АҚЫЛБЕК САБАЛҰЛЫНЫҢ ҚИССАЛАРЫ
БЕТАШАР
Ақылбек Сабалұлы (1878–1919) – отыздан астам қисса-дастан жаз-
ған, ХХ ғасыр басындағы əдебиетте өзіндік ізі бар ақындардың бірі. Сол
кез де гі бодандық қамытының қысымын жан-жүрегімен сезген қазақтың
сауатты, ойлы азаматтарының бірі ретінде, қазақи салт-сана мен иман-
ды лық тан айырылып қалмаудың амалын іздеген. Ұлттық сананы сақтай
отырып, жаңа заманға бейімделу жолдарын қарастырған. «Сұм заман»
тол ғауы тұтасымен Шортанбай, Дулаттың «Зар заман» идеясымен үн де-
сіп жатады. Отаршылдық қитұрқыларын өткір сынайды:
Қазақтың берекесі ортасында,
Орысқа партия боп шашылмаса.
Мезгілі келе жатыр ашылатын,
Бақ талай мұнан бұрын ашылмаса.
Мал шашып, партияға əуре болмай,
Шариғат жолыменен бірлік қылшы.
Ақылбектің «Құран», «Мың бір түн», «Тотынама» сюжеттерінен алып
жазған қиссаларының мазмұны да имандылық, адамгершілік нұ рын се-
буге арналған. Олар: «Қисса Дандан», «Хикмет Ниғмет», «Қис са Иб ра-
һим», «Қисса Ысмағұл», «Қырық уəзір», «Ғабділмəлік пен Мə ли ке қыз»,
«Садуақас», «Алтын балық», «Таһир-Зуһра», «Боз жігіт», «Саудагер»,
«Сұлу жігіт», «Ахтам-Сахаба», «Қисса Марғұба» т.б. Ақын ның діни-ағар-
ту шы лық бағытында жазылған «Бес намаз», «Ғабділмəлік пен Мə ли ке
қыз» қиссасы бар. Соңғысы «Мың бір түннің» «Ғалым қыз» же лі сі нен
тарайды. Бұл тақырыпта қазақ арасында «Ғалым қыз бен Буадат» даста-
ны, «Мəлике қыздың хикаясы» атты прозалық шығармалар бар. Соны-
мен бірге «Бозторғай» да – діни білімнің шағын энциклопедия сын жи нақ-
та ған, дін ережелерін насихаттауға, еске сақтауға ар нал ған қиссалар.
«Мың бір түн» мен «Тотынама» кітаптарының əйел зинақорлығы
мен адалдығы жөніндегі көптеген сюжеттері «Əділ-Зайып», «Мұрат Са-
лих пен Мағырипа», «Патшаның ұлы Əбдімəлік», «Ғайр қатын», «Рауа
бану», «Мың бір түн хикаялары» т.б. қисса-дастандар туғызған. Күйеуі
қа жы лық сапарға кеткен əйелдің еркектерден көрген қорлығы, сонда да
не ке лі жарына адалдығын сақтап қалуын, адамгершілігін баяндайтын,
бір тақырыпта жазылған «Мұрат Салих пен Мағырипа», «Рауа бану»
(Тұр ма ғам бет), «Қисса Марғұба» (Ақылбек) дастандары белгілі.
Ақылбек Сабалұлы – ежелгі əдебиет дəстүрін жақсы білген, содан
су сын дап өскен, білім алған ақын. Сондықтан да шығармаларының жа-
130
зылу стилі, құрылысы жағынан ежелгі түркі қисса-дастандарына ұқсас.
Дастанның соңын:
Оқыған жан дұға қыл Ақылбекке,
Тұрабайұғлы Сабалдың баласына,–
деп аяқтауы орта ғасырлардағы дəстүрлі түркі дастандарының қа лы бы-
на сай келеді. Сондай-ақ Алланың құдіретінің шексіздігін баяндау тұ-
сын да Намрұд жəне Айұпты жəне Ибраһим, Жүсіп пай ғам бар лар дың
басынан өткен ғибратты оқиғаларды тізіп айтып өтуі де – Х–ХV ғ. түр кі
поэзиясында кездесетін шарттылықтар.
Ақылбек Сабаұлының өзі де, шығармалары да белгілі себептермен
кеңестік дəуірде қызығушылық туғыза қойған жоқ. Соңғы жылдары
ғана Орта Азиялық сюжеттерге жазылған «Бозжігіт», «Таһир-Зуһ ра сы»
жарияланып, танымал болды. Қалған шығармалары əлі түгел жи нақ тал-
ма ған еді. Бүгін Ақылбектің көпшілікке аса мəлім емес «Қисса Мар ғу-
ба», «Сұм заман», «Сəтбек» қисса-дастандарын жариялаудың реті ке ліп
отыр. Сондай-ақ «Бес намаз», «Ғабділмəлік пен Мəлике қыз» да бас па ға
дайындалу үстінде. Тың деректер тауып, жинақтап, жариялап отыр ған
ізденуші Ж.Камалқызына ризашылық білдіреміз.
Заман түзелді. Өткен тарихқа деген тəкаппарлықтан арылып ке ле міз.
Баянды болғай!
Ақылбек Сабалұлының қиссалары /
Баспаға дайындаған Ж.Камалқызы,
Түркістан: Мирас, 1998. 69 б.
КЕМЕЛ МЕМЛЕКЕТ АРМАНЫ
Адамзат өмірінде кемел мемлекет құру, жақсы өмір сүру арманы
қуатты қозғаушы күштердің бірі болған.
Конфуцийдің: «Егер елдегі билік жүз жыл бойы абзал адамдардың
ғана қолында тұрса, зорлық-зомбылық өзінен-өзі кетер еді, жазаға тарт-
пай-ақ жақсылыққа жетер еді» дегені де – осы ізгі ойдың жетегі. Оның
əдебиетте де сандаған көріністері бар. Соның бірі өзімізге жақсы таныс
Сұлтанмахмұттың кемел мемлекеті:
Ол өмірде бірді-бір алдау болмас,
Жағынып, арды ақшаға жалдау болмас,
Ешкімнен достық таппай, қастық көріп,
Бар адамды сайтан деп қарғау болмас,
Қара күштен жеңіліп, қайғы басып,
131
Өлгісі кеп, өмірден зарлау болмас,
Адамдағы жан, қуат, тапқыш талант,
Гүл шашпай, жеміс бермей қалмау болмас.
Əркімнің қандай іске таланты бар,
Өмірін, күшін соған салмау болмас,
Жаратылыстан керегін əрбір адам,
Еңбегімен алуға бармау болмас.
Хакіммін, кұдайшылмын, əскермін деп,
Еңбексіз еңбекшілді жалмау болмас.
(«Адасқан өмір» поэмасы)
Сұлтанмахмұттың терең философиялық осы сөздерін, кешегі ке ңес
дəуірінде «ақынның бұл айтып отырғаны – советтік қоғам» деуге мəж бүр
еткен-ді. Себебі олай демесе, Сұлтанмахмұт əдебиет тарихынан өш пек
еді. Ал, шындығында, ақынның суреттеп отырған қоғамы əрісі – шы ғыс
ойшылдарынан, берісі Томас Мор, Жан-Жак Руссодан қуат алған адам-
гер ші лік көзқарастан туған арман болатын. Адам адам болғалы ба қыт ты
өмір сүретін жер іздеген. Көптеген ескілікті қисса-дастандардың идеясы
да осыған саяды. Ақша билеген қоғамнан тыс өмір сүргендіктен, адами
қасиеттерді сақтаған Мұңлық-Зарлық пен Робинзон Крузоның тағ ды ры
да ұқсас.
Кемел мемлекет, ізгілікті қоғам туралы ойдың Сұлтанмахмұтқа келу
жолдарын Платон, əл-Фараби, Баласағұни жөне «утопистер» атан ған
Еуропа ойшылдарының еңбектерінен іздеген жөн.
«Атлантида» мекенін əрі ғалым, əрі саясаткер Платон (б.д.д. 421 ж.)
ойдан шығарып, оған өзіндік көзқарасын кіргізген екен. Тіпті Сицилия
төңірегінде осындай жайлы мекен жасап та көрмек болыпты. Атланти-
да – ойшыл Платонның жағрапиялық, экономикалық, саяси бі лім де рі-
нің өзі өмір бойы арман еткен кемел мемлекет құру идеясына бі рік кен
жиынтығы көрінеді. Атлантида қаласы шын мəнінде болмаған. Мұн дай
атау Геродоттың замандасы Гелланикте кездескен екен. Платон «Атлан-
тида» идеясын «Мемлекет» атты еңбегінде жалғастырған.
«Мінсіз мемлекет» идеясы Баласағұниді де толғандырған (XI ғ.).
Ақын əрі ойшылдың «Құтты білігі» – тұтастай кемел мемлекеттің құ-
ры лы мы. Оқиғаның диалог арқылы өрбуі, кейіпкердің даналық ойлары
Пла тон ның «Пирін» еске түсіріп-ақ тұр. Сондықтан Баласағұниді Пла-
тоннан бөліп қарауға болмайтыны анық. «Құтты білікте»:
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы-бөрісі, –
десе, «Білге Қаған», «Күлтегін» жырларында:
132
Кедейді бай қылдым,
Азды көп қылдым, –
деп келеді.
Ж.Баласағұни «Құтты білікте» əділетті, құтты мемлекеттің үл гі сін
жасаған. Құт-берекелі елдің патшасы мен уəзірі, бітігшісі мен қа зы на-
шы сы, көпесі мен саудагері, ақыны мен ары, ұлы мен қызы, адамы мен
қо ға мы қандай болмақ? Осы сауалдың жауабын түгел жүйелеп берген.
Платонның «Атлантидасы» мен əл-Фарабидің қайырлы қаласы, Ба ла са-
ғұ ни дің құтты мемлекеті, Фирдоусидің Сияуыш қаласы, Ни за ми дің əді-
лет ті елі, Асан Қайғының Жерұйығынан – Сұлтанмахмұттың əді лет ті
қо ға мы на дейінгі жалғастықтар жүйесі – танымдық-ақлақтық, əдеби-мə-
де ни тұрғыда зерттелуі тиіс мəселелердің бірі.
Кемел мемлекет арманының кейбір көріністерін көне мифтер мен
ежел гі шығыс сюжеттерінен бастау алатын қисса-дастандардан байқауға
болады. Ондағы «Ирамбақ», «Сарандил», «Жазира арал» мекендерінде
қо ғам да ғы кемелдік ұғымымен ортақтастықтар бар.
Ирамбақтың орналасқан жерін XIX ғасырдағы əзірбайжан ойшылы
А.К. Бакиханов өзінің «Баги-Ирам» (Бакиханов А.К., 1983. 133-б.) деп
аталатын еңбегінде Кавказ жері етіп көрсетеді. Оның себебі Табасаран
өл ке сін де гі сегіз ауыл ежелгі парсылар мекені, оны христиан за ма нын-
да ғы VІ ғасырда Ануширван Хұсрау көшіріп əкелгендігін айтады. Бас қа-
дай түсініктеме бермейді.
Ал М.Б. Пиотровский Солтүстік Хиджазда ІІ–ІІІ ғасырларда ар-Рамм
(Ирам) деген жерде Рим-набатей храмы болғанын айтады. Оның қи ра ған
орындары Меккеден алыс емес көрінеді. «Ирамлы» Құран тү сін дір ме ле-
рін де асыл тастармен безендірілген, бірақ көзге көрінбейтін ер те гі дей өлі
қала ретінде суреттейтін болған (Пиотровский М.Б. Коранические сказа-
ния. М., 1991, 61-с.). Бағи Ирамның алғашқы атауы осы тарихи орын ға
байланысты шығып, кейін мифтік мекенге айналған деген ойдамыз.
Сейфүлмəлікте Ирамбақ «Сарандил» деген өлкеге жақын орналаса-
ды. Пері қызына ғашық болған Сейфүлмəлік Ирамбақты білетін кі сі нің
Қатина шаһарында екенін есітеді. Оған барар жолда белгісіз бір те ңіз
жа ға сы нан бау-шарбақ елі көрінеді. Ол Сарандил болып шығады:
Көреді майдан жерді ол арадан,
Қарайды тамаша етіп мұнарадан.
Дарияның кенерінде – бақ-шарбақ,
Шаһзада мұны көріп қайран қалған.
Бəдіғұлжамал Сарандил патшасының қызы Мəликемен дос, емшек-
тес екен («Бағ Ирам мен Сарандил қос бұлбұл»). Ирамбақтың қайда
екенін тəптіштеп жатпай:
133
Тамам пері көтеріп шаһзаданы,
Түсірді Ирамбаққа құрмет етіп, –
дейді.
Ирамбақ перілері, патша т.б. адамдарды көтеріп ұшырып, Мы сыр ға
тез алып келеді, яғни Ирамбақ Мысыр маңайында:
Айласы жын-перілер сондай күшті,
Тағымен патшаларды алып ұшты.
Жауһар мен алтын-күміс, қанша гауһар,
Мысырға кешікпей-ақ келіп түсті.
Ислам мифтерін қарастыра келе, Ирамбақ о дүниелік «жаннаттың»
жер бетіндегі баламасы деген ойға келеміз. «Джанна» араб тілінде «бақ»
деген мағына береді. Жаннат бағы туралы Құранның бірнеше сүресінде
айтылады екен.
М.Б. Пиотровскийдің айтуынша, жəннат көне шығыстың «рақат елі»
туралы идеясын жалғастырады. Құран араб елдерінде туғандықтан, шөл-
де өмір сүрген адамдардың бақ бейнесін аңсауынан шыққан да болуын
айтады.
Кейінгі эпостық жырларда да Ирамбақтын идеясы сақталған. Мы-
салы, Қарақалпақтың «Қырық қызындағы» Гүлəйімнің тұратын жері
«Миуалы» деп аталады:
«Миуалы» атау бақ болды,
Жайнаған гүлдер ашылды,
Ішінде бұлбұл сайрады,
Миуалар пісіп жайнады»
(Қырық қыз. – Нөкіс, 1996. 8-б.).
«Рақат елі» идеясының Құранға дейін де болғанын ескерсек, мұның
өзі адамзаттың ең көнеден тартылған мифтерінен жалғасып келген арна
екенін аңғарамыз. Кейін «рақат елі» мифі «қайырымды ел, қала» идеясы-
на айналған деген ойдамыз. Жұмақ христиан иконографиясында, əде би,
фольклорлық дəстүріне үш түрлі бейнеде беріледі: жұмақ – бақ, жұ мақ –
қала, жұмақ – көк. Осы бейнелердің жер бетіндегі əр түрлі нұсқалары –
Ирам бақ, «қайырымды қала» болуы əбден мүмкін. Жер бетіндегі жақ сы
тұрмыстың адам қиялындағы о дүниелік елесі – жұмақ.
Оны əр халық өз ортасы мен өмір тіршілігіне қарай елестетеді. Бір
қы зы ғы, о дүние туралы адам əуелі рақат өмірді айтқан. О дүниеде жаза
тарту (тозақ – кейін пайда болған миф деуге болады (Тайлор Э.Б. Перво-
бытная культура. М., 1989).
134
Адамдар үшін жанға жайлы мекеннің шағын мифтік үлгісі Авес та да-
ғы алғашқы адам Ийманың үйі болуы мүмкін. Онда Ахура Мазда құ дай
Иймаға алдағы болатын апатты хабарлайды. Ийма су өтпейтін, жылы,
жанға жайлы үй жасайды. Онда жан-жануарлар, шөп, азық, адам – бə рін
алады. Оттың жылуымен, бір-біріне деген мейіріммен жылынып, жақ сы
өмір кешеді. Жағымсыз əрекет істемейді. Жер бетін топан су ал ған да,
Ийман ғажайып үйіне ешбір қауіп-қатер келмейді.
Мұсылман мифтерінде Ийманың орнына Нұх пайғамбар алынады.
Қис са лар да (Қисас-ұл-əнбиа) да «топан су» оқиғасы Нұхпен байланыс-
ты айтылады. Қиссаларда Нұх кемесінің ішін, оның жанға жайлылығын
суреттеуге көп көңіл бөліп жатпайды. Онда негізгі екі мəселе баса көр се-
ті ле ді. Нұхтың кемесі – Алланың бар екендігін мойындағандардың ме-
кені жəне оларға қастандық жасаушы – тышқан мен жылан оқиғасы.
Ийманың оқиғасы Фирдоусидің «Шаһнамасында» Жəмшидтің айна-
ласына құрылады. «Жанға жайлы қасиетті мекен» идеясы ежелгі миф-
терден Платонның «Атлантидасына» ауысқан болуы да мүмкін. Атланти-
да – мифі «Тимей», «Критий» деп аталатын екі диалогінде сипатталған.
Бұ дан басқа «3аң», «3аңдар» еңбегі де бар.
Қорыта келгенде, «кемел мемлекет» арманы – ең көне мифтерден
жал ға сып, орта ғасырдан бүгінгі дейінгі ойшылдарды толғантып келе
жат қан тақырып.
«Түркістан». 1998, 22-29 көкек
ЕЖЕЛГІ МИФТЕР: «НҰРДАН ЖАРАЛУ»
«Оғыз қаған» жырында Оғыз тəңірге жалбарынып отырды. Қа раң ғы
бол ған кезде көктен бір жарық нұр түсті. Оғыз қаған сол нұрға қа рай
жүр се, онда бір маңдайында оттай сəуле шашқан алтын қа зық тай меңі
бар қыз екен. Оғыз қағанның оны көргенде, жаны қалмады, сүй ді, алды.
Оғыз қағанның осы бірінші жұбайы Нұрсұлу (Күнсұлу) нұр дан жа рал-
ған еді. Қазақтың «Дың сұлу», «Домбауыл» аңыздарындағы сұлу қыз дар
күн нұрынан жүкті болады.
«Нұрдан жаралу» желісі шығыс сюжетіне құрылған қазақ қисса-дас-
тандарына ортақ болып келеді. Көбіне қаса сұлу, ирамбақ қыз да ры ның
кейпіне қатысты айтылады. Мысалы, Мəшһүр Жүсіптің «Гүл шат-Ше-
ризат» қиссасында Нұрдың екінші варианты – Інжу-маржан тү рін де ке-
леді. Онда жеті жұртқа патша болған Парақзат елден ерек түс көреді:
Түсімде бір аждаһа келді бізге,
Күйдірді шашып заһар жүзімізге.
Айбатты өрт қаптаған Күнбатысты,
Сол себепті көрінді өлім көзімізге.
135
Ешбір жан оған қарсы бара алмады,
Қолына қару-сайман ала алмады.
Бір інжу-маржан сонда көктен түсіп,
Алдына аждаһаның аяңдады.
Бұл жердегі көктен түскен інжу-маржанның шешуі:
Дегенің інжу-маржан көктен түскен,
Бір сұлу ақылы кемел болар қызың.
Осы ежелгі мифтердегі «нұрдан жаралу» желісі адамзаттың жа ба-
йы лық санасынан емес, даналық санасынан туған болуы мүмкін. Шы-
ғыс пəлсапасы бойынша, ғалам нұрдан жаралған. Əл-Фараби: «Бү кіл
дүние ғаламы басында бір шапаты ауданда болған нұр сəуледен – жа-
рық сəуледен жаралған», – дейді. Қазір өте дəл электрондық өл шеу лер
ар қы лы алғаш дүние жаралғанда пайда болған нұр, сəуленің қал ды ғы
табылыпты. Сол қалдық сəуле – шығыс ұғымында, Əлмисақ (Əлім сақ).
Нұр ға байланысты аңыз Шыңғысхан əулетінің туып, таралуы жө нін де
былай айтылады:
«Баяғы заманда бір хан өмір сүріпті. Оның жалғыз қызы болыпты.
Қы зын еркек кіндік көрмесін деп елден ерек ұстаған. Қыз бойжетеді.
Күн нен басқа ешкімді көрмеген қыздың бойына нұрдан бала бітеді. Ол
бала Шыңғысхан (Шын-қыз-хан) атанады».
Тағы бір аңызда Шыңғысханның əкесі Дүйінбаян Нұрдан жаралады.
Сол үшін «Дүйінбаян – Шыңғысхан, нəсілі Нұрдан жаралған» деген сөз
тараған. Қиссадағы «нұр» желісі əуелі басында, əлем күннен жаралды»
дейтін ұғымның бөлшектенуінен пайда болса керек. Жалпы, тарихи тұл-
ға лар дың өміріне құпиялылық, ерекшелік беру мақсатында олар дың ана
құрсағында нұрдан дарығаны туралы аңыздар айтылып келген. Мыса-
лы: Заратуштра, Будда, Иса пайғамбар мен Мұхаммед пай ғам бар да нұр-
дан жаралған. Тіпті берідегі Шыңғысханның тууы туралы аңыз дар ды
да еске алсақ, соның бірінде əкесінің аруағы үйге нұр болып кіріп, бері
шығып кететін. Бұл ежелгі ғұндардың «Күн» тотеміне V ғасыр тү рік те рі-
нің «бөрі» тотемінің қосылғанын аңғартады.
«Заттың қатты жəне сұйық күйі – жер мен су, ал олардың «гео мет-
рия лық бейнесі – гексаэдр жəне икосаэдр». Дүниені астыңғы, орта жəне
үс тің гі əлем деп бөліп қарайтын болсақ, үстіңгі əлемнің гео мет рия лық
бейнесі октаэдр екен. Осының барлығы қазақтың ою-өр нек те рін де, киі-
мін де сақталған. Тіпті киіз үйдің құрылысы мен бөрікке үкі қа дау дың
өзі аспан əлемін бейнелеудің бір түрі сияқты. Дүниенің нұрдан жара-
лып нұр мен қауышатындығы жөнінде мына пікірді қызықты деп есеп-
тейміз:
136
«...Көк Өгіз (су), көк өскін (жердегі тіршілік) көк аспан, яғни бүкіл бол-
мыс ұлы ғаламшар құрылымының бір түсінігі көгілдір нұр əлемін құ рай -
ды... Адам жаны ұдайы дамып, жетіле отырып, ұлы нұрға қа уы шады».
Яғни қиссалардың кейіпкерлерінің нұрдан жаралуы тегін емес екен-
дігіне ойланамыз. «Оғыз қаған жырындағы» Оғыздың бəйбішесі нұр дан
жаралған болатын. Тіпті берідегі Шыңғысханның өзі аңыздарда Алан
Гуа анадан, нұрдан жаралады.
Шəді Жəңгірұлының «Назым сияр Шариф» дастанында пай ғам бар-
дың тууы жайындағы оқиғалар нұрға қатысты болып отырады. Мы салы:
Сол күні Расул Алла дүниеге келді,
Аспаннан бір нұр шығып сəуле келді.
Ғабдолла əсем еді сұлу түрі,
Бар еді маңдайында Расул нұры
Əуелі кездескенде Ғабдолланың,
Расулдың Əминаға жауды нұры.
Ислам дінінен тараған түсінік бойынша, адамның жақсы қасиеттері
он нұрдан бастау алады екен:
1. Нұрсыудың – адалдық пен шындық.
2. Нұр сабыр – табандылық пен шыдам.
3. Нұр шəкір – қадір-құрмет.
4. Нұр фəкір – өз қадірін түсірмеу.
5. Нұр зəкір – келбетті болу.
6. Нұр намаз – құдайға құлшылық.
7. Нұр ораза – қанағатшылдық.
8. Нұр иман – имандылық пен сенім.
9. Нұр садақа – қайырымдылық.
10. Нұр пəк жан – тазалық.
Осы қасиеттің бəрі бойына жинақталған адам ұшпаққа шықпақ, «Фə-
ни ден бақиға өту немесе бұл дүниеден қайту дегеннің өзі – бір пішіннен
екінші түрге пішінге ауысу, жанның бақи дүниеге өтіп, нағыз нұрға ай-
налуы».
Нұр – қазақи пəлсəпада мəңгілік нəрсе, оған адамның ақылы жетпесе
керек. Яғни əлі танылмаған құпия. От – ежелгі мифтерде космогенездегі
ең алғашқы материал ретінде көрсетіледі. Мысалы, скандинавия миф-
те рін де əлем су мен оттан жаралды. Кейбір эсхатологиялық мифтер –
əлемді жоюшы күш ретінде көрінеді. Қиссада от екі кейіпте кө рі не ді.
Бірі – эсхатологиялық «Қисас-ул əнбиада» жер: адамдардың ауыр лы ғын
көтеретін айтып мақтанса, от ашуланса, жер дүниені өртеп жі бе ре ті нін
мақтан қылады, екіншісінде от – Күн (кішкентай от), жұлдыз нысаны
ретінде, сұлу қыздардың бейнесін суреттеуде жиі қолданылады.
137
Ежелден от пен су тақырыбы қарама-қарсы күштердің айқасы ре тін-
де, соғыс бейнесінде алынған (Орхон ескерткіштерінде: «От-су қыл ма-
дым, елімді бірлікте ұстадым»). Грек аңыздарында найзағай құдайы (от)
айдаһарды (су мақұлығы) өлтіреді.
От – сонымен бірге белгілі бір социумның, отбасының ұйт қы сы ның
нысаны («от-ана»). Грек аңыздарында оттың шығу тегі туралы да айты-
лады, оны адамдарға Прометей, Əмірен сияқты жасампаз қа һар ман дар
əкеліп береді.
ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы.
№21. 1998. 29-31 бб.
ТАМЫР ЖАЙҒАН БƏЙТЕРЕК
(Ахмет Ясауи поэзиясындағы сопылық ағым)
Парасаты жеңсе, адам періштеден де жоғары,
нəпсісі жеңсе, хайуаннан да төмен дəрежеге түседі.
(Мұсылман философиясы)
Ахмет Ясауидің ХІ–ХІV ғғ. түркі поэзиясына, бергісі түркітектес
халықтар, оның ішінде қазақ əдебиетіне тигізген игі ықпалын түгел тал-
дап беру үшін ондаған еңбектер жазылуы қажет.
Ясауидің өз тұсындағы əдебиеттегі орны ірі-ірі үш нəрсемен өл ше не ді
дер едік. Бірі – сопылық идеяны түркі идеяны негіздеу болса, екіншісі –
ол кездегі поэзияның тілі парсы тілі болып түрғанына қа ра мас тан, өлеңді
түркі тілінде жазуы, сол арқылы ұлтымызға ұйытқы бол ға ны (Ғұламаның
бұл əрекетін кешегі жаппай орыстандыру кезінде ұлт үшін күрескен
тұлғалардың өмірімен елестетуге болар еді). Бұл ке йін ге дəстүрге айна-
лып, түркі тілінің мəртебесін көтеруге орасан ықпал етті. Физули, Атаи,
Насими, Мақтымқұлы, Науаилердің түркітілді поэзиясын туғызды.
Сопылық поэзия тек Ясауиден басталады десек, артық айтқандық бо-
лар еді. Түркі əдебиетінде сопылық идеяны алғаш Жүсіп Ба ла са ғұ ни дің
«Құтадгу білігі» мен Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-тү рі гін де»
көрінеді. Араб-парсы пəлсапасы мен əдебиетінен бастау алып, əл-Фа-
раби (Х ғ.), Əбу-л Хасан Фушанжда (ХІ ғ.) еңбектері арқылы да түркі
ақындарына жақсы таныс бола бастаған сопылық идея ХІ ға сыр да ғы
түркі ақындарынан бірден қолдау тапты.
Сопылық поэзияның өрістеуі туралы сөз ету үшін, алдымен, «со пы-
лық ағым» дегеніміз не, оның ұстанған тұғырнамасы қандай дегенді
айта кеткен орынды. Сопылық поэзияны сопылық ағымнан бөліп, жеке-
дара қарау мүмкін емес.
Хазірет Пайғамбар мешітінің жанында отырған сахабалардың (Пай-
ғам бар дың рухани тəрбиесін алған достары, Жолы үлкен Əбу бə кір мен
138
Əли) саны 40 пен 400 аралығында еді. Олар артық ішіп-кимейтін, жүн-
нен тоқылған жұпыны шекпенді ғана қанағат ететін, жұмсақ жас тық
жастанбайтын жандар болатын. Оларды «Эхли суффа» деген. Бұ лар тек
ғи ба дат жасап, Пайғамбарға қызмет етумен айналысатын адамдар еді.
Ке йін осы сияқты өз нəпсісін тыйып, Алла жолына берілген адамдарды
«суффи», «сопы» деп атап кеткен. «Суф» – арабша «жүн шекпен» деген
ма ғы на ны білдіретін.
Сопылық – халқымыздың дүниетанымына айтарлықтай ықпал еткен
философиялық жүйе. Алланың ризалығын алу жəне мəңгілік ба қыт қа
жету үшін нəпсіні тазалау, ішкі дүниені нұрландыру, мейлінше та за-
лық қа ұмтылу, соның нəтижесінде Аллаға жеткізетін тек ғылым болып
табылады. Сопылық – ешкімді ренжітпеу, таза жүрек, пəк көңіл иесі.
Көңілі Аллада, қолы істе болу, Аллаға іңкəрлік, Алланың ризалығы үшін
құл шы лық ету (ықылас), екіжүзділіктен қашу, Ақиқатқа жету. «Ақи қат»
дегеніміз – Алланың сопыдағы пенделік бар сипаттарды алып, оның ор-
нына өз сипаттарын қоюы. (Бірақ ол Алланың өзіне айналу емес). Ақи-
қат – бар екендігі ешқандай дəлелсіз анық білінген дүниенің жаратушы-
сы Алла. Бұл – сопылық сатының ең соңында болатын нəрсе. Оның
алдында «мағрифат» – рухани шың, даналық. Оған Алланың сипатын,
есім де рін, істерін танытып, құлшылық ету, өз нəпсісін тыю арқылы же-
теді. Со пы лық тың алғашқы екі сатысы: шариғат жəне тариқат (Алланы
тану жолы, өзін-өзі жетілдіру). Қожа Ахмет Ясауи:
Тариқатта тазарар таба білген,
Өйтпейінше бұл жолға келме, достар, –
дейді.
Құран-хадисте «сопы» сөзі кездеспейді, оның орнына сопылықты біл-
ді ре тін «ихсан» сөзі болған. Хазірет Пайғамбар бір сұхбатында Мұ сыл-
ман дық тың үш сатыдан тұратындығын бірінші – ислам, екінші – иман,
үшін ші ихсанды айтқан. Ислам – діннің сыртқы жағы, иман ішкі жағы
болса, ихсан ақиқаты делінеді. Ихсан – сен Алланы көрмесең де, ол сені
көріп тұрғандай құлшылық ету.
Сопылық поэзияның мақсаты – Алланың дидарын көруге деген ын-
тық ты ғын, ғашықтығын жырлау. Өткінші бескүндік дүниенің əуресіне
түс пей, шын ақиқатты (Алланы) тануға үндеу. Бұл сарын Шəкəрімде да
бар екенін еске сала кетелік:
Өмірден мақсұт – хақиқат,
Соны іздеп алмақ,
Нəпсіге еріп болма шат,
Ол сені отқа салмақ.
139
Сопы əулиелердің өз «əдебі» бар. Əдеп түрлері: Мақам – құлдың (Құ-
дай дың құлы) барлық ғибадат жəне зікір кезінде де Алланың алдында
екенін, оның назары өзінде екенін сезіну.
Достарыңызбен бөлісу: |