осында жатса керек. 

 
 
294 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет