«Самұрық–Энерго
»
АҚ
біріктірілген жылдық есебі
2015
1
Мазмұны
01.
Есеп туралы
02.
Директорлар кеңесі Төрағасының арнау сөзі
Басқарма Төрағасының арнау сөзі
03.
Қызметтің негізгі көрсеткіштері
04.
Компания туралы
Миссия, пайымдау және құндылықтар
Бизнес моделі
Даму стратегиясы
Бизнесті трансформациялау
2015 жылдың негізгі оқиғалары
Халықаралық ынтымақтастық
Активтердің құрылымы
Жаңа компанияларды қайта құрылымдау, қайта құру және сатып
алу
Активтерді жекешелендіру
05.
Салаға шолу
Электр энергиясы нарығы
Көмір нарығы
Қоғамнның нарық жағдайындағы SWOT-талдауы
06.
Қызмет нәтижелері
Өндірістік қызмет
Еншілес және тәуелді ұйымдар туралы ақпарат
Қаржылық нәтижелер
Компания қызметінің нәтижелеріне жасалған менеджмент талдауы
(MD&A)
Инвестициялық қызмет
Инновациялық қызмет,энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді
арттыру
07.
Корпоративтік басқару
Корпоративтік басқару құрылымы
Акционерлер туралы ақпарат
Директорлар кеңесі
Басқарма
Корпоративтік басқару кодексі
Қойылған мақсаттарды орындауға мониторинг жүргізу рәсімдері
Сақтық қағидаттары
Хартиялар мен бастамаларға қатысу
Мүдделерді қорғау жөніндегі қауымдастықтарға және/немесе
ұлттық және халықаралық ұйымдарға мүшелік
2
Омбудсмен: Жанжалдарды басқару
08.
Тәуекелдерді басқару жүйесі және Сапаны басқару
09.
Орнықты даму
Экологиялық факторлар
Әлеуметтік факторлар
Экономикалық факторлар
Қоғаммен өзара іс-қимыл жасау
Өнім үшін жауаптылық
10.
Сыртқы аудиторлық ұйым туралы ақпарат
Сыртқы аудиторды таңдау критерийлері
Аудиторлық ұйым туралы ақпарат
Тәуелсіз аудитордың қорытындысы
11.
Қаржы есеп-қисабы
Пайда мен залал және жиынтық табыс туралы шоғырландырылған
есеп
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есеп
Ақша қаражатының қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
12.
Қосымшалар
Пайдаланылатын қысқартулар
Есептің GRI нұсқауына сәйкестілік кестесі
Байланыс ақпараты
3
Есеп туралы
Осы біріктірілген есеп (бұдан әрі — Есеп) «Самұрық-Энерго» АҚ (бұдан әрі —
Компания немесе Қоғам) компания қызметі туралы мәнді деректерді көрсетеді. Есеп
барлық мүдделі тараптарға «Самұрық-Энерго» компаниялар тобының 2015 жылғы 1
қаңтардан 31 желтоқсанды қоса алған мерзімде атқарған қызметінің нәтижелері мен
жеткен жетістіктерін көрсетеді. Қоғамның осы Есепте көрсетілген 2015 жылдың 31
желтоқсандағы жағдай бойынша 2015 жылғы және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы
жағдай бойынша 2014 жылғы есебі ТОО «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС («PwC»)
тәуелсіз аудитінің нәтижесі болып табылады.
Осы Есеп аясында компанияның экономикалық қызметі, орнықты даму, қаржы-
операциялық нәтижелер мәселелері бойынша ақпарат келтірілген. Ақпарат пен сандық
мәліметтер 2015 жыл үшін берілген, алайда көрсеткіштер бойынша берілген ақпаратты
салыстыру мен оларға талдау жасаған кезде қолдануға болатын тұстарда 2013 және 2014
жылдардың да деректері пайдаланылды.
Қоғамның қаржылық емес есептерін қалыптастыру тарихы 2010 жылдан бастау
алады. 2010 жылы Қоғамның 2009 жылы атқарған қызметінің қорытындысы бойынша
бірінші есебі жарияланды.
2011 жылы Қоғам Жылдық есеппен қатар «Самұрық-Энерго» компаниялар
тобының орнықты дамуы туралы есепті жариялады, ол 2010 жылдың 1 қаңтарынан 31
желтоқсанды қоса алғандағы кезеңді қамтиды. Алдыңғы Біріктірілген жылдық есептің
жарияланымы 2015 жылы мамырда өтті.
Қоғам Біріктірілген есепті жыл сайын дайындауды жоспарлайды.
Есеп мазмұнын анықтау үдерісі
Осы есеп «Есептілік бойынша ғаламдық бастама» (бұдан әрі – G4 нұсқасының GRI)
есебін дайындау қағидаттарын ескере отырып, электр энергетикасы (Electric utility, EU)
саласындағы GRI салалық хаттамасына, БҰҰ Жаһандық шарты есептілігінің
талаптарына, сондай-ақ Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес
әзірленді. Есепке кесте қоса берілді, онда Есептегі стандартты элементтердің орналасу
реті көрсетіледі (2-қосымшаны қараңыз: Есептің GRI нұсқауына сәйкестілік кестесі).
Есептің қамту саласы мен шекараларын шектеу
Қоғам басқарушы компания болып табылады, ол өндіру қызметімен айналыспайды,
сондықтан оның қоршаған ортаға тигізетін ықпалы да елеусіз болады. Осы есепте
орнықты даму саласындағы көрсеткіштерді толық ашу мақсатында 38 еншілес және
тәуелді ұйымнан тұратын «Самұрық-Энерго» компаниялар тобы (бұдан әрі –
Компаниялар тобы немесе Холдинг) бойынша шоғырландырылған ақпарат ұсынылған.
Мына ұйымдардың жөні бөлек:
«Forum Muider B.V. » – басқарушы компаниясы, «РУСАЛ» ЖАҚ – пен
бірлескен кәсіпорын (50 % СЭ);
Mersal Coal Holdings Ltd, Manetas Coal Holdings Ltd, Grasedol Coal Holdings Ltd,
Bleson Coal Holdings Ltd, GROUCH ESTATE Ltd, ALLOYAL Limited, WEXLER
4
LTD, METTLERA CORPORATION LTD, «ЭнергоТрейдУголь» ААҚ,
«Ресурсэнергоуголь» ААҚ – «Forum Muider B.V.» еншілес компаниялары;
«Бұқтырма ГЭС» АҚ, «Шүлбі ГЭС» АҚ және «Өскемен ГЭС» АҚ– жалға
берілген және концессияда;
Есепке енгізілген көрсеткіштерді және басқа ақпараттарды дайындау үшін
пайдаланылған болжамдар мен әдістемені қоса алғандағы мәліметтер мен
есептеулерді өлшеу әдістері
Дерек көздері мемлекеттік статистика органдарына жыл сайын берілетін ресми
есептілік нысандары болып табылады. Көрсеткіштердің бірқатары ішкі аудит рәсімдері
аясында компанияның жауапты өкілдері тексеретін ішкі есептілік нысандарына сәйкес
жиналып, есептеледі.
Қоғамның Есебінде ұсынылған өндірістік, әлеуметтік және экологиялық
көрсеткіштерді есептеу, жинау және шоғырлау есептілік қағидаттарына және GRI
Орнықты даму саласындағы есептілік жөніндегі нұсқаудың 4 нұсқасының
ұсынымдарына (Global reporting initiative, GRI G4) және Қоғамның корпоративтік
басқару рәсімдеріне сәйкес жүргізілді. Орнықты даму саласындағы көрсеткіштердің әр
санаты бойынша сандық мәліметтердің қате берілу ықтималдығы барынша азайтылды.
Қатынастар мен үлестік шамалар абсолютті мәндермен толықтырылған. Сандық
мәліметтер жалпыға бірдей қабылданған өлшем бірліктерін пайдалану арқылы
көрсетілген және стандартты коэффиценттердің көмегімен есептелді.
Болашаққа қатысты мәлімдеме
Есепте болашаққа қатысты келтірілген мәліметтер болжамдық сипаттағы
ақпаратқа негізделген. «Жоспар» белгісі бар «санайды», «болжайды», «күтеді»,
«бағалайды», «көздейді», «жоспарлайды» секілді сөздер мен осы секілді сөздер бұл
жағдайда әңгіме болжамдық мәлімдеме туралы болып тұрғанын көрсетеді. Нақты
нәтижелердің жоспарлы және мақсатты көрсеткіштерден, күтілетін нәтижелерден,
болжамды мәлімдемелердегі бағалар мен ниеттерден айтарлықтай айырмашылықтары
болуы мүмкін. Болжамдық мәлімдемелер Есеп жарық көрген күнге ғана жарамды.
Компания болжамды мәлімдемелердегі күтілетін қызмет нәтижелеріне іс жүзінде қол
жеткізілетініне кепілдік бермейді, сондықтан олар неғұрлым ықтимал немесе типтік
сценарий ретінде қаралуға тиіс емес және қарала алмайды.
Директорлар кеңесі төрағасының кіріспе сөзі
Құрметті оқырмандар!
2015 жыл қабылданатын шешімдердің сипатына өзінің әсерін тигізген қарама-
қайшы оқиғаларға толы болды. Жаһандық экономиканың құлдырауы барысында
басқару жедел қауап қатуды талап етті. Стрестік жағдайлар – қуаттың артық өнділіріп,
5
оны тұтынудың азаюы, көмірге сұраныстың кемуі, валюта дәлізінің өзгеруі – бизнестің
барлық резервтері мен әлеуетін пайдалануға ынталандырды.
Компанияның Директорлар кеңесінің атынан 2015 жылғы жұмыс нәтижесінің
жоғары болғанын атап өткім келеді. Қызмет тиімділігін жақсарту мақсатында
операциялық және инвестициялық шығындарды оңтайландыру бойынша іс-қимылдар
жасалды, соның нәтижесінде операциялық пайда 46 млрд. теңгеге жетті, бұл 2014
жылғы деңгейден болғаны 3%-ға төмен. Шоғырландырылған қорытынды залал 77, 8
млрд. теңгені құрады, бұл шығындардың бағамдық айырмасындағы көрініске
байланысты.
Жағдайды нақты бағалау және прагматикалық тұрғыдан есеп жасау – нақ осы
ұстанымға сүйене отырып, «Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесі 2015 жылы
қазанда 2025 жылға арналған ұзақ мерзімді Даму стратегиясын қабылдады, ол Қазақстан
нарығының тиімді операциялық холдингін, көшбасшысын құруға бағытталған.
Компанияның миссиясы қоршаған ортаға қамқорлық пен ұқыпты өндіру қағидаттарын
басшылыққа алатын Еуразия жеткізушісі және Қазақстанды энергиямен жабдықтаудың
жоғары технологиялық кепілі ретінде акционерлер, қызметкерлер және қоғам үшін
құндылықтарды жасау болып табылады.
Дамудағы басты назар аударылатын мәселе – «жасыл» энергетика объектілерін
салу. «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан нарығындағы ірі электр энергиясын жеткізуші
бола отырып, төмен көміртекті экономиканы жөніндегі жоспарларды іске асыруда
шешуші рөл атқарады. «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы бойынша жүргізіліп
жатқан технологиялық трансформация 2025 жылға қарай өндіруші қуаттар
құрылымында ЖЭК-ті 10%-ға дейін көбейтуді көздейді.
Таяу арадағы келешекте біз үшін Алматы энергетикалық торабында
инвесторларды тарта отырып су-, жел өндіруді дамыту бойынша бірқатар ірі жобаларды
іске асыру маңызды. Жасыл энергетиканың жаңа объектілерінің пайда болуының
нышаны бейінді заңнамаға қажетті тариф деңгейін қарастыратын түзетулер болып
табылады. Бұл бағытта заң шығармашылығы үдерісі белсенді түрде қамтамасыз етілуде.
Қазіргі кезде Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының тапсырмасы бойынша
активтерді жекешелендіру үдерісі жүріп жатыр, ол экономиканы ырықтандырудың
жөніндегі жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Жекешелендіруге, бәсекелес ортаға
беруге жататын объектілердің түпкілікті тізбесі белгіленуде. Компания активтерінің
түпкілікті құрылымы оның IPO-ға шығу бойынша жұмыстарды жалғастыруына
мүмкіндік береді. Қосымша эмиссияның шамамен 20-25% -ы Қазақстан нарығында
бастапқы орналастыру аясында ұсынылатын болады.
Экономикадағы үрдістер Трансформациялау бағдарламасының уақытылы бастау
алғанын көрсетеді. Өзгерістер «Самұрық-Энерго» АҚ-ның тиімділігі мен бәсекеге
қабілеттілігін арттырады. Негізгі міндет - оның Акционері үшін компанияның
6
табыстылығын арттыру мақсатында холдингті басқарудың операциялық моделіне
көшуге қолдау жасау, функцияларды орталықтандыру, озық әлемдік тәжірибелерді
автоматтандыру және ендіру. Компанияның іске асырған жобалары бойынша
жинақтаған жемісті тәжірибесі мен практикасы барлық стратегиялық мақсаттарға қол
жеткізетінімізге және олардың орындалатынына сенім ұялатады.
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы,
«Самұрық-Энерго» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
Басқарма Төрағасының кіріспе сөзі
Құрметті оқырмандар!
«Самұрық-Энерго» АҚ Даму