Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26

 
 
 
Дәм мен иіс туралы 
         
Осыдан бірнеше жыл бұрын, мен Нью – Йорктан Калифорнияға келген 
адамның  ашығу  бағдарламасын  бақыладым.  Ол  өзінің  денесінен,  аяғынан, 
қолынан тіпті алақанынан мүңкіп шығып тұратын сасық иістен зардап шекті. 
Бұл  жүректі  айнытатын,  шіріген  сасық  иіс  еді.  Ол  тәулігіне  3  –  4  қабат 
ваннада  жуынды.  Иісмайдың  неше  түрін  қолданс  да,  сасық  иістен  құтыла 
алмай  қойды.  Оның  жүйкесі  жұқарып,  өзін  қоғамнан  аластатылған  адам 
ретінде  сезінді.  Ол  аздай  галитоздан  зардап  шекті,  оның  аузынан  шыққан 
сасық иіс, өгізді де өлтіретін. Ол қанша аузын шайып, тәтті сағыздар, дәрілер 
шайнаса да көмек болмады. 
     
Ашығудың  алдында  осы  адаммен  әңгімелескенде  байқағаным,  ол  ауыр 
жұмыстан қажып, жан ұясынан береке кетіп, ақша жайы да жанын қинап жүр 
екен.  Адам  қажығанда,  өзінің  жүйке  қуатын  және  өмірлік  күшін  сарқып 
азайтқанда, шығару – бөлу жүйесі өзінің міндетін дұрыс атқармайды. 
      
Менің  оған  айтқаным,  өзін  осындай  жағдайға  алып  келу  үшін  талай 
жылдар жұмсағанын және қайта қалыпқа келтіру үшін ашығу бағдарламасын, 
дұрыс  тамақтануды  ұстануға  да  уақыт  керек  деп  нұсқадым.  Ол  дұрыс 
ойлайтын  зиялы  адам  болды,  менен  ашығу  бағдарламасын  бақылауымды 
өтінді.  Біз  36  сағаттық  ашығудан  бастадық,  ашығу  арасында  ет  пен  өлі 
көміртектерінен  тұратын  тамағына  көкеніс  пен  жемістерді  біртіндеп  қоса 
бердім.  Дұрыс  тамақтанбау  мен  табиғи  тамаққа  көшу  аралығында  өтпелі 
кезең болу керек деп өзім есептеймін. Адам ағзасын бірден бұрынғы әдетін 
тастауға  зорлық  қылуға  болмайды.  Бұндай  өзгерістер  біртіндеп  жасалуы 
керек.  Етті  күніне  3  қабат  жеудің  орнына,  бір  рет,  ақ  нанның  орнына 
кептірілген қара нан т.б. 
       
Біраз  уақыт  өткеннен  кейін,  мен  оған  7  тәуліктік  ашығуды 
тағайындадым.  Бастапқы  3  тәулік  ауыр  өтті,  себебі  ағзасынан  улы  заттар 
бұрқырап шығып жатты. 4 –ші күні жүрегі қатты айныды, 5 – ші күні денесі 
түгелдей бөртіп кетті. Денесі мен демінен шыққан сасық иіске төзу мүмкін 
емес  еді.  Оның  жанында  тұру  үшін  кей  кезде  противогаз  киіп  алуды  да 
ойладым.  Күнделікті  таңертең  кіші  дәретінен  құйып  алып,  сыртына  жазып, 
құтықшаның  аузын  бекітіп  салқын  жерге  сақтап  қойдым.  Бірнеше  аптадан 
кейін осы қою қара сұйық, адамнан шықты десе сенбейтіндей. Осы ашығудан 
кейін,  табиғи  емес  тағамдардың  басым  бөлігін  көкөніске,  жаңадан  үзіп 
алынған  жемістерге  алмастырдым  да,  бірнеше  аптадан  кейін  он  күндік 
ашығуға  кіргіздім.  Осы  жолғы  ашығу  бұрынғыдан  жеңіл  өткенмен  де,  улы 
заттар шығарыла берді. Бұлар клеткада шоғырланған латентті улар болатын. 
Адамды  қатерге  алып  келетін  өлі  уларды  орнынан  қозғау  үшін,  ашығудың 
үлкен бағдарламасы мен сілтілік тамақтар қажет.  
      
Мысалы менің лекцияларымда көп адамдар айтады: «Брэгг мырза, сіздің 
теорияңызды силағанмен де менің денсаулығым өте жақсы, не қаласам соны 
жеймін,  кофені  қанша  болсын  ішемін,  барлық  қалыпты  жандар  жандар 
сияқты  тамақтанамын».  Олар  өздерінің  мықты,  күшті  екендерін  маған 
дәлелдемекші. Бірақ мен олардан көп білемін. Олардың денелерінде улардың 

 
53 
шоғырланып  жинала  беретінін  мен  білемін,  бірақта  бір  күні  бақылаудан 
шығып кеткенде, адам қатты аурады. 
     
Сөз  жоқ,  көпшілік  адамдар  ата  бабасынан  жалғасқан  тамаша 
денсаулықпен тұқым қуалайды. Олар табиғат заңдылықтарына көбінесе күле 
қарайды,  осы  заңдылықтың  оларға  қатысы  жоқ  деп  ойлайды.  Бірақ  есеп 
айырысу  қайтсе  де  болады.  Табиғат  өзінің  тазалау  жұмысын,  яғни  ағзадан 
зиянды қалдықтарды шығара бастағанда, осы есеп айырысу күні басталады. 
Олар бір – ақ күнде бұралып ауруханадан шығып жатты. Маған сеніңіз, осы 
тумысынан, табиғатынан дені сау, алдында тұрғанын талғамай ішіп жейтін, 
темекі шегіп, тәулігіне 18 сағат жұмыс істегенде былқ етпейтін адамдардың 
талайын  көрдім  және  олардың  ауруханада  азап  шегіп  қиналғандарын 
көргенде, жаным ашып көзіме жас алдым. Ащы ақиқатты айту қиын, бірақта 
осы денсаулығы зор болған адамдарды мезгілсіз ажал күтіп тұр. 
      
Осылардың бәрін түсінгендіктен, мен Нью – Йорктік науқасыма ерекше 
сақтықпен  жақындадым.  Ол  өзінің  бағдарламасынан  ауытқымай,  табанды 
түрде  жалғасырғанына  мен  разы  блдым.  Ол  өзінің  жауларын  жеңу  үшін, 
ашығу  мен  табиғи  тамақтану  бағдарламасымен  жылға  таяу  уақыт 
шұғылданды. Қазір осы адамның демі түзеліп, денесінен шығатын сасық исі 
жоғалып, мүлдем басқа адамға айналды. Ол өз ағзасының ішіндегі жауларды 
жеңіп  қана  қоймай,  20  жылға  жасарды.  Қазір  ол  әдемі,  әрі  денсаулығы 
мықты,  салмақты  -  мамыражай  қалыпқа  түскен  жас,  тартымды  адам. 
Адамдардың  басым  бөлігі  басына  бәле  келгенде  ғана  қимылдай  бастайды, 
бірақта сақтансаң сақтаймын деген ғой. 
      
Осы  кітапты  оқып  отырған  өзіңіз,  табиғат  өзінің  улану  ағымымен  ұрып 
жыққанын  күтуге  тиіс  емессіз.  Ең  дұрысы,  ағзаңызға  саналы  түрде 
физиологиялық  демалыс  бере  отырып,  өзін  өзі  тазалауға  мүмкіншілік  беру. 
Жиналып  шоғырланған  улардан  ағзаңыздың  арылуына  мүмкіндік  беріңіз. 
Қазіргі  күрделі  өркенниетті  даму,  бізге  улы  заттарды  үзбей  лақылдатып 
төгуде. 
 
11 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Жеті күндік ашығуды қалай аяқтау керек 
       
Жеті  күндік  ашығу  кезеңінде  сіздің  асқазаныңыз  бен  барлық  ішек 
жолдары  жиырылады,  ал  ашығу  мерзімі  аяқталған  кезде  былай  істеуіңіз 
керек.  Ашығудың  7  –  ші  күні,  мөлшермен  кешкі  5  –  те,  4  –  5  памидордың 
қабығын  аршып  тураңыз  да,  қайнап  жатқан  суға  салып  жіберіп,  бірден 
шығарып  алыңыз.  Тәбетіңіз  келген  кезде  суытып  барып  жеңіз.  8  –  ші  күні 
таңертең  ұсақталып  туралған  сәбіз  бен  капустаға  апельсиннің  жартысын 
сығып,  шырынын  қосып  жеңіз.  Осыдан  кейін  кішкене  табақшамен 
бұқтырылған  көкөніс,  жеміс  жеуге  болады.  Осы  тамақпен  кептірілген  қара 
нанның  2  тілімін  жеңіз.  Осыларды  таңертең  жеу  қажет.  Күні  бойы  суды 
қанша ішем десеңіз еркіңіз. 
      
Түскі  тамаққа  майдаланып  ұсатылған  сәбіз,  апельсиннің  шырыны 
қосылған туралған капуста не сельдерей. Салаттан кейін екі жеміс көжесін – 

 
54 
сәбізден, капустадан, асқабақтан немесе көк бұршақтан дайындалған, осыған 
екі тілім қара нан қосып жеуге болады. Мұндай тамақта май болмайды. 
      
Тоғызыншы  күні  таңертең,  қандай  болмасын  жаңадан  үзіліп  алынған 
жеміс  (банан,  апельсин,  грейфрут,  алма)  жеуге  болады.  Осыған  2  кішкене 
қасық бөрткен бидайды 1 кішкене қасық балға араластырып қосыңыз. Күндіз 
ұсақталған сәбіз, капуста, сельдерейден жасалған салат, бір жеміс көжесі, бір 
тілім нан. Кешке салаттан, памидор т.б. көкеністерден пісірілген көже ішіңіз. 
Оныншы күннен бастап, кітаптың соңығы жағында келтірілген тағамдардың 
тізімі бойынша тамақтана беріңіз. 
 
Диета заттарының әсері – ұзақ та, дәрі – дәрмектің әсері – лездік. 
ГИППОКРАТ 
 
 
 
 
Он күндік ашығуды қалай аяқтау керек 
        
Жеті мен онкүндік ашығудың арасында айырмашылық азғантай ғана. 10 
– 
шы күннің кешкі 5 мөлшерінде памидор жеп, жоғарыда айтылған ережені 
басшылыққа  алыңыз.  Өзің  жейтіндей  ғана  жеңіз,  артық  жемеңіз.  Есіңізде 
болсын, сіз тамақсыз 7 – 10 күн өмір сүрдіңіз, осы уақытта тәбетіңіз жоғалды. 
Сіз тамақ іше бастағанда қуат бірден құйылмайды, ол үшін уақыт керек және 
ағзаңыз  уды  тазалаудан,  тамаққа  қанығу  бағдарламасына  көшу  үшін  де 
белгілі мерзім қажет. 
 
 
 
 
Тағы да ішегіңіздің шығару жұмысына алаңдамаңыз 
       
Тамаққа  қайта  әдеттену  үшін,  ағзаға  1  –  2  тәулік  уақыт  керек.  Егер 
ішегіңіз осы аралықта әрекет жасамаса мазасызданбаңыз.  Көбінесе алғашқы 
тамақ ішкеніңізден кейін, бірінші үлкен дәретке отырасыз, бұл әркімнің жеке 
ісі,  сондықтан  да  бәріне  бірдей  ортақ  қалып  қоя  алмаймыз.  Сіз  табиғатқа 
қарсы  келіп,  ішегіңіздің  жұмыс  жасауына  қысас  келтірмейтіндігіңізге  мен 
сенімдімін.  Табиғат  ішекті  өзінің  санитарлық  және  залалсыздандыру 
жүйесімен  қамтамасыз  еткен,  осы  жүйе  керекті  уақытында  өзінің  табиғи 
міндетін  атқарады.  Сіз  тамақ  ішкенде,  ішек  өзінің  жұмысын  атқара  береді. 
Егер  сіз  осында  айтылған  тамақ  ішу  ережесін  басшылыққа  алсаңыз,  онда 
уақытылы және сау шығару жүйесін қалыптастырасыз. 
 
Сауығудың бір шарты – сауыққысы келу. СЕНЕКА 
 
 
 
 
Тамақ қортудың мінсіз бағдарламасы 
        
Барлық  керегі  бар  тамақтанумен,  мен  төменгі  реттілікті  ұсынамын. 
Бірінші  үлкен  дәретім,  таңертең  ояна  салысымен  келеді.  Денемді  бірнеше 
айландыру қозғалысы, ішегімнің толық тазалануына көмектеседі. Әдетте мен 
таңертең  тамақтанбаймын,  себебі  осы  тәртіп  денсаулыққа  өте  пайдалы. 
Оянғаннан  соң,  бірнеше  сағат  өткеннен  соң,  аздап  мөлшермен  жаңа  үзіп 
алынған  жеміс  –  ананас,  банан,  апельсин,  өріктің  сарысын  не  қарасын 
жеймін.  Бірер  сағат  өткеннен  соң,  бірінші  тамағым  көкеністерден 

 
55 
дайындалған сәбіз, капуста т.б. салаттар, осыларға асқазаным жақсы жұмыс 
істеу үшін авакадо қосамын.  
      
Бірінші салатты жеуді ережеме айландырдым. Себебі, біз ағзамызды тек 
табиғи тамаққа ғана бейімдеуіміз керек. Көпшілік адамдар тамақтануды көже 
ішу  мен  нан  жеуден  бастайды,  менің  пікірімше,  бұлай  тамақтану  мүлдем 
қате,  себебі  шикі  көкөністер  тамақ  алдында  ас  қорту  сөлінің  бөлінуіне 
көмектеседі. Шикі көкеністің құрамында табиғи сөл мол, бұл ас қортуға ең 
қажет  зат.  Сондықтан  да,  мен  тамақты  көкөніс  салаттарынан 
бастауларыңызды  талап  етемін,  осылай  бірнеше  жыл  әдеттенсеңіз,  сіздің 
ағзаңыз  тамақ  алдында  басқа  нәрсені  қабылдамайды.  Осының  нәтижесінде, 
сіздің  тағамыздың  құрамында,  көкөніс  мөлшері  60  пайызға  жетеді.  Шикі 
көкөністер  мен  жемістерде  өмірлік  күш  мол,  бұл  табиғаттың  күн  қуатын 
шоғырландырып, бізге дайындаған тірі тамағы. 
      
Мен  сіздердің  тамағыңыз  100  пайыз  тек  қана  көкөніс  пен  жеміс 
жидектерден  ғана  болсын  деп  айта  алмаймын,  себебі  қазіргі  өркенниетті 
адам,  осыдан  5  –  6  мың  жыл  бұрын  өмір  сүрген  ата  бабалары  сияқты  өмір 
сүре  алмайды.  Міне  мен  сондықтан,  тамақ  құрамының  мінсіз  мәзірінің  60 
пайызы  шикі  көкөністер  мен  жеміс  –  жидектерден,  20  пайызы  белоктан 
құралуы  керек  деп  есептеймін.  Бұл  белок  ет,  балық,  жұмыртқа,  табиғи 
ірімшік  –  сыр  немесе  өсімдіктен  жаңғақ,  дән  түрінде  болады.  Сыра 
ашытқысы және бөрттірілген бидай да белок азығының маңыздысы. 
       
Соңғы 20 пайызының өзі үшке жіктеледі. Бірінші бөлігі табиғи крахмал – 
наннан,  күріштен,  бұршақтардан  алынады.  Екінші  бөлігі  табиғи  қант  – 
балдан,  шырындар  мен  кептірілген  жемістерден  алынады.  Үшінші  бөлігі 
табиғи қанықпаған майлар – күнбағыс, соя т.б. өсімдік майлары. 
    
Табиғи крахмал, қант және майлар – бұлар жоғары мөлшерде шоғырланған 
тамақ, сондықтан осыларды аздап, мөлшермен ғана қолданыңыз. 
 
 
 
 
Ет жемейтіндер етті жеуге қарсы 
        
Менің  тамақтану  жөнінде  маман  болғаныма  50  жылдан  астам  уақыт 
болды.  Осы  уақытта  ет  жемейтіндер  мен  ет  жейтіндер  арасында  толассыз 
айтыс жүріп жатыр. Екі жақта өздерінің көзқарастарын ғылми түрде негіздеп 
дәлелдеуде. Мен сізді ана жақты, мына жақты қолда деп үгіттемеймін. Осы 
тақырыпта жүздеген кітаптар жазылған. Маған келсек, тамақ туралы әңгіме 
болғанда «ешқашанда» деген сөзді өмірімде қолданбаймын. 
      
Ұзақ  жылдар  бойы  ашығу  бағдарламасымен  шұғылданғандықтан  және 
тамағымның  басым  бөлігі  жаңа  жұлынған  көкөніс  пен  жемістер  
болғандықтан,  менің  ағзамның  сезімталдығы  сонша  жетілген,  не  жеу 
керектігін , маған мүлт жібермей хабарлап отырады. Осы жылдарда мен ет, 
балық  жеуді  мүлдем  ұмытқанмын,  менің  тамағым  шикі  және  пісірілген 
көкөністер мен жеміс жидектер, жаңғақтар, дәндер, ашытқы мен бөрттірілген 
бидай тұқымы. Бірақта кей кездерде менің ағзам ет, балық, табиғи ірімшік, 
жұмыртқа  же  деп  айтады.  Басқаша  айтқанда,  менің  ағзамда  тамақ  таңдау 
болмысы  дамыған.  Кей  уақытта  4  –  5  жыл  бойы  ет,  балықты  аузыма  да 

 
56 
алмаймын,  бірақ  сонан  кейін  аздап  ет  пен  балық  же  деп  ағзам  хабарлайды. 
Осы ішкі даусым маған керемет көмектеседі. 
      
Өмір  сүру  салтым  бойынша  мен  ет  жемейтіндерденмін  (вегетерианец). 
Мен  жүздеген  бас  шошқа,  ірі  қара  өсіретін  фермада  тәрбиелендім,  оларды 
осы жерде соятын. Өлтіру мен үшін ең жеккөрінішті нәрсе. Мен ешуақытта 
да,  аңшылықпен  не  балық  аулаумен  шұғылданып  көрген  емеспін,  себебі 
кімнің  болмасын  да  ажалына  себепкер  болғым  келмейді.  Мен  адам  аяғы 
сирек басатын елдерде болған 13 жорыққа қатыстым, сонда ет жемейтін сұлу 
да,  сымбатты  түземдіктерді  көрдім.  Екінші  жағынан  таңқаларлық 
денсаулықтары  бар  етпен  ғана  тамақтанатын  түземдіктерді  де  көрдім.  Енді 
бірде оңтүстік теңізде саяхаттағанымда, жеміс – жидекпен қоса балық, құс, ет 
жейтін  керемет  адам  ұрпақтарының  да  өкілдерін  көрдім.  Сондықтан  да  ет 
жеу,  жемеу  көзқарасы  жөніндегі  дауда  бейтарап  бағытты  ұстанамын.  Өз 
ағзамды тазалай және жетілдіре отырып, оның тамақ таңдау қасиетінің дами 
түсетінін сеземін. 
 
 
 
 
Менің сүйікті жеті ұстазым 
      
Ағзаны  тазалау  және  тамақтану  жөнінен  ең  білгір  маманның  бірі, 
Денвердегі  медицина  докторы  Джон  Тилден.  Осы  ғұлама  ғалым  тарихқа 
ғажап дәрігер ретінде кірді. Оның емдеу әдісі ашығу мен көкөніс тамақтарын 
мол  қолданудан  тұрды.  Ол  90  жылдан  астам  өмір  сүріп,  өле  өлгенше  адам 
емдеумен шұғылданды. 
      
Енді  бір  шебер  дәрігер,  тамақтану  ілімінің  маманы,  медицина  докторы, 
даңқты Джон Харви Келлог, ол 60 жыл бойы Мичиган штатындағы белгілі 
демалыс үйі Ботлл Крикте мүдір болды. Доктор Келлог ет жемейтін мәзірмен 
шұғылданып,  талай  адамның  жазылуына  себепкер  болды.  Мен  доктор 
Келлогтың қол астында оқып үйрену бақытына ие болдым, осыны өмірімнің 
ерекше оқиғасы болғанын мақтаныш тұтамын. 
     
Ғасыр  басында  мен  дене  шынықтыру  қозғалысының  негізін  қалаушы 
Бернару  Макфэдденде  көмекші  болдым.  Макфедден  мырза,  алғашында  ет 
жемейтін  мәзірді  қолданып,  соңынан  ет  пен  балық  аралас  мәзірге  көшті. 
Аралас мәзірді жақтаған осы адам 88 жыл өмір сүрді. 
     
Адамдарды  табиғи  тамақпен  қажырлы  түрде  емдеген  көптеген 
мамандармен  маған  араласуға  тура  келді.  Өткен  ғасырдың  20  жылдары, 
алғашқылардың  бірі  болып  шикі  көкөністермен  адамдарды  емдеп  жазған, 
доктор Сент – Луи Эстеспен тізе қосып жұмыс істедім. 
      
Доктор Бенедикт Луст Америкада табиғи тамақтанудың негізін қалаушы. 
Ол  Нью  –  Йоркте  табиғи  тамақтанудың  үлкен  мектебін  ұйымдастырып, 
өзінің ілімін дүние жүзіне таратқан жүздеген шәкірттер тәрбиелеп өсірді. 
     
Доктор Генри Линдлараны «дәрісіз дәрігер» деп атады, ол бірінші болып 
алдын алу мен емдеуді табиғи әдіске көшірді.  
      
Профессор Арнольд Эрст, менің көзқарасымша тамақтану жөніндегі аса 
білгір маманның бірі болды. Ол етсіз тамақтану негізінде «маңқасыз мәзір» 
емдеу әдісін енгізді. Мен профессор Эреттің осы жүйесін қолданып 80 – 90 
жас  өмір  сүрген  көптеген  шәкірттерін  білемін.  Мен  бұлардан  басқа,  өзім 

 
57 
бірге жұмыс істеген тамақтану мамандарын айта аламын. Олардың кейбіреуі 
аралас  мәзірді,  екіншілері  таза  ет  жемейтінді,  басқалары  шикі  көкөніс 
мәзірлерін  ғана  насихаттады.  Бәріне  ортақ,  олар  тамақ  құрамына  біздің 
дамыған  қоғам  жасаған  өлі  тағамдарды  қоспауын  қалайды.  Енді  тамаққа 
қосуға болмайтын өлі тағамдардың тізімін келтірейін. 
 
Қатал  мәзір,  ағзаның  сырттан  келетін  барлық  келеңсіздіктеріне  қарсы 
қоятын  қаруы.  Сондықтан  да  ол  ыстыққа,  суыққа,  шаршауға  оңай  беріле 
қоймайды. Б. ФРАНКЛИН  
 
 
 
 
Жеуге болмайтын тағамдардың тізімі 
       
Рафинадталған  қант  және  оның  өнімдері:  джем,  мармелад,  балмұздақ, 
шербет, мұз кәмпит, сағыз, тәтті сусын, пирог, печенье, пудинг, тәттіленген 
жеміс шырыны, консервленіп сироп қосылған жемістер. 
-
 
кетчуп, горчица, ащы томат соусы, маринад, көк маслина; 
-
 
тұздалған тағамдар: шытырлақ картофель, тұздалған жаңғақтар т.б. 
-
 
ақталған күріштен дайындалған тағамдар;  
-
 
өндірісте  жасалған  дайын  тағамдар  жүгері  (кескіні),  осыған  ұқсас 
тағамдар 
-
 
қуырылған тағамдар; 
-
 
қанықтырылған  және  гидрогенизделген  майлар  (біздің  жүрегіміздің 
жауы); 
-
 
мақта майы бар тағамдар; егер қораптың сыртында «өсімдік майы» деп 
жазулы  тұрса,  алдымен  не  екенін  анықтап  алыңыз,  сонан  кейін  сізге 
керек пе, жоқ па біліңіз. 
-
 
маргарин (құрамында қанықтырылған және гидрогенделген май бар); 
-
 
арахис майы, құрамында гидрогенделген майы бары; 
-
 
кофе, шәй, мас қылатын спирттік ішімдіктер; 
-
 
темекі; 
-
 
шошқа еті және оның өнімдері; 
-
 
тұздалып кептірілген балықтың барлық түрі; 
-
 
кептіріліп тұздалып ысталған ет, шұжық, бекон; 
-
 
ыстық сосиска, нитратпен қанықтырылған басқа тағамдар; 
-
 
консервант  ретінде  қолданылатын,  құрамында  күкірт  тотығы  бар 
кептірілген жемістер; 
-
 
өсіргіш қолданған тауық еті; 
-
 
консервленген  көже  (этикеткасынан  құрамындағы  қант,  ұн,  крахмал 
т.б. оқыңыз); 
-
 
ұн  өнімдері  (ақ  нан,  бидай  ұны  қосылған  қара  бидай  наны,  печенье, 
пирожок, торт, вафли, макарон т.б.); 
-
 
бұзылған  ескі  жемістер,  ескіріп  кеткен  салаттар,  жылытып  әкелген 
картофель; 
-
 
дәрілермен  өзіңді  емдеу,  ешқандай  да  –  аспирин,  антигистамин, 
магнезин,  ұйықтататын  дәрі,  транквилизатор,  бромид,  ауру  басатын 

 
58 
дәрі. Сіздің өзіңізге өзіңіз дәрі тағайындайтындай мамандығыңыз жоқ. 
Салдары қауіпті болуы мүмкін. 
 
Ішімдік  мыңдаған  жігіттер  мен  қыздардың  денсаулығын  ұрлауда.  Өз 
денсаулығыңды, өмір күшіңді арақты араластырып түзеймін деп ойлама. 
Араққа тәуелді болып, өзіңді еш уақытта жақсы сезінбейсің. 
 
12 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Мен ашығу кезеңінде клизмаға қарсымын 
       
Мен  ашығу  жайында  көптеген  кітаптарды  оқып  шықтым, 
көпшілігінде  ашығу  барысында  күнделікті  клизма  жасауға  кеңес  береді. 
Менде  мүлдем  басқа  пікір.  Мен  клизмаға  қарсымын,  сондай  бір  ерекше 
жағдай болмаса. Ішек мүлдем жұмыс істемей қалғанда ғана қолдану керек, 
оның  өзінде  басқа  амал  жоқ  болса  ғана.  Клизманы  күшті  іш  өткізетін 
дәрімен салыстырсақ, өзіндік кемшіліктері болса да дәрі дұрыс. Дәріні жиі 
қолданса ол етті тітіркендіріп, ішекті қалыпты жұмыс істететін, ішектегі 
ас қорту жолының маңызды кілегей қабатын шайып кетеді. Ашығу кезінде 
біздің  ағзамыз  физиологиялық  тыныштықта  болады.  Ағзаға  тамақ 
түспегеннен  кейін,  ішектің  жиырылуы  тоқтайды.  Осы  кезеңде  шығару 
жүйесі  түгелдей  демалады,  сіз  оған  бөгет  жасамаңыз.  Ішектің  ішінде, 
ағзаның санитарлық залалсыздандыру жұмысын атқаратын қызметкерлері 
бар,  сондықтан  ашығу  кезінде  адам  уланбайды.  Осы  жайында 
мазасызданбай – ақ қойыңыз, клизма мен іш өткізетін дәріні қолданбаңыз. 
Ішектің  дем  алуына  бөгет  жасамаңыз,  сіз  осы  мақсат  үшін  ашығудасыз. 
Жалпы идеяның мақсаты мен нәтижесі, қуатты шығару жүйесіне демалыс 
беру.  Ашығу  барысында  анда  санда  үлкен  дәретке  отыруыңыз  мүмкін. 
Егер бұлай болмаса, ол сіздің уланып жатқаныңыз емес. Ашығу аяқталып 
табиғи тамақпен тамақтана бастағанда, ішек бұрынғы қалпынан да жақсы 
жұмыс істей бастайды. 
 
13 – 
ТАРАУ 
 
 
 
Тіліңіз еш уақытта алдамайды 
Сіздің  тіліңіз  сиқырлы  айна.  Сіздің  тіліңіз  арқылы,  ағзаңыз  бен 
клеткаларыңызда қанша мөлшерде улы заттардың шоғырланғанын білуге 
болады. Тіл асқазан мен бүкіл шығару жүйесінің айнасы. Сіздің ағзаңызда 
өңешіңізден  тік  ішегіңізге  дейін  созылған  он  метірлік  канал  бар.  Осы 
арада ылғал мен жылу жиналады. Біз жеген тамақтың барлығы осы канал 
арқылы  өтеді.  Өту  үшін,  әртүрлі  тамаққа  әртүрлі  уақыт  керек.  Осы  күні 
көптеген адамдар рафинадталған, ауыр, қышқылдандыратын тамақ ішеді. 
Олар  мол  мөлшерде  ақ  ұнды,  рафинадталған  қантты,  қанықтырылған 
майды  жейді.  Ішектен  тез  өту  үшін,  осы  өркенниетті  деген  тағамдарда 
қалыпты  ылғалдық,  түтілгіштік,  тығыздық  болмайды.  Мен  есептеймін, 
көптеген ауруды қоздырушы себепкер болып қалушы бар, ол тік ішектің 
бекітілуі  (запор).  Осыны  әртүрлі  себептермен  түсіндіреді,  менің 

 
59 
көзқарасымша,  ішкен  тамақ  пен  шыққан  дәрет  арасында  тепе  теңдік 
болмаса, тік ішек бекітіледі. Бұл көптеген аурулардың бастамасы. 
       
Біздің  кезімізде,  адамдар  қай  уақытта  болмасын  қанша  ішсем  де,  не 
жесем де зияны жоқ деп есептеуге әдеттенген. Бізді, қуатты болу үшін деп 
таңертең  тоя  ішуге,  іле  шала  екінші  таңғы  тамақ,  түскі  ас,  түстен  кейін 
кофе,  кешке  лықа  тою,  сонан  соң  теледидар  көріп,  тура  ұйықтардың 
алдында  тамақ  ішуге  үйретті.  Осыған  майлы  балмұздақ  араластырылған 
тұздалған жаңғақты қосыңыз. Бұл дегеніңіз, тамақ қорту ағымы тәулігіне 
6 қабаттан астам жүреді. 
       
Егер  таңертең  күніне  бір  қабат  қана  үлкен  дәретке  отырса,  шығару 
жүйесіне  қауіп  жоқ  деп  есептейді.  Өздері  тықпаштап  жеген  тамақ 
қалдықтарынан  арылу  үшін  бұл  жеткіліксіз.  Нәтижесінде,  тамақ 
қалдықтары  ішекте  қалады  да  ферменттік,  бактериялық  өзгерістерге 
ұшырап шіріп, ауыр ауруларға тап қылады. 
     
Адам    ағзасы  өте  сенімді,  мықты,  ол  тамақпен  келген  артық  зиянды 
заттардан  құтыла  алады.  Бірақта  адамдарды  дұрыс  тамақтанбайсың, 
күніне бір қабат үлкен дәретке отыру жеткіліксіз, тік ішегіңіз бекітілген, 
осының  арты  жамандыққа  апарады  деп  сендіру  қиын.  Осыларды  алдын 
ала  ескертетін  бір  белгі  бар,  ол  ішегімізде  қанша  улы  заттардың  божып 
жатқанын тура айтатын – тілің. 
      
Егер  2  –  3  тәулік  таза  сумен  ашықсаңыз  «сиқырлы  айна»  -  тілің  – 
ағзаңызға  қандай  қатер  төніп  тұрғанын  айтып  береді.  Тілді  жаман  иіс 
бөлетін, ақ қоймалжың улы зат басып алады. Ақтаңдақты сыпырып алып 
тастаңыз,  бірнеше  сағаттан  кейін  қайта  пайда  болады.  Бұл  ағзаңыздағы 
улы  заттардың,  қалдықтардың,  маңқаның  бүкіл  ағзаның  клеткаларына 
шоғырланып  жиналған  тура  көрсеткіші,  осылар  ашыққан  кезде 
асқазанның, ішектің т.б. мүшелердің ішкі бетінен бөлініп шығады. 
     
Қалыпты кезде саумын деп жүрген адам, өзінің ішінде улы заттардың 
мол мөлшерде екенін білгенде сенгісі келмейді. Менің пікірімше, көптеген 
аурулардың  себебі,  ас  жүретін  ішектің  бекітілуінде,  тіпті  дем  алатын 
мүшенің  қан  тамырлары  аурса  да.  Зиянды  қалдықтар  ішекпен  сорылып 
алынып, ағзаның барлық жүйесін улайды. 
     
Табиғат  ағзада  мол  мөлшерде  улы  заттардың  барын,  ашыққан  кезде 
тілдің  бетін  ақтаңдақ  қоймалжыңмен  жауып  көрсетеді.  Өмірлік  маңызы 
бар бүйрек, бауыр бездерінің құрлысы сорғышты еске түсіреді. Тесіктері 
толып  тұрған  сорғышты  көз  алдыңызға  елестетіңізші.  Мен  өз  өмірімде 
ашығудың  жүздеген  жайын  бақыладым.  Америкалық  қалыпты  тамақты 
жеп,  адамдардың  қаншама  улы  заттарды  ағзасына  шоғырландырып 
жатқанын білемін.  Адамға  суық тиді делік.  Ол тоқталып ойлануы керек, 
неге танауы мен тамағы арқылы көп маңқа мен сұйық бөлініп жатыр. Ал 
адамның ағзасы өкпедегі, бүйректегі, өттегі жиналған улардан тазалануға 
мәжбүр, өзіндік қиыншылықтан осылай құтылуда. 
      
Егер  өзіңіз  жайлы  кеңірек  білгіңіз  келсе,  мұқият  тіліңізді  тексеруден 
бастаңыз. Тіл – дененің әр мүшесінің ауру не сау екенін көрсететін мүше. 
«Сиқырлы  айна»  сізді  ғажап  денсаулыққа  жетелейтін  жұлдызыңыз. 

 
60 
Неғұрлым  дұрыс  ашығып,  дұрыс  тамақтансаңыз  соғұрлым  тіліңіз  тазара 
береді. Таза тіл – сіздің аурмайтын, шаршамайтын, қартаймайтын өмірге 
бет бұрғандығыңыздың белгісі. 
       
Адам  кәріліктен  өлмейді,  неге  десеңіз  кәрілікке  тән  ауру  болмайды. 
Көптеген аурулар жас, кәрі деп таңдап жатпайды. Осы аурулардың басым 
бөлігі  ағзада  улы  заттардың  мөлшерден  тыс  шоғырланып  жиналуынан 
болады. Ашығумен және табиғи тамақтанумен өз ағзаңызды таза ұстаңыз. 
Сіздің  тіліңіз  бен  кіші  дәретіңіз  ішкі  тазалығыңыздың  жолын  көрсетеді. 
Ашығу  барысында  тіліңіз  бен  кіші  дәретіңізді  мұқият  қадағалап 
отырыңыз. 
 
Адам  ағзасы  физика,  химия  заңдарына  сәйкестендіріліп  жасалған.  Олар 
ешуақытта өзгермейді. Бұл заңдар әрбір жүйкеге, әрбір талшыққа, әрбір 
мүшеге  жазылған.  Бұл  заңдар  клеткаларды,  талшықтарды,  мүшелерді 
басқарады және әрқайсысына міндеттерін бөліп берген. Бұл заңдар бүкіл 
ағзаны аралайтын жүйке жүйесі арқылы әрекет  етеді, жүйке жиілігін 
тудыратын  және  санаға  тікелей  бағынбайтын  талшық  жүйке  жүйесі 
арқылы да заңдарды іске асырады. 
 
 
 
ХЕНРИ У. ВОЛЛМЕР, медицина докторы 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет