Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев



Pdf көрінісі
бет6/53
Дата03.03.2017
өлшемі3,66 Mb.
#5608
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

«Əзім əңгімесі»

Абайдың бұл поэмасы əлемге əйгілі «Мың бір түндегі» «Хасен зер-

гер  туралы»  əңгіменің  желісі  бойынша  жазылған,  аяғы  бітпей  қалған. 

Сон дық тан ақынның қандай идея айтқысы келгенін тұспалдау қиын. Жа-

зыл ған бөлігінен кісіні алдаумен күн көріп, оны өлімге оп-оңай тастап 

кеткен зұлым адамдарды сынайтыны аңғарылады.



Оқулыққа қосымша əдебиеттер:

1. М.О. Əуезов. Əр жылдар ойлары. – А., 1959.

2. А.Нұрқатов. Абайдың ақындық дəстүрі. – А., І966.

3. Ы.Дүйсенбаев. Ғасырлар сыры. – А., 1970. – 124-131 бб.



53

С.ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ТВОРЧЕСТВОСЫ

I. 1) Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыровтың творчествосы.

2)  Сабақтың  мақсаты:  С.Торайғыровтың  өмірін,  шығармаларын 

XX  ғасыр  басындағы  қазақ  əдебиетінің  өзіндік  сипатымен,  уақыт  ты-

нысымен байланыстыра отырып оқыту. Ақынның өлеңдерімен, поэма, 

романымен  таныстыру,  олардың  тақырыптық-идеялық  ерекшеліктері, 

образдарымен  хабардар  етіп,  талдап,  түсіндіру.  С.Торайғыровтың  əде-

бие ті міз де гі өзіндік орнын анықтау. 



3) Сабақтың түрі: Лекция – 4 сағ.

II. Сабақтың барысы:

1) XX ғасыр басындағы қазақ əдебиеті (Кіріспе. Шолу).

2) С.Торайғыровтың өмірі.

3) Лирикасы.

4) Поэмалары: «Адасқан өмір».

5) Романдары: «Қамар сұлу».



XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті

(1900–1917 жж.) 

Кіріспе 

XX  ғасырдың  бас  кезі  Россия  тарихындағы,  онымен  тығыз  байла-

нысты Қазақ еліндегі əлеуметтік мəні зор оқиғаларға бай келеді. Олар: 

1904  жылғы  орыс-жапон  соғысы, 1905–1907 жылдардағы  бур жуа зия-

лық-демократиялық революция, 1914–1918 жылдардағы бірінші дү ние-

жү зі лік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі. 1917 жылғы февраль 

бур жуа зия лық-демократиялық революциясы жəне Ұлы Октябрь социа-

листік революциясы.

Мұншама үлкен оқиғалар, сөз жоқ, қазақ даласына да елеулі өз ге ріс-

тер əкелді, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, оқу-ағарту жағына, ақын-жа зу-

шы лар дың əдеби бағытына ықпал етті.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде орыс капитализмі 

өз даму жолының жоғарғы сатысы – империализмге өтті. Сонымен бай-

ланысты Россияның отаршылдық саясаты бұрынғыдан да күшейе түсті. 

Қа зақ тың бай өлкелерінде өндіріс орындарын салып, оның кен бай лық-

та рын еркін иемденді. Қазақ шаруалары шұрайлы жерлерінен айырыл-

ды. Бір жағынан, өз ішінен шыққан бай, болыс, əкімдерінен қорлық көр-

се, екінші жағынан, оларды айдап салып, ауыз жаласып отырған патша 

өкі ме ті нің чиновниктерінен екі жақты қысым көріп, жапа шекті.

Капитализм  белгілерінің  қазақ  даласына  ене  бастауының  пат ри ар-

хал дық-феодалдық дəуірді бастан кешіріп отырған ел үшін пайдалы да 


54

жақ та ры болды. Қазақ жұмысшыларының қатары көбейіп, олар орыс жұ-

мыс шы ла ры мен  еркін  араласып,  достық  қарым-қатынас  жасады.  Рос-

сияда пісіп-жетіліп келе жатқан революциялар дүмпуі, марксизм идея-

лары қазақ даласына да тамырын жая бастады. Егін салып, отырықшы 

болумен байланысты дала өміріне біраз жаңалықтар келді. Енді тұрақты 

мектептер  ашып,  бала  оқытуға  мүмкіндік  туды.  Бұрынғы  дін-шариғат 

кітаптарын жаттаумен ми қататын ескіше мұсылманша оқудың орнына 

тұрмыс-тіршілікке қажетті география, есеп, ана тілін оқытатын жаңаша 

оқудың түрлері жəне орысша оқытудың жолы, пайдалы жақтарын көр се-

те бастады. Оқудың қазақ даласына тереңдей араласып келе жат қан ды-

ғын, оның ескіше оқудан артықшылығын демократ ақын Сұл тан мах мұт 

Торайғыров 1912 жылдың өзінде жазған еді. Сұлтанмахмұт айт қан дай, 

ел ішінде:

«...Құдайдың шығарған əлібін оқытпай, сауысқанша «ата, тата» де-

ген бірдеңені тез хат таниды деп оқытып, бұрынғы білетіні «Əбжат» пен 

«Əліп үшін əнді» ұмытып қалыпты. Үйтіп хат таныған құрысын. Мен 

осынша жасқа келіп, «аға, жаға» деген оқуды естігенім жоқ. Сұм за ман-

ға қарай не шықпас дейсің. Заманақыр боларда молда көбейіп, екі үй дің 

бірі молда болады» деп, қожакем, ишекем жарықтықтардың қақсап, зар 

қағып  жүретіні  осы  екен  ғой...» [1] – деп  жаңалық  атаулыға  шошына 

қараған ата-аналар болғанмен де, елдің болашағы жаңаша, орысша оқу-

ға талпынған қазақ жастарында еді. Жаңаша оқуға қарағанда, орысша 

оқудың  ел  мəдениетін  ілгерілетудегі  прогрессивтік  мəні  үлкен  болды. 

Орыс оқуы арқылы орыстың демократтық бағыттағы озық əде бие ті мен 

танысуға мүмкіндік туды.

XX ғасырдың бас кезінде қазақ тілінде газет-журнал, кітап басты-

ру  ісі  біршама  дамыды. XIX ғасырда  «Түркістан  уалаятының  газеті» 

[2] (1870–1883), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902) дейтін газеттер 

ғана шығып тұрған еді. XX ғасырдың бас кезінде: «Серке», «Қазақ га-

зеті», «Ешім даласы», «Сарыарқа», «Қазақстан», «Қазақ» газеттері жəне 

1911–1915 жылдар арасында «Айқап» журналы шықты (Ай-қап! – де-

ген өкі ніш мағынасында алынған). Онда қазақтың демократ ақын-жа-

зушылары  Мұхамеджан  Сералин,  Сұлтанмахмұт  Торайғыров,  Əкірам 

Ға ли мов тар қызмет істеді. «Айқап» журналы отырықшылық, оқу-ағар-

ту,  əйел дер дің  бас  бостандығы,  кітап  шығару  жайы  т.б.  мəселелерді 

кө тер ген, елді мəдениетке шақырған, демократтық бағыттағы журнал 

болды.


XX ғасырдың бас кезінде Қазан, Орынбор, Ташкент, Петербург, Се-

мей, Троицк қалаларынан баспаханалар ашылып, 200-ге тарта қазақша 

кітаптар басылды:

1.  Қазақ  ауыз  əдебиетінің  үлгілері: «Қобыланды  батыр», «Ер  Тар-

ғын», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» т.б.


55

2. Шығыс сюжеттерінің желісі бойынша жазылған қисса-дастандар:

а)  ғашықтық,  тарихи-героикалық  сипаттағы  шығармалар: «Лəйлі-

Мəж нүн», «Мұңлық-Зарлық», «Бозжігіт», «Жүсіп-Злиха» т.б.

ə)  діни  шығармалар: «Сал-сал», «Зарқұм», «Кербаланың  шөлінде», 

«Мұ хам мед тің Миғражға шыққаны» [3] т.б.

3) Қазақ ақындарының төл шығармалары: Абайдың өлеңдері, Ы.Ал-

тын са рин нің хрестоматиясы, М.Көпеевтің, Нұржан Наушабаевтың, Ма-

қыш Қалтаевтың, С.Дөнентаевтың т.б. шығармалары.

XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті жанрлық жағынан (роман, 

публицистика жанры туды), тақырыбы жағынан байыды.

Бұл  кездегі  əдебиет  саяси-əдеби  бағытына  қарай  үш  топқа  бөлі не-

ді [4]:

1) Ағартушылық бағыттағы əдебиет. Оған Ақмолда Мұхамедияров, 



Əу бə кір Шоқанов, Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаев, Мақыш 

Қал таев, Шəді Жəңгіров, Мұсабек Байзақов, Жаяу Мұса Байжанов т.б. 

жатады.

2)  Ағартушы-демократтық  бағыттағы  əдебиет:  Мұхамеджан  Сера-



лин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Əріп Тəңірбергенов, 

Бернияз Күлеев т.б.

3) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайындағы демократтық-ре во-

лю ция лық халық жырлары.



Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі (1893–1920)

«С.Торайғыров – қазақтың  өз  тұсындағы  ақын-жазушыларының, 

өзі мен қатар шығып, тікелей істес болған ақын-жазушыларының бə рі-

нен басы озық, шоқтығы биік ақын. Қазақ əдебиетінің Абайдан ке йін гі 

дəуіріндегі зор тарихи көрінісі, өзінше бір белесі», – деп жазды ХX ға-

сыр басындағы қазақ əдебиетін зерттеуші ғалым, профессор Бейсембай 

Кенжебаев [5].

С.Торайғыров – қазақ əдебиетіндегі Шоқан, Ыбырай, Абай сүрлеуін 

сал ған ағартушылық-демократтық идеяны, сыншыл реализм əдісін XX 

ғасыр басында дамытқан дарынды ақын. Ол Россия тарихының, қа зақ 

халқының өміріндегі күрес-көтеріліс, революциялар тұсында өмір сүр-

ді. Аз ғана өмірі жазылмас дертке душар еткен тəн азабы мен қиын шы-

лық тар ға толы тұрмыс азабын жеңем деп алысумен өтті. Бірақ ол қиын-

шы лық тар мен қайсар күресе білген оптимист ақын болды.

С.Торайғыров 1893 жылы 29 октябрь күні Көкшетау облысының Қы-

зыл ту  ауданында  дүниеге  келіп,  анасынан  үш  жасында  жетім  қал ған. 

Ақын ның балалық шағы əкесінің өз туған жеріне көшіп келуіне байла-

нысты Павлодар облысының Баянауыл ауданында өтеді. Əкесі Шоқ пыт 

кедей адам болады. Соған қарамастан, көңіл сезімі сергек, тура мі нез ді 


56

Шоқ пыт, шын аты – Əбубəкір, баласына əуелі өзі қара танытып, шаруа 

ша ғын ды ғы на  қарамай  молдаға  беріп,  баласын  оқудан  қол  үз дір ме ген 

кө рі не ді. Өз туысы Тортайдан, одан 13 жасқа келгенде, əде биет тен жан-

жақты хабары бар, өлең жазуды ұнататын Мұқан молдадан оқи ды. Сұл-

тан мах мұт осы кездері өлең жаза бастаған екен. Бұдан кейін Баянауыл 

медресесінде (1908–1910) Əбдірахман молданың үйінде жатып оқи ды. 

Əб ді рах ман молданың қысымына шыдай алмай, аулына кетіп қалады.

1911  жылы  көрші  ауылға  молда  болып  келген  Нұрғалидан  сабақ 

алады. Нұрғали ғылымнан хабары бар, газет-журналдар алдарып оқып 

тұ ра тын кісі еді. Сұлтанмахмұт Нұрғали арқылы тарих, географиямен 

танысады, газет-журнал оқып, жаңалыққа көзі ашылады. Ескіше-мұ сыл-

ман ша мен жаңа оқудың айырмасын ұғады. Ел ішіндегі оқу жа йын сөз 

ететін «Зарландым» атты əңгімесін, «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы» 

өлеңдерін  осы  кезде  жазады.  Ендігі  арманы  үлкен  қалаға  барып  бі лім 

алу болады.

1912 жылы Троицк қаласына келіп, медресеге түседі. Бірақ оқуға ын-

тамен кіріскен жігіттің жолы болмай, көзі ауырып, оның үстіне жө тел 

пайда болады да, оқудан шығып, сол маңдағы елге барып бала оқы та ды. 

Троицкіде жүргенде біраз өлең жазған: «Анау-мынау», «Оқудағы мақ сат 

не?», «Шəкірт ойы».

1913  жылдың  күзінде  біраз  қаражат  жинап  Троицкіге  қайта  келеді. 

Бі раз уақыт «Айқап» журналының редакциясында хатшы болып істейді. 

Осында жүргенде «Қамар сұлу» романын, мақалалар, көптеген өлеңдер 

жазады.

Сұлтанмахмұт 1914 жылы  редакция  қызметінен  босаған  соң  жазға 



салым тағы қаражат жиып, əрі қарай оқуын жалғастыру үшін өз еліне 

қай та ды.  Елде  жүріп  жастарды  мəдениетке  тарту  мақсатын  көздейтін 

«Шоң серіктігі» ұйымын ашпақшы болады. (Сол елдегі Шоң, Шорман 

ауыл да ры ның атына байланысты алынған атау). Бірақ Серіктікке кө мек 

сұ рай барғанда, дүние-жиһазға толы үйін көрсетіп мақтанған Садуа қас 

сияқты байлар оған көмектесуден бойын аулақ салады. Осы оқиғаға бай-

ланысты «Бір адамға» деген өлеңін шығарады. Сөйтіп, бай аға йын дар 

кө мек береді деп сенген Сұлтанмахмұттың үміті біржола үзіледі.

1914  жылы  күзде  оқу  іздеп  Семейге  келеді,  бірақ  жиған  қаражаты 

бір-ақ ай тұруға жарайды, содан Қатонқарағай жағына бала оқытуға ке-

теді. Елде жүріп «Кім жазықты» атты көлемді шығармасын жазады.

1916 жылдың күзінен 1917 жылдың көктеміне дейін Томскіде оқуда 

болады. Мұнда да жетіспеушілік, денсаулық нашарлығы қысымға ала-

ды. Сұлтанмахмұт соның бірін де елең қылмай, оқуға бар ынтасымен 

беріледі.  Сусап,  зарығып  келіп  бұлаққа  бас  қойған  адамдай  білім  су-

сынынан құшырлана сіміреді. Басқа қиыншылыққа мойымайды: «Мен 

өзім жұмасына екі ғана обед етемін (ет татам), құр шай мен нан. Киім 


57

ал ға ным  жоқ,  киноға,  вечерлерге  бір  мəртаба  болсын  барғаным  жоқ. 

Күні-түні айналдырғаным – ала қағаздың беті... Халім – осы. Сонда да 

қай ғыр май мын, бір тиыным қалғанша оқимын. Сонан соң, тұрмыс қан-

дай жүк салса да, көтерем. Бірақ көңілім оқуда болмақ», – дейді Тар ба ға-

тай ға жазған хатында [6].

1917 жылғы февраль революциясынан кейін Семейге келеді. Буржуа-

зияшыл-ұлтшылдардың  дүрмегіне  еріп,  біраз  адасушылықта  болады. 

Бұл кезде Сұлтанмахмұттың көкірек ауруы мүлде меңдеп, өзінің жазыл-

масын сезеді.

Жасамаймын: «Еңбектің 

Жемісін көзбен көрем, – деп, –

Жасаймын: «Бір қолғабыс –

Кейінгіге берем», – деп.

Екінші жағынан, өзі үміт артқан жаңа үкіметтің елге ешқандай жақ-

сы лық  əкелмегенінен  түңіледі.  Осы  себептерден 1918 жылы  жазда  өз 

еліне, Баянауылға кетеді. Қайтып Алашорданың жұмысына араласпай-

ды.  Өзінің  Алашордаға  қосылып  адасқанын  түсініп, «Адасқан  өмір», 

«Кедей» поэмаларын жазады.

1919 жылы декабрьде Сібірде Колчак үкіметі құлап, Павлодарға қы-

зыл дар  келгенде,  Сұлтанмахмұт  сонда  барып,  уездік  революциялық 

ко ми тет тің бастығы Г.Жигаревқа жолығады. Болыстық ревкомға сайла-

нады. Бұл кезде Сұлтанмахмұтпен бірге қызмет істеген Ə.Əбдіразақов 

деген  кісі: «...Сұлтанмахмұт  ревкомның  ағарту  бөліміне  сайланды. 

Председатель  Нұрғали  Сүлейменов  болды.  Бұл  ревком  председателі 

бай лар дың айтқанын істейтін, атқамінер адам еді... Сұлтанмахмұт оған 

қар сы  шығып,  оның  байларды  қорғап,  бұрынғы  болыстардың  салтын 

құ рып,  байлардың  аты  мен  асына  сатылуына  көнбеді.  Ол  кезде  көлік 

жинау, азық-түлік жинау сияқты науқандар болатын еді.

Сондай науқандар келгенде, Сұлтанмахмұт екеуміз бірыңғай болып, 

келген науқанды байларға салдық... Совет үкіметі келгенде, өзі ауырып 

жүріп, күндіз-түні қызмет істеді, өз жайын күтпеді, суықты суық демей, 

аттан  түспей,  жаңа  келген  өкіметтің  жайын  елге  түсіндіремін  деп  ау-

руын күшейтіп алды», – [7] дейді.

Сұлтанмахмұт көп ұзамай төсек тартып жатып қалады да, 1920 жылы 

21 май күні жиырма жеті жасында қайтыс болады. 



Лирикасы

Сұлтанмахмұттың 1913 жылы «Айқап» журналында басылып шық-

қан «Қазақ тіліндегі өлең кітаптар жайынан» деген мақаласында: «Бұ-


58

зыл ған қанымызды түзеп, қарайған көңілімізді жуып, жанымызға пайда, 

дертімізге шипа болатындай кітаптар жоқ, – дей келіп, нағыз өлең – «қай-

на ған қанның, қиналған жанның, толғатқан көңілдің, толғанған жү рек-

тің  сығындысы», – деп  бағалайды.  Оған  Абай  өлеңдерін  мысал  етеді. 

Бұл мақаладан жиырмаға жаңа келген ақынның əлеуметтік өмірдегі əде-

биет тің  орнын,  мақсатын  айқын  түсінетіндігін,  Абай  өлеңдерін  өзіне 

үлгі  тұ та тын ды ғын  аңғарамыз.  Сұлтанмахмұт  өлеңдерінің  көпшілігі 

осы жылдары (1913–14) жазылған. Оларда оқуға ұмтылған қазақ жас та-

ры ның үміт-арманы, ел тұрмысы, əйел теңсіздігі т.б. сөз болады.

XX ғасырдың бас кезіндегі барлық ақын-жазушылар назар ау дар ған 

үлкен мəселенің бірі оқу-ағарту жайы еді. Сұлтанмахмұт та осы та қы рып-

та ғы «Өмірімнің уəдесі», «Оқып жүрген жастарға», «Шə кірт тер ге», «Оқу-

да ғы мақсат не?», «Анау-мынау», «Туған еліме», «Шəкірт ойы» сияқ ты 

өлеңдерінде жастарды оқуға шақырумен бірге өзіне үлкен міндет жүк-

теп, тезірек білім жинап, оны халық кəдесіне жаратуды борыш санады: 

Үміт қып менен қарайсың, 

Көңіліңе медеу санайсың. 

Балалыққа жарасам, 

Аталыққа жарайсың. 

...Алты қырдан ассам да, 

Сөздеріңді сыйлаймын. 

...Сіздерге əкеп шашуға 

Ілім-білім жинаймын. 

Туған еліме»). 

Ақын жасқа тəн жігермен ел алдындағы міндетін орындауға, ол жол-

да  қандай  қиыншылық  болса  да  шыдап,  адам  болып  шығуға  бел  бай-

лайды:


Шығамын тірі болсам адам болып, 

Жүрмеймін бұл жалғанда жаман болып, 

Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, 

Жүргенше өмір сүріп надан болып. 

Мен балаң жарық күнде сəуле қуған, 

Алуға күнді барып белін буған. 

Жүлдыз болып көрмеймін елдің бетін 

Болмасам туған айдай балқып туған.

Шығамын тірі болсам адам болып»). 

Ақынның бұл өлеңіндегі ойының жалғасы «Шəкірт ойында» ай тыл-

ған:


59

– Қараңғы қазақ көгіне, 

Өрмелеп шығып, күн болам! 

Қараңғылықтың көгіне 

Күн болмағанда, кім болам.

Мұздаған елдің жүрегін 

Жылытуға мен кірермін!.. 

«Анау-мынау» деген өлеңінде:

Анау қырда татар тұр, 

Басқалармен қатар тұр. 

Мынау ойда қазақ тұр, 

Қастарыңда азап тұр. 

Ұйқысы көп, ояу аз. 

Бұл не деген ғажап түр? 

Бұл ұйқысын ашпаса, 

Надандықтан қашпаса,

Басқаларға мазақ тұр, – 

деп  қазақ  халқының  басқа  көрші  елдерден  оқу-білімнен  артта  қал ған-

ды ғын, мешеуліктің себебі болып отырған ескі қадим [8] оқуын, ишан-

молдаларды, оқу іздеген жастарға кедергі болып отырған көңілі со қыр 

надандарды, «əкел-əкелден»  басқаны  білмей,  құр  құлқынының  қа мын 

ойлаған болыс-билерді сынайды. Мұңайып, солған қыздардың аяныш-

ты халін:

...Мұңайып, солып қыздар тұр, 

Арқаларында ызғар тұр. 

Қызыл көзді қақпас шал, 

Үсті-үстіне беріп мал,

Жүзі сары соғылған

Сорлы қызға ызбар тұр, – 

деп суреттейді.

Осы қараңғы өмірден құтылудың жолы елдің көзін ашу, оқу деп қо ры-

та ды. Шəкірттерге үміт артады:

«Айа [9], талип [10] – шəкірттер... 

...Тырмысып өнер алып қал,

Ұйқысын аш, көңілін аш, 

Алға қарай барып қал!



60

Сұлтанмахмұттың əлеуметтік теңсіздік жайлы өлеңдері де оқу-ағар-

ту мен сабақтас келеді: «Бұлар кім?», «Кеше түндегі түс бүгінгі іс», «Ен-

дігі беталыс», «Тұрмысқа», «Айт», «Бір адамға» т.б.

...Шындықтың аулын іздеп түстім жолға, 

Разымын не көрсем де осы жолда. 

Шаршармын, адасармын, шалдығармын 

Бірақ бір табамын деп көңілім сонда, – 

деп. 

«Ендігі беталыс» өлеңінде өмірден шындық, əділдік іздеген ақын өз 



тұсындағы қазақ аулының тұрмыс-тіршілігіндегі сүреңсіз кө рі ніс тер дің 

полотносын жасайды.

«Айт»  өлеңінде  «бəйшешектей  гүлденген  қыз-келіншектер»  бұраң 

бел, жас сəулемге қырындаған жастардың айт күнгі көңілді қалпы, «Сой-

ған қой, берген қымыздың құрметіне алшаң басып кердеңдеген байлар», 

«тиын қуған қожа-молда мен өңі ашыңқы бала-шағаның, дорба асын ған 

кедей, кəріптің» қарама-қарсы күйін суреттейді. Соңғыларға деген ая-

нышын жасыра алмайды:

Жалғыз-ақ дорба асынған кедей, кəріп, 

Аштықтан өңі кеткен беті де арып, 

Əркімдер тиын-тебен беріп жатыр 

Дегенге құтты болсын, айт шəріп. 

«Қымыз»  өлеңінде  ақын  қымызды  тілге  тиек  ете  отырып,  бай лық-

ты, оның буына мас болған байларды, «сарт та сұрт таспықтарын қол ға 

алып», байға көз сүзген қажы, соны, қожа, молдаларда, оларға кі ріп тар 

кедейдің халін суреттейді: 

...Кəсіпсіз көзін сатқан сорлы кедей, 

Қоя ма піспек аңдып тентіремей? 

Атағыңды көтерер алғыс айтып 

Байғұсқа бір жұтқызсаң, «кет, шық» демей. 

Ақынның атақты «Бір адамға» өлеңі əлеуметтік теңсіздіктің сырын 

те рең  ашқан,  ол  туралы  ойларының  қорытындысы  тəрізді  шығарма. 

Мұн да Сұлтанмахмұт байлардың қолындағы есепсіз дүние кедейдің ең-

бе гі арқылы келеді деген тұжырым жасайды:

...Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп, 

Шал айтты: «Көріңіздер, жасқанба», – деп. 



61

Кесені қолыма алып қарай бердім: 

Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп... 

Сұлтанмахмұттың махаббат лирикасына («Альбомнан», «Гүлəйім», 

«Жан қалқам» т.б.), табиғат лирикасына («Гүл», «Жапырақтар», «Көш» 

т.б.) жататын да өлеңдері бар. Бірақ бұл тақырыптарға өлеңдері аз. Ақын 

өлең де рі, негізінен, саяси-əлеуметтік лирикаға жатады.

Поэмалары

С.Торайғыров: «Адасқан өмір», «Кедей», «Қайғы», «Айтыс» поэма-

ларын жазған. (Соңғы екеуі толық емес, аяқталмаған).

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмалары ақын 1918 жылы Семейден, Ала-

шордадан қол үзіп кеткен соң, елде жүріп жазылған. Ақын өмірінің соң-

ғы кезінде, ақыл-ойы толысқан, өмірдің ыстық-суығын көріп көзқарасы 

тұрақталған шағында туған шығармалар. Бұл поэмалар – ақынның қо-

ғам өмірі, əлеуметтік теңсіздік, тұрмыс шындығы, өзі өмірі жайлы ой ла-

ры ның жемісті қорытындысы, философиялық тұжырымы.

«Адасқан өмір» поэмасы (1918 ж.)

Поэма: «Мен – бала», «Мен – жігіт», «Мен тоқтадым», «Мен – кəрі», 

«Мен – өлік» деп аталатын бес бөлімнен тұрады. Кейіпкері бір-ақ адам – 

Мен. Сол адамның туғаннан өлгенге дейінгі өмірі, өз орнын табу жо лын-

да ғы ізденісі, арман-толғанысын баяндау арқылы автор өз көз қа ра сын 

білдіреді.

Поэманың  бірінші  бөлімінде  өмір  есігін  жаңа  ашқан  күнəдан  таза, 

пəк сəбидің қалпы суреттеледі:

Мен – жұмақ періштесі көңілім таза, 

Қандай нəрсе білмеймін: пəле, қаза. 

Еркімнің ұйғарғанын істеуіме, 

Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.

Қастық деген не нəрсе, көрінген дос, 

Қайғы деген не нəрсе, көңілім хош. 

Алдау, күндеу, айла не, мен білмеймін 

Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос. 

Сəби үшін өмірде алалау жоқ, пайда, зиян, бай, кедей не, білмейді. 

«Жаз ғы күндей сəуле шашып, жігіттікке асыққандай талпынады». Бі рақ 

өмір дің алда не дайындағаны беймəлім. Қиындығы, соқпағы көп бо ла-

шақ күтулі.



62

Поэманың негізгі бөлімі – «Мен – жігіт». Онда автордың түпкілікті 

ойлары, мақсаты айтылған.

Мен – жігіт он бес, отыз арасында, 

Бұл жаста көп бересі, аласым да.

Алдымда толған мақсат, толған таңдау 

Алайын ба, мынасын, анасын ба? 

Жазғы гүлдей түрленіп толған түсім, 

Көзім нұрлы, ақ меруерт – бүтін тісім. 

...Əр үміттің қиялы сəулеленіп 

Түн бойы ұйқы бермес толқып ішім...

Қайрат-күші  бойында,  жалындаған  жас  жігіт  өмірден  бақ  іздеп,  өз 

орнын табу жолында аласұрады. «Бай болу, əкім болу, алғыс, атақ, ға-

шық болу ақ ерке сұлу тауып...» – бəрі-бəрі ойланылды. Алғашында бай-

лық оңды көрінді. Байлық болса, əкімшілік, сұлу жар, алғыс, атақтың 

бə рін сатып алмай ма? Жоқ, ел көркейтер ер осы халық сеніп сайламаған 

соң ақы беріп əкім болу неге керек?! Өзімді сүймеген сұлуды зорлықпен 

сатып алсам, ол көзімен атып отырса, несі бақыт?! Байлықпен мектеп, 

медресе  салдырсам,  нашарларды  оқытып,  алғыс  алсам  ше?  Жоқ,  бұл 

күн де адал еңбек байымайды, біреу байыса, біреу кедейленбек:

Көз жасы, бейшараның маңдай тері,

Жиылып байытпай-ақ қойсын мені.

Мал біте ме адамды малдай қылмай

Малдан басқа көрмейтін дəнеңені.

Сөйтіп, автор бұл тұста байлық, кедейлік жөнінде маңызды қо ры тын-

ды жасайды: «Байлық – бейшараның көз жасы, маңдай тері». Ақын ның 

поэмадағы байлық жөніндегі ойлары «Бір адамға» өлеңіндегі: «Ке се ні 

қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма деп», – дей-

тін жолдардың нақты тұжырымы болып жалғасқан.

Жас жігіт енді əкімдік жолын таңдап көрмекші болады. Бірақ бұл күн-

де ақылды ерге ел билетіп қоя ма? Байлар мен молдалардың сөзін сөй ле-

мей, əділдікпен жүрсең, түрме мен дар ағашы дайын емес пе?

Бір сағат таңыла ма мені əкім, 

Болыса бастасам кен күші кемге, 

Əкім деген күштіге шоқпар деген 

Зорлығын істегенге күшсіздерге... 

Байлардың көңілін тауып, басты пұл ғып, 

Дінге, əдетке басымды иіп, шұлғып, 



63

Бір-екі тасы болған надандардың 

Түкке тұрмас мылжыңын тыңдап, мүлгіп... 

Олай  болса  əкімшілік – азат  басты  қолдан  құл  қылу  ғой.  Байдың 

пальтосын кигізіп, галошын əперіп, не айтса да «құп, тақсырлап» тұр-

ған  əкімде  əділдік  бола  ма?  Мұны  ойлап  жігіттің  əкімдіктен  көңілі 

суып, əскер басы, ғалым болсам қайтеді, елге сонда бір пайдам тиер 

ме екен деп арман қылады да, талдай келе, ол бетінен де қайтады. Өйт-

ке ні «най  за  ның ұшында жанған бақыт найзаның ұшында өшпек». Бір 

үй дің бас кө те ре рін соғысқа алсаң, жас бала, жас əйел зарлап қалады, 

со ғыс тың  қиын ды ғы  елге  түспек.  Соғыстан  көктен  алтын  жау ған дай 

капиталистерге,  байларға  пайда  түспек.  Енді  ғалым  болып  жа ңа лық 

ашсам ше?..

Бірақ бүгін ғалымның тапқандары, 

Патшасын көрсеткен жоқ кедейге əлі.

Азусыз қасқырларға азу болып 

Қой халін ауырлатып онан əрі.

Бұл бөлімнің ақынның арғы-бергі Европа тарихынан хабардар екен-

дігін, Эдиссон, Луи Пастер сынды атақты ғалымдар еңбегіне құр мет пен 

қарайтындығы аңғарылады.

Ақылдың өскен сайын айтатыны:

«Жоқ құлдық, жоқ төрелік, жоқ күштемек...»

...Ертең биттей сықпай ма халық мені,

Қышытсам бүгін сорып қанын ептеп.

Кім қарсы тұра алады бұл алынға

Өмір түрі барады солай беттеп...– 

деп революция дауылдарын еске алып, оның жаңалықтарына іш тарта-

тынын білдіреді.

Поэманың  кейіпкері  өмірді  саралай  келіп,  байлық,  əкімдік,  ғылым, 

атақ, даңқ – бəрінің əділдік орнамайынша, нашарларға пайдасы тимей-

тінін түсінеді де:

Ендеше мен жабысам негізгі іске,

Əділдікте бар негіз, бақ та, күш те. 

Қарғаймын əділдіктен басқа жолды 

Өңім тұрсын, кірмесін түнде түске... 

...Сол уақытты тездетуге қылмақ қызмет, 

Бақ іздеген адамға парыз, міндет.


64

Жоғалсын бұл сенікі, менікілік,

Осы ғой адамзатты қырғын індет, – 

дейді. 


Осы  бөлімнің  соңында  ақын  əділетті  қоғамның,  өзі  аңсаған  за ман-

ның  белгілерін  көрсетеді:  Ол  өмірде  өмір  түсі  тегіс  болып  көркейеді, 

«бірі еңбек қылып, бірі оны жатып жемей, тегіс еңбек етеді, дене азық қа 

тоюдан жан ер жетеді. Алдау, арбау, қартайғанда көшеде қайыршы бо-

лып қалу болмайды».

