KK
(Ағылшын тілі)
Лицензиялық келісім
Төмендегі шарттар ЗМ Молекулярлық диагностика жүйесінің сатылуына қойылады және сізден
бағдарлама лицензиялық келісім сұрайды:
ЗМ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ
3M
™
МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ДИАГНОСТИКА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛЫ
БҰЛ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІМ ("КЕЛІСІМ") СІЗ БЕН ("СІЗ" немесе "ҚОЛДАНУШЫ") 3M КОМПАНИЯСЫ
("3M") АРАСЫНДАҒЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛҒАН ЗАҢДЫҚ
КЕЛІСІМ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. "МЕН КЕЛІСЕМІН" ТҮЙМЕСІН БАСА ОТЫРЫП ОСЫ АРҚЫЛЫ жҮКТЕУ
жӘНЕ/НЕМЕСЕ ОРНАТУ, КӨШІРУ БОЛМАСА БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚА АМАЛМЕН ПАЙДАЛАНУҒА
ҚОЙЫЛЫЛАТЫН ТАЛАПТАРҒА КЕЛІСЕТІНІМДІ РАСТАЙМЫН. ЕГЕР СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМДІ КОМПАНИЯ
АТЫНАН ҚАБЫЛДАЙТЫН БОЛСАҢЫЗ НЕМЕСЕ БАСҚА ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АТЫНАН КЕЛІСІМ
СҰРАЛҒАНДА ОСЫ КЕЛІСІМГЕ БАҒДАРЛАМАНЫ ҚОЛДАНАТЫН СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ КЕЛІСІМДІ ҚАТАҢ
САҚТАУҒА КЕПІЛДІК БЕРСЕҢІЗ "СІЗ", "СІЗДІҢ ӨКІЛДЕР" жӘНЕ "ҚОЛДАНУШЫ" ОСЫНДАЙ ЗАҢДЫ ТҰЛҒА
БОЛЫП ТАНЫЛАСЫЗДАР. ЕГЕР СІЗДЕ МҰНДАЙ ӨКІЛЕТТІЛІК БОЛМАСА НЕМЕСЕ СІЗ ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ
ШАРТТАРЫНА ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРЕТІН БОЛСАҢЫЗ МЕН КЕЛІСПЕЙМІН ТҮЙМЕСІН БАСУ КЕРЕК, МҰНДАЙ
жАҒДАЙДА ЗМ МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ДИАГНОСТИКА жҮЙЕСІН ҚАЙТАРЫП, ОРНЫНА ӨТЕМІҢІЗДІ ҚАЙТЫП
АЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ жЕРГІЛІКТІ ЗМ САТУ АГЕНТІНЕ жҮГІНІҢІЗ.
1. ЛИЦЕНЗИЯ
Қолданушының ЗМ үшін өтем жасап, иелігіне алған ЗМ өніміне қатысты кепілдендірілген бірақ басқа
тұлғаларға берілмейтін құқықтары мынадай: (a) белгілі бір мемлекеттің ішінде, өзінің дербес бизнесі үшін
3M Moлекулярлық диагностика бағдарламалық құралын пайдалану, нысанның коды ЗМ Молекулярлық
диагностика бағдарламасының сипаттамасына енгізілген болуы шарт, бағдарламалық құрал тек
осы аталған 3M Moлекулярлық диагностика жүйесінің жабдықтарымен үйлестіріп қана пайдалану
(бағдарламаның өзі, қолданушысына арналған барлық құжаттары және барлық нұсқалары, жаңартылған
нұсқалары мен ЗМ қолданушысына ұсынылатын қатысты жабдықтар "Бағдарламалық құрал" деп
аталады); (b) осы қолданушының Келісімі бойынша бағдарламалық құралдың рұқсатталған бір ғана
резервтік көшірмесінен артық көшірме жасамау; және (с) бағдарламаға қатысты құжаттардың көшірмесін
тең іштей қолданыс үшін ғана жасау. Қолданушы бағдарламаның немесе оның құжаттарының қандай да
бір кқшірмесін жасамауға міндеттенеді. Бұл келісімдегі ешқандай құқықтар қолданушыға бағдарламалық
құралдың ең бастапқы кодын алу және тарату құқығын бермейді. Осы Келісімнің мақсаттарына орай 3M
Moлекулярлық диагностика жүйесі қатарына 3M Moлекулярлық диагностика құралы, Бағдарламалық құрал
және 3M компаниясы жеткізетін басқа да қосалқы жабдықтар және 3M Moлекулярлық диагностика жүйесін
қолдану бойынша ұсынылған Нұсқаулық жатады ("Қолданушының құжаттары").
2. ИЕЛІК ҚҰҚЫҚТАРЫ
Тараптар аталған БҚ ЗМ/немесе олардың лицензия берушілерінің ерекше иелігі болып табылатындығын
мойындайды. Қолданушы бағдарламадан немесе оған қатысты құжаттардан жасап алған кез келген
көшірме туралы оның авторлық құқығына ие тұлғаларына мұндай қолданушылық әрекеттер туралы
хабарлама жасауға мінндеттенеді.
3. ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ШЕКТЕУЛЕР
Қолданушы бағдарламалық құралды жалдауға бермеуге, қосымша лицензияламауға, сатпауға,
өзгертпеуге немесе қайта жасақтамауға, болмаса бағдарламалық құралды басқа тілге аудармауға міндетті.
Қолданушы бағдарламалық құрал пайдаланылатын жерден тыс және оған қатыссыз тұлғаларға оның
қандай да бір бөліктерін бермеуге, экранда пайдаланушыға көрініп тұратын дағдылық мәліметтерден
басқа деректермен бөліспеуге, компаниядан тыс жерге желі немесе басқа амалдармен таратпауға
міндеттенеді.
4. ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК
3M Food Safety жабдығының ("жабдық") құрамына ЗМ Молекулярлық диагностика жүйесінің құралы және
тиісті Орнату және пайдалану нұсқаулықтарында ("Пайдаланушы құжаттамасы") сипатталған 3M жеткізіп
берген кез келген Бағдарламалық құрал мен басқа да құрамдас бөліктер кіреді.
ШЕКТЕУЛІ КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ
3M компаниясы жабдық жеткізілген күннен бастап бір жыл ішінде негізінен Пайдаланушы құжаттамасына
сәйкес жұмыс атқаратынына кепілдік береді. ОСЫ КЕПІЛДІК МЫНАДАЙ жАҒДАЙЛАРДА жАРАМСЫЗ
БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ: (А) ЕГЕР жАБДЫҚ зм ӨКІЛЕТТЕНБЕГЕН ТҰЛҒАЛАРМЕН жӨНДЕЛЕТІН БОЛСА;
НЕМЕСЕ (В) жАБДЫҚ ТИІССІЗ ТҮРДЕ ӨЗГЕРТІЛГЕН, ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН БОЛСА; НЕМЕСЕ (С) жАБДЫҚТАР
МЕН ҚҰРАЛДАР, МӘСЕЛЕН СЫНАМА АЛЫНАТЫН ӨНІМДЕР, ҚУАТТАНДЫРУ БЛОГЫ, БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ҚҰРАЛДЫҢ БАСҚА ДА ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАМДАСТАРЫ ЗМ КОМПАНИЯСЫМЕН НҰСҚАЛМАҒАН БОЛСА;
99
KK
(Ағылшын тілі)
НЕМЕСЕ (D) жАБДЫҚТАР НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР БӨЛІКТЕРІ БАСҚА МАҚСАТТАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
БОЛСА (БАСҚА ПЛАТАЛАРҒА ҚОСЫЛСА НЕМЕСЕ ӨЗГЕ БАҒДАРЛАМАМЕН БІРГЕ ҚОЛДАНЫЛСА)
НЕМЕСЕ (E) ҚҰРАЛ НЕМЕСЕ ҚОСЫМША жАБДЫҚТАРЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҰСЫНЫЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚҚА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛМАСА. ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНБАСА, ОСЫ КЕПІЛДІК БАРЛЫҚ
БАСҚА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ жАНАМА КЕПІЛДІКТЕРДІ, СОНЫҢ ІШІНДЕ, БІРАҚ ОНЫМЕН ШЕКТЕЛМЕСТЕН,
БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА жАРАМДЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ жАНАМА КЕПІЛДІКТІ, САТУҒА жАРАМДЫЛЫҚҚА
ҚАТЫСТЫ жАНАМА КЕПІЛДІКТІ НЕМЕСЕ МӘМІЛЕ жАСАУ НЕМЕСЕ АТҚАРУ, жҮРГІЗУ НЕМЕСЕ
ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА ТУЫНДАЙТЫН КЕЗ КЕЛГЕН жАНАМА КЕПІЛДІКТІ АЛМАСТЫРАДЫ. 3M
КОМПАНИЯСЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАТЕСІЗ жҰМЫС ІСТЕЙТІНІНЕ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙДІ.
Егер жеткізіп бергеннен кейін бір жыл ішінде жабдық жоғарыда берілген тікелей кепілдікке сай болмаса,
3M компаниясының ұйғаруы бойынша 3M компаниясының жалғыз жауапкершілігі мен Пайдаланушының
жалғыз құқық қорғау шарасы мынадай болады: 1) сәйкес келмейтін құрамдастарын жөндеу немесе
алмастыру; немесе 2) сатып алу құнын қайтару.
5. ҚҰПИЯЛЫҚ
Тараптар бағдарламалық құралға және оның қызметтеріне, орындайтын әрекеттеріне және
мүмкіндіктеріне қатысты ақпараттың құпия болып танылатындығына, олардың ЗМ құпия қызметтік
ақпараты екендігіне келіседі ("Құпия ақпарат"). Қолданушы құпия болып танылған ақпаратты қатаң құпия
ретінде сақтауға, оларды осы Келісімде қарастырылмаған жағдайдардан өзге кездерде жарияламауға
міндеттенеді. Қолданушы құпия ақпаратты өзінің осы бағдарламамен жұмыс жасауға тікелей қатысы бар
және аталған құпия ақпараттарды сақтауға келісім беретін тұлғаларына, агенттеріне немесе лауазымды
тұлғаларына ғана айтуға келіседі, егер мұндай жағдай осы Келісіммен рұқсатталған болса. Қолданушы
кез келген құпия ақпаратты құпия ретінда сақтауға міндетті емес, егер мұндай ақпараттар қоғам үшін
басқа қолданушылардың кінәсінен мәлім болса немесе мұндай ақпарат қолданушыға ЗМ Келісім жасаған
уақытқа дейін мәлім болса. Қолданушының осы нұсқаулықтың 5 бөліміне қатысты міндеттемелері осы
Келісім жасалған уақыттан бастап 5 жыл бойы сақталады.
6. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ШЕКТЕУЛІЛІГІ
ЗАҢМЕН ТЫЙЫМ САЛЫНБАСА, 3M КОМПАНИЯСЫ ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА ТІКЕЛЕЙ, ТІКЕЛЕЙ
ЕМЕС, жАНАМА, ҚОСЫМША НЕМЕСЕ ҚОСАЛҚЫ ЗИЯНДАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ, МЫСАЛЫ, ПАЙДАНЫҢ,
БИЗНЕСТІҢ, ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ НЕМЕСЕ МҮМКІНДІКТЕРДІҢ жОҒАЛУЫ ТУРАЛЫ ХАБАР ЕТІЛГЕН
БОЛСА ДА, 3M КОМПАНИЯСЫ МҰНДАЙ ЗИЯНДАР ҮШІН ПАЙДАЛАНУШЫНЫҢ НЕМЕСЕ БАСҚАЛАРДЫҢ
АЛДЫНДА жАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ. Тараптар барлық себептер бойынша келген тікелей зияндар үшін
Пайдаланушының алдындағы 3M компаниясының жалпы жиынтық жауапкершілігі, қайсысы жоғары
екендігіне қарай, жүз доллардан немесе жабдық үшін төленген бағадан аспайтынына келіседі. Кейбір
штаттарда немесе елдерде жоғарыда көрсетілгеннен басқа жауапкершілік құқықтарын талап ететін заңдар
болуы мүмкін. Мұндай штатта немесе елдерде, ең төменгі міндетті жауапкершілік шарттары қолданылады.
Қызмет сұрау үшін, қызмет көрсету орталығынан Қайтарылған материалды куәландыру (RMA) нөмірін
сұрауыңыз керек. 1-800-328-1671 нөміріне қоңырау шалыңыз.
7. ТОҚТАУЫ
Бұл Келісім өзінің күшін мынадай жағдайларда жояды (а) Қолданушы келісім шарттарын бұзса және
осындай шарт орындамаушылық салдарын 30 күн ішінде ЗМ ол туралы мәлім хат алғаннан кейін жоя
алмаса; немесе (b) Қолданушы бағдарламалық құралды пайдаланудан бас тартса. Осы Келісімнің әрекет
мерзімі аяқталғаннан кейін себептің түріне қарамастан қолданушы ЗМ компаниясына бағдарламалық
құралдың барлық көшірмелерін қайтаруға міндетті.
8. НАРАЗЫЛЫҚТАР
ЗМ қолданушылардан түсетін кез келген наразылықтар мен арыз - шағымдарды өз есебінен реттеп,
қарастыратын болады, ол бағдарламалық құралдың АҚШ патенттік талаптарын бұзбайтындығын немесе
авторлық құқыққа қайшы келметіндігін дәлелдеуі керек, қолданушылар орын алған наразылық туралы ЗМ
жедел арада хабар берген болса аталған қорғау әрекеттеріне қатысты барлық шығындарды компания
өз мойнына алады. Наразылықты шешу үшін немесе реттеу үшін ЗМ қолданушы үшін бағдарламалық
құралды пайдалану мерзімін ұзартады, бағдарламаны алмастырады немесе өзгертіп береді, егер
ЗМ пікірі бойынша бағдарламалық құрал құнын жоғалтса да Қолданушыдан қайтарып алып, ол үшін
төленген өтемді қайтаруға міндетті. ЗМ компаниясы орын алып отырған жарамсыздақтар бағдарламалық
құралды пайдалану шартының бұзылуы салдарынан, басқа бағдарламалармен бірлестіре пайдалану
нәтижесінен немесе ЗМ өндірісінен болып табылмайтын басқа жабдықтармен жұптастырылып пайдалану
салдарынан пайда болса, бағдарламалық құрал нұсқаулықта қарастырылған мақсаттардан өзге
мақсаттарға қолданылса қолданушы алдында ешқандай жауапкершілікті мойнына алмайды. Бұл ЗМ-нің
100
KK
(Ағылшын тілі)
қолданушылар алдындағы үшінші тұлғалардың патенттері мен авторлық құқықтың бұзылуы бойынша
жалғыз жауапкершілігі.
9. ЕСЕПАҚЫ
Қолданушы ЗМ, оның лауазымды тұлғаларының, директорларының, қызметкерлерінің, агенттерінің,
еншілес немесе тәуелсіз қоғамдарының, сондай-ақ мұрагерлері мен құқық қабылдаушыларының
("ізбасарларының") алдында төмендегі жағдайлар салдарынан пайда болатын кез келген нарызылықтар,
жауапкершіліктер, шығындар, шығыстар, кепілдіктер, айыппұлдар мен қарыздар бойынша жауап беруге
міндетті: (а) Қолданушы осы Келісімді бұзса; (b) 3M Moлекулярлық диагностика бағдарламалық құралы
сәйкессіз пайдаланылса; (d) Қолданушы ЗМ Молекулярлық диагностика бағдарламалық құралын
қолданушының құжаттарына сай орындаудан бас тартқан болса және (c) Қолданушы әрекет етуші заңдар
мен ережелерді бұзса, соның ішінде АҚШ қабылданған өнеркәсіп пен медикаменттерге қатысты жергілікті
қаулылар мен ережелер де бар.
10. АРНАЛЫМЫ
Қолданушы бұл Келісімді немесе онда қарастырылған қандай да бір мүдделік құқықтарды өз пайдасына
ЗМ компаниясына алдын ала жазбаша мәлімдеме жасаусыз пайдалана алмайды.
11. ТОЛЫҚ КЕЛІСІМ
Қолданушы осы Келісімнің Қолданушы мен ЗМ арасындағы қолданылатын өнімге қатысты толық шарт
екендігіне келіседі. Бұл келісім Қолданушы мен ЗМ арасында алдын ала жасалған барлық ауызша немесе
жазбаша келсімдерді алмастыра алады. Егер бұл Келісімнің қандай да бір талаптары сот ұйғарымы
бойынша жарамсыз немесе орындалмайтын болып танылса мұндай шарты қайта қарастырылады, ал
келісімнің қалған бөлігі еш өзгеріссіз сақталады.
12. ҚОЛДАНУШЫЛЫҚ ҮКІМЕТ
Бұл бап осы бағдарламалық құралды пайдаланушылардың барлығына бірдей қатысты, соның ішінде
Америка Құрама Штаттарының федералдық үкіметтік ұйымдары, олардың қандай да бір мердігерлері
мен қосалқы мердігерлері (кез келген деңгейдегі) де бар, Америка Құрама Штаттарымен шарт, Құрама
Штаттардың түрлі округтарымен келісімдер, серіктестік туралы мәміле жасалатын болады. Осы
бағдарламаның жеткізілуін қабылдай отырып Америка Құрама Штаттарының федералдық үкіметі осы
бағдарламалық құралды "коммерциялық" компьютерлік бағдарлама ретінде таниды, оны сатып алуға
қатысты қаржылық талаптар мен ережелер қатаң сақталады. Бұл лицензияның шарттары Үкіметтің
бұл бағдарламаны пайдалануын және өзара таратуын рұқсаттайды, ал кез-келген қайшы шарттарын
алмастырады. Егер бұл лицензия Үкіметтің талаптарына сай келмесе немесе Федералдық заңдармен
келісімсіз болса және Америка Құрама штаттарының үкіметтік ұйымдары талабына сай келмесе бұл
бағдарлама ЗМ-ға FAR және DFARS тармақтарына сәйкес қайтарылады. FAR 52.212-4, "шарт талаптары
– Коммерциялық өнімдер," және FAR 52.212-5, "жарғыны немесе қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шарт
талаптары – комеерциялық өнімдер," осы Келісім күшіне енген уақыттан бастап жарамды болып саналады
және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. Егер бұл Келісім қауіпсіздік департаментімен
мақұлданған болса, DFARS 252.212-7001, "жарғыны немесе қаулыны жүзеге асыру үшін қажетті шарт
талаптары - коммерциялық өнімдерді сатып алу қауіпсіздігіне қатысты талаптар," осы Келісім күшіне енген
уақыттан бастап жарамды болып саналады және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
13. ҮКІМЕТТІК ЗАҢ
Бұл Келісім түрлі Миннесота штатының шарт талаптары және оларды орындау заңына сәйкес талданады.
Осы Келісімге қатысты немесе соның салдарынан туындайтын кез-келген әрекеттер болмаса даулы
жағдайлар тек мемлекеттік және федералдық соттарда, Миннесота штатының Рэмси қаласының құзіретті
сотында қарастырылып, шешілетін болады. Бұл Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымының 1980 жылы қабылдаған
тауарды халықаралық сату-сатып алу шартымен реттелмейді.
Сіз ЗМ Молекулярлық диагностика жүйесін пайдалану үшін Келісімді қабылдауыңыз керек. Егер Сіз
шарттарға келісуге дайын болмасаңыз ЗМ агентімен жабдықты қайтарып, төлеміңізді қайтып алу үшін
хабарласыңыз.
KK
(Ағылшын тілі)
3M United States
3M Center
Bldg. 275-5W-05
St. Paul, MN 55144-1000
USA
1-800-328-6553
3M Canada
Post Offi ce Box 5757
London, Ontario N6A 4T1
Canada
1-800-563-2921
3M Europe and MEA
3M Deutschland GmbH
Carl-Schurz - Strasse 1
D41453 Neuss/Germany
+49-2131-14-3000
3M Latin America
3M Center
Bldg. 275-5W-05
St. Paul, MN 55144-1000
USA
1-954-340-8263
3M Asia Pacific
No 1, Yishun Avenue 7
Singapore, 768923
65-64508869
3M Japan
3M Health Care Limited
33-1, Tamagawadai 2-chrome
Setagaya-ku, Tokyo
158-8583, Japan
81-570-011-321
3M Australia
Bldg A, 1 Rivett Road
North Ryde, NSW 2113
Australia
61 1300 363 878
3M Health Care
2510 Conway Ave
St. Paul, MN 55144 USA
www.3M.com/foodsafety
© 2011, 3M. All rights reserved.
3M is a trademark of 3M. Used under license in Canada.
34-8708-6515-0
3M
3M Food Safety
Достарыңызбен бөлісу: |