08
А
Й
МАҚТАР А
Й
НАСЫ
30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ
ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
—
Қылышбай
Алдабергенұлы,
сұхбатымызды Арал өңіріне маман-
дар даярлап отырған білім ордасының
алда тұрған мақсат-міндеттері туралы
әңгімеден бастасақ...
— Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы На-
зарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір
мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
«Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей
білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің
барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыс күтіп тұр», — деп, отандық
білім беру жүйесінің алдына кемел келешек-
ке апаратын міндет жүктеген болатын.
Университет ұжымының алдында тұрған
басты мақсат – Елбасымыз атап көрсеткен
осы талап деңгейінен көріну. Яғни өңірдегі
білім, ғылым мен мәдениеттің орталығы
ретінде «Қазақстан-2050» стратегиялық
бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді
үлес қосу.
Сонымен бірге, Елбасы Жолдауында өңір-
лерді дамыту мәселесіне де ерекше көңіл
бөлінді. Өткен жылы Қызылорда облысының
әкімі Қ.Е.Көшербаевтың бастамасымен
Қызылорда облысының 2020 жылға дейінгі
әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы
қабылданды. Стратегияның негізгі басым
бағыттарының бірі – өңірді индустриалды
аймаққа айналдыру.
Сыр өңірі – табиғи қазба байлықтарға
бай өлке. Жер қойнауында мұнай және газ
қорымен қатар, қорғасын, мырыш, алтын,
күміс, темір, қоңыр көмір, малибден-ванадий
және цирконий-титан рудаларының қорлары
бар. Табиғи ресурстарды халық игілігіне жа-
рату үшін өндіріс ошақтарын ашу облыстың
экономикасының өрістеп дамуына жаңа сер-
пін беретіні анық.
Логистикалық қызмет көрсету секторын
дамыту да облыс үшін ең маңызды саланың
бірі. 2020 жылға қарай «Батыс Еуропа - Ба-
тыс Қытай» дәлізі арқылы жүк тасымалдау
екі есеге дейін артатыны белгілі болып отыр.
Осындай стратегиялық маңызды салалар-
ды дамыту өз кезегінде білікті мамандар-
ды қажет етеді. Осы ретте университетте
ақпараттық технологиялар, химиялық тех-
нология және пайдалы қазбаларды байыту
мамандықтары бойынша кадрлар даярлау
қолға алынуда.
— Мамандар даярлау мәселесі сөз
болғанда жоғары оқу орнының әлеуеті ту-
ралы айтпай кету мүмкін емес...
— Әрине, өз ісін жетік меңгерген, нарықтық
экономикада бәсекелестікке қабілетті ма-
мандар даярлауды жүзеге асыру ең бірінші
кезекте ғылыми әлеуеті жоғары оқытушы-
профессорларды талап ететіндігі бел-
гілі. Қазіргі таңда университетте 30-дан
астам ғылым докторы, профессор, 300-ге
жуық ғылым кандидаттары мен доценттер
жұмыс атқарады. Университеттің оқытушы-
профессорларының арасында алыс-жақын
шетелдерге, республикамызға танымал
ғалымдар еңбек етеді.
Университет
студенттері
«Физика-
химиялық талдау әдістері» инженерлік бей-
індегі зертханада, «Компьютерлік жобалау»,
«Дәнекерлеу технологиялық орталығы»,
«Агробиологиялық және қолданбалы зерт-
теулер», «Археология және этнография»,
«Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми
құрылымдарында өздерінің теориялық білім-
дерін тәжірибемен ұштастыруда.
Кәсіби білігі жоғары мамандар даярлауда
дамыған елдердің тәжірибесін пайдаланудың
да берері мол. Университет білім алушы-
ларына әлемдік деңгейде танымал шетел-
дік жоғары оқу орындарынан тәжірибелі
мамандардың дәріс оқуының орны ерекше.
2013-2014 оқу жылында Ресей Федера-
циясының жоғары оқу орындарынан ф-м.ғ.д.
А.Е.Миронов, ф-м.ғ.д., профессор А.Е.Па-
лютин, з.ғ.д., профессор А.А.Топорков, ф-
м.ғ.д., профессор С.И.Кабанихин, а-ш.ғ.д.,
профессор И.А.Бобренко және т.б. бірқатар
ғалымдар дәріс жүргізді.
— Университетте білім алушылардың
академиялық ұтқырлық бағдарламасы
қай деңгейде жүзеге асып жатыр?
— Университет АҚШ, Ұлыбритания, Поль-
ша, Ресей Федерациясы, Түркия, Австрия,
Оңтүстік Корея, Украина және т.б. елдердің
60-тан аса жоғары оқу орындары, ғылыми
орталықтарымен өзара іс-қимыл жөнінде
әріптестік байланыс орнатқан. Ондағы
мақсат — білім алушылардың академиялық
ұтқырлығын қамтамасыз ету. Бүгінгі күні уни-
верситет студенттері, магистранттар мен до-
кторанттар Америка Құрама Штаты мен Ре-
сей, Австрия мен Оңтүстік Корея, Польша мен
Түркия, Украина және т.б. елдердің жоғары
оқу орындарында білімдерін жалғастырып
келеді. Өткен оқу жылында университеттің
10 студенті Польшаның Лодзь университетін-
де 1 академиялық кезеңде, екі студент Корей
Республикасы Кангвон ұлттық университе-
тінде оқып қайтты.
Биылғы оқу жылында Лодзь университе-
тіне 23 студент, магистрант, Кангнам және
Кангвон университеттеріне 5 студент оқуға
жіберілді.
2013 жылы шілде айында Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік универ-
ситеті Қазан қаласындағы халықаралық
деңгейде танылған бірқатар жоғары оқу
орындарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты
меморандумға қол қойылған болатын. Соның
нәтижесінде, бүгінде ақпараттық жүйелер,
есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету, тарих, химия, биоло-
гия, құқықтану, экология, мұнай-газ ісі,
технологиялық машиналар және жабдықтар
(сала бойынша), көлік, көліктік техника
және технологиялар, электр энергетикасы,
құрылыс, аграрлық техника және технология,
көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен
тасымалдауды ұйымдастыру мамандықтары
бойынша Қазан (Приволжье) федералды
университеті, Қазан мемлекеттік аграрлық
университеті, А.Н.Туполев атындағы Қазан
ұлттық зерттеу техникалық университеті,
Қазан ұлттық зерттеу технологиялық универ-
ситеттерінде 30-ға жуық студенттер, маги-
странттар мен докторанттар білім алуда.
Сонымен бірге, біздің университетте Ко-
рея елінің 7 студенті академиялық ұтқырлық
бағдарламасына сәйкес білім алды.
Университет магистранттары мен докто-
ранттарын жыл сайын алыс-жақын шетелдер-
дегі оқу орындарына ғылыми тағылымдамаға
жіберу дәстүрге айналған. Осының барлығы,
айналып келгенде, әлемдік білім, ғылым
кеңістігіне
интеграциялану
мақсатында
атқарылып жатқан жұмыстар.
—
Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында
ғылым мен өндірісті ұштастыру да назар-
дан тыс қалған жоқ. Осы мақсатта уни-
верситет ғалымдарының атқарып жатқан
жұмыстарына тоқталып өтсеңіз.
— Иә, Жолдауда Елбасымыз ғылымға
негізделген экономика құру, зерттеулер
мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ
ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру
мәселесіне баса назар аударды.
Университеттің ғылыми қызметі көпарна-
лы, яғни базалық, гранттық, нысаналы-
бағдарламалық қаржыландыруға негіздел-
ген. Университеттік ғылымның қажеттілігін
айқындайтын негізгі ұстаным — оның бизне-
спен ықпалдасуы. Университет бұл салада
аймақтағы ірі мұнай компаниясы «Петро-
КазахстанКумкольРесорсиз»
акционерлік
қоғамының тапсырысы негізінде 2 ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік конструкторлық
әзірленімдер бойынша жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қатар, инновациялық маңызы
жоғары жұмыстар қатарында «Жантақ
дәрілік өсімдік сығындысын атеросклероздың
алдын алу және бастапқы формасын емде-
уде қолдану перспективалары» атты жо-
баны атап өтуге болады. Жобаның негізгі
жаңалығы атеросклероздың бастапқы фор-
масын емдеуде қолданылатын таксофо-
лин препараты 1 мг/л концентрацияда қан
тамырында жиналған холестеринді және
ұйыған қандарды толық жояды. Жантақ
шөбінен 70%-дық этил спирті ерітіндісімен
экстракцияланып алынған сығындыдағы
флавоноидтардың жалпы мөлшері 0,7 мг/л
концентрацияда дәл сондай тиімділік береді.
Бұған қоса «Гетероциклді қатардағы
кетондар негізіндегі жаңа полифункцио-
налды фосфорорганикалық қосылыстар,
биологиялық белсенді заттарды іздестіру»
атты ғылыми жобаны «Технологиялық
даму жөніндегі ұлттық агенттігі» акционер-
лік қоғамы бүгінгі күні коммерцияландыруға
қабылдап отыр.
Қуаттың балама түрлері, Жасыл экономи-
ка және «ЭКСПО-2017» мамандандырылған
көрмесі бағыттары бойынша да зерттеулер
жүргізілуде. «Күн энергиясын пайдалану
арқылы алуан түрлі бетон бұйымдары мен
конструкцияларын өндірудің энергоүнемді
және экологиялық таза технологиясын жасау
және оны практика жүзінде қолдану», «Арал
өңірі жағдайында жабық топырақтарда
көкөніс дақылдарын өсірудің инновациялық
технологияларын әзірлеу және енгізу»
ғылыми жобалардың да жаңалығының ерек-
ше маңызы бар.
Сыр өңірі бірнеше ежелгі өркениеттер ме-
кені болғаны белгілі. Тарихы тереңнен тамыр
тартқан өңірдің тарихи-мәдени мұраларын
зерделеуге университеттің «Археология және
этнография» ғылыми-зерттеу орталығы өз
үлесін қосып келеді.
Университет ғалымдары алғаш рет тарихи-
мәдени ескерткіштерге археологиялық және
ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу
үшін мемлекеттік лицензия алды.
Аталған лицензия негізінде университет
Қазақстан Республикасының аймақтарында
археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізеді
және ғылыми конкурстарға қатыса алады.
Бұл орайда, университет жанындағы «Архе-
ология және этнография» ғылыми-зерттеу
орталығы кәсіби мамандармен қамтамасыз
етілген.
— Жоғары оқу орындарына қойылар
талаптың бірі —
аккредиттеуден өту.
Аймақтарда орналасқан жоғары оқу
орындары аккредиттеуден өтудің өзіндік
талаптарына жауап бере алады ма?
— Аккредиттеу — жоғары оқу орында-
рының білім бағдарламаларының халық-
аралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін
өткізілетін бағалау процесі. Университетте
жұмыс жасап жатқан 5 институт пен көптілді
білім беру орталығы, 33 кафедра, ғылыми-
зерттеу орталықтары мен материалдық-
техникалық база, профессор-оқытушылар
құрамы, университеттің республикалық,
шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз
байланысы, білім алушы бакалавр, магистр,
докторлардың білім сапасына жоғары баға
беріліп, 2012 жылдың 27 желтоқсанында
Білімдегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі
тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккре-
диттеу кеңесінде (БСҚТҚА) «Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік универ-
ситетін 5 жыл мерзімге аккредиттеу» туралы
шешім қабылданды.
Сонымен бірге, 2014 жылдың 29 науры-
зында бакалавриаттың 15, магистратураның
9, докторантураның 2 мамандықтары
мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Кәсіби біліктілігі жоғары, заман тала-
бына сай мамандар даярлауда теория
мен тәжірибені ұштастырудың, болашақ
мамандардың
өндіріспен
байланысын
нығайтудың алар орны ерекше. Техника
мен ақпараттық технология күн өткен сай-
ын жаңарып отырған қазіргі кезде болашақ
маманның өз саласын жетік меңгеруі
өндіріспен тікелей байланысты. Сондықтан
болашақ маман үшін ондағы жаңалықтарды
тез арада игеріп отыру күнделікті қажырлы
жүйелі еңбек етуді талап етеді.
Қылышбай Алдабергенұлы, мазмұнды
сұхбатыңыз үшін алғысымды білдіре от-
ырып, әрбір істеріңізге сәттілік тілеймін!
Сұхбатты жүргізген —
Құрманғали Нұрғалиев
Заман талабына сай, елімізде жекелеген се-
ріктестіктер күннен-күнге көбейіп келеді. Осыған
орай, республика тұрғындарының ауқымды
бөлігі осындай жеке нысандарда жұмыс істеп,
нәпақаларын тауып жүр. Олардың қайсыбірі
қожайынының жақсы екенін, еңбектерін жемей,
жалақыларын дер кезінде беретінін айтса, енді
бірі бұған керісінше, мекеме иелерінің әділетсіз
де сараң екенін айтып, зар жылайды.
Жасаған жұмысына еңбекақы ала алмай,
еңбегі еш, тұзы сор болғандардың көбі әдетте
өкілетті органдарға шағымданады. Бізбен
әңгімесінде облыстық жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы басшысының орынбасары Арман
Тұйғынбетов осындай жағдайға қатысты бір-
неше мысал келтірді. Оның сөзінше, бұдан бір-
неше жыл бұрын қаладағы «Питинов» ЖК-де
жұмыс істеген Динара Айсекенова, Мейрамгүл
Сисенова және Айкүміс Мұқанбетқалиевалар
қожайындарынан еңбекақыларын мезгілін-
де ала алмай, әбден шаршағасын, аталған
еңбек инспекциясына арызданған. Қыздар
шағымхаттарында жеке кәсіпкер Дмитрий
Питиновтің өздерін жұмысқа алар кезде
25 000-30 000 теңге көлемінде жалақы беремін
деп уәде беріп, бірақ іс жүзінде қолдарына 4-5
мың теңге ақша беріп, жартысын кейін беремін
деп алдағанын айтады. Мұнысымен қоймай,
ол қызметкерлерінің жеке куәліктерін жұмысқа
қабылдар кезде алып қояды екен де, сосын оны
бермей, әуреге түсіреді екен. Бұған қоса, қыздар
аталған кәсіпкердің қалада бес жерде сауда
нүктесі бар екенін және солардың барлығында
да кассалық аппараттың жоқ екендігін айтады.
Аталған өкілетті орынға осы жағдайды айтып,
шағымданған қыздар кәсіпкерден құжаттарын
және жұмыс істеген уақыттарына жалақыларын
алып беруді сұраған.
Облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы
Арман Орашұлының мәлімдеуінше, олардың
арыздары бойынша тексеріс жүргізген облыстық
жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасының қызметкерлері
жеке кәсіпкер Д.Питиновтің қыздарды жұмысқа
алғанда ҚР ЕК 23-бабының 2-тармағы 2-
тармақшасын бұзып, олармен еңбек шартын
жасамағанын анықтаған. Сонымен қатар, жұмыс
беруші қыздарға жұмысқа келгеннен кеткенге
дейінгі аралықта жұмыс уақытын есепке алу
құжаттарын жүргізбеген. Олардың айтуынша,
аталған кемшілік ҚР ЕК 91-бабының талаптарын
бұзуға әкеп соқтырған. Сондай-ақ, жұмыс беру-
ші тексеріс кезінде жұмысшыларына жалақы
төлегендігін растайтын құжатты көрсете алмаған.
Жәбірленушілерге осы жағдайды хабарлаған
аталмыш басқарманың қызметкерлері жұмыс
беруші тарапынан жасалған бұл олқылықтар ҚР
ЕК 134-бабы 1-тармағы талаптарын бұзушылық
деп танылғанын мәлімдеді. Ал жеке кәсіпкердің
сауда нүктелерінде кассалық аппараттың болма-
уы және оның жұмысшылардың жеке куәліктерін
алып қою мәселесі құзыретті органдарға
жолданған. Шағымданушыларға осы жағдайды
жеткізген тексерушілер жеке кәсіпкер Д.Питинов-
ке анықталған заңбұзушылықтарын жоюға және
жәбірленуші жұмысшыларға еңбекақыларын тез
арада төлеу жөнінде талап қойылғанын айтып,
сондай-ақ, құқық бұзған кәсіпкерге ҚР Әкімшілік
құқықбұзушылық туралы кодексі 87-бабының 1
және 3-бөлімдерімен айыппұл салынғанын жет-
кізді.
Арман Тұйғынбетовтің айтуынша, өңірімізде
жұмысшыларға жалақыны уақытында төлемейтін
мекемелер де бар. Мұндай мекемелер қатарына
«Уральскдорстрой», «БГС-Ақсай», «ОралҚұр
ылысЖөндеуСервис» ЖШС-лар мен «Гордор-
строй» АҚ жатады. Мұндай жағдайдың мекеме-
лерде еңбек өнімділігін төмендетіп, жұрт арасын-
да теріс пікір қалыптастыратынын айтқан Арман
Тұйғынбетов осындай ыңғайсыз жәйтті болдыр-
мау үшін жұмыс беруші мен жұмысшының ара-
сында міндетті түрде еңбек шарты жасалуы тиіс
екенін жеткізді. Өйткені еңбек шарты олардың
қай-қайсысына да құқықтарын қорғау үшін негіз
бола алады. Сондықтан кез келген жұмыс бе-
руші жұмысқа қабылдаған адаммен еңбек шар-
тын жасасуы керек. Өз кезегінде жұмысшы да
қожайынынан еңбек шартын талап етуі тиіс.
Айша Өтепали
Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде өткен облыс әкімдігінің
кеңейтілген мәжілісінде Павлодар облысы жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының «Оралмандарды бейімдеу және
ықпалдастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары»
бекітілді.
Қандастарды атамекенге қоныстандырудың ке-
шенді жоспарын әзірлеуге Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы «Оралмандарды
қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» №248
қаулысы негіз болды. Үкіметтің осы қаулысы бойынша
Павлодар облысы қандастарды қоныстандыру өңірі ре-
тінде анықталды.
— Қандастарымызды қоныстандыру, орналастыру
және жаңа ортаға бейімдеу туралы кешенді іс-шаралар
жоспарын қабылдауды сұраймын. Бұл құжатта біздің
өңірге қандастарымызды қоныстандыру мәселесі
қаралған. Барлық қалалар мен аудандар әкімдері
қандастарымызға барынша жағдайларды жасауы тиіс.
Осы жұмысты мұқият орындауды талап етемін. Оларға
қолдау көрсету, жағдай жасау әкімдердің міндеті, —
деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Сонымен, Павлодар облысы 2014 жылы 125 отбасын
қабылдамақ. Негізінен, мұнда қандастар Өзбекстан,
Моңғолия және Ресей Федерациясынан келмек. Павло-
дар қаласына — 10, Екібастұз қаласына — 18, Ақтоғай
ауданына — 10, Железин ауданына — 12, Ертіс ауда-
нына — 10, Качир ауданына — 12, Лебяжі ауданына —
6, Май ауданына — 30, Успен ауданына — 3, Павлодар
ауданына — 10 және Шарбақты ауданына 4 отбасын
қоныстандыру көзделіп отыр.
Жарқынбек Амантайұлы
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ
Биік белестерді бағындырған білім ордасы
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті — еліміздің іргесі кең,
тұғыры биік, өзіндік тарихқа толы жоғары оқу орындарының бірі. Сыр руханияты-
нан нәр алған университеттің жаңа ғылыми өндірістік негіздегі дамуда да қуантар
жаңалықтары жетерлік.
Университеттің жемісті еңбегі мен табысты нәтижелерінде ректор, белгілі
ғалым Қылышбай Алдабергенұлы Бейсеновтің тың да игі бастамалары, қажырлы
қайраты мен терең білімі жатқанын атап өткен жөн. Осы орайда, Қылышбай
Алдабергенұлымен сұхбаттасудың сәті түскен еді.
Қылышбай Алдабергенұлы студенттер ортасында
Университет шәкірттері
Еңбек ет те, талап қыл!
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Өңіріміз қандастарды
қоныстандыруға дайын
Бұқара арасында ерекше тартысқа түскен шеттен келетін бауырларымыздың
мәселесі жақында бір жақты болғаны белгілі. Алты алаш бөркін аспанға атып, жал-
пы мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығы жолында Үкіметтің жасап отырған нық
қадамына «ақжолтайлады». Осы орайда, биыл Павлодар облысы шетелден мыңдаған
қандастарды көшіріп әкелуді жоспарлап отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз
қызметі хабарлады.
ЖАҢА ЭЛЕКТР
ПОЙЫЗЫ ЖОЛҒА
ШЫҚТЫ
Елордасы Астанада қаншама
қарағандылықтар қатынап жұмыс істейді.
Енді жолаушыларды таситын тағы бір пойыз
іске қосылды.Көмірлі қаламызда «Қарағанды
– Астана» бағытындағы жаңа жүрдек электр
пойызы жолға шықты.Мұндай аса жайлы
жүрдек пойыз Қазақстанда жалғыз ғана.
Жаңа пойыздың жолға шыққан алғашқы
рейсіне облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтің
өзі қатысып, вагондарды аралап, көріп,
жолаушыларға сәт сапар тіледі. Электр
пойызының жабдықталуы әлемдік стандартқа
сай келеді. Сырт келбеті көз тартқан пойыз-
да жолаушыларға қажетті барлық жағдай
қарастырылған.
Пойызда ауа салқындатқыш және жылытқыш жүйедегі кон-
диционерлер мен бейне бақылаулар орнатылған. Ғаламторға
қосылған. Пайдалы ақпарат беретін заманауи ақпарат
қондырғысы орнатылған. Тағы бір ерекшелігі — дыбыс өткізбеу
жүйесінің орнатылғаны, яғни жолаушылар доңғалақтың дүрсілі
мен сырттағы шуды естімейді. Герметизацияланған (газ бен
сұйықтықты өткізбейтін) вагонаралық өткелдер бар. Құрамында
бірінші санаттағы, екінші санаттағы 3 вагон және үшінші санаттағы
2 вагон бар. Жолақы құны І санаттағы вагонда – 1183 теңге, ІІ
санаттағы вагонда – 1102 теңге, ІІІ санаттағы вагонда – 915 теңге.
Пайдалану мерзімі – 28 жыл.
ҚЫЗЫЛАҒАШТЫҚТАР
КӨКПЕКТІГЕ
КӨМЕК БЕРДІ
2010 жылы Қызылағашта болған жан
түршігерлік су тасқыны әлі халықтың жадын-
да. Биыл дәл сондай оқиға көкпектіліктердің
басында. Алматы облысы, Ақсу ауданы-
на қарасты Қызылағаш ауылынан арнайы
шыққан керуен су тасқынынан зардап шек-
кен Көкпектіге келді. Қызылағаштықтар 10
тонна азық-түлік өнімдерін көмекке мұқтаж
тұрғындарға таратып берді. Керуенді бастап
келген Қызылағаш селолық округінің әкімі
Сәулеш Әмитова:
— «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, біз де мемлекеттің,
ел азаматтарының, халықтың арқасында еңсемізді тіктеп алдық.
Қызылағаштың қазіргі келбетіне адам сүйсінеді. Мемлекет
басшысының тапсырмасына сәйкес, небәрі 4 айда 565 үй бой
көтерген. Сіздерге де осылай көмектесіп, жаралы жүректеріңізді
жазып беретініне сенім білдіремін, — деді. Жетісулықтардың бер-
ген жәрдеміне жергілікті тұрғындар шексіз ризашылығын білдірді.
Сол күні Қарқаралы ауданы, Сарыобалы ауылындағы «Би
ата» шаруа қожалығының жетекшісі, Қарағанды облыстық
мәслихатының депутаты Бағдат Шахмерденов қой-ешкісі аралас
36 ұсақ мал жеткізіп берді.
Достарыңызбен бөлісу: