REFERENCES
[1] Trudi I syezda inzhenerov Kazakhstana, Almaty, KazGosinti, 1993 (in Russ.).
[2]
Kontceptciy
razvitiya
proectnogo
menedgmenta
v
Respublice
Kazakhstan
na
2010-2020
godi.
//
http://www.spmrk.kz/biblioteka/nashi-publikatsii/109-kontseptsiya-razvitiya-proektnogo-menedzhmenta-v-respublike-
kazakhstan-na-2010-2020-gody.html (in Russ.).
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
54
Жобалық басқару – қазіргі таңда перспективалық басқару әдісі
А.С. Есенгельдина
1
Yanar77@inbox.ru
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы,
Астана, Қазақстан Республикасы
Тірек сөздер: мемлекеттік басқару, инновациялық даму, государственный менеджмент, инновационное развитие,
ақпараттық транспарентігі, краудсорсинг, электрондық петиция.
Аннотация. Жұмыстың мақсаты отандық менеджментте жобалықтық менеджментінің жүйесін танысуы болып
табылады. Жұмыстың методологиясын эмпирикалық зерттеу, қадағалау, салыстырмалы әдістер құрады. Жұмыстың
нәтижесінде қорытындылай келе, менеджменттік жобалық жүйені арттыру үшін қайратты іс әрекеттер жасау керек,
жобалық менеджерлер өздерінің квалификациясын көтеретін орталықтар және жоғары оқулар арқылы біздің елімізде
жобалық менеджерлер оқытатын масштабтық дәрежеде ұйымдастыру керек. Автор жобаларды ұйымдастыру үшін
ұлтаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастырып қабылдау қажеттігін; жобалық менеджменттегі академиялық және кәсіби
білімдерді жетілдіру және Қазақстанның дамып келе жатқан облыстарында жобалық менеджерлер клубын ұйымдастыру,
мамандардын бір-бірімен тәжірибемен алмасады, басқа мамандармен танысады,жаңа жобаларды ашуға септігін тигізеді.
Мақала авторының қол жеткізген нәтижелерін қолдану аумағы, жобалықтық менеджментінің жүйесін жетілдіру
болып табылады. Автордың қорытындылары экономикалық факультеттерде экономикалық пәндерді оқыту барысында
пайдалануға жарамды.
ESENGELDINA A.S.
CANDIDATE OF ECONOMICAL SCIENCIES, ASSOCIATE PROFESSOR, ECONOMICS DEPARTMENT,
ECONOMICAL FACULTY
Academy of Public Administration under the President of the Republic of Kazakhstan, Astana, Kazakhstan
The project management as one of the modern and perspective methods of management
Поступила 15.04.2015 г.
N E W S
OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN
SERIES OF SOCIAL AND HUMAN SCIENCES
ISSN 2224-5294
Volume 3, Number 301 (2015)
UDC 330.3
Legal problems of food security in Kazakhstan
G.T.Aigarinova
gulnar._80@mail.ru
Kazakh National University named after al-Farabi
Key words: agri-food market, agriculture, food products, food sovereignty, agricultural production, rural areas.
Abstract. The aim is to consider the legal issues of food security of the country. Methodology of work
amounted to the dialectical method, the concrete historical, comparative, sociological research methods and the
method of modeling and forecasting. Results of the work is that the analysis is made of the legal nature of food
security, identification of its features in the market and analysis of the principles of food security of the country;
Identified functional-performance objectives of state regulation of food safety as the legal form of implementation of
modern agrarian policy of Kazakhstan. Also, this paper examines the legal problems of food and veterinary safety in
the Republic of Kazakhstan. The author suggests some ways to improve the state mechanism in the area of food
safety and veterinary. The field of application of the results obtained by the author is to improve the existing
legislation in the area of food security in the Republic of Kazakhstan. The author's conclusions may be used in the
teaching of the law faculties of legal disciplines agricultural cycle.
УДК 330.3
Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсізідігінің құқықтық мәселелері
Г.Т.Айгаринова
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қаласы, Қазақстан
gulnar._80@mail.ru
Түйін сөздер: ветеринарлық қауіпсіздік, азық-түлік қауіпсіздігі, ауылшаруашылығы өндірісі, азық-
түлік, гендік түрлендірілген өнімдер, таза өнім белгісі.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
55
Аннотация. Жұмыстың мақсаты қазіргі таңдағы азық түлік қауіпсіздігінің құқықтық мәселелерін
қарастыру болып табылады. Жұмыстың әдістeрін фoрмaлды-лoгикaлық, тaрихи-құқықтық, жүйeлі-
aнaлитикaлық, сaлыстырмaлы-құқықтық жәнe нaқты-әлeумeттік әдістeр құрaйды. Жұмыс нәтижелері, азық-
түлік қауіпсіздігінің құқықтық табиғатына талдау жүргізілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
қағидаларының жүйесін концептуалды талдау жүргізілді. ҚР қазіргі аграрлық саясатын жүзеге асырудың
ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны ретінде азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеудің
функционалды-мақсатты сипаттамасы анықталынды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы азық-
түлік қауіпсіздігі, ветеринарлық қауіпсіздік және азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне
қойылатын талаптардың және азық-түлік айналымында гендік түрлендірілген өнімдерді пайдаланудың
құқықтық мәселелері қарастырылды. Еліміздегі азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуге байланысты
қолданыстағы заңнамаларды жетілдіруге ұсыныстар жасалды.
Бұл нәтижелер азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданыстағы заңнамаларды
жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін. Автордың қорытындыларын заң факультетінде аграрлық құқық
циклын оқыту үрдісінде қолдануға болады.
Кез-келген экономикалық даму үрдісіндегі мемлекеттің басты мақсаты ауылшаруашылық өндірісін
қолдайтын, халқын азық-түлікпен жабдықтауға және азық-түлік тәуелсіздігіне кепіл беретін азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда азық түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықты сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдерімен
қамтамасыз ету нарықтың шырқау шыңына жетіп тұрған кезде өте күрделі және өзекті мәселе болып
табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі еліміздің ұлттық қауіпсізідігінің бір бөлігі болып табылады, себебі
бірде-бір мемлекет халықтық сапалы тамақ өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандырмастан, ұлттық
соның ішінде экономикалық қауіпсізідігін қамтамасыз етуі мүмкін емес. Халықтың азық түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етпей тұрып, елдің экономикалық, саяси немесе ұлттық қауіпсізідігін
қамтамасыз ету туралы айту әрине оңайға соқпайды.
Мемлекетіміздегі азық түлік қауіпсізідігін толыққанды қамтамасыз ету үшін, оның ерекше
мемлекеттік маңыздылығын ескере отырып, менің ойымша еліміздің ата заңы Қазақстан
Республикасының Конституциясынан бастау алу қажет. Онда адам және азамат тарауына адам мен
азаматтың сапалы және қауіпсіз тамақ өнімдеріне деген құқығын бекіту қажет.
Азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылық көрсеткіші тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі, яғни тамақ өнiмдерiнiң оларды әдеттегi жағдайда пайдалану кезiнде зиянды болып
табылмайтындығы мен қазiргi және келешек ұрпақтың денсаулығына қауiп туғызбайтындығына
негiзделген сенiмдiлiк күйiнiң болуы мен сапа деңгейі болып табылады. Соңғы жылдары бұл мәселе аса
маңыздылыққа ие, себебі, тамақ өнімдерінің отандық нарығына түсетін өнімдердің төменгі сапалы
деңгейі байқалуда. Отандық өнімдер нарығына сақтау мерзімі, адам денсаулығына қауіпсіздің
сапаларына жауап бермейтін, көп жағдайда генетикалық түрлендірілген шикізаттардан жасайтын
импортты өнімдер келіп түсуде. Генетикалық түрлендірілген объектілер дегеніміз - гендік инженерия
әдістері пайдаланылып алынған, өсімдіктен және (немесе) жануардан алынатын шикізат пен азық-түлік,
соның ішінде генетикалық түрлендірілген көздер, организмдер. Әрине айтылған жайттар
ұрпағымыздың болашағына кері әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай факторлардың орын алуы тамақ
өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесінің тиімсіздігінен болып отыр, яғни,
елімізге әкелінетін тамақ өнімдеріне, балалар тамақтарына, гендік түрлендірілген организмдердің,
тамақ қоспалары мен бояғыштардың, биологиялық белсенді қоспалардың айналымына әлі де болса
бақылаудың күшейтілуін талап етеді.
Сонымен қатар, тамақ өнімдерінің сапалылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Біздің елімізде
Қазақстан Республикасы Кеден Одағына мүше болғаннан бері бірталай тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі
мен сапасын, тасымалдануы мен өткізілуін реттейтін техникалық регламенттер қабылданған. Бірақ бұл
аталған нормативтік актілердің талаптары орындалмай отыр. Мәселен нан және нан өнімдерінің
сапасына қойылатын талаптар регламентіне сәйкес, аталған өнімдер химиялық зиянды заттардан бөлек
сақталуы, тасымалдануы тиіс делінген. Алысқа ұзамай ақ небары 18 шаршы метр орынды дүкен етіп
отырған кәсіпкерлердің кәсібіне көз жүгіртейік. Бұл дүкенде нан да, бәліште, тырнаққа арналған лакта,
тіпті оны кетіретін ацетонда қатар қойылып сатылып жатыр. Аядай тоңазытқыштың ішінде сүт өнімдері
мен ет өнімдері қатар қойылған. Ал енді мұндай дүкеннен алынған тағам қаншалықты сапалы және
денсаулығымызға зиянын тигізбейді? Бұл сұрақтың шешімін табу үшін, менің пікірімше, осындай
шағын дүкендердің қызметіне жол бермей, белгілі талаптарға сай болуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Тағы да бір қазіргі таңда көңіл бөлетін мәселе бұл тамақ өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі. Қазіргі
тамақ өнімдерінде, көңіл бөліп қарасаңыздар, радиациялық таза өнім белгісі қойылмаған. Бұл өнімнің, қазіргі
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
56
таңдағы экологиялық дағдарыс жағдайында, қаншалықты радиациялық таза екендігі немесе радициялық
бақылаудан өтті ме, бақылаудан өткен болса, нәтижесі қандай, өнімнің буып түю ыдысының радициялық
тазалығы нормативке сай ма деген өте көп сұрақтар туындайды. Осы туындаған шиелініскен сұрақтарға
шешім табу үшін қолданыстағы бірқатар экология, денсаулық, техникалық реттеу, радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету саласындағы заңнамаларға тамақ өнімдеріне радиациялық таза өнім белгісін беру тәртібі,
тамақ өнімдерінің радиациялық қауіпсіздігі сияқты нормалармен толықтыру қажет. Осы жоғарыда аталған
шаралар жүзеге асырылған жағдайда халықты сапалы және өмірі мен денсаулығына қауіпсіз тамақ
өнімдерімен қамтамасыз ету орын алар. Қазақстан Республикасының Елбасы өзінің халқына кезекті
жолдауында экономиканың аграралық секторын қайта қарау қажеттігін ұсынды, «бiздiң елiмiз әлемдiк және
өңiрлiк дәстүрлi азық-түлiк өнiмдерiн берушi болып келдi және болып қалуға, ал агроөнеркәсiп кешенiнiң өзi
елiмiздiң экономикалық өрлеуiнiң, сауда және төлем балансын жақсартудың қосымша қайнары болуға тиiс. Бiз
осыған жету үшiн барлық күш-жiгерiмiздi жұмылдыруымыз керек.
Ауылды өркендетудiң басты факторы агроөнеркәсiп кешенiн тұрлаулы әрi серпiндi дамыту және
оның экономикасын осы заманғы нарық қағидаттары негiзiнде шапшаң iлгерiлету болып қала бередi»
деген болатын
1
.
Аталған мақсаттарға жету үшін еліміздің аграрлық заңнамасын көш ілгері дамуына түрткі болған
2002 жылдың 5 маусымында Президенттің жарлығымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған
Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасы қабылданды. Нақты құжатта елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету, аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнiмiн және
оны қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарда сату көлемiн ұлғайту ауыл шаруашылығы
өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұтымды ету сияқты міндеттері мен мақсаттары анықталды [2].
Елімізде «азық-түлік қауіпсіздігі» деген ұғым алғаш Қазақстан Республикасының астық туралы
заңында көрініс тапты, онда «азық-түлік қауіпсіздігі - тұтынудың физиологиялық нормаларын және
демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті болатын сапалы азық-түлік тауарларына
халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз етуге мемлекеттің қабілетті екендігін
білдіретін экономиканың жай-күйі» деп анықталды [3]. 2012 жылдың 6 қаңтарындағы өзгерістер мен
толықтыруларға сәйкес, Азық-түлік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздіктің бір түрі ретінде
қарастырылып, «мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын
қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты
және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде
агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйі» деп Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі
туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңында анықталған болатын [4].
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі мемлекеттің ауылшаруашылық
өндірісінің жеткілікті дамымау себебінен және елдің экономикасының дамуының төмен деңгейінен
туындап отыр: халыққа тамақ өнімдері нарыққа келіп түскен бағамен жетпейді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған
стратегиялық жоспарына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен салаларының экономикалық өсуіне және
бәсекеге қабілеттілігінің сапалы жаңа деңгейіне жетуіне жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік
кешенді, су, орман, аңшылық және балық шаруашылығын, ауылдық аумақтар мен аграрлық ғылымды
дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру және іске асыру және 2010 - 2014
жылдардағы стратегиялық жоспардың шараларын іске асыру нәтижесі агроөнеркәсіптік кешен
салаларын тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік басымдылығын
дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін және мемлекет қаржыны және материалдық активтерді басқару
тиімділігін қамтамасыз ету, экономиканың ведомстволық бағынысты салаларын үйлестіруді жоғары
деңгейге жеткізу болып табылады [4].
Жалпы туындап отырған қиындықтар келесі мәселелердің орын алуымен ұштасады:
1. Тамақ өнімдерінің шикізатын өңдеу және қайта өңдеу өнеркәсібінің төмен деңгейі; Еліміздің
астық ресурстарын толық игере алмағандықтан, одан сапасы өте төмен халықаралық стандарттарға
жауап бере алмайтын өнімдерді алып отырғанымыз барлығымызға белгілі. Ол бәсекеге қабілетсіз,
техногиялық инновация тұрғысына артта қалған қайта өңдеу өнеркәсіптерінің жұмысының нәтижесі.
2. Елімізде өндірілетін тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі; Осы саладағы
мамандардың бағалауы бойынша отандық өнімдер сапасы, бағасы, ассортименті және қорабын
дайындау мен безендіру сапасы жағынан елімізге әкелінетін өнімдерге орын беріп отыр.
3. Тамақ өнімдерін өндіру бойынша отандық стандарттардың халықаралық стандарттаға сәйкес
еместігі; Қолданыстағы стандарттар жаңартуды талап етеді.
ISSN 2224-5294 Серия общественных и гуманитарных наук. № 3. 2015
57
4. Тамақ өнімдерінің сапасын арнайы тексеруді жүзеге асыратын, құрамындағы азық қоспалардың,
бояғыштардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің жол беруге болатын шекті мөлшерін, сапасы
төмен өнімдерді анықтауға байланысты зертханалардың, құралдардың аппаратуралардың және ең
бастысы арнайы біліктілігі бар мамандардың жетіспеушілігі орын алып отыр.
Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бірқатар
мемлекеттік тетіктерді жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі уақытта тамақ өнімдерінің сапасына мемлекеттік бақылау мен қадағалау функциялары
Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық
реттеу және метрология комитетінің, санитарлық-эпидемиялогиялық қызметтің және ветеринарлық
қызмет арасында бөлініп кеткен. Осы жағдайда аталған органдар бір-бірінің қызметін қайталау
жағдайлары орын алған. Бұл отандық тауар өндірушілерді тығырыққа әкеліп соқтырып, олардың
шығарған өнімдерінің бағасын негізсіз жоғарлатуға әкеп соғады. Мәселен, қазіргі кезде әлеуметтік
маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тізгінсіз кетті десек болады. ҚР Статистика Агенттігінің
мәліметтері бойынша жармалар (+38,4%), сұйық май (+96,8%), сүт және сүт өнімдері (+28,8%). Өзге де
өнімдер 50 пайызға дейін қымбаттаған [5]. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысына сәйкес, тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітетін, белсенді әрі салауатты өмірді сақтау үшін адам ағзасының негізгі
тағамдық өнімдерге және энергияға қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейтін азық-түлік тауарлары
болып табылады [6]. Сол себептен, осы салада азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
басқармасын құру қажет. Оның құзіретіне, еліміздегі тамақ өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, ұқсату мен
өткізу саласын бақылау мен қадағалау қызметін беру қажет.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін мәселелердің бірі, ол қолданыстағы
нормативтік құқықтық қамтамасыз етілу деңгейін жоғарлату. Атап кету керек, өзге экономикасы
дамыған мемлекеттерде азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз ету үшін арнайы кешенді нормативтік
құқықтық актінің қабылдану жағдайы орын алған. Көршілес мемлекет Ресейде 2010 жылдың ақпан
айында Азық-түлік доктринасы қабылданды, ал оның федеративтік субъектілерінде азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету заңнамасы қабылданған [9]. Қазіргі кезде Қазақстанда «Тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы» заң қабылданып, осы заңды жүзеге асыруға байланысты 20-дан астам Үкіметтің
қаулылары, Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауылшаруашылығы министрлігінің нұсқаулықтары мен
бұйрықтары қабылданды, бірқатар заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бірақ бұл
актілер азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарын жанама реттегендіктен, арнайы «Азық-
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» заңын қабылдаудың өткір қажеттілігі бар. Аталған заңда азық-түлік
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қағидалары, бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, азық-түлік
түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, атап айтсақ, азық-түлік қауіпсіздік жағдайының
мониторингісі, азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қаржыландыру, азықтың сұранысы мен
ұсынысын бағалау, азық-түлік түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарын мемлекеттік реттеу,
осы саладағы органдардың құқықтары мен міндеттері т.б. жайттар қарастырылуы қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1]
Назарбаев Н.А. Об основных направлениях внутренней и внешней политики на 2003 год. Послание
Президента народу Казахстана // Казахстанская правда. – 2002. – 30 апреля.
[2]
Президент Республики Казахстан. Государственная агропродовольственная программа Республики
Казахстан на 2003-2005 г.г.: Указ от 05.06.2002 г. № 889 // САПП РК.- 2002. - № 17. – ст. 178.
[3]
Республика Казахстан. Закон от 19 января 2001 г. №. О зерне // Правовая база «Әділет».
[4]
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 527-IV Заңы // Правовая
база «Әділет».
[5]
Волончин К.В., Д.А. Еделев, В.М. Кантере Технологии обеспечения безопасности и качества продуктов //
Пищевая промышленность № 5. – 2010. – С.16-17.
[6]
Государственная Дума обеспокоена вопросом обеспечения безопасного питания населения страны //
Пищевая промышленность № 5. – 2010. – С.18-19.
REFERENCES
[1]
Nazarbaev N.A. Ob osnovnyh napravlenijah vnutrennej i vneshnej politiki na 2003 god. Poslanie Prezidenta narodu
Kazahstana // Kazahstanskaja pravda. – 2002. – 30 aprelja.
[2]
Prezident Respubliki Kazahstan. Gosudarstvennaja agroprodovol'stvennaja programma Respubliki Kazahstan na 2003-
2005 g.g.: Ukaz ot 05.06.2002 g. № 889 // SAPP RK.- 2002. - № 17. – st. 178.
[3]
Respublika Kazahstan. Zakon ot 19 janvarja 2001 g. O zerne // Pravovaja baza «Әdіlet».
[4]
Respublika Kazahstan. Zakon ot 06 janvarja 2012 g. №527-IV O nacional'noj bezopasnosti Respubliki Kazahstan //
Pravovaja baza «Әdіlet».
Известия Национальной академии наук Республики Казахстан
58
[5]
Volonchin K.V., D.A. Edelev, V.M. Kantere Tehnologii obespechenija bezopasnosti i kachestva produktov // Pishhevaja
promyshlennost' № 5. – 2010. – S.16-17.
[6]
Gosudarstvennaja Duma obespokoena voprosom obespechenija bezopasnogo pitanija naselenija strany // Pishhevaja
promyshlennost' № 5. – 2010. – S.18-19.
ПРАВОВЫЕ ПРОБЛЕМЫ ОБЕСПЕЧЕНИЯ ПРОДОВОЛЬСТВЕННОЙ БЕЗОПАСНОСТИ В
РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
Айгаринова Гульнар Тулеухадировна
gulnar._80@mail.ru
Ключевые слова: агропродовольственный рынок, агропромышленный комплекс, продовольственные товары,
продовольственная независимость, сельскохозяйственная продукция, сельские территории.
Аннотация. Целью работы является рассмотрение правовых проблем обеспечения продовольственной
безопасности страны. Методологию работы составили диалектический метод, конкретно-исторический, сравнительный,
социологический методы исследования и метод моделирования и прогнозирования. Результатами работы является то что
сделан анализ правовой природы продовольственной безопасности, выявление ее особенностей в условиях рынка и
анализ принципов обеспечения продовольственной безопасности страны;
Выявлен
функционально-целевых
характеристик
государственного
регулирования
продовольственной
безопасности как организационно-правовой формы реализации современной аграрной политики РК. А также настоящей
работе рассматриваются правовые проблемы обеспечения продовольственной и ветеринарной безопасности в
Республике Казахстан. Автор предлагает некоторые пути совершенствования государственного механизма в области
обеспечения продовольственной и ветеринарной безопасности.
Областью применения результатов, полученных автором статьи, является совершенствование действующегео
законодательства, в области обеспечения продовольственной безопасности в РК. Выводы автора могут быть
использованы в процессе преподавания на юридических факультетах дисциплин аграрного правового цикла.
Достарыңызбен бөлісу: |