Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет41/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53

Сара ҚОЯНБЕКОВА 

ҰСТАЗ ҚҰДІРЕТІ

Өмірде сирек кездесетін жандар болады. Ешкімге ұқсамайтын, дара 

табиғатымен танылған, жүрегі жақсы ниет пен ықыласқа толы «Адам» 


410

деген ардақты аттың толық иесі, ұлағатты ұстаз, белгілі ғалым, ақылшы-

азамат Алма Қыраубайқызы бүгінде ортамызда жүрсе, 60 жасқа толар 

еді.


«Жазмыштан  озмыш  жоқ»  дегендей,  біреуге  ерте,  біреуге  кеш  ке-

летін  табиғи  заңдылықтың  əділетсіз  қатал  үкімі  арамыздан  Сізді  тым 

ерте алып кетті.

Əдетте, біз барлық қуанышты апаймен бірге бөлісіп, бірге тойлау шы 

едік. Енді, міне, Алма апайдың 60 жылдық мерейтойын шəкірттері құр-

мет пен «еске алу кеші» арқылы атап өткелі отыр. Арнау кешін шəкірттері 

«Са ғы нып жүрміз, Алма апай!» деген айдармен атадық. Кештің жүр гі зі-

луі, жоспары, тақырып таңдау барысында шəкірттер жүрек тол қы ныс-

та рын білдіріп, қызу пікірлер айтылды. Əркім өз жүрегінің түкпірінен 

орын алған сағыныш сезімдерін ақтарып, «Ұстазды сағыну», «Ұлағатты 

ға лым», «Ерекше тұлға» т.б. толып жатқан тақырыптарды атап, талқылап 

жатты. Бəрінің көкейінде – бір арман, бір тілек! Ол – Алма апайға деген 

құр мет, сүйіспеншілік сезімін жеткізу. Өмірхан ағай, Жарылқап, Самал, 

Қал ды гүл, Айсұлу бастаған көптеген шəкірттер тобы Алма Қы рау бай-

қы зы мен  бірге  өткізген  асыл  күндердегі  өнегелі  өмір  туралы  естелік-

тер айтып, сыр шертісті... Апайдың əлі де біз үлгермеген көп қасиеттері 

жан-жақты ашылып жатты.

«Апай» деген бір ауыз сөз əр шəкірт жүрегінде бойтұмардай сақ та-

лып,  қадірленуі,  құрмет  тұтылуы  неліктен?!  Бір  таңғаларлығы – біз 

Алма апайдан ғана емес, əр пəннен дəріс оқып, тəлім-тəрбие берген, та-

лай-талай ұстаз апайлармен сұхбаттасып, ой бөлістік емес пе?! Өзара əң-

гі ме ле су лер мен пікіралысуларда немесе бір-бірімізге «апай жо лық сын 

деді», «апай сені сұрады», «апайды көрдік» т.б. тіркестердегі қол да ныс-

тар да «апай» деген жылы сөздің кімге арналынып, кім туралы ай тыл ға-

нын, оның Алма апай екенін жүрекпен, көзбен айтпай-ақ тү сі ну ші едік. 

Бұл бір тылсым, құпия, сиқыр күш шығар!?

Шəкірт  жүрегіне  ерекше  сезім  ұялатқан  осы  бір  жан  туралы  күні 

бү гін ге  дейін  тек  жақсылық,  өнеге,  ұстаз  ұлағатын  дəріптеу  жайында 

ғана естеліктер тыңдаудың куəсі болып жүрміз. Университетті өзімізден 

бұ рын  бітірген  алдыңғы  толқын  ағалар,  кейінгі  толқын  інілер  сияқты 

əріп тес те рі міз ден де өзіміз көп жағдайда аңғара қоймаған апайдың сан 

қыр лы адамгершілік қасиетін естіп, тəнті болдық.

1982  жылдың  қыркүйек  айында  Алма  апаймен  алғаш  рет  кездесіп 

жүз дес тік. Осы жылы ҚазМУ-дің филология жəне журналистика фа куль-

те ті нің дайындық бөліміне қабылданған қыз-жігіттері ерекше ба қыт ты 

едік. Мұның негізгі себебі оқуға қабылданумен Алма апайдың бізге ку-

ратор болып тағайындалуы еді.

Аудиторияға ойлы қара көздерінен ерекше жылылық ұшқыны се зіл-

ген, қысқа қиылған қара шашты, өте ұқыпты киінген қарапайым оқы ту-


411

шы кіріп келіп, бəрімізбен күлімсірей амандасып, бізді бұрыннан тани-

тын адамдай өзіне бірден баурап əкетті. Сол күннен бастап апай бə рі-

міз ді  бір қа лып ты,  бөліп-жармай  бірдей  араласты  жəне  өмірінің  соң ғы 

күніне дейін осы мінез қалпынан бір айнымады.

Алма апай өмір сүруге өте құштар адам еді жəне сол құштарлықты 

біз дер ге дарыта білді. Өмірді сүюге, қадірлеуге, ақиқатты ұстануға, өз 

ойың ды дəлелдей білуге, сүрінгенді сүйеуді, асқар тауды бағалауды, дос-

тық ты, сыйластықты сақтай білуді ана ретінде, адам ретінде, ұстаз ре-

тін де ұғындырып, əрбір шəкіртінің жүрегіне жол таба білді. Осы қа сиет-

тер дің барлығын сабақ үстінде, жалпы, тұрмыстық жағдайдағы араласу 

сəттерінде, кездесу кештерде т.б. орайы келген барлық уақыттарда тə-

лім-тəрбиемен сабақтастырып отырды. Ұстаз құдіретімен дарыған бұл 

қа  сиет  тер  дің қаншалықты санаға сіңгенін бүгінде өз əріптестеріміздің 

бойынан көріп те жүрміз. Бір үйдің тел өскен балаларындай болған апай-

дың шəкірттері əрқашан қандай жағдайда да жұмыла жұптаса кірісіп, 

тындырымды іс атқарып жатады. Бұл апай салған тəрбие жолының өзін-

дік бір бағыты деп білеміз.

Алма Қыраубайқызы білімді, аса мəдениетті, əрбір ісін ойланып-тол-

ға нып істейтін, ешқашан асығыс шешім қабылдамайтын, сезімтал, өт-

кір, өте тиянақты, қарапайым сабырлы жан болатын. Қандай да шешімі 

табылмайды дейтін мəселеден дұрыс жол көрсетіп, бағыт-бағдар бере-

тін. Себебі өзі өмір бойы ақиқатты ұстанған адам болғандықтан болуы 

керек, адалдық пен əділдіктің түбі жеңетінін санамызға құя беруші еді.

Апайдың  аз  ғана  ғұмыры  өзіндік  құндылығы  мен  мағыналылығы 

тұр  ғы сы нан  тарихта  қалары  хақ.  Ғалым  ретінде  А.Қыраубайқызының 

қан дай ілтипатпен құрметке ие болғаны жөнінде профессор Бейсембай 

Кен же баев, ұстаз-ғалым Ы.Маманов, академик З.Қабдолов, профессор 

Х.Сү йін шə лиев т.б. ғалымдардың ғылыми тұрғыдан берген пікірлерінде 

кел ті ріл ге нін тұжырымдар айқындайды.

Алма Қыраубайқызы ғылымда жан-жақты өлшеусіз еңбек етті. Ға лым-

дық жолында он ғылыми еңбек, көптеген ғылыми мақала жазды. Қазақ 

əде бие тін де гі  шығыс  қисса-дастандарының  шығу  тегі  мен  қалыптасуы 

туралы  докторлық  диссертациясын  қорғап,  филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор  атағын  алды.  Сондай-ақ  ғалымның  ежелгі  əдебиет 

пə ні не арналған оқулықтары (1991) мен мектеп оқушыларына арналған 

(1996) оқу құралдарының маңызы да ерекше сұраныстарға ие. Сонымен 

қа тар  екінің  бірі  зерттеу  нысаны  ретінде  жүрегі  даулап  оңайшылықпен 

бара қоймайтын ежелгі қазақ əдебиеті жазба мұраларында қалам тартып 

өзіндік жол салды. 1988 жылы шыққан «Ғасырлар мұрасы», 1997 жылы 

жарияланған  «Шығыстық  қисса-дастандар»  атты  еңбектерінің  ғы лы ми 

құндылығы жоғары деңгейде бағаланып, тереңнен зерделенгені белгілі. 

Бұдан ғалымның ғылымға ғашық көзбен қарап, нұрлы жү рек пен игеріп, 


412

ежелгі  əдебиет  қалыптасуының  сұранысын  өтеу,  тапсырысын  орын дау-

да ғы  тиянақты  еңбегінің  жемісі  ретінде  тарихымыз  бен  мə де ние ті міз ді 

танытуда аса құнды мұрасы болып отыр. «Білімдар ті ріл те ді ақиқатты», 

«Адам ның қадірі білімінен көрінеді» деген қа ғи дат тар ға сүйенсек, дү ние 

болмысы  мен  рухани  жаңалықтың  сырлы  сазын  ұғын ған дай  боламыз. 

Ғалымның зерттеу еңбектерінің мазмұны бүгінгі студент қауымын ғы лы-

ми ойлауға бейімдеу, берілген фактілерді салыстыра зерттеуге жетелейді.

Ұстаз ретінде Алма апай қажымай-талмай өзіндік жаңаша бағытта ай -

рық ша еңбек етті. Қазіргі таңда тəуелсіз еліміздің білім беру жүйесіне ен гі-

зі ліп жатқан оқыту əдістемесіндегі жаңа технологиялық бағыттардың бар-

лы ғы дерлік ұжымдық оқыту əдісі, пікірсайыс, дөңгелек үстел отырысы, 

сараптама, талдау жасау т.б. апайдың оқыту əдістемесінде 80-жылдарда-

ақ қалыптасып, шəкірттері тарапынан жоғары бағаланатын. Ұстаз құ ді ре-

тін шəкірттен артық кім бағалар?! Сабақтан алған əсерлеріміз бен құш тар-

лы ғы мыз ды бөлісу барысында бір-біріне сөз бермей сөйлейтін шақтарда 

жиі кездесетін. 90 минут сабақтың қалай өтіп кеткенін білмей, апайдың 

артынан ере шығып, өзіне тиесілі үзіліс уақытын да ұрлаушы едік.

Қазір ойлап қарасақ, кез келген жағдайда бəріне қалай уақыт тауып, 

қа лай үлгерді екен?! Бұлай дейтініміз – Алма апай айына бір-екі рет, тіп-

ті шəкірттерінің өтінішімен бірнеше рет жатақханада да жиі болушы еді. 

Ешқашан шаршағанын білдірмей, қынжылып қабақ шытпайтын. Бір бөл-

ме ге  жиналып,  концерт  ұйымдастырып,  əсерлі  кездесулер  өт кі зе тін біз. 

Мұн дай  жиылыстарда  Қосайға  бір  күй  тартқызып,  Зояға  əн  салдырып, 

Дүйсенкүл  сықақ  оқығаннан  кейін,  апай  домбыраның  құлағын  бұ рап, 

Кененнің термесін, Жамбылдың əндерін керемет орындайтын. Əн сал ған-

да бет-əлпеті ажарланып, даусы барынша ашылып, арқаланып кететін.

Əр студентінің жүрегінен орын алып, жол таба білген ұстаз олардың 

өмі рін де гі  «ұлы  оқиғалардың»  бəрінен  хабардар  болып,  ақыл-кеңесін 

айтып отыратын. Адамға сенгіш, сезімтал мінезді Алма апай көп жағ дай-

лар да əрқайсысымызбен жеке-жеке сырласып, аналық сезімнің шуа ғын 

да аямай төгілдіретін. Біздің топтан алғашқылардың бірі болып от ба сы-

лық өмір құрған ақын қызымыз Гүлзəда – Ерікке, Əсем – Рухатқа деген 

пе йі лі де ерекше болатын. Анау Моңғолия жерінен келіп білім алған Ер-

ба қыт, Зəмзəгүл, Аманжолға да ерекше көңіл бөліп, арнайы сəлем-сау қа-

тын ала келіп, көңілдерін көтеретін.

Жан-жақты білімді, өнерлі, байсалды, байыпты адамды халық «се гіз 

қырлы, бір сырлы» деп əспеттеп, құрмет тұтатыны белгілі. Осы тұр ғы-

дан  алғанда,  жоғарыдағы  адами  асыл  қасиеттерімен  қоса,  Алма  апай 

алда болатын оқиғаларға болжам жасап отыратын жəне ол көбінесе дəл 

сол қалпында айна-қатесіз орындалатын.

Бірде апай біздің топтың бітірген қыз-жігіттері туралы əңгіме қоз ғап, 

олардың болашақта көз алдына қалай елестететінін айтып, оған өзі сон-


413

ша лық ты ризашылықпен сүйсініп отырды. Уақыт өте келе болжам жа са-

ған көкжиектегі армандары көз алдымызда орындалып жатты...

Тағы бір айрықша атап өтетін жайт – апайдың əрбір өткізілген пі кір са-

йыс тар, кездесулердегі əсерлер, студентпен жеке сұхбаты т.б. мəселелер 

тө ңі ре гін де гі өзіндік ой-қорытулар нəтижесінде 1995 жылы жарық көр-

ген «Жаным садаға» атты деректі əңгімелер жинағы.

Автордың  аталған  еңбегі  толығымен  тəрбие  тақырыбына  арналған. 

Мұнда автор өзінің ұзақ жылғы ұстаздық тəжірибесінің жемісін көр се-

тіп, талдау жасайды. Еңбекте, негізінен, студенттің ұстазбен қа рым-қа-

ты на сы қандай болғаны абзал екеніне мəн беріліп, халықтық пе да го ги-

ка ның інжу-маржандары мен ұлттық сана-сезімді тəрбиелеудің əдіс-тə-

сіл де рін  оқыту  тəжірибелері  арқылы  ортаға  салады.  Кітапта  берілген 

үзін ді лер де  қыз  баланың  тəрбиесіне  айрықша  назар  аударылып: «Екі 

жақ сы қосылар күн қайда бар!», «Бағың ашылсын», «Зорлық пен қор-

лық», «Босағаны күйінішпен аттама», «Махаббат жəне мінез» т.б. əң гі-

ме ле рін де тəлімгерлік тұрғыдан талдау берілген.

«Досы көппен сыйлас» деп қазақ халқының ұлы ақыны Абай айт қан-

дай, биікті ардақтайтын, асылды қорлатпайтын апайдың аралас-құ ра лас 

өмір сүрген достары да тұнып тұрған адами қасиеттерді бағалай бі ле-

тін ізгі жандар екеніне талай-талай көз жеткіздік. Олардың қа та рын да 

үнемі  көпшілік  ықыласына  бөленіп  жүрген  Нұрлан  Оразалин  аға мыз 

бен Фаузия апай, Əшірбек Көпішев, Ризабек аға, Гүлнəзия тəте Дуовтар, 

Д.Ысқақов,  Қ.Мəдібаева  т.б.  адамдарды  үнемі  аузынан  тастамай,  үлгі 

тұ тып айтып отыратын.

Ұстаз  құдіреті.  Бұл  ұғымның  мағынасын  кешегі  кездесу  сəтіндегі 

шə кірт тер дің естеліктерінен анық байқадық. Оның құдіреттілігі сон ша-

лық – Алма апай қасымызда бəз баяғы қалпындай, күлімсіреп отырғандай 

болды. Өзіңіз үздік қасиеттерді бойына сіңірген шəкірттеріңіз Сіз қа лып-

тас тыр ған дəстүрді одан əрі жалғастырып, əркез есіміңізді мақ та ныш-

пен еске алып, құрмет тұтады. Аз ғана қысқа ғұмырында шə кірт те рі нің, 

достарының,  əріптестерінің  ыстық  ықыласына  бөленген  Алма  Қы рау-

бай қы зы ның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мəңгі сақ та ла ды!

Базар ƏБДІЛДИНА 

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

Орта ғасыр əдебиетінің өкілі, ақын С.Сараи «Білімдар адам иісінен бі-

лі ніп тұратын жұпар сияқты, білім де сондай иесін білдіріп тұрады» де-

ген екен. Сол айтпақшы, Алма апайымыздың да көне дəуір əдебиетінен 

дə ріс оқудағы қоңыр үні мен биязы салмақты мінезі шəкірттерін бірден 

баурап алатын.



414

1980 жылдары Қазақ университетінің филология факультетінде бі лім 

алған шəкірттер үлкен ғұлама ғалымдардан: «Қазақ тілінің тарихи грам-

матикасы» курсынан – филология ғылымдарының докторы, профессор 

Мархабат Томановтан, əдебиет теориясы бойынша – академик Зейнолла 

Қабдоловтан,  профессор  Тұрсынбек  Кəкішевтен,  əде биет та ну ға  кіріс-

педен – ақын Қадыр Мырзалиевтен дəріс тыңдау ба қы ты на ие бол дық. 

Осы  аталған  кісілердің  қатарында  бізге  көне  дəуір  əде бие ті нен  Алма 

Мүтəліпқызы  Қыраубаева  апайымыздың  дəріс  бергенін  мақ та ныш пен 

айтып жүреміз. Орхон-Енисей ескерткіштерінен бастап орта ға  сыр  лар -

да  ғы жазба мұралардан, Ахмет Йүгінеки, Жүсіп Ба ла са ғұ ни, С.Са  раи, 

Махмұд Қашғари, М.Хорезми, Құтып, Əбілғазы, Қорқыт сынды ғұ ла ма-

лар  мен  ақындардың  шығармаларынан  үзінді  келтіре  отырып  талдап, 

көр кем дік табиғатын, образдар жүйесін салыстыра си пат та ған да, атал-

ған шы ғар ма лар дың өзін қалай оқып-тауысқаныңызды сезбей қа ла сыз.

Алма апайдың тағы бір қасиеті – алдына білім алуға келген шəкіртті 

өзі мен тең көруі, оның өз бетінше ой-тұжырымдар, қорытындылар жа-

сау ға мүмкіндік беруі. Сауал қойып, оған бүкіл студенттердің өз ойын 

айт қы зып, əдебиетшілердің сөйлеу шеберлігін дамытуды көздейтін. Бі-

ті ріп кеткеннен кейін Алма апайдың университет қабырғасында қызмет 

ете жү ріп, Алматы маңындағы Жандосов ауылында гуманитарлық ба-

ғыт та мектеп-гимназия ұйымдастырғанынан да хабардар болдық.

Алма апай ұстаздықты ғылыммен ұштастыра отырып, ұзақ жыл дар-

да ғы тəжірибесінен түйген пікір-ұстанымдары мен жинақтаған əдіс-тə-

сіл де рін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында мектеп ашты. Осы ретте Алма 

апай өзін тағы бір қырынан көрсетті деуге болады. Ол – апайдың бі лік ті 

ұйымдастырушы, басшы болуға лайық қасиеттері. «Жақсының жақ сы-

лы ғын айт, нұры тасысын» демекші, Алма апай білімді де білікті ғалым, 

ұс таз, əдіскер, абзал ана, сегіз қырлы, бір сырлы жан еді.

Алма апай шəкірттер жүрегіне жол тауып, ізгіліктің нұрын шаш қан 

сү йік ті ұстазымыз еді. «Ғалымның аты өлмейді» демекші, өзі өмір ден 

бей мез гіл озса да, ерен еңбегін бағалаған əріптестері, шəкірттері 60 жыл-

дық мерейтойын атап өтуде. Бұл – үлкен ғалым, аяулы ұстазымызға ар-

нал ған сый-құрметтің бір бөлігі ғана. Ал оның артында қалдырған мұ ра-

сы – əлі талай ұрпаққа жете беретін рухани қазына.

Жолдасбек МƏМБЕТОВ 

ҰСТАЗ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

Ол  заманда  жұрттың  бəрі  қазіргідей  жаппай  оқи  бермейтін.  Əр  от-

басынан,  əр  ауылдан  мектепті  үздік  бітіріп,  өз  білімдеріне  сенгендер, 

бо ла ша ғы нан  үміт  күттіргендер  ғана  жоғары  оқу  орнына  құжаттарын 

тапсыратын.


415

Ол заманда бүгінгідей ақылы оқу деген болмайтын. Одақ құ ра мын да-

ғы он бес республиканың бірі саналатын біздің елде санаулы институт-

тар мен екі ғана университет болатын. Соның бірі қазақ білімінің қара 

шаңырағы қазіргі Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еді. 

Оның өзі орыстың жалынды төңкерісшісі С.М. Киров атында болатын.

Ол заманда кейбір жоғары оқу орындарында дайындық бөлімі деген 

болушы  еді.  Оған  сол  оқуға  түсу  үшін  талай  жылдарын  сарып  еткен, 

ауыр  еңбектің  ащы-тұщысын  татып,  тəжірибе  жинақтаған  қарапайым 

ха лық тың балалары түсетін. Олар сол дайындық бөлімінде түске дейін 

оқып,  түстен  кейін  сол  оқу  орнының  күллі  қара  жұмысына  жегілетін. 

Өзі міз ше, біз оны «рабфак» деп атайтынбыз, сол кездегі өкімет бізді те-

гін жұмыс күші ретінде пайдаланатын.

1983  жылдың  күзінде  кең-байтақ  Қазақстанның  түкпір-түкпірінен 

жи нал ған жиырма бес жігіт пен қыз осы бөлімнің филология жəне жур-

налистика  факультетінің  тыңдаушысы  болып,  бір  топқа  қабылдандық. 

Қуа ны шы мыз да шек жоқ еді. Келе сала-ақ бір-бірімізбен танысып, бір 

үй дің баласындай болып араласып кеттік.

Алдымыз – он-он бес жыл, соңымыз екі-үш жыл қара жұмыстың дə-

мін татып, еңбекпен шыныққан біздерді бұл бөлімде тек қана оқытып 

қой май, университеттің бітпей жатқан жұмыстарына аямай салды. Ол 

кезде  қазіргі  университет  ғимараттарының  сырты  біткенімен,  көбінің 

ішкі жұмыстары əлі толық аяқталмаған болатын. Шаш ал десе бас ала-

тын  комсомолдың  қырағы  жауынгері  С.Тоқтыбеков  деген  деканның 

орынбасары əр сөзін мынадай ереже-талаптардан бастайтын: «Кім жұ-

мыс қа шықпайды, сол оқудан шығады. Кім еңбекте жалқау, сол оқудан 

шы ға ды.  Кім  университет,  деканат  тарапынан  екі  рет  ескерту  алады, 

сол  оқудан  шығады  т.б.»  болып  шұбырып  кете  беретін.  Оның  тісінің 

арасынан  сыздықтай  шығатын  зілді  сөздері  талай  жанның  жүйкесін 

жұ қар тып,  кейбіреулердің  болашағына  балта  шапқанын  өзі  де  біле 

қой мас.  Сондықтан  да  алғашында  университетте  істейтіндердің  бəрі 

біз  үшін  адамға  жаны  ашымайтын  өңшең  қатал,  тек  тəртіп  пен  талап 

қоюды ғана білетін жансыз роботтай елестегені рас. Сабақ беріп жүр ген 

ұстаздарымыздың кейбіреулері бетіне тура қараған бір-екі ересек тың-

дау шы лар ға қатаң ескерту жасап, егер осы мінездерін қоймаса, оқудан 

шы ға ра тын дық та рын ашық айтып қорқыта бастады. Мұндай оқиғалар 

енді оқуға қолымыз жетіп, қуанып жүрген біздердің көңілімізді су сеп-

кендей басып, ұнжырғамызды түсіріп тастады.

Сондай күндердің бірінде қазақ əдебиеті пəнінен сабақ беретін бо-

лып, Алма апай келді. Біздің ол кісіні бірінші көруіміз. Мектеп қа быр ға-

сы нан кеткенімізге біраз болған біздер ересек тартқанымызға қа ра май, 

орнымыздан дүрліге тұрып амандастық та, бастауыш класта үй рет кен-

дей қолдарымызды бірінің үстіне бірін айқастыра қойып, апайға «не ай-


416

тасыз?» дегендей қадала қарап, тым-тырыс отыра бердік. «Бұл кі сі нің 

қай жағынан шығып жақпай қалар екенбіз? « деген іштей қорқыныш та 

жоқ емес. 

Алма  апай  бірінші  өзін  таныстырып  өтті.  Сосын  бір-бірлеп  бізбен 

танысып, неше жыл жұмыс істегенімізді, əскерде болған-болмағанызды 

сұ рап шықты. Сосын сіресіп отырған бізге күле қарап:

– Сендер еркін отырыңдар, мына қалыптарыңа қарап менің өзім қы-

сы лып  тұрмын.  Бір-біріңмен  сөйлесіңдер,  маған  сұрақтар  қойыңдар, 

жас  адамның  күліп  отырғаны  жақсы, – деп  біздің  үріккен  көңілімізге 

се нім ұялата бастады. 

– Жақсы ұстаз ешқашан да өзін зорлап тыңдатпауы керек. Егер мен 

сендерді тыңдата алмасам, ол сендердің жамандықтарыңнан емес, ме-

нің нашарлығымнан, – дегенде біз «осы кісі не айтып тұр» дегендей аң-

та ры ла қарадық. 

Біртіндеп  апайға  да  бойымыз  үйреніп,  жақын  сырласымыздай  ара-

ласып  кеттік.  Өзгелерден  көрген  теперішімізді  де,  көңілімізге  жаққан 

қуа ны шы мыз ды да апаймен бөлісуге тырысатынбыз. 

Алма апайдың əр сабағынан арқаланып, бөлек бір əлемнің есігін аш-

қан дай марқайып шығушы едік. Талай талас та, тартыс та сол кісінің са-

ба ғын да болатын. Ол əңгіменің арқауы жалғасын жатақханада да тауып 

жататын. Апайдың келесі сабағын бəріміз асыға күтетінбіз. Ол кісі тек 

жай ғана ұстаз емес, өзі оқытып жүрген барлық студенттермен шынайы 

дос бола білетін. Көңілі жабырқап, жағдайы болмай жүр ген студенттің 

жай-күйін Алма апай бір қарағаннан-ақ аңғаратын жəне дер ке зін де кө-

мек қолын созып, қиыншылығына жақынындай ор тақ та са тын.

1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісінен  кейін  қазақ  жастарына  деген 

көз қа рас өзгеріп кетті. Партияның нұсқауы болды ма, білмеймін, мемле-

кеттік емтихандар мен диплом қорғау кезінде де біраз студенттерге қатал 

талап қойып, құлатып жіберу етек алған болатын. Кейбір ұс таз да ры мыз 

біз бен  ол  оқиға  туралы  əңгімелесуден  қашқақтайтын  еді.  Бірде  Алма 

апаймен көшеде кездесіп қалып, Желтоқсан көтерілісі кезінде не істе-

геніміз жайлы ашық əңгімелестік. Апайдың «Бұл біздің халықтың басы-

на түскен қа сі рет болды ғой, маңдайларыңа жазылған тағдыр талқысы 

шы ғар, ең се ле рің ді түсірмеңдер, азаматтық қалыптарыңды сақтауға ты-

ры сың дар, дү ние бұлай тұра бермес...» деп жігер бере сөйлегені есімде 

қа лып ты.

Сексенінші жылдардың соңында елде елеулі өзгерістер болып жат-

ты.  Бұрын  біз  аттарын  кейбір  ағаларымыздың  сыбырлап  айтуларынан 

ғана шала естіп жүрген алашордашыл ақын-жазушылар ақтала бастады. 

Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын деген мəселелер баспасөзде жиі кө  те-

рі ле тін болды. Отыз екінші жылғы ашаршылық пен отыз жетінші жыл-

ғы репрессия туралы шындықтың беті ашылып, ол оқиғаларға əр түрлі 


417

баға беріліп жатты. Алма апайдың «дүние бұлай тұра бермес...» дегені 

шын дық қа айналды.

Менің диплом жұмысымның тақырыбы «Мəшһүр Жүсіп Көпеевтің 

əде би  мұрасы»  деп  бекітілген  еді.  Жетекшім  З.Бисенғали  сол  кездегі 

заман  талабына  сай  жұмыстың  жоспарын  жасауға  көмектесіп,  қандай 

материалды қайдан алу керектігін мұқият айтып берді де, өзі Атырауға 

мемлекеттік  емтиханның  төрағасы  болып  кетіп  қалды.  Пікір  жазатын 

сарапшым Алма апай екен. Апай диплом жұмысымды алып қалды да, 

қор ғай тын күні пікірін ала келетінін айтып шығарып салды. Сөйтіп, жү-

ріп  диплом  қорғайтын  күнге  де  жеттік.  Қорғауға  келсем,  менен  басқа 

студенттерден  ешкім  келмепті.  Мемлекеттік  емтихан  комиссиясының 

мү ше ле рі  келіп  жайғасып  болған  соң,  сол  күні  қорғайтындардың  тізі-

мін оқы ды. Диплом қорғайтын бес студенттің екеуінің жұмысы дайын 

болмай шықты. Комиссия мүшелерінің алдында бір ересектеу жігіттің 

түп тел ме ген  жұмысы  шашылып  кетіп,  оқытушыларымыздың  шамына 

ти ме сі бар ма? Комиссия төрағасы белгілі ғалым Ə.Болғанбаев:

– Бұлардың бəрі тəртіп дегеннің не екенін ұмытқан екен, үлкен басымыз-

бен біз уақытында келіп отырғанда, бұлардікі не өзі? – деп ашу ша қыр ды.

– Ешқайсысын да қорғатпайық, бір жыл жұмыс істеп, ақылдарын то-

лық ты рып келсін, – деп екінші бір ағайымыз ақыл қосты. 

Жұмысы  дайын  қалған  екеуміз  үшін  жағдайдың  бұлайша  ушығып 

кетуі,  шынында  да,  өкінішті-ақ  еді.  Комиссия  мүшелері  орындарынан 

тұ ру ға ыңғайлана бастағанда Алма апай:

– Мына екі баланың еш жазығы жоқ қой, меніңше, бұларды бүгін қор-

ға тып жібергендеріңіз дұрыс шығар, – деді. 

Академик З.Қабдолов ағамыз апайға сəл аңтарыла қарап тұрды да:

– Қорғатсақ қорғатайық, біздің Алма анау-мынауға бостан-босқа ара-

ласа  бермейді, – деп,  бізге  түсін  жылыта  жымиды.  Екеуміз  де  жақ сы 

қор  ғап шықтық. Алма апай менің жұмысым туралы пікірін айта ке ліп, 

Мəш һүр  Жүсіп  шығармашылығы  туралы  маған  таныс  емес  көп те ген 

мə се ле лер ді өзінше толғап кеткенде, мен апайдың ізденімпаздығы мен 

есте сақтау қабілетінің мықтылығына таңданумен отырдым. Мəш һүр дің 

өлең де рін, кейбір архив құжаттарының нөміріне дейін жатқа айтып жат-

ты. Кейін бірде əңгіме арасында:

– Сіз Мəшһүр Жүсіп туралы бұрын бірдеңе жазып па едіңіз? – деп 

сұ ра ға ным да:

–  Ғалым  ретінде  мен  қазақ  əдебиетінің  тарихына  қатысты  кез  кел-

ген нəрсеге селқос қарай алмаймын, шəкірттерімнен де соны талап етер 

едім, – деп күлгені бар. 

Тоқсаныншы жылдардан бастап апаймен бір кафедрада қызмет етіп, 

жақын араласа бастадым. Апай əрдайым өзінің ақыл-кеңесін айтып, жо-

ға ры мектепте сабақ берудің қыр-сырымен таныстырып жүретін. Сұраса 


418

келе жақын ағайын адамдар екенімізді де осы кезде білдік. Алма апай 

інім  деп  əрдайым  жақын  тартып,  үйіне  шақырып,  балаларына  «мына 

Жолдас  сендердің  нағашыларың  болады»  деп  айтып  отыратын.  Алма-

тыдан  жы рақ тау  жердегі  Жандосов  ауылында  тұрғанында  да  артынан 

екі-үш рет іздеп бар ға нымызда, қуанып, барын аузымызға тосып бəйек 

болып қалатын.

Апай еліміздің тəуелсіздік алғанына қатты қуанушы еді. Өз ба сын-

да ғы қиыншылықтың бəрін уақытша деп түсініп, жаңа заманның ың ға-

йы на тез бейімделе бастаған болатын. Қазақстанда алғашқылардың бірі 

болып таза ұлттық сипаттағы мектеп ашуының өзі ол кісінің жа ңа лық қа 

жаны құмарлығынан ғана емес, батылдығының, ұлттық рухты қайт сем 

тірілтем деген жанкештілігінің көрінісі болатын. 

Апай еш намыстанбастан, жасы елуге жақындағанда жатақханада да 

тұр ды,  балалары  жас  болғандықтан  мəшиненің  рөліне  де  өзі  отырды. 

Бі рақ соның бəрін күле жүріп істеді, ешқашан қиындыққа мойып, жа сы-

ға нын көрген емеспіз. Алма апай өте қайратты да қажырлы еді. 

Апай өнерді сүйетін. Бір шəкіртінің бойынан өнерге деген жылт ет-

кен ұшқынды байқаса, соны үрлеп жағуға тырысатын. Өзі де кез келген 

ортада өлең оқып, əн салудан тартынбайтын. Ол кісінің əн-жырын талай 

рет теледидардан да тамашалаған кезіміз болған. Балаларын да жастай 

əн  мен  жырға  баулып,  əрқашан  олардың  кемелдене  дамып,  өсулеріне 

жағ дай жасап жүруші еді.

Жаны жаңалыққа құмар қайран апай Астанаға да сол өңірдің жаста-

рын өнерге баулысам, ел астанасындағы оқу орнында ұлтжанды шə кірт-

тер тəрбиелесем деген үміттің жетегінде барса керек. Бірақ адам өз тағ-

ды ры ның  қожасы  емес  қой.  Сұм  ажал  біздің  Алма  апайды  арамыздан 

тым ерте алып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет