«Алматы ақшамы», 1997 жыл, 14 сəуір
Маржан ПІРІМБЕТОВА
ЕЖЕЛГІ ƏДЕБИЕТ – ТЫҢ ОҚУЛЫҚ
Өз халқының тарихын, əдебиетін, мəдениетін білу – бүгінгі жас ұр-
пақ тың басты борышы. Елін, тілін сүйіп, тарихынан тағылым алып, ту-
ған əдебиетінің тұнығын сіміріп өскен баланың рухани жан дүниесі бай,
рухы жоғары болмақ.
Осы бағытта құрастырылған «Ежелгі əдебиет» оқулығы – жақында
«Сорос – Қазақстан» қоры жəне Қазақстан Республикасы Білім ми-
нистрлігімен бірлесіп «Гуманитарлық білімді жаңарту» бағ дар ла ма сы ая-
сын да ғы пəндер бойынша оқулықтар мен оқу-əдістемелік құ рал дар дың
ашық байқауында жеңімпаз аталған басылым. А.Қы рау бай қы зы ның ғы-
лы ми ізденістерінің жемісі. Бұл кітапта сонау ықылым заманнан бүгінге
қарай ұлы көш жасап, қазақ даңқын, түрік жұртын əлем ге танытқан
дана-ғұламаларымыздың ғұмыр-тарихын, еңбектерін тілге тиек етеді.
«Ежелгі əдебиет» – төл əдебиетіміздің бұрынғысын терең танымды
баяндайтын тұңғыш оқулық.
Оқулық біздің заманымыздан бұрынғы аңыздардан бастап, XV ға сыр-
да ғы төл əдебиетімізге дейінгі аралықты қамтитын бес тараудан тұрады:
1. Заманымыздан бұрынғы аңыз-жырлар.
2. Түрік қағанаты дəуіріндегі əдебиет.
3. Оғыз дəуіріндегі əдебиет.
4. Ислам дəуіріндегі əдебиет.
5. Алтын Орда дəуіріндегі əдебиет.
Кітаптың құндылығы – əдістемелік мəнділігінде. Баланың негізгі мə-
се ле ні еске сақтау мақсатында таяныш (тірек сөздер) жəне сұрақтар мен
тапсырмалар оқушы ұғымына түсінікті етіп берілген.
329
Оқулық түрлі суретпен əдемі безендірілген. Қазақ əдебиетін те рең де-
тіп оқытатын мектептер үшін баға жетпес оқулық болып табылады. Əрі
көкірегі ояу, кез келген исі қазақтың тұшынып оқитын кітап болатыны-
на сенімдіміз.
«Алматы ақшамы», 1997 жыл, 15 қаңтар
Сүлеймен МƏМЕТ
ЖАМБЫЛДЫҢ ƏН-КҮЙЛЕРІ
Таяуда ғана «Жеті жарғы» баспасынан кітап болып жарық көрді. Құ-
рас тыр ған – ғалым А.Қыраубаева. Нотаға түсірген – белгілі күйші Дүй-
се бай Шаштайұлы.
Кітапқа Жəкеңнің он тоғыз əні, бес күйі еніпті. Халыққа көптен та-
ныс «Абайдың суретіне», «Угай-ай», «Күлəшқа», «Кəрілік туралы», «Ал-
ға дай ды жоқтау» тəрізді əндер, «Өтті-ау дəурен», «Сəттине қызбен күй
тартысы», «Көрұғлы сұлтан» күй сарындары бар.
Жалпы, қазақ ақындарының, жазушыларының бұрын да, қазір де екі
өнерді телқоңырдай қатар өрбіткенін естіп те, көріп те жүрміз. Бұл хал-
қы мыз дың табиғат – ана берген дара талантын танытса керек. Содан да
шығар, арғы-бергі тарихымызды əр тұстан келіп сараптаушылардың қа-
зақ ты шетінен ақын, шетінен əнші, сегіз қырлы, бір сырлы деп тамсанып
жүретіндері. Соның бір дəлелі – «Жамбыл салған əн еді» атты жинақ.
Ұлылардың артында қалған мол мұраларына алдағы уақытта да ыж-
да ғат ты лық танытып, ұрпағына үлгі етіп, таныстыра берсек, ұтылмай
ұта ры мыз анық.
«Ана тілі». №23, 2011 жыл, 9-15 маусым
МОЛДА МҰСА – 150
Өткен аптада Түркістан қаласында қазақ ауыз əдебиетінің ірі өкіл-
де рі нің бірі ақын Молда Мұсаның 150 жылдығына арналған ғы лы ми
тəжірибелік конференция болып өтті. Конференцияда араб, парсы жəне
бірқатар түркітуыстас тілдерді жетік білген ақынның шы ғар ма шы лық
əлемі жан-жақты сөз болды. Онда Қазақстан Ұлттық Ғылым ака де мия сы-
ның корреспондент-мүшесі, профессор Рахманқұл Бердібаев, М.О. Əуе-
зов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының директоры, профессор
Шə кір Ыбыраев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екін ші
хатшысы Темірхан Медетбек, филология ғылымдарының докторлары
Алма Қыраубаева мен Құлбек Ергөбек сөз сөйледі.
V БӨЛІМ
ӨНЕГЕСІ,
ТӘЛІМІ ОҚШАУ
ҰСТАЗ
332
Қанипаш МƏДІБАЙ
ҰСТАЗДЫҚ ДАСТАН
Тағдыр қазақтың маңдайына біткен іргелі оқу орнында оқып, сол
университетке қызметке қалу бақытын бұйырған Алма Мүтəліпқызы
қыс қа ғұмырында дабырлатып, дауылдатпай-ақ талай қайырлы шаруа
тындырып кеткен ұлтымыздың аяулы қызы еді.
Еңбегімен елінің есінде қалған, тумысынан тəрбиеші, тəлімгер ға-
лым ның «Жаным садаға» (1995) атты жинағында замананың өзекжарды
жайларымен ұштасқан ұстаз жанының тынымсыз күйі бар.
Қазақ əдебиетінің тарихында кенже игеріліп келе жатқан ежелгі дə уір
əдебиетіне қатысты тұғырнамалық зерттеулері ғылыми айналымға қа-
йыр лы олжа болып қосылған көрнекті ғалымның ұстаздық ғұмырбаяны
да рухани кеңістігіміздің уық тіреген ұстындарының бірі болатын.
30 жылға жуық жоғары мектепте дəріс оқыған Алма Қыраубаева «Жа-
ным садағада» қазіргі қазақ қоғамының аса өзекжарды құбылыстары ту-
ралы ой қозғаған.
«Жаным садаға» ел өмірінің жаңа бір тарихи кезеңге ойысқан тұ сын-
да жазылған. Жаңа бағыт түзу мəнінде, ендігі уақыттың ұстанымдары
қан дай болмақ, нендей күйлерге көңіл бөлу, білім беру, тəрбие ба ғы тын-
да ғы ұстаз ойлары өзектілігімен, жүрекжарды шыншылдығымен мəнді.
Алма Мүтəліпқызы осы жинақта айналып соғып отырып Мағжан Жұ-
ма баев тың «Педагогикасын» ауызға жиі алады. Іздегенін тауып, үн дес ті-
гін ұғынып қанаттанады.
Ұстаздың студентті сағынатыны да рас, өз баласынан кем көрмей
алаң дай ты ны да рас. Осы еңбекте Алма Мүтəліпқызы өз дəуірінің руха-
ни ең бір көкейкесті жайларын қозғайды. Өмірдегі əр сəттің тағылым, тə-
лі мін сыр ғып ашады. Жаны ашып отырып жақсылыққа қарай жетектеу
дағ ды сы бөлек ұстаз еді ол.
Ұстаз жасөрім шəкіртті өмірге баулу, білімге тарту сынды асқан ауыр
міндеттің жауапкершілігін құрғақ ақыл, жалпы, сөзбен емес, жан тол-
қыт қан өмір ақиқаттарын араластырып отырып сөйлейді. Еңбек жанта-
ну ілі мі нің тұғырнамалық ұстанымдарын ұтымды, оңтайлы тəсілдермен
қыз ғылық ты баяндаған.
«Жаным садағада» Алма Қыраубаева жеке бас тəжірибе, өзіндік се-
зім-аңсарлар сынды құбылыстарды өз дəуірінің қоғамдық-əлеуметтік
ар қауы, ұлттың бітім бүтіндігін сақтау бағытындағы өзекжарды күй лер-
мен астастыра отырып, жантанудың жалпыадамзаттық негіздерімен са-
бақ тас тық та зерделейді.
Алма Мүтəліпқызының қатарынан озық туған қалпы күнделікті өмір
ағы сын да көзге ұрып тұратын.
333
Алыпұшпа мінезі жоқ, небір күйіп бара жатқан құбылыста саябыр та-
уып, сабырмен тоқтап отыратындығын көретінбіз. Көп білетін, көп оқи-
тын. Қалыпты қарадүрсіндіктен гөрі жарқ етіп ашылар жаңаға құштар
əрі сол жаңаны жасаудың басы-қасында жүруге ынтық, мұндайда шар-
шау дегенді білген кісі емес.
Еліміз бір қоғамдық құрылымнан келесі өмір ағысына ойысып жат-
қан өлара тұста кім-кімге де оңай тиген жоқ. Сондайда жеке бас өмі рін-
де гі сəтсіздіктерде де толас тауып, тосылып қалмай, тығырықтан шығар
жол тапқан сергек, ширақ қалпымен көрінді. Өзі бала күннен аңсаған бо-
ла шақ тың мектебін ашты. Сол Жандосов ауылында ашылған жас буын-
ның құтханасына Алматыдан ағылып жұрт барып көретін еді.
Талай күндер қона жатып жүріп, мектептің жұмыс бағытын бар ла ған-
быз, қуанғанбыз, қаржы тапшы, жүдеулеу шақ еді. Қайран ғажап баста-
ма қолдау таппады. Алма Мүтəліпқызы осы іске қыруар уақытын бөлді.
Ден сау лы ғын берді...
«Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» дейді ғой.
65 жасқа келер еді, осы көктем, аман жүргенде. Кезекті бір сабақта сту-
денттерге өз ортасында Алма апай атанған жақсы ұстаз болғанын, оның
«Жаным садаға» атты еңбегі бар екендігін сөз арасында айтып қал дым.
Сонда 2-курстың бір студент қызы менің «Жаным садағаны» ғана ата ға-
ным ды қоңылтақсығандай: «Ол кісінің басқа да еңбектері көп», – деп
қал ды. Мен қуандым. Қазірде ойлап отырсам, Сыр бойы өркениетінің
мы ғым дəстүрінде қалыптасып өскен Алма Қыраубаеваның ежелгі əде-
биет тің іргелі бағыттарын зерттеуі аса орынды болған.
Алма Мүтəліпқызының өзі өмірден озғалы ұстаз рухын сəт сайын
еске алып, құран бағыштап, атын аялап ас беріп, еңбегін жарыққа шы ға-
рып жүрген адал шəкірттері бар. Қалдыгүл, Айсұлу, Нұрсұлу, Самал...
Бі рі мен-бірі жарыса қызмет қылып жүргендеріне куəміз. Бұған да қуа на-
мыз, марқаямыз.
Алма апайдың атын шығарып, отын өшірмей отырған «əй!» деп же-
кіп көрмеген, бауыр еті – балаларын көріп, шүкір десеміз.
«Жаным садағада» осы бір ішкі сезімін сыртқа жая бермейтін қа ра па-
йым қазақ əйелінің ұлтжанды болмысы, жалпыадамзаттық өредегі əде-
бі, аналық жүрегі, жақсыға құштар, ізгілікпен құнарланған жан əлемі
қалды.
Кейде балаша шаттанып құпия шашады, кейде данаша толғап ұр па-
ғы ның қамын қаузайды, бірде үлкен жұрттың келіні ұстанар кішілікпен
кө рі не ді, енді бірде кісілік ұстанымдарымен өзіне тарта түседі...
Осы еңбекте өз уақытының тіршілік ұстанымдарын барлай қарап, бо-
ла шақ бағыттарын бағдарлауға ерінбей, жалықпай ой бөлген, ұтымды
ұсы ныс та рын ортаға салған қайраткерлік болмыс та бой көтерген. Күн-
де лік ті өмір ағысында сүрініп, қабынып жүріп, əр нəрсенің басын ша-
334
лып, абырой-атақтан дəмелене қалатын қалпымыз да болмай қал май тын
қайсыбіреулеріміздің өңі түгіл, түсіне кірмейтін ауқымды, күр де лі жай-
ларды Алма Мүтəліпқызы тұрмыс тауқыметімен арпалысып жү ріп-ақ
күн тəртібіне қойып, қозғап, жанкешті қайраткерлікпен шаруа тын ды ру-
ға уақыт тапқанына құрметпен қарай отырып, мұның өзі жа ра ты лыс тан
дарыған ерекшелік, кісілік қажет екендігін мойындаймыз.
«Жаным садағада» балаға білім үйретудің қилы тəсілдері, ізгілікке
бау лу дың жалпыадамзаттық бағыттары мейлінше жанды, ой қозғап,
əсер құйып отырып баяндалған.
«Жаным садаға» – білікті маман, белгілі ғалым Алма Қыраубаеваның
жан күйін жылдар бойы шаттандырған ұстаздық ғұмырының Аққу əні.
Жан тербеген мың-сан күйді шебер тілмен төккен ұстаздық дастан.
Тіл дегендей, Алма Қыраубаеваның осы еңбегінен осы уақытқа де йін-
гі оқыған дүниелерімнің ешқайсысынан кездестірмеген тың əрі жа тық
атауларды, сөз оралымдарын жиі кездестіріп отырдым. Басқа тілде жа-
зыл ған шығарма аталымдарын да мейлінше икемді, дөп келтіріп ауда-
ратынын көріп, бұл адамның не нəрсені де шала-пұла істемейтін өзім
бай қа ған қасиетінің қай істе де қалпынша бой көрсететінін аңғардым.
На ша қор демейді – кəйіпші дейді. «Құтты білікті» «Құтаю білігі» деп
алған.
Алма Мүтəліпқызы жас адамға үйрету мен өмірге баулудың қиын да
қызықты, қайырлы ісінде қашанда сергек, сезімтал күйде болды. Ба ла-
ның көзіндегі жарқ еткен нұр, бойжеткен бойындағы кенет пайда бола
қал ған қалыптас тыс құбылыс, жасқаншақтық па, астамдық па, отбасы
тəр бие сі көзге ұрып тұрған сипаттар ма – бəрі де ұстаз назарынан қағыс
қал мас еді.
Кез келген асығыс шешімнің келешек тағдырға түсірер кө лең ке сі нен
де шырылдап сақтандыратын ұстаз жаны.
«Таланттар» атты қысқа эссе былай басталыпты:
«Алдымда томпиып-томпиып отырған мынау 25 баланың əр қай сы сы-
ның бойында бұққан таланттар жатуы сөзсіз. Суыртпақтап тарта бас та-
саң, қиғаштай туған жаңа айды көргендей ұлы қуанышқа ба та сың».
Əр шəкіртін өз баласындай аялаған ұстаз үшін талантсыз шəкірт жоқ.
Ұстаз кең, кешірімді болуы керек деген ой – Алма Мүтəліпқызының «Жа-
ным садағада» мақсатты түрде мəн беріп қозғаған өмірлік ұстанымы.
«Зорлықшыл мен көнбістің типін мұғалімдер ұжымында əркім-ақ
бай қай тын болар. Бірақ зорлықшылмен күресу оңай еместігі тағы аян.
Зор лық шыл айналасында көнбістер болмаса, өмір сүре алмайды. Зор
зор лы ғын өзі сияқты мұғалімдерге де, оқушыларға да жасайды. Оны
мектепте «қатал мұғалім» деп атайды.
Алма Қыраубаеваның «Жаным садаға» еңбегінде белгілі бір ке зең де-
гі қазақ қоғамының рухани-əлеуметтік болмысындағы аса өзекті мə се ле-
335
лер қисыны келген тұста, əңгіме орайына қарай «Қаны қарайған адам-
дар», «Қажыған студент қайдан шықты?» «Мұғалімнің үш қа сие ті»,
«Зорлық пен қорлық», «Махаббат жəне мінез», «Босағаны кү йі ніш пен
аттама», «Қыз қадірі неден?» «Саясат жəне сабақ», «Ел тізгінін кім ұс-
тар?» «Рухани жүдеу мен түлеу», «Халықтық тəрбие» т.б. жү рек жар ды
толғамдарда нысанаға алынып отырған.
Алма Қыраубаева Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» оқулығы ту-
ралы алғашқы пікір айтқан, тауып айтқан маман еді деуге болады.
«Қазіргі «Монтессори педагогикасы» деп жүрген тəрбиенің не гі зін
қазақ топырағында алғаш ойластырған адам Мағжан болар».
«Реті келгенде айта кету керек, болашақ мұғалімдерді қазақ ба ла сы-
ның жан дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аударма-
сымен оқытқанша, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен пəр мен ді ре-
тін кез келді. Мағжан педагогикасы – аса сезімтал, саясаттан тыс, бала
жүрегін жараламайтын, адамгершілікті педагогика». Тамыршыдай тап
басып, өзі өмір сүріп отырған қоғамның білім беру жүйесі, рухани бол-
мысы тұрғысында мейлінше білікті маман есебіндегі ой-байламдарын
əр сəтін жадында тірілтіп отырған ұстаздық ғұмыр тəжірибесімен ұш-
тас ты ра жүйелеген бұл еңбектің аясында аса маңызды педагогикалық
па йым дар негізделген.
Алма Мүтəліпқызы əлемдік озық үрдістерді назарда ұстап сөй ле уін-
де осы бір ғұмырлық шаруасына қаншалықты құштарлықпен, шарша-
май, талмай қайырылып соғып отырған сипатымен ашыла түседі.
«Бүкіл дүние мойындаған Штейнер, Монтессори гуманизмі біз үшін
жасырын болып келді. Ресей Наркомпросы 20-жылы Италияның гума-
нист-педагогі Мария Монтессоридің əдісі «пролетарлық күресті дə ріп-
те мей тін дік тен» жауып тастаған. Біздің замандастар Штейнер (Авль-
дорф» мектебінің тəжірибесінен де мақұрым қалды. Адамның рухани
күш те рін оятуға, жан дүниесін ұлағаттауға бағытталған бұл мектептер
бү гін де əлемнің əр бұрышында жұмыс істеп жатыр (500-ге тарта).
Штейнер педагогикасы антропософияға (адами даналық), яғни адам-
шы лық қа құрылады. Баланың жан-жүйесін жұлқыламайды, сағын сын-
дырмайды. Тіпті балаға баға қойылмайды».
Алма Мүтəліпқызы өзі күн тəртібіне қойған сол кезеңдегі білім
беру жүйесіндегі қордаланып қалған мəселелерді шешу жолында гу ма-
ни тар лық-өнер мектеп-лицейін ашты. Көксеген көп арманның талай
ба ғы тын жолға қоюға кəсіби біліктілігі де, рухани əлеуеті де жеткен
болатын...
PS.
Алма апай күн сайын күлімсірей кіретін дəрісханалар сол орнында.
Дегенмен де өмір ағысы қай құбылысқа да ақырын-ақырын өз өзгерісін
ен гі зіп жатыр. №314 дəрісхана – қазір академик Зейнолла Қабдолов
336
атында. №318 дəрісханаға өткен қыс академик Рымғали Нұрғалидың
аты берілді.
Факультетіміздің атауы да өзгерген. Филология, əдебиеттану жəне
əлем тілдері факультеті болып ауысты. Қазақ əдебиеті жəне əдебиет тео-
риясы кафедрасында Алма апайдың көзін көрген, талай жылдар дəмдес-
тұздас болған бір үйдің жандарындай қимас ағайлары мен қа тар лас та-
ры, шəкірт бауыр-сіңлілері еңбек етуде.
Алма апайдың 65 жылдық мерейтойы да тақап қалды. Ол кісі өмір-
ден өткеннен бері рухани шəкірттері хабарласып, жинақ əзірлеп жат қан-
да рын айтып еді.
Алма апай туралы ұдайы ойлап жүремін. Ел таныған ұстаздық бол-
мысы, ғылымдағы орны, қаламгерлік қарымы туралы, ол адамның қа зақ
руханиятындағы, ұлттық білім жүйесіндегі, қазақ əйелінің жан-жа ра-
ты лы сы ның барша ерекшелігі тұнған адамдық қалпын мейлінше шы-
найы, уақыт биігінен бағалай отырып жазуым керек еді деймін. Тосыла
беремін. Алма апайдың уақыты, жеке тағдыр кеңістігіндегі қилы құ бы-
лыс тар шарпысуындағы кісілік қалпының құпиялары туралы ойланам,
тол ға нам. Көкейде тұнған сауалдарымды енді оның өзінен сұрап, біле
алмаймын. Жан құбылыс, рухы қалған еңбектерін асықпай бір ақ та рып
зерделеуім Шəкəрім айтқан зымыранның оғындай зулаған уақыт ек пі нін-
де ентіге басып, маңызды ештеңе бітірмей жүріп жатқандай жай бар.
Осы бір шағын мақала келешек кеңінен қозғап жазуға тиісті ой ла рым-
ның сұлбасы іспетті.
Айтайын дегенім: Алма апай сырына үңілген уақыт та кешегіге айна-
лып барады. Өзгеріп, түлеп жатқан, дүбіле көшіп жатқан заман.
Өзгермеген құбылыс – Алма апай аялап өткен жас ұрпақтың жан жү-
йе сі. Сол баяғыдай мөп-мөлдір. Жазылмаған парақтай аппақ.
Қазіргі студент те Алма апайдың алдын көрген шəкірттердей шы ғар-
ма жазады. Махаббат туралы пікір таластырады. «Шолпанның күнəсі
неде?» деп мəселе қояды. Қазақы жаны да сақталған. Сұлу, ойлы жас!
Аллаға шүкір дейміз.
2012 ж.
Шəкура МАЙҒАРАНОВА
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП ҮЛГІСІН ОРНЫҚТЫРСАМ ДЕП ЕДІ
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында ұлтқа ұлттық мек-
теп, ұлттық тəрбие қажет екенін қазақ зиялыларының арасынан ал ғаш-
қы лар дың қатарында көтерген Алма Қыраубайқызы еді. Ол «Кемел
мемлекет арманы», «Ұлтқа ұлттық мектеп қажет», «Ұлттық мектеп
ке ле ше гі мен биік», «Ұлттық мектеп өрісіміз», «Болашақтың діңгегі»,
337
«Адам шы лық ты ардақтаған ел», «Бізге қандай оқу керек» тағы басқа
өт кір де өтімді мақалаларын жазып, мерзімдік басылымдарда («Егемен
Қа зақ стан», «Қазақ əдебиеті», «Қазақстан мұғалімі» т.б.) жариялағаны
белгілі. «Бізде қазақ мектебі бар, бірақ ұлттық мектеп жасалған жоқ.
Ұлт тық мектеп дегеніміз – ұлттық рухта тəрбие беретін орын. Қазақ
мектептерінде осы жетіспейді. Қазақ мектебі дегеніміз – қазақ тілінде
оқы та тын, ұлттық сананы, рухты қалыптастыратын мектеп», – дей келіп
ол: «Тəуелсіздіктің көк туына қол жеткізілген осы күндерде əрбір ойлы
аза мат тың жүрегіңде егемендігімізді қайтсек баянды етеміз? Оның ке-
лешек тағдырын кімге тапсырамыз?» деген сұрақ тұр. Келесі ғасырда ел
тіз гі нін қолына алар азаматтар бүгін мектеп партасында отыр. Оларды өр-
ке ниет ке сай қалай тəрбиелейміз деген мəселе – мемлекеттік мəні бар мə-
се ле деп ойлаймыз. Рухани өсудің бір жолы ретінде көпшілік қазақ мек-
тептері этнопедагогикаға бұрылып, тіршілік қыла бастады. Тəрбиедегі
салт-дəстүрлерді жаңартуға күш салып жатыр. Дұрыс-ақ. Бірақ мақсат
мұ ны мен бітпек емес. Этнопедагогика – ұлттық педагогиканың бір жағы
ғана», – деген еді.
Иə, киелі саналатыны қазақ əдебиеті атты рухани ортада жүргендер
«қа зақ тың қара қызы» деп атап кеткен ғылым докторы, профессор, на ғыз
кемел шағында өмірден өткен Алма Қыраубайқызы ұлылар негізін сал-
ған ұлттық педагогиканы жалғастырушы, ұлттық мектеп ашу жөнінде
ал ғаш мəселе көтерушілер сапында болды. Ел еңсесін тіктегеннен кейін
заман талабына қарай «Сенім» атты бағдарлама жасады. Алғаш рет таза
ұлт тық тəрбие беретін мектеп-лицей ашты.
Көп жұрт күнкөрістің қамымен кеткенде, оның барлық қиындыққа тө-
зім ді лік танытып, белді бекем буып, тас түйін тірлікпен мұндай қа дам ға
баруы ерлікке парапар еді. Осы жерде Алманың өзін сөйлетер бол сақ:
«Оқытудағы жаңаша көзқарастарымызды жүйелеп, оны іске асырып
көрсету мақсатында мектеп аштық. Өзіндік өрнегімен, өз қол таң ба сы-
мен келген мектепті қалыптасқан ортаның түсінуі де, қа был дауы да
қиын. Жекеше гуманитарлық қазақ мектеп-лицейіндегі жұмыс осындай
күрделілігімен əрі қарай жалғасуда. Мектеп ашу, əрине, мансап емес,
қазір оны қайырымдылық мектебі десе де болады. Ел үшін елеулі ең бек
етсем дейтін азаматтар – аспиранттар, институт мұғалімдері Алматы-
дан, жан-жақтан келіп жұмыс істеуде. Ең үлкен жетістігіміз – уни вер-
си тет тің бірінші курсында оқытылатын сабақтың өзін алтыншы-жетін-
ші класс оқушылары əжептəуір меңгерді. Баяғы сақ, кейінгі ғұн, түр кі
за ма нын да ғы қазақ мəдениеті тарихын білу қуантады. Өкінішке орай,
бі лім жүйесіндегі селт етпейтін салғырттық таңғалдырады. «Мұн дай
мектепті енді он жылдан кейін іздемесе, қазіргідей қиын кезеңде оның
керегі бар ма?» деп күмəнданушылар да табылуда. Тек қана: «Мынау
бір жаңа бағыттағы қажетті іс екен» деп балаларды көріп, са ба ғы мыз ға
338
кіріп, үлкен аналық жүрекпен жылы сөзін айтқан Сара Ал пыс қы зы на
ри за шы лы ғы мыз шексіз», – дейді.
Енді бірде: «Ал енді ұлттық мектептің жаңа моделін жасауымыз ке-
рек екен, соның бір түрін қалыптастырып отырған мектебіміз бар. Бі-
рақ оған көмектесетін, қол ұшын беретін адам табылмай отыр», – деп,
«Егемен Қазақстан» газетінде басылған «Бүгінгі ұлттық мектеп» атты
ма қа ла сын да өкініш білдіріпті.
Жоғарыдағы айтылған гуманитарлық бағыттағы мектеп-лицей 1993
жылы Алма Қыраубайқызының ұйытқы болуымен Алматы облысының
Қа ра сай ауданы Жандосов ауылында өмірге келіп, «Сенім» атты ав тор-
лық бағдарламасы осында бір жүйеге түсірілген болатын. Бірақ мектеп
нарық қиындығына төтеп бере алмай, жабылып қалғаны мəлім. Ал бағ-
дар ла ма да ғы баланы жасытпай оқыту, бұйығылықтан арылту, сенімсіз-
дік түйткілдерін жою, ішкі еркіндігімен əлеуметтік қатынастарға ой-са-
насын бейімдеп дамыту, мектеп ішінде əміршілдік пен өктемдікті қа жет
етпейтін құрылымды қолдану, саясаттандыруға ұмтылмайтын мəң гі лік
рухани құндылықтарды меңгеруге тəрбиелеу бұл əлі күшінде деуге бо-
лады. Сондай-ақ Алма Қыраубайқызы өз бағдарламасында қазақ бала-
сын өжет, білімді-білікті, оқыл-ой мəдениетіне жүйрік болуға баулуды,
мемлекеттік білім стандартына сай пəндердің мазмұнын тереңдете оқы-
ту ды басты назарға алған. Жəне ғалым-ұстаз қазақ мəдениетімен қа тар,
əлем мəдениетінен де оқушыны хабардар ете отырып, ойлау өрі сін ке -
ңей ту, өзіндік пікір айту қабілетін шыңдап, белсенділігін, қы зы ғу шы лы-
ғын арттыру бағытында да көптеген тың ізденістерге барған. Ол жан
тəрбиесінде баланың өзіндік «менін» анықтауына көмектесу, қа рым-
қатынас мəдениетіне үйрету, кісілікке, парасаттылыққа, жан-жақ ты лық-
қа, салауатты өмірге, имандылыққа тəрбиелеумен бірге, сырт сұ лу лы ғын
жан сұлулығымен ұштастыруды да қарастырған. Аталмыш бағ дар ла ма-
да Алма қазақ баласының бойындағы кемшілік деп өзіне өзі нің сенім-
сіздігін, жасықтығын атап, соған көңіл бөлген. Сенімсіздікті қа лып тас-
тыр ған екі ғасырлық құлдық психология мен əміршіл жүйе дейді де,
дəс түр лі қазақы тəрбиені өміршең үрдістермен сабақтастырып, рухани
құн ды лық тар мен жалғастыру керектігін алға тартады. Сенімсіздік өзге
тіл де тəрбие алған балада аз кездеспейтінін ашық айтады.
«Сенім» бағдарламасында жаңалық көп. Мысалы, «Қарым-қа ты нас»
атты бөлімде «Адам баласын өз жан дүниесі жасап шығарады. Ақыл-
ды дан парасатты бала өседі, сараңнан – ызақор, жалқаудан – бұзық,
зордан жал тақ шығады. Мектеп ата-ана сияқты, оның тəрбиесі ақыл-
ды, ме йі рімді болсын» дейді де төмендегідей түйінді тұжырымдарын
ұсынады:
– бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді;
– баға құнды емес, бала құнды;
339
ұстаз қызметінің мақсаты – өз пəнін жақсы үйретуден гөрі те ре ңі рек-
те, ол – адамды қалыптастырушы адам;
– сабақтың мақсаты – баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша
білу;
– мұғалімнің өз сабағын білуі жеткіліксіз, оған қоса бала жанын ұға
білсін;
– əр баланың өмір тіршілігі – өзінше бір тағдыр. Баланың тағдырына
ойланып қара. Сабаққа келмесе, себебін біл. Сабағыңа қызықпаса, тен-
тек болса, себебіне үңіл;
– баланың ықыласын оят, қолынан іс келетініне сендір;
– мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт;
– шəкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өшіресің, же ңі лі сін
емес, жеңісін ізде;
– балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла;
– көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа, сеніп айтқан сы-
рын шашпа;
– сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана жетуге
болады;
– қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі сабақта
қай та түсіндіруден баста;
– импровизация – сабақтың жаны;
– баланы сабақтың негізгі кейіпкері ете біл;
– əр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол үшін де сый лау-
ға болады.
Мұнымен бірге бағдарламада баламен қарым-қатынасты сə лем де су-
ден бастап, сабақтың бітуіне дейінгі үрдісті жіліктеп, жіктеп баян да ған.
Осы арқылы оқу жүйесіндегі қатып қалған қалыптардан шығудың жаңа
жолдарын, қазіргі қазақ баласының тəрбиесінде «сен мықты азамат
боласың» дейтін көзқарас жетіспейтінін дəлелдейді. Баланы жасытпай
оқыту, оны іске асыратын адам – мұғалім дейді. Бала тəрбиесі мұ ға лім-
нің көңіл күйіне, яғни мұғалім мен шəкірттің адамгершілік қарым-қа ты-
на сы на байланысты болатынын ғылыми тұрғыдан дəйектейді.
Ғалым мектепті адам тəрбиесінің алтын ұясы, ұлттық жақсы қа сиет те-
рін бойға сіңірген орын деп біледі. Ол өзінің ұлттық мектепке ар нал ған
тұжырымдамасын жасағанда жеке бір баланың мектепке кірген күн нен
бастап, бітіріп шыққанға дейінгі жан дүниесін, болмысын көз ал ды ңа
елестетуге ұмтылған.
Ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында ұстаздық еткен Алма
Қыраубайқызы 1995 жылы «Жаным садаға» атты еңбегін оқыр ман ға
ұсын ды. Ол еңбекте де оқушы мен ұстаз, студент пен ұстаз арасындағы
қа рым-қатынасты қозғаған. Абзал мұғалім мен қатал мұғалім жайлы ой
тербеген. Жоғарыда айтқанымыздай, ол ұлттық тəрбиенің өрісін «праг-
340
ма ти ка лық батыс» пен «даналық шығысты» салыстыра отырып, қа зақ-
тың сан ғасырлық тіршілік-тынысын шығыстық дүниетанымы аясынан
қа рас тырады.
Қазақ мектептерінің білім беру деңгейіне көңілі толмағандықтан да,
көптеген ата-аналар өз балаларын өзге тілді мектептерге сүй ре лей ті нін
де Алма Қыраубайқызы сөз етеді. Басқа тілді мектептер қазақ баласын
сол ұлттық деңгейде тəрбиелеп шығара ала ма, оған құлықты ма, олар
өз мектебін қандай мақсатпен ашып отыр деген мəселелерге де ой жібе-
реді. Құшақтан кеткен бала кім алдаусыратып бауырына тартса, сонікі
болады. Біраз жылдардан кейін жан дүниесі бөтен, бірақ түсі таныс бір
жаңа ұрпақ қалыптасып шығады дейді ол. Осы жан ауыртар мəселені
Алма Қыраубайқызы əр кез көтеріп жүрді. Тіпті Алматы, Семей, Ас-
тана қалаларындағы ұстаздарға өз бағдарламасын таныстырып, оларға
дə ріс оқып, ұлттық мектепке балама білім ұяларын жатырқамау керекті-
гін көтергеніне куə болғанымыз бар еді. Ол ХХІ ғасырда əлемдік білім
ке ңіс ті гі не енуде ұлт мектебінің өзіндік философиясын, менталитетін ай-
қын дау туралы «Мен үшін бəрінен де қымбат дүние – қазақ баласының
ұлт тық болмысын, мəдениетін, менталитетін қалыптастыратын жүйелі
бі лім беру тəсілін іске асыру» дегені əлі есімізде.
Алма Қыраубайқызы Əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлт тық
университетінде қырық жылға жуық қызмет етіп, студенттерге дə ріс
оқумен қатар, «Қисас-и Рабғұзи» мен «Махаббатнаманың» идеялық-көр-
кем дік ерекшеліктері», «Ғасырлар мұрасы», «Ежелгі əдебиет», «Түр кі
əде бие ті» жəне басқа да көптеген кітаптар шығарды. Ол тек ұлттық мек-
теп, ұлттық тəрбие мəселесін көтерген педагог-ғалым ғана емес, белгілі
əде биет ші, бүкіл түркі əлеміне танымал түрколог ғалым еді. Оның ең бек-
те рі Түркия елінде шыққан 30 томдық түркі тарихына енуінің өзі ға лым-
ның білімдарлығын көрсетсе керек.
Алма Қыраубайқызы өмірінің соңғы жылдарында Л.Г. Гумилев атын-
да ғы Еуразия ұлттық университетінде ұстаздық етіп, артына өшпес із
қал дыр ған аяулы жан еді.
Азамат көтере бермейтін жүкті арқалаған Алма сынды ғалымды ке-
шегі алып аталарымыздың заңды жалғасы, жаңа ғасырдағы жаңа мо-
дельді ұлттық педагогиканың белді өкілдерінің бірі ретінде қарастырсақ
ұтыл ма сы мыз анық. Мен айтулы ғалым туралы ойымды оның өткір
айт қан, əлі де күн тəртібінен түсе қоймаған өзінің сөзімен аяқтағанды
жөн көріп отырмын. Ол 1995 жылы «Егемен Қазақстан» газетінде жа-
рия лан ған еді. «Мектепке баланың тарыдай болып кірген күнінен бас-
тап, таудай болып шыққанға дейінгі аралықтағы жан дүниесінің ұлт тық
рух та қалыптасып, əлемдік ізгілік көзқарасының орнығуы үшін қа зақ
мə де ние ті нің құндылықтарына үңіліп, ол туралы тұтас кешенді ұғым
тү зі луін басты мақсат ету лəзім. Біздің еліміздегі «əміршіл» пе да го ги ка-
341
лық жүйе əлі өзгерген жоқ, өйткені оған бəсеке болатындай жаңаша көз-
қа рас, тың əдістерге қолдау тапшы. Ал қалыптасқан ескі жүйеге керегі
сол: оны жылжытып алып кетуге тиісті механизм – қолында билігі бар
жауапты жетекшілерде. Өзгеріс осы жақтан басталмаса, төменнен жар-
қыл дап шыққан идеялар қандай құнды болса да іске асыруға мүмкіндік
жоқ. Кейде тіпті жетпей жатқан қаражат емес, ықылас сияқты болып
кө рі не ді».
Достарыңызбен бөлісу: |