Мен аз деймін көруге осы өмірді, 

Келіңдер, бақ іздепті болсаң жолдас! – 

деп ақын осы өмірдің жақын арада болатынына сенім білдіреді.

Поэманың «Мен тоқтадым» деген үшінші бөлімінде кейіпкер əлі де 

əділдік іздеуде. Əділдікті табу жолында қандай қиыншылықтарға шы дау-

ға бар:

Бейшараны шын досқа санар едім,



Ол үшін оқ астына барар едім. 

Бай жағы жүз мың болса, кедей жалғыз 

Қорықпай жалғыз жақта қалар едім.

Бірақ ақын өзін-өзі қанша қайраттандырғанмен, Абай айтқан «мың-

мен жалғыз алысудан» қажып, жалғыздықтың мұңына да беріледі. Бұл 

əділдік, ар, адамдық деп шарқ ұрып жүргенде, күнделікті күйкі тірліктің 

«тиімді  сырына»  жетік  болып  алғандар  бала  сүйіп,  байшы, «мықты» 

болып алған. Мұның басында ондай тіршілік қызығының бірі де жоқ. 

Мұ ның  сөзін  олар  ұқпайды  да.  Осы  тірлігіне  мəз.  Бір  сəт  осыған  көз 

жі бер ген  ақын  күйінеді:  Əділдік  орнамасқа  көзім  жетті,  Дүниеден,  ет 

жей тұ ғын ауыз құрымай... ...Əділдік болады деп тоса берсем, Өзімді жеп 

қоятын  оған  дейін,  Байып  алып  біреуді  мен  де  жекпей,  Неге  өгіз  боп 

оларға жегілейін?! ...Əділ болып байқадым, не өндірдім? Бұл басым за-

лым болып бір байласын! – дейді ызамен. Айналаның бəрі зорлық пен 

қу лық-сұмдыққа толы ол заманда əділдік іздеген жалғыздардың мақ са ты-

на жете алмасын түсінеді. Сөйтіп, лирикалық кейіпкер қиын жағдайда 

қалады. 

Поэманың соңғы екі бөлімі: «Мен – кəрі», «Мен – өлік» өмір сапары 

анықталуға  жақын  кəрі  кісінің  күйін  суреттеуге  арналған.  Өмірде  көп 

жұмыс тындыра алмай барамын-ау деп өкінген, ауруы жанына бат қан 

ақынның өз мұңы да байқалады.


65

Бұл зорлық көрмес едім, көнбес едім,

Егер де амал болса көнбегендей.

Тым болмаса қалмады-ау ешбір ісім,

Мені айтып, жұрт сағынып шөлдегендей.

Поэманың негізгі идеясы – əділдік үшін күрес. Ақынның де мо крат-

тық көзқарасын танытатын реалистік шығарма. Поэма белгілі бір сюжет-

ке құрылмаған, ақынның қоғам өмірі туралы ой толғанысынан туған.

«Адасқан  өмірде»  əңгіме  болатын  əлеуметтік  теңсіздік  мəселесі 

1919 жылы жазылған «Кедей» поэмасында ашыла түседі. Бұл екі поэ-

ма да  біраз  ұқсастықтар  бар; «Кедей»  поэмасының  кейіпкері  де  бір-ақ 

кісі – кедей. «Адасқан өмір» сияқты сюжетсіз, лирикалық поэма. Мұн-

да да оқи ға бірнеше тарауларға бөлініп беріледі: «Қызметі һəм аяныш 

халі», «Қа ла да ғы жебірлер», «Үмітсіздік», «Өзін мырзалармен салыс ты-

ру» т.б.

Поэмада кедей далада да, қалада да теңдік таппай, қорлық көріп, жан-

жақты қысымнан күйзеліп, осы күйге түсірген қоғамды айыптайды:

Жоқ, мен бұған разы тіпті болман, 

Бақытты іздеу керек басқа жолдан... 

Бұған көніп жүргеннен өлген артық 

Іштен тынып жанғаннан сөнген артық.

Текке өлмей, тасқа басын соғып 

Жолында не кез келсе, көрген артық.

Соңында  кедей  азапқа  шыдамай,  бақытты  басқа  жақтан  іздеуге  ке-

теді:

Жүрегімді белгісіз нəрсе қысып,



Шақырып тұр, мінеки, кеттім сонда!

Бұл поэманың кейіпкері – қоғамдағы теңсіздік жайын саналы салыс-

тыру дəрежесіне жеткен, өзінің бақытты өмірі үшін күреске дайын қа зақ 

кедейі, жаңа адамдар тобының алғашқы көрінісі.

С.Торайғыровтың  аталған  поэмалары – XX ғасыр  басындағы  қазақ 

поэ зия сы ның ірі жетістігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет