«Жұлдыз», 1996. №2. 178-184 беттер
ЖƏКЕҢНІҢ ҰЛЫ – АЛҒАДАЙ
Мен көп жылдар Жəкеңнің өте жақын туыстарымен араласып ке-
лемін. Ол кісілердің сөзін тыңдау, əңгімелеріне құлақ түру арқылы əлем-
ге əйгілі ұлы жырау туралы ғылыми əдебиетте оқыған білімім толысты.
Танымым байыды. Əсіресе Жəкеңнің өзінен айнымай қалған кенже ұлы
Тезекбай атаның аузына қарап отырып, Жəкеңді елестетіп, сол кі сі нің
бейнесін көргендей боламын.
Немересі: Атагелді аға, Əлімқұл аға, Қуаныш; қыздары: Зейнехан,
Діл да хан – əрқайсысының Жəкеңді тануға қосары көп. Келіндерінің көр-
ген-білгендері – өз алдына əңгіме.
Сол кісілерден естуімде, Жəкеңнің Қожамберді, Қожаш, Шыныбай,
Із ті леу, Алғадай, Тезекбай деген балаларының ішінде Алғадайының
орны бөлек екен. Өзі орнықты, тындырымды, сабырлы болғандықтан,
Жə кең айрықша жақсы көріп, көп үміт артқан.
Жəкең – өз тұсында зор беделге ие болған кісі. Өнерінің арқасында,
бас шы лар ға дейін аузына қаратып, Кремльде болған Сталиннен де қай-
мық пап ты. Ол кісінің тілегін ешкім жерге тастай алмаған. Сөйте тұра,
Жə кең сүйікті ұлы Алғадайды соғыстан алып қалмаған. Оған ешбір əре-
кет те жасамаған деседі. Қайта баласының елін қорғауға жарап, май дан-
ға аттанғанын қуаныш еткен. Туған елі осынша абыройға бөлеп жат қан-
да, сол ел сенімінен шықса деген тілекте болған. Оған баласын май дан ға
аттандырып тұрып айтқан мына өлеңі куə:
99
Атаңнан бата ал, балам,
Арғымақ атқа мін, балам,
Ақ сақалым желбіреп,
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда, құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған,
Алғадайым арлы едің,
Атаңның сөзін сыйлаған.
Перзентімнің алды едің,
Көңілімді қимаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр, балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа,
Ел қадірін біл, балам!
Ел ерлігі, бірлігі,
Сынға түскен бұл заман,
Саған айтқан сөзімнен,
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан бұл маған,
Қош, қош, балам, қош айттым,
Қолымды, міне, шошайттым.
Бұл өлеңде Жəкеңнің майданға кетіп бара жатқан баласына қан ша-
лық ты ауыр жүк артқанын көреміз. Əсіресе асты сызылған жолдардан
ақын ның ар-ұят, елдік, кісілік өлшемдері айқын сезіледі.
Майданда Алғадай осы тілектен шығуға, əке аманатын өтеуге ты рыс-
қан. 1943 жылдың басында Алғадайдан жəне оның командирлерінен
келген хатта Алғадайдың гвардеец атағын алғандығы жөнінде айтылған.
Оған Жəкең «Балама хат» деген жауап өлең шығарған. Ол өлең сол кез-
дегі «Социалистік Қазақстан» газетінің 17 қаңтардағы санында жария-
ланыпты. Сонда:
Хатыңды, ботам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын,
Гвардеец атанған.
Сұраншы, Саурық секілді –
Болыпсың, балам, қаһарман.
Қайтармай жаудан бетіңді,
100
Қаптаған қолға қасарған.
... ... ...
Есіңде, балам, бар шығар,
Айтқаным Отан əмірін,
Шегінбе жаудан, жанды сал!
Шешілмек содан тағдырың!
... ... ...
Айнымай, балам, антыңнан,
Əкеңнің тілін алыпсың.
Түсіндім түгел хатыңнан,
Тайынбай жауға барыпсың.
Өзіңді қиып өлімге,
Арыңды сақтап қалыпсың! –
дей келіп, ұзақ өлеңінде ел үмітін сақтау керек екенін тағы міндеттейді.
Алғадай əке аманатын, ел сенімін ақтай, жан аямай соғысып, майдан-
да шейіт болды. Бұл хабарды естіртуге Сəбит Мұқанов бастаған үкімет
адамдары келгендігі, Жəкең үшін қайғылы күндердің қаншалықты ауыр
бол ған ды ғы көпшілікке мəлім. «Бұл қайғыны енді қалай көтеремін,
а?» – деп жер таянып отырып қалды дейді көзімен көргендер. Одан соң
басын көтермей жатып та қалған.
Жасым жүзге кеп еді,
Мен өлгенім еп еді.
Ақ таяққа сүйеніп, Алғадай-ау,
Сен жыласаң жөн еді.
Қаз келеді қаңқылдап,
Балақ жүні жалпылдап,
Алғадайым келсе аңқылдап,
Мен шығар едім-ау жарқылдап, –
деген жоқтауы кім-кімнің болса да сай-сүйегін сырқыратады. Жə кең нің
Ал ға дай ды жоқтауы қазақтың дəстүрлі жоқтау жырының тамаша үл гі ле-
рі нің бірі екендігі даусыз. Əлі күнге дейін жыршы-термешілердің сүй сі-
ніп айтатын, өзінің орындаушылық шеберлігін сынайтын өлшеміне ай-
нал ған өлең. Əрине, бұл жоқтауды Жəкең өз жүрегін тілгілеген қай ғы ға
оранып отырып айтқан. Кенен ақсақал:
Ал, Жəке, көпті көрген батырымсың,
Қайғырып Алғадайға жатырмысың?
Пендеге бұл жалғанда өлім рас,
Алланың сөгесіз бе қылған ісін.
Кім күшті бұл дүниеде тəңірім күшті,
101
Көрдіңіз жүзге дейін талай істі.
Миуалы бақ ішінде дарақ едің,
Жел соғып бір жемісің жерге түсті.
Алғадай Отан қорғап құрбан болды,
Отанның көңілі үшін орныңнан тұр, –
дегенде, жүздегі кезінде кезіккен тағдырдың ауыртпашылығын сілкіп
тастап:
Рақмет, Кененім,
Көңіл айтып келгенің,
Белімді бекем буайын,
Енді орнымнан тұрайын,
Алладан медет сұрайын, –
деуге күш тапты. Бұл үлкен кісіліктен туған сөздер еді.
Алғадайдың өлімімен бірге Жəкеңнің жүрегін жылытқан кей үміті
сөн ді, тоққобдишадай кəрі өміріне нəр беріп тұрған сірнекейі таусылды.
Ақын өз өмірінде əр пенденің маңдайына бұйырған қиындықтардың бə-
рін жеңіп келсе де, бұл қиындықты жеңе алмады. Алапат қайғыдан əрең
өтіп барып тоқтады.
Соңғы жылдарға дейін Алғадайдың қандай жағдайда қаза тап қан ды-
ғы жөнінде туыстары нақты білмейтін еді. 1987 жылдың сəуір айында
Днепропетровск облысының Синельниково қаласынан бір хат келді. Оны
«Іздеу» штабынан №3 мектептің оқушылары жазыпты. Қо лы мыз да ғы
хат тың мəтінін қазақшалағандағы мазмұны мынандай: «Біз Жамбылов
Ал ға дай болған жəне соның қатарында соғысып, қаза тап қан, 19-гвар-
дия лық кавалерия полкінің əскери жолын зерттеп, іздестіріп жүр міз. Біз
Подольск қаласындағы СССР Қорғаныс министрлігінің ор та лық ар хи ві
арқылы қайсар кавалерист қазақ Жамбылов Алғадайдың Синель никово
қаласында қаза тапқанын анықтадық. Ол кісі 1943 жыл дың 22 ақ па нын -
да қаза тауып, Синельниково қаласындағы бауырластар зи ра ты ның шы-
ғыс жағында жерленген. Сіздерден Алғадай əке ле рің жө нін де жазып,
хат жолдауларыңызды қалаймыз. Ол кісі қан дай адам болып еді? Егер су-
ре ті сақталған болса, мектепке жі бе ру ле рі ңіз ді сұ рай мыз. Мек те бі міз де
əс ке ри даңқ музейін жасап жатырмыз, сонда қа зақ жауынгері Ал ға дай
туралы деректер болады. Сіздерден өз де рі ңіз жайында жа зу ла ры ңыз ды
сұ рай мыз». Хатқа қоса бауырластар зи ра ты ның суреті жіберілген.
Жəкеңнің ұлы – Алғадай туралы деректер мұнымен тоқтап қал мақ
емес. Уақыт өткен сайын қажеттілігі арта берері сөзсіз. Жалпы, Ал ға дай
тақырыбы – Жəкеңнің ұлы дария жырау-ақынның арналы бұ лақ та ры-
ның бірі. Онсыз ақын шығармашылығын толықтау мүмкін емес.
102
Алғадай атамыздың соңында екі баласы қалды: Таубай, Қуаныш. Тау-
бай ағаны Қуаныш тумай тұрып, Жəкең бауырына салып берген екен.
Қуа ныш əкесі соғысқа кеткен соң барып дүниеге келген. Алғадай бауыр
еті-баласының түр-түсін көре де алмай, қаза болып кетті.
Таубай ағаның айтуынша, бала кезінде Жəкең бір нəрсеге ұрсып тас-
таса, өкпелеп, жылап отырып алады екен. Сонда Жəкең, оны түсініп қа-
лып: «Бері қасыма келе ғой, ұрыспаймын», – деп, басынан сипап, же тім-
ді гім есіне түсе ме, ол кісі де көзіне жас алушы еді, – дейді.
Алғадай соғысқа кеткен соң, Таубай аға Жəкеңнің кенже келіні Кү лəн
жеңгесінің тəрбиесінде қалған. Ол кісі бір кең, əулие адам болған. Таубай
ағаны жігіт ағасы болғанында да маңдайынан сипап: «Жа ры ғым!» – деп
отыратынын көзім көрді. Күлəн апа өлерінде он ба ла ның əке сі бол ған
Таубайының ақ самайлы басын əлі кеткен алақанымен сипалап жатып:
«Жарығым...» – деді.
Күлəн жеңгесі туралы əңгіме болса, Таубай ағаның көз жасы тоқ та-
май ды.
«Бала күнімде бір ауырып қалдым. Үшінші ме, төртінші ме класта
оқимын. Сонда Күлəн жеңгем терезенің алдына келіп тұрады. Үзіліс
болар-болмастан жүгіріп шықсам, бөтелкеге құйған айраны бар, шү бе-
рек ке түйген наны бар, «Мынаны жеп алшы, қарағым!» – дейді. Мен
жеп алам. Онда таршылық кез. Жүрегі қарайып кетпесін дейді екен. Өз
балаларының аузынан жырып маған əкеледі».
Одан ары қарай Таубай аға тамағына бірдеме тығылғандай, сөйлей
алмай қалады. Қызарған көзін қырық жыл трактор ұстаған үлкен тара-
мыс қолдарымен сүртіп тастап, темекі тартады, күрсінеді. Өмірдің түрлі
бұралаңымен орындалмай қалған армандар, тартылмай қалған домбы-
ра, көкірегінде сөніп қалған өлеңдер келеді ойға.
Алғадайдың Қуанышын да сол Күлəн жеңгесі өсіріп, үйлендіріп
шығарған. Қазір өсіп-өніп, жігіт ағасы болған. Қуанышты Жəкең көріп
кетті:
Ал, Қуаныш, Қуаныш,
Сені етейін жұбаныш.
Алғадайым өлген соң,
Боп кетіп ем жылағыш, –
деп алдына алып, талай əлдилепті.
Жəкеңнің Алғадайы мен оның ұрпақтары жайында əзірге айтылар
əңгіме – осы. Жəкең өлеңдеріндегі Алғадай тақырыбы отаншылдықтың,
елін сүюдің үлгісі дейміз.
ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы,
1996. №5. 75-78 беттер
103
БАЛАСАҒҰНИДАН БАСҚАЛАР ДА БАР
9-сыныптың «Қазақ əдебиеті» оқулығында не бар, не жоқ?
«Түркістан» газеті мектепке арналған «Қазақ əдебиеті» оқулықтары
жө нін де көкейкесті мəселені көтерген соң, əдебиетке қатысы бар кі сі лер-
дің бəрін толғантатын осы тақырыпқа үн қосуды жөн көріп отырмыз.
Екі бөлімнен тұратын оқулықтың жартысы – фольклорға, жартысы
жазба əдебиеттің көне дəуірлеріне арналған. Ескі оқулықтарда жазба
əде бие ті міз Бұхар жыраудан басталатын еді, оған да шүкіршілік, Бұ хар-
дан бұрын да əдебиет барына аздап болса да орын берілген. Бірақ осы
дə уір дің əлде де толықтырып, қайта жазатын тұстары баршылық еке ні
кө рі не ді. Бұл жерде оқулық жазып, еңбек сіңірген туындыгерлерді кі нə-
лау дан аулақпыз. Əңгіме бұрын ежелгі дəуір əдебиетінің əлі нақты зерт-
теле қоймаған, əр түрлі себеппен мойындалмаған кездерде жазылып қал-
ған кейбір тұжырымдарының ескіргендігінде болып отыр.
Оқулықтың осы бөлімінде тақырып «ХІ–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ
əде бие ті» деп аталады да, оның мысалы ретінде Баласағұниға тоқ тал-
ған. Алғашқы сөйлемдердің бірінде «қазақ халқының да көшпелі тір-
шілігіне лайық өз мəдениеті болғандығы» айтылады. Бұл тұ жы рым ға
бү гін гі күнде сын көзбен қарау қажет. Қазір ежелгі қазақ əдебиеті мен
қа зақ тарихын зерттеушілердің біршама еңбектенуінің арқасында, қа зақ
хал қы ның көшпелі ғана емес əрі отырықшы да болғаны, сан ға сыр лық
мə де ние ті қалыптасқан іргелі ел екені дəлелденген жоқ па? Жетісу, Сыр,
Ер тіс бойындағы, Ұлы Жібек жолындағы қалалар, оның сын-сипаты,
қол өне рі, тарихы туралы баяндап айтса, түрлі суреттермен безендіріл-
се, қан дай! Оқушы санасын, «көшпелі едік, сауатсыз едік» деп қа шан ғы
улай бермекшіміз? Егер көнеден тамырын тартқан дəстүрлі əде бие ті міз
болмаса, Баласағұни қайдан шығады?
Оқулықта кемінде екі жарым-үш мың жылдық əдебиет тарихының
мың жарым жылына жалғыз Баласағұниға тоқталған. Арғы-бергі байла-
ныстары жөнінде айтылмайды. Берілген тақырыпқа қарағанда, қазақтың
ежелгі əдебиеті XI ғасырдан басталады деген ой туады.
Əдебиет оқулығы ақпарат жиынтығы ғана емес, оны қолына ұстап,
оқы ған кісінің рухын көтеретіндей болуы керек қой. Оқушының өзінің
ұлт тық мəдениетінің тереңде екендігіне іргелі елдің ұрпағы екеніне мақ-
та ныш сезімін қалыптастырудың негізгі құралы – осы. «Еліңді сүй» деп
сан қайталағаннан гөрі, сүйсінуге тұратын елі бар екеніне көз жеткізсек,
не ғұр лым тереңін айтсақ, жеткізе, түсінікті айтсақ, тəрбиенің кілті бала
жа ны ның құлпын ашары анық.
XV ғасырға дейінгі əдебиеттен Орхон ескерткіштерінің тəуелсіздік
мə се ле сін көтеретін, бодандықтан сақтандыратын, ымырашыл болуға
104
ша қы ра тын тұстары кысқа да нұсқа қызықты дəлелдермен берілуін жөн
кө рер едік.
Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Інілі-ағалының дауласқандығынан,
Бекті халқының жауласқандығынан,
Түрік халқы елдігін жойды,
Қағандығынан айырылды, –
деген жолдар бүгінгі ұрпақтың құлағына жетуі тиіс. Қазақтың белгілі
эпос тық жырларымен ұқсас келетін: «Бек ұлдары құл болды, пəк қыз да-
ры күң болды» сияқты əдемі жолдар оқушы ұғымын байыта түседі.
Сондай-ақ «Қорқыт ата кітабы» – оқушы үшін аса қызықты да та-
ғы лым ды тақырып. Ондағы исі шығыс əдебиетімен ортақ сюжеттер, ер -
лік-қаһармандық іс-əрекеттерге толы оқиғалар тартымды болары сөз сіз.
Бұ дан кейінгі дəуірлерден əл-Фараби бабаның өмірі, Иасауи хик мет те рі-
нің ұлағаты, Қашқари «Сөздігінің» қазақ тарихы мен əде бие ті не қа тыс-
ты тұстары, Сəйф Сараидің даналық дидактикалық əдемі əң гі ме ле рі де
орын алса дұрыс болар еді.
Мысалы, Қашқари сөздігінде орта ғасырдағы қазақ жеріндегі қа ла-
лар дың, жер-судың атаулары беріледі, орналасқан жерінен мағ лұ мат тар
келтіреді. Ежелгі грек тарихшылары көрсеткен «Окс» өзенінің атауы
«өгіз» деген түрік сөзі екенін көреміз. «Өгіз» – су деген мағынаны білді-
реді. «Дүниені көк өгіз көтеріп тұр» дегенде, жер астында су бар екенін
айт қан. Қашқари атамыз «өгіз» – дария» деп анықтайды.
Сондай-ақ: «Атыл (Еділ) – кыпшақ еліндегі өзен, Бұлғар (Каспий)
те ңі зі не құяды. Бір саласы орыс елінен бастау алады», – дейді. Артыш
(Ер тіс) өзені, Талас шаһары туралы да деректер айтылады.
Талас-Тараз атымен екі қала болғанын, біріншісі – Ұлық Талас, екін-
шісі Кəми Талас (Кіші Талас) екенін көрсетеді.
Қашқари сөздігіндегі мақал-мəтелдер, оның бүгінгі қазақ ма қал да ры-
мен ұқсастығы айтылса, артық болмас еді. «Батыр – соғыста, қор қақ –
жанжалда», «Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болған жақсы», «Ит
ырылдамас, ат теппес деме», «Екі бура үйкелісер, ортасында сона жан-
шылар», «Тай өссе, ат тынығар, ұл өссе, əке тынығар», «Қырық жыл ға
дейін бай мен жарлы теңелер», «Балықтың өзі – суда, көзі – сыртта»,
«Қан ша өткір болғанымен, пышақ өз сабын жона алмас» т.б. қы зық ты
ма қал дар бар.
Қашқари жинаған ақыл-нақыл бəйіттеріне де көңіл аударуға тұ рар лық:
Күліп келген адамның бетіне күл шашпағын,
Жақсылық қыл, ешқашан да қалыбыңнан аспағын.
105
Оқулықта Баласағұни «Құтты білігінің» негізгі ойы ашылмай қал ған.
Қызықты тұстары жадағай баяндалған. Оқушыны қызықтыратын ерек-
шеліктері ескерілмеген. Оның Өтікен бектері құрған Түрік қа ға на тын
аң сай отырып, төрт құбыласы тең түрік мемлекетінің нобайын жасап
көр се туі, идеал мемлекет үлгілерінің Платон, əл-Фараби ең бек те рі нен
бастау алып, Сұлтанмахмұтқа жетуін түсіну арқылы оқушы ұғы мы на
сал мақ ты ойлардың іргетасы қаланса дейміз. «Құтты біліктегі» қы зық-
ты кейіпкерлерге де тоқталуға болар еді.
Оқулықтың жыраулар поэзиясы туралы айтылған беттерінде, біздің
ойымызша, артық жерлері де, жетпей тұрған тұстары да бар сияқты. Бұл
тақырыпта оқушыға нақты ұстатын нəрсе – жыраулардың кім екендігі,
қыз ме ті, толғау жанрының ерекшеліктерін көтерген мəселе болар. Ал
Шалгез жыраудың өлеңдері «Записки Оренбургского императорского
географического общества» басылымдарында жарық көргендігі мектеп
оқу шы сы үшін аса маңызды мəселе емес.
«Баласағұни» мен жыраулар поэзиясының бір тақырыпта тұруы оқу-
шы ға түсініксіз, екіұшты ой туғызады. Екеуінің мəселесі де, заманы да,
стилі де – екі бөлек тақырыптар.
Оқулық жайында тағы бір ойласатын шаруаның бірі – оның оқу шы ға
ұғынықты тілмен жазылуы. Көптеген оқулықтарымыздың тілін оқу шы
түгіл, ата-анасы да түсінбейді. Бұл – күрделендіріп, ғы лы ми лан ды ру дан
немесе орысшадан нашар аударғандықтан. Орынсыз шиыр лан ған сөздің
түсінуге қиындық тудыратынын ескерсек, жалпы, оқулық іш пыстыра-
тындай ұзақ баяндаулардан арылып, суреттілік, қы зық ты лы ғы на мəн
бе ріл ме се, əдебиетке деген ынта-ықылас артпайтыны анық. Кей оқу лық-
тар дың көңілсіз, түсініксіз жазылатындығын мұғалімдер, ата-аналар ау-
зынан да жиі естиміз.
Қазір əдебиетте ашылып жатқан жаңалықтар, тереңдеген тарих бет-
тері көп. Оқулық оған ілесіп отырмаса, қырық жылғы жазылып қал ған
дү ние ні қайта-қайта ұсына бергеннен қызық болмайды. Мүмкін, оқу лық-
тар ды жақсарту жөнінде əдебиетші ғалымдар, мұғалімдер, ғылыми инс-
титут, министрлік өкілдері біріккен комиссия жұмыс істеу керек шы ғар.
Жұртшылықтың, мұғалімдердің де пікірін ескере отырып, оқу лық қа
кіретін мəселелерді талқылаудан өткізген жөн сияқты.
Оқулық жазу – аса үлкен жауапкершілік. Ол ұстағанның қолында,
тістегеннің аузында кетпей, нағыз мамандары жазып, оған тү сі нік ті лі гі
т.б. жағынан шарт қойылуы керек. Ақылдасатын адам табылады, егер
ұйымдастыратын билікті орындар болса. Қазақ əдебиетінің тарихымен
арнайы айналысатын, негізін профессор Б.Кенжебаев қалаған əл-Фа-
раби университетінің кафедрасы бар, Академияның Əдебиет инс ти ту-
ты ның, Алматы университетінің ғалымдары бар, сол орталарға салса,
ашық талқылаулар болса, оқулық сапасы жақсарар еді.
106
Басқа-басқа, қазақ əдебиеті оқулығының əлі күнге жетілдірілмей
оты руы – əдебиетшілерге мін. Бірақ жауапкершіліктің үлкені оны ұйым-
дас ты ра тын, арнайы айналысатын кісілерге байланысты. Бір оқулықты
емес, оның бəсеке нұсқаларын шығарудан да қашпаған дұрыс секілді.
«Түркістан», 1997, 2-8 көкек
ЕЛДІК РУХТЫ ƏДЕБИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
Əдебиет тарихының көне түріктік дəуірлерін зерттеуші белгілі ға-
лым Алма Қыраубайқызының жақында «Сорос» қоры арқылы «Ежелгі
əде биет» атты оқулығы жарық көрді. Біз бүгін ҚазМУ-дың доценті, фи-
лология ғылымдарының кандидаты А.Қыраубайқызын əңгімеге тартып,
əде биет төңірегінде сыр бөліскен едік:
– Алма Қыраубайқызы, Сіз ғалым, ұстаз ретінде республикаға
та ны мал сыз. Көп жылдан бері Жамбыл жырларын теледидардан
орындап, насихаттап жүрген келіні екендігіңізді де білеміз. Жамбыл
то йы на байланысты біраз жұмыс атқарған сияқтысыз.
– Қолдан келгенше. «Жамбыл салған əн еді» атты кітап шығардық.
Оның ішінде Жамбыл атаны көрген, тыңдаған кісілердің аузынан, өз ба-
ласы Тезекбай атадан, немересі Əлімқұл атадан, келіндерінен жəне бас-
қа да көнекөз қариялардан естіген əуендерімді жинап, оннан астам жыр-
ды айтып бердім. Оны композитор Дүйсебай Шаштайұлы нотаға тү сір-
ді. Редакторы – Орысбай Əбділдаұлы. Жиынтығында, үйреніп айтамын
деген кісілерге нотасымен, мəтінімен дайын дүние өмірге келді. Өзім
теледидар арқылы алғаш жарыққа шығарған Жəкеңнің «Аттандыруын»
қазір Майра Ілиясова орындап жүр, ал «Балаларға» жырын Галина Қа-
ра мол дае ва ның сырнаймен қосылып айтқанын естідім. Жəкеңнің қай
өле ңін қандай əуенмен айтқанын еске сақтап қалғандар аз. Əуелі əуен ді
үйреніп, оның мазмұндық жағынан қай мəнге тура келетінін екшеуге де
көп уақытымды арнадым.
Динамо стадионында өткен Жамбыл тойында «Балаларға» жырын үл-
кен сахнада орындауға тура келді. Онда Елбасымыз Нұрсұлтан Назар-
баев қатысып отыр екен, көпшілікке шашу шашып, трибунаға көтеріле
бергенімізде ол кісі: «Өлеңді жақсы айттың», – деді. Сырттай Нұр сұл тан
аға мыз дың ел əуендерін жетік білетінін естігенім бар еді. Өнер мұ ра ты
тыңдаушыға ұнау ғой, бұл сөз көңілге демеу болды.
– Теледидардан да біраз хабарларға қатысып жүрсіз.
– Иə, Юрий Петрович Аравиннің екі хабарына қатысып, балаларым-
мен бірге Жамбыл жырларын орындадым. Орысша тыңдаушыларға
бі раз насихаттадық. Сонда қазақ мəдениетін орыс тілінде түсіндіріп
ай ту дың қажеттілігін қатты сезіндім. Қазақ əдебиетшілері осыған мəн
бе руі міз керек. Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінде, əлем тілдері, тех-
107
ника университетінде, колледж, мектептер, емхана қызметкерлермен кез-
де сіп, тіліміз бен үніміз жеткенше біраз қызмет еттік.
– Балаларыңыз атасының жолын қуған өнерлі деп естідік. Ма-
ман дық та ры қандай?
– Үшеуі де домбырамен өлең айтады. Біраз айтыстарға да қатысқан.
Үл ке ні халықаралық қатынас, ортаншысы заң мамандығына оқып жа-
тыр. Кішісі – мектепте.
– Енді əңгіме кезегін жақында шыққан «Ежелгі əдебиет» кі та бы-
ңыз ға қарай ауыстырсақ. «Соростан» шығу себебін түсіндіре кет се-
ңіз. Кітаптың мақсаты қандай?
– «Сорос» қоры оқулықтарға конкурс жариялаған болатын. «Ежел гі
əдебиет» конкурстан өтіп, «Əл-Фараби» баспасынан шығып отыр. Бұл
оқулық Қазақ əдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер мен лицей-
гимназияларға арналған. Біздің талай ұрпақ ата-бабасы жасап кеткен
мəдениетті білмей өсті ғой, рухани жан дүниеміздегі сол ол қы лық тың
орнын толтыру үшін оқимын деген жалпы көпшіліктің де қажетіне жа-
рап қалар.
– Біз университетте əдебиет тарихын VIII ғасырдан бастап оқы-
дық. Сіздің оқулығыңызда біздің заманымызға дейінгі уақыттар
қам ты ла ды екен.
– Оқулық ғылымның алдына түспеуі керек. Əйтпесе, қазір Əл-Фара-
би атындағы Қазақ университетінде əдебиет тарихының бастауын б.д.д.
ХХХ–ХХ ғасырлардан бері қарайғы ескерткіштермен байланыстыра-
мыз. Профессор Бейсембай Кенжебаев салып берген сүрлеумен жүре
отырып, тереңдей берсек дейміз.
Мысалы, бүкіл түрік жұртының көсемі – Афрасияб, түріктер оны
Алып-Ер Тұнға деген, б.д.д. VII ғасырларда жазылған Авеста кітабын-
да Франграсийан деген атпен жүр. Афрасияб пен Франграсийанның
бір кейіпкер екенін авестатанушылар айтқан еді. Афрасияб – Авеста
кі та бы жазылғанға дейін аңызға айналып үлгерген адам. Біздің атала-
рымыз – түріктер оның қазасына қайғырып, шығарған жоқтау Қашқари
өмір сүрген Х ғасырға дейіін жеткен.
Əлкей Марғұлан ғұлама: «Авестаны жазған – Əмудария мен Аралды
мекендеген ғұндар (кердері, абдалдар), – дейді. Ғұндар қазақты құрауға
қа тыс қан тайпалардың бірі екені мəлім. Қазақтың Ұмай анасы Авестада
Гумайа болып жазылады». Тұран – тура, батыр – «Нар», «от құ да йы –
«Атар». Авеста зороастр дінінің кітабы ғой. Зороастр дінінің негізін қа-
ла ған Заратуштраны Еуропа ғалымдары Иранда туды дейді. Айтуына
қа ра ған да, «Ирандар Қара теңізден – Алтайға, одан Шығыс Түр кіс тан ға
де йін, Оралдан бүгінгі Иран, Орта Азияға дейін жайлаған» екен. Бұ дан
Еуропа ұғымында аталған жерлерді мекендеген көне халықтардың бəрі
жалпы атаумен ирандар болып кеткенін көреміз. Мұндай ұғым ның қа-
108
лып та суы на Иранның ұлы перзенті Фирдоусидің өлшеусіз еңбегі бар
дейміз.
Авестада айтады, əділет құдайы Ахура Мазданың алғаш жаратқан
жері Даптия өзені жағасындағы Айриана Ваего екен. Авестаны екі ға-
сыр бойы зерттеген Еуропа ғалымдары бұл жерді Окс пен Яксарты,
яғни Əмудария мен Сырдарияның аралығы деп дəлелдеген. Олай болса,
Авеста сюжетінің негізгі өзегі мен түпкі төркіні Тұранда жасалған деуге
болады. Осы маңайдан барып, іргелес туған Қорқыт, Оғыз аңыздарымен
то ғы са ды. Бұл жерде əңгіме Авеста аңыздары Қорқыттан алынды ма
немесе Қорқыт аңыздары Авестаның жалғасы ма деген талас тумайды.
Осы аңыз дың түп төркіні бір деген ойды таратпақшымыз.
Мысалы, Қорқыттың өліммен күресін еске алайық. Қорқыт сияқты
өліммен күрескен Тұран көсемі Афрасияб бар. Осы Тұран ой шыл да ры-
ның өліммен күресінің бастапқы қайнар көзіндегі мифтер Авеста кезін-
дегі адамдардың есінде қалған. Ықылым замандардағы күш пен əл сіз дік,
содан соң зорлық пен əділет, яғни сананың өсуімен бірге абстрак ция ға
ұлас қан ақ пен қара ұғымының ірілену сатысы байқалады.
Б.д.д. ХХХ–ХХ ғасырлардан жеткен «Гилгамеш» атымен тараған су-
мер жырының айтары да сол: өліммен күрес. Гректер оны «билгамос»
деп жазған. Соған қарағанда, «Білге» жыры болуы мүмкін. Су мер лер дің
(шумер) қазақ тарихымен байланысатын тұстары бар екені қа зір анық та-
ла бастады.
Жалпы, «Авестаның» да «Гилгамештің» де қазаққа қатысты дү ние-
лер екенін бір кезде Əлкей Марғұлан, Əуелбек Қоңыратбаев, Мырзабек
Дүйсеновтер байқаған, соны бодандық саясаттың берген мүм кін ді гі не
қарай біраз дəлелдеген. Сол елдік рух ендігі ұрпақтың да кө кі ре гін де
болса екен деген тілегіміз бар.
Достарыңызбен бөлісу: |