Шетелдерде қазақ қауымдастығы қалыптасуының тарихи себептеріне талдау



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата03.03.2017
өлшемі348,96 Kb.
#5625
1   2   3   4

бұрыннан  жоңғар  бұратаналарының  кіндік  жері  болып  келген.  Егер  онда 

әскер  ұстап,  тың  игермесек,  жақын  жерде  тұрған  қазақтар  мен  бұраттар 

(қырғыздар –Н.М.) орайдан пайдаланып онда келіп мал бағатын болады, онда 

біз оларды қуып әуіре боламыз»[23,17-18- б.]  деген болатын. Сонымен Цин 

патшалығының  шекара  қорғаныс  әскерлері  өздерінің  білгендерін-  ше 

Ертістен  көлденеңдетіп  Қытайдың  батыс  шекара  шебін  белгілеп,  оған 

жағалатып қарауыл обалар тұрғызып, күзетке әскер қояды. Сондай-ақ шекара 

щонжарларына: «Егер Абылай ойраттар жеріне еніп келіп мал бағуды талап 

ететін  болса,  онда  оған  олардың  шекарадан  асып  келулеріне  болмайды  деп 


айтыңдар» [24, 9-10-б.] деп ескертеді. Бұл кезде Қазақ хандығы даму, өрлеуге 

бет  алған  болатын.  Абылай  ханның  да  өз  алдына  қойған  саяси  мақсаты 

болды.  Ол  екі  империямен  де  қалыпты  қатынасты  сақтай  отырып,  қазақ 

халқының этно- территориясын қалпына келтіріп, мемлекеттілікті нығайтуды 

көздеді.  Сондықтан  ол  Цин  империясы-  мен  белсенді  түрде  дипломатиялық 

қатынасты  дамытып,  жоңғарлар  шапқыншылығы  кезінде  қолдан  кеткен 

атажұртқа  елін  қайта  оралту  саясатын  жүргізді.  Абылай  хан  Цин 

империясына  алғаш  жіберген  елшілігінен  территориялық  талабын  қойған 

бола-  тын.  Соған  қайтарған  жауабында  Цин  империясы:  «...  Ал  сен 

(Абылайды меңзеп отыр  – Н.М.) талап қойып отырған Тарбағатайға келсек, 

сен  ол  жерді  бұрынғы  біздің  ата  жұртымыз  –  мал  бағатын  жеріміз  еді,  ол 

жерді патша мейірімділікпен жарылқап бізге беруін өтінемін – деген екенсің. 

Ол  өңір  енді  ғана  тыныштандырылды.  Қазір  иен  жатыр.  Патша  ол  жерді 

сендерге қиып бере салушы еді, бірақ сендер бізге еңбек сіңірген жоқсыңдар. 

Сондықтан ол жерді сендерге жарылқап беріп жіберу – мемлекеттің жүйесіне 

қайшы келеді[25,9-010-б.]-деп жауап қайтарды. Алайда Абылай хан онымен 

тоқтамайды. Ол Цин империясына жіберген және бір елшісінен Іле аймағын 

талап етеді, әрине дипломатиялық сыпайы сөзбен. Соған орай 1760 жылы 8-

маусымда  Цин  патшалығының  Абылай  ханға  жолдаған  хатында:  «Сенің 

елшілерінің айтуынша, ойрат жері қазір иен жатыр екен... Сен және де патша 

жарылқағанның  үстіне  жарылқай  түсіп,  қазақтардың  Ілеге  барып  мал 

бағуына  рухсат  берсе  –  депсің.  Тарбағатай  қатарлы  жерлер  ежелден 

жоңғарлардың  жайылым  жері,  патша  қалың  қолмен  ол  жерді 

тыныштандырған. Сен қазақтар, бұраттар (қырғыздар – Н.М.) ташкентдіктер, 

әндіжандықтар,  бадақшандықтар  барлықтардың  өз  ықыластарыңмен  ішке 

(бізге  –  демекші  –  Н.М.)  қарадыңдар.  Қазақстар  сендердің  жерлерің  ұлан- 

қайыр кең дала. ... Қазір Іле және басқа жерлерге ішкеріден әскерлер бірінен 

соң  бірі  келіп  тың  жер  игеріп  жатыр.  Абылай  хан  сен  бұрын  Тарбағатай 

қатарлы жерлерді сұрап мал бақсақ – деп өтінген едің, патша оған да рухсан 

бермеген  болатын.  Бүгінгі  талабың  тіпті  артық»  [26,  9-10-б.]-  деп,  Цин 

империясы  қазақтардың  ежелгі  ата  мекенін  өзіне  қайтарып  беруден 

бастартады. Алайда Абылай ханның аумақтық ұғымының тарихи негізі бар. 

Ш.  Уәлихановтың  «Бұл  өлкеде  (Іле)  үйсін,  ұйғыр,  жоңғар 

хандықтарының  билігі  бірін-бірі  алмастырып  отырған.  Жоңғар  хандығын 

1755 жылы қытайлар жа- уалап алған»[27, 92-б.]- деп жазуы – Іле аймағының 

ерте замандағы Үйсін елінің аумағы болғанын аңғартады. Содан бергі тарихи 

жадының  ХҮІІІ  ғасырға  дейін  жалғасуы  заңдылық.  Сондықтан  Абылай  хан 

Ұлы жүзбен Орта жүздің бірқатар руларының шығысқа қарай жылжып көшіп 

өздерінің  байырғы  атажұртына  қайта  қоныстандыру  саясатын  қолданды. 

Абылай хан бұл саясатын іске асыру үшін (әрине қоғамдық қажеттіліктен де) 

Цин  патшалығымен  «малға  мата  айырбастау»  формасындағы  са-  уда-

экономикалық  байланысты  өрістетті.  Абылай  хан  мен  Цин  империясы 

арасында  сауда  жасау  туралы  алғашқы  келісім  1757  жылы  жасалған.  Сол 


жылдың  15  желтоқсанда  Цин  империясы  Орда  күнделігінде  хатталған 

мәліметте:  «Қазақтар  мен  Үрімжі  де  сауда  жасауды  Абылаймен  келісілген, 

патша  өз  жарлығымен  бекітті»[28,  10  б.]-  деп  жазылған.  Сол  келісімге  сай 

Цин  патшалығы  үкіметі  Үрімжі  қаласынан  арнаулы  түрде  қазақтармен 

«Жылқыға  жібек  айырбастайтын»  бар  ашты.  1758  жылдың  күзінде  Абылй 

ханның  алғашқы  сауда  деле-  гациясын  бастап  барған  Қабанбай  батыр,  сол 

жолы  300-ден  аса  жылқыны  айырбастап  қайтқаны  туралы  нақтылы  құжат 

жазылған  болатын[29,  54-б.].   Міне,  бұл  қазақ-қытай  арасында  сауда 

байланысының  ресми  басталуы  еді.  Содан  бастап  Үрімжіде  қазақтар  мен 

қытайлар  арасында  айырбас  сауда  мерізімді  түрде  жүріп  тұрды.  Кейін  Цин 

империясының  Шығыс-Түркістанды  басқару  орталығының  Ілеге  орна- 

ласуына  байланысты,  Цин  үкіметі  Іле  мен  Тарбағатайдан  тың  жер  игеруді 

бастады.  Шекара  маңынан  тың  жер  игеруге  және  әскерлерге  қажетті 

көліктерді  қазақтардан  шешу  үшін,  1760  жылы  Іледен,  1763  жылы 

Тарбағатайдан қазақтармен ғана сауда жасайтын арнаулы базарлар ашып, екі 

ел  арасындағы  сауда-саттық  көлемін  үлғайта  түсті.  Сөйтіп  шекара 

қарауылының  арғы  жағына  барып-келіп  сауда  жа-  сайтын  қазақтар  көбейе 

түсті.  Екі  жақты  экономикалық  сауданың  айтарлықтай  дамуы  қазақ-қытай 

арасындағы  саяси  дипломатиялық  байланыстың  да  өріс  алуына  мұрындық 

болды.  Қазақ  хандарының  елшілік  делегация-  лары  шамамен  әрбір  екі  жыл 

сайын  Цин  патшалығының  ордасына  барып,  императорға  тарту-таралғы 

ұсынып, оған орай мол кәде-сыйлықтар алып қайтып тұрды. Сонымен қатар 

Цин  патшалығы  қазақ  өкілдерінің  өтініші  бойынша  олардың  хан  көтерген 

адамдарын өзінің грамотасымен бекітіп отырды. Бірақ Цин империясы қазақ 

елінің  ішкі-сыртқы  істеріне  қол  сұғып,  билік  жүргізуге  ұмтылған  жоқ. 

Керісінше олар қазақтың хандық жүйесінің мығым болуын қолдады және сол 

арқылы  қазақтарды  өз  шекарасының  сыртындағы  қамал-қорғаны  ретінде 

пайдалануы  көздеді.  Ал  қазақ  ханы  Абылай   болса,  Алтай  мен  Тарбағатай 

және  Іле  аймақтарын  қазақтардың  атажұрты,  «жоңғарлар  жойылды,  енді 

қазақтар сондағы көне жұртына қайтып баруы керек» деген танымда болды. 

Бірақ  оны  Цин  патшалығынан  сұрап  ала  алмайтын  болған  соң,  ол  елді 

біртіндеп шығыстағы атажұртына қарай жылжып көшіп отыру әдісі арқылы 

мақсатты  іске  асыру  саясатын  қолданды.  Сөйтіп,  шығыстағы  ескі  жұртқа 

өрлей  көшкен  қазақ  шаруалары,  Цин  патшалығының  Ертістен  Ілеге  дейін 

көлденеңдетіп  тартқан  шекара  обаларын  қусыра  қоныстанып  мал  бақты. 

Кейбір рулар ол шека- ра обаларының арғы бетіне асып барып қыстап жүрді. 

Бірақ  Цин  патшалығы  қазақтарды  шекараның  шығысна  өткізбеу 

саясатын  қолданып,  қарауылдан  ары  асқан  қазақтарды  шекара  қорғаныс 

әскерлері арқылы кері қуып қайтарып тұрды. Бірақ Цин патшалығы шығысқа 

беттеген қазақтардың барлығын түгелдей куғып отыруға шамалары келмеді. 

Сонымен олар ендігі жерде Абылай хан арқылы арғы бетке асқан қазақтарды 

кері қайтармақ болады. Цин патша ордасының шекара қорғаныс шонжары А-

Гуйге  түсірген  жарлығында:  «Дереу  әскер  жіберіп  Тарбағатайдан  кірген 


қазақ  малшыларды  қуғындап  шека-  радан  шығарып  жібер.  Абылайға 

адамдарын  кері  қайтарып  әкетуді  айт!»[30,  18-б.]  -   деп  бұйырады.  Абылай 

хан  ол  кезде  шығысқа  беттеген  халқын  кері  қайтару  емес,  керісінше  олдың 

ежелгі  атамекеніне  қарай  бет  алған  көшін  қолдап  отырды.  Цин 

патшалығының алғашқы кезде өздері орнатқан шекара қарауыл обаларының 

орны  тұрақсыз,  әрдайым  қозғалыста  болды.  Оны  өздері  «Yi  dong  ka  lun» 

(«жылымалы  қарауыл»)  -  деп  атаған.  Өйткені,  Цин  патшалығының  шекара 

әскерлері  қарауыл  обаларын  жазда  сыртқа  қарай  жылжытып  апарып  қояды 

да,  қыста  оны  ішкі  жағына  қарай   ондаған  шақырым  жерлерге  тартып 

орнатып  кояды.  Себебі  шекара  белгісіз  болғандықтан  қарауылын  күзетін 

әскерлер өздеріне қолайлы болу үшін солай істей- тін. Сол шекара қарауыл 

обаларының төңірегінде мал бағып жүрген қазақтар қарауыл белгісіне ілесе 

шығысқа  қарай  жылжып  көшіп  отырады.  Қар  қалың  жауған  кейбір  қатты 

қыстарда қазақ шаруалары Цин патшалығының шекара қарауылдарының тұс-

тұсынан ары өтіп барып қыстап, жазда бері қайтып келеді. Кейбір рулар тіпті 

жазда да сонда жайлап қалып қойып отырады. Олардың бәрін кері қайтарып 

отыруға Цин патшалығының шекара қорғаныс әскерлерінің күші жетпейді. 

Бара-бара Цин патшалығы шекара өңірінде қалыптасқан осы жағдайды 

мойындауға  мәжбүр  болады  да,  өз  карамағындағы  ше-  кара  маңындағы 

жерлерге  келіп  мал  баққан  қазақтардан  тиісті  жер  төлемін  (салығын)  алып, 

олардың  сонда  малдарын  бағып  тұра  берулеріне  жол  қояды.  Сонымен  Цин 

патшалығы  ордасының  қазақтарға  жолдаған  хатында:  «малдарың  жұтап, 

жайлы  қыстау  іздеп,  біздің  қарауылдан  өтіп  келіп  мал  бақпақ  бол-  сандар, 

сендер  әуелі  біздің  жергілікті  әмбілерге  (уәзірлерге)  хабарлап,  оларға  жер 

салығын  төлеулерің  керек»[31,  20-б.]-дейді.  Бұған  қазақтар  келіседі  де,  жер 

төлемі  үшін  әрбір  жүз  бас  малға  бір  бас  мал-  ды  (жылқыны)  Цин 

патшалығының  жергілікті  әкімдеріне  тапсырып  тұруа  береді.  Осыған  орай 

Цин  патшалығының  қазақтарға  жолдаған  жарлығында:  «сендер  бірнеше 

ондаған  жылдардан  бері  ептеп  іш-  керілеп  жылжып  еніп  келесіңдер.  Біздің 

генерал  уәзірлердің  айтуы  бойынша  әсілі  сендерді  жазаға  тарту  керек  еді. 

Бірақ  патша  сендерге  кеңшілік  жасады,  сендердің  шекара  қарауылымыздың 

бер  жағындағы  иен  жатқан  жерлерге  келіп  мал  бағуларыңа  рұқсат  берген 

Жарлығын  жариялады.  Бұның  бәрі  сендердің  бізбен  елдескендіктерің  үшін 

патшаның  сендерге  жасаған  шапағаты.  Өздерің  өсіп-өркендеумен  қатар, 

көршілес  елдеріңмен  де  тату  тұрып,  патшаның  мейір-шапағатына  мәңгі 

бөлене  беріңдер»[32,  8-б.]-  делінген.  Демек,  бұл  деректен  қазақтардың 

шығысқа  жылжып  көшіп  ежелге  атамекеніне  оралуы,  іс  жүзінде  Цин 

патшалығының  оларды  мойындауы  еді.  Бұл  іс  жүзінде  Цин  патшалығының 

тарихи  шындықты  мойындағандығы  болып  табылады.  Солайда  Цин 

патшалығы  шығысқа  беттеген  қазақтарды  шектеу  және  оларды  тым  ары 

жібермеу  саясатын  қолданып  отырды.   Патшалық  Ресейдің  Қазақстанды 

отарлау әрекеті күшейген кезде, яғни ХІХ ғасырдың орта шенін- де орыстың 

отарына  айналудан  ат-тонын  ала  қашқан  қазақ  шаруалары  шығысқа  қарай 


көшіп,  Цин  патшалығының  қарамағындағы  жерлерге  барып  жатты.  Олар 

Қытайдың  қорғаныс  әскерлерінің  жол-  кесуіне  де  бой  бермей,  шекара 

қарауыл  обаларының  тұс-тұсынан  ары  асып  кете  берді.  Сондай-ақ 

олар   өздерін  кері  қайтармақ  болған  Цин  патшалығы  әскерлеріне  қарумен 

қарсылық  көрсетті.  Тіпті,  қан  төгіп  құрбандық  берсе  де,  барған  жерлерінен 

кері  қайтпады.  Сөйтіп,  ХҮІІІ  ғасырдың  орта  шенінде  Тянь-  Шань  тауының 

батыс  солтүстігіндегі  атамекеніне  қарай  жылжып  көше  бастаған  қазақтар, 

ХІХ  ғасырдың  орта  шенінде  Цин  патшалығының  қарамағындағы  Іле, 

Тарбағатай  және  Алтай  аймақтарының  бірқатар  аудандарына  барып  қоныс 

тепті.  Шоқан  Уәлиханов  бұл  туралы  былай  деп  жазды:  «Абылай  ханның 

қармағындағы, Талас жағасы мен Ташкентке дейін көшіп-қонып жүрген Ұлы 

жүз  шығысқа  қарай  жы-  лжып,  қытайларды  Кіші  Алатаудан  асыра  қуып, 

өздерінің  байырғы  мекендеріне  оралды.   Сонымен,  қазақтардың  айтуынша 

Ұлы  жүз  осы  өңірді  қалмақтардан  қайтарып  алған,  сондықтанда 

қытайлардың  бұл  жерлерге  көзалартуы  дұрыс  емес»  [33,  92-93-

б.].   Патшалық  Ресей  отаршылдары  ХІХ  ғасырдың  60-жылдарында 

Қазақстанды толық жаулап алып, өзінің  отарлаған территориясының шығыс 

жақ  іргесін  Цин  патшалығының  қарамағындағы  жерлерге  апарып  тіреді. 

Сонымен  патшалық  Ресей  мен  Қытайдың  Цин  патшалығы  арасында 

мемлекеттік  шекара  мәселесі  туындап,  екі  империяның  қазақ  даласына 

таласуы басталды. Патшалық Ресей мен Қытай арасында мемлекеттік шекара 

мәселесі ХІХ ғасырдың орта шенінде көтерілген. Алғаш рет шекара мәселесі 

жөнінде  1856  жылы  1  маусымда  қол  қойылған  «Қытай-Ресей  Тяньцзин 

келісімінің»  9-бабында:  «Ресей  мен  Қытай  арасындағы  шекараның 

белгіленбеген бөліктері осы екі үкіметтің сенімді өкілдері арқылы сол жерде 

анықталған  соң,  олардың  шекара  сызығы  туралы  шарттары  осы  келісімге 

қосымша  бап  болып  қосылады.  Шекара  белгіленгеннен  кейін,  оның  толық 

суреттемесі  мен  картасы  жасалынып,  болашақта  екі  мемлекет  үшін  шекара 

туралы талассыз құжат болып табылады»; «Қытай мен Ресей бұрыннан бері 

шекара  белгіленбеген  жерлерді  ,  екі  мемлекет  өздерінің  сенімді  адамдарын 

жіберіп  әділдікпен  тексеріп  айырып  шығатын  болады»  -  деген  ерекше 

белгілеме жасаған. Ресей мен Қытай арасында жасалынған бұл келісімшартқа 

ресейлік комиссар Путятин мен Қытайдың өкілі Хуа Шан қол қойған [34,382- 

б.].  Осы  құжатта  мемлекеттік  шекараның  маңызды  мәселелері  де  анық 

көрсетілген.  Атап  айтқанда,  «Шекара  сызығының  белгіленуі  бойынша 

болашақта екі мемлекетке шекара мәселелері жайында  даусыз құжаттармен 

қамтамасыз  ететін  кар-  талар  мен   анықтамалар  белгіленетін  болады»[35, 

260-б.]– деп көрсетілген. Сонымен Ресей үкіметінің Ерекше комитеттің 1862 

жылы қаңтарда мәжілісінде талқыланған жоба бекітіліп, Бабков пен Захаров 

Шәуешекте келіссөз жүргізу үшін комиссарлар болып бекітіледі [36,152-б.]. 

Сонымен  Қытай  Цин  патшалығы  үкіметі  мен  патшалық  Ресей  үкіметінің 

өкілдері  1862  жылы  Қытайдың  батыс  солтүстік  шека-  расын  белгілеу 

мәселесі  бойынша  келіссөздерін  бастады.  Олар  қазақ  жеріндегі  мемлекеттік 

шекарасын  делимитациялау  принципіне  көп  таласты,  Қытайдың  Цин 



патшалығы  үкіметі  ол  жерлер  жоңғарлардың  жері,  ал  жоңғарлар  қытайдың 

құрамындағы ел, сондықтан олардың аяқ басқан жерлері Қытайға тән болуы 

керек-десе,  патшалық  Ресей  үкіметінің  өкілдері,  ол  «жерлер  қазақтардың 

ежелгі  атамекені   екенін»  дәлелдеп  дауласты.  «Біз  ақыры  бұл  өңірлердің 

қырғыз  (қазақ)  даласы  екендігін  тұрақтандырдық,  ол  өңірлер  қырғыздарға 

тән  болуы  керек,  әсте  Цин  патшалығына  тән  жер  емес  деген  тұжырым 

жасадық» [37]  - дейді, Ресей  үкіметінің өкілі. Ресейліктер осы негізге сүйене 

отырып  және  өздерінің  әскери  басымдылығын  байқату  арқылы,  Цин 

патшалығы  үкіметінің  өкіліне  өз  уәждерін  қабылдатты.  1864  жылы  7  қазан 

күні  Қытайдың  Шәуешек  (Чугушак)  каласында  екі  үкімет  өкілдері  «Қытай-

Ресей  ба-  тыс-солтүстік  шекараны  делимитациялау  келісімі»  деген  құжатқа 

қол  қойды.  Бұл  он  тараудан  тұратын  келісімнің  бесінші  тарауында:  «Қазір 

шекараны  ақылдасып  бекіттік.  Екі  ел  мангі  тату  болады.  Осыдан  кейін  екі 

мемлекет  осы  белгіленген  шекара  маңы  өңіріндегі  малшыларға  таласпау 

үшін,  осы  келісім  құжаттар  бір-біріне  тапсырылған  күннен  бастап  (күшіне 

енгеннен бастап  – Н.М.), олар бұрыннан бері қай жерде мал бағып отырған 

болса, және де сол жерлерінде малдарын бағып отыра берулері керек. Олар 

сол  ежелгі  қоныстарында  орнығып  отырып,  бұрынғы  шаруашылығымен 

шұғылдана беруі үшін, жер қайсы мемлекетке бөлінсе, онда отырған адамдар 

сол  жермен  бірге  сол  мемлекеттің  басқаруында  болады.  Бұдан  былай  егер 

олардың  ішінде  бұрынғы  отырған жерлерінен  көшіп  басқа жаққа  кетушілер 

болса,  оларды  кері  қайтарып  жіберу  арқылы  арада  былықпалық 

болғызбайды»  [38,  99-б.]  -  деп  жазылған.  Осы  келісім  бойынша  Қытай  мен 

Ресейдің  мемлекеттік  шекарасының  қазақ  жеріндегі  алғашқы  ли-  ниясы 

белгіленді. Сөйтіп, қазақ жерінің Қытайға тиген бөлігіндегі қазақтар отырған 

жерімен  бірге  Қытайға,  ал  Ресейге  тән  болған  өңірдегі  қазақтар  тұрған 

жерімен  бірге  Ресейдің  құрамына  енді.  1864  жылғы  «Қытай-Ресейдің 

Шәуешек  келісімі»,  іс  жүзінде  біртұтас  қазақ  халқының  және  оның  жерінің 

екі  мемлекетке  -  Қытай  мен  Ресейге  тәуелді  болғандығын  алғаш  рет  құжат 

жүзінде  анықтады.  Сөйтіп,  бір  тұтас  қазақ  халқы  және  оның 

этнотерриториясы  екі  ұлы  империяға  бөлініп-жарылды.  Бұл  қазақ  халқы 

үшін айтқанда үлкен  тарихи  трагедия. Осыдан кейін  Цин патшалығы  өзінің 

қарамағына өткен жердегі қазақтарды шын мәніндегі  «қытай азаматы»  деп 

таныды.  Содан  кеінгі  жылдарда  қытайдың  ресми  құжаттарында  «Ресей 

қазақтары»  немесе  «Ресейге  қараған  қазақтар»  және  «Қытайға  қараған 

қазақтар»  деп  анықтап  жазатын  болды.  Біз  осы  негізде  ХІХ  ғасырдың  60-

жылдары  Қытайда этникалық қазақ  қауымы,  яғни  «Қытай  қазақтары»  деген 

қоғамдық  құбылыс  пайда  болды  деп  санаймыз.  Бірақ  1864  жылғы  «Қытай-

Ресейдің Шәуешек келісімі» қазақтардың Қытай мен Ресейге қарайтын жері 

мен  елін  толық  анықтай  алған  жоқ.  Өйткені  аймақтағы  саяси  жағдайдың 

өзгерісіне  байланысты  Ресей  мен  Қытай  қатынастары  тіпті  де  күрделіне 

түсті.  Патшалық  Ресейдің  Алматы  өңіріне  отарлық  басқару  жүйесін 

орнатуына  осы  өңірдің  тұрғыны  Албан  руының  басшсы   Тазабек  қарсылық 

көрсетті.  Ол  елін  орыс  отаршылдарының  қырғынан  сақтап  қалу  үшін,  бас 



көтерген  мыңдаған  отбасын  бастап,  орыс  әскерлерімен  соғыса  көшіп, 

Шонжыны  басып,  өр  Ілеге  өтіп  барады.  Сол  кездегі  Іле  сұлтаны  Әлихан 

олармен  саяси  одақтастық  құру  үшін,  олардың  Құлжаның  шығысындағы 

Тоғызтарау  ауданына  барып  орын  тебуіне  жол  қояды.  Бұл  оқиға  патшалық 

Ресейдің  Құлжаны  аккупациялауына  сылтау  бола  кетті.  Олар  Әлиханға  хат 

жолдап,  Тазабекті  тұтқындап  әкеліп  беруді  талап  етумен  қатар,  қарулы 

күштерін  аттандырып,  соғыс  арқылы  Құлжаны  басып  алды.  Бұл  арада 

Ресейдің  көздегені  тек  Тазабекті  жазалау  ғана  емес,  ең  маңыздысы 

Англияның  Үндістан  арқылы  Қащқарияға  енген  күштерін  Тяньшанның 

солтүстігіне  асырмау  еді.  Бұл  Ресей  үшін  стратегиялық  маңзы  зор  қимыл 

болатын.  Сондықтан  орыс  ортаршылдарды  Тазабекті  темір  шынжыр-  мен 

матап  Алматыға  әкеліп,  азабтап  өлтіргеннен  кейін  де  Құлжаны,  тіпті  Іле 

аймағын он жыл бойы отарында ұстады. 1878 жылы Цин империясы Қоқан 

генералы  Жақыпбектің  (Якуббектің)  Қашқарияда  құрған  «Алты  шаһар 

мемлекетін» тас-талқан етіп жойғаннан кейін, Ресей үкіметіне Ілені қайтарып 

беру туралы қатаң талап қойды. Ресей тарапы Ілені қайтарып беруге келісті, 

сонымен  екі  үкімет  өкілдері  Санк-Петербург  қаласында  келіссөз  жүргізді. 

Тараптар  бір  мәмілеге  келіп,  1881  жылы  шілде  айында  «Қытай-Ресей  Іле 

келісіміне»  қол  қойып,  тоқтам  жасады.  Бұл  келісімді  «Қытай-Ресей  Санк-

Петербург  келісімі»  деп  те  атайды,  оған  Ресей  тарапынан  Н.К.Гирс 

пен  А.Г.Влангали, ал Қытай жағынан Цзэн Цзицзэ қол қойды[39,127-б.]. Бұл 

келісімінің 1-бабы бойынша, Ресей Іле аймағында қытай билігінің орнауына 

келіседі,  ал  осы  өлкенің  батыс  бөлігі  7-бапта  көрсетілген  шамада  Ресей 

құрамында қалатын болды. 7-бапта бұл тер- ритория Ресей бодандығын алған 

халықтардың  тұруы  үшін  деп  көрсетілген.  Сондай-ақ  осы  бапта  екі 

мемлекеттің  Іле  аймағындағы  жаңа  шекаралық  сызығының  сипаттамасы 

берілген.  Ол  бойынша  Іле  жердінің  сызығы  1864  жылы  Шәуешекте  қол 

қойылған 

протоколда 

көрсетілген 

сызыққа 

жалғасады 

– 

делінген[40].   Келісімнің  9-бапта  шекараны  делимитациялау  және 



демаркациялау  мәселелері  қарастырылды.  Қытай  мен  Ресей  Іле  мәселесі 

бойынша 1882 жылы және «Қытай-Ресей Іле шекара келісі келісімі- не» қол 

қойып,  тараптар  Іле  жөніндегі  мәселені  толық  шешкенін  мәлімдеген-ді.  Ал 

Іледегі  Ресей  азаматтарының  еліне  қайтуына  және  Іле  тұрғындарының  да 

Ресейге  көшіп  кетуіне,  олардың  үй-  мүліктерін  алып  кетуіне  қытай  тарапы 

кедергі келтірмеуге келісті. Сонымен Іледен албан суан ру- лары кері көшті 

және  жергілікгі  ұйғыр  мен  дүнген  тұрғындары  да  ресейліктердің  үгіт-

насихатымен Қазақстанға қоныс аударады. Олардың жалпы саны 70 мыңдай 

адам  деген  дерек  бар  [41,127-б.].  Міне,  бұл  ұйғырлар  мен  дүнгендердің 

Қазақстан  жеріне  алғаш  қоныстануы.  Ресей  мен  Қытай  Қазақстан  жерінен 

тартқан  мемлекеттік  шекараның  кейбір  нақтылы  бөліктеріндегі  сызықтарды 

және онда тұратын қазақтардың қайсы мемлекетке тәуелділігін анықтау үшін 

және  де  бірнеше  келісімдерге  қол  қойды.  Ол  келісімдер:  1883  жылы 

тамыздың  12  күні  қол  қойған  «Қытай-  Ресей  Қобда-Тарбағатай  шекара 

келісімі»;  1883  жылы  қазанның  3  күні  қол  қойған  «Қытай-Ресей 


Тарбағатайдың  Батыс  оңтүстік  шекарасын  белгілеу  келісімі»;  1885  жылы 

қаңтардың  9  күні  қол  қойған  «Қытай-Ресей  бірлесіп  белгілеген  Тарбағатай 

қазақтарының  тәуелділігі  туралы  келісім».  Жоғарыда  келтірілген  Ресей  мен 

Қытайдың  Қазақстан  территориясынан  мемлекеттік  шекарасын  белгілеу 

келісімдері  мен  сол  шекара  сызығындағы  қазақ  тұрғындардың  мемлекеттік 

тәуелділігін  анықтаған  шарттары,  қазақ  елінің  жері  мен  халқын  екіге  бөліп 

жіберді. Бұл қазақ халқының ұлттық традегиясы және бақытсыздығы. Қазақ 

халқының осындай күйге түсуіне тарихи ішкі және сыртқы факторлар себеп 

болды.  Атап  айтқанда,  қазақ  қоғамының  даму  деңгейінің  замана  көшінен 

артта  қалуы  және  Ресей  империясының  барынша  күшеюі  мен  отарлық 

экспанциясының етек алуының ақыры қазақ халқын бодандық күйге түсірді. 

Ресей  мен  Қытай  үкіметтері  қол  қойған  жоғарыдағы  келісімдер  бойынша, 

шығыстағы  атамекні-  не  оралып  шекара  сызығының  шығысында  қалған 

қазақтар,  отырған  жерімен  бірге  Қытайға  тәуелді  болды.  Содан  кейін  ғана 

Цин патшалығы өзінің қарамағына өткен қазақтарды шын мәніндегі  «қытай 

азаматы»   деп  таныды.  Содан  кеінгі  кезде  қазақтар  туралы  жазылған 

құжаттарда  «Ресей  қазақтары»  немесе  «Ресейге  қараған  қазақтар»  және 

«Қытай қазақтары» немесе «Қытайға қараған қазақтар» деп анықтап жазатын 

болды.  Міне,  осы  негізде  ХІХ  ғасырдың  60-жылдары  Қытайда  «Қытай 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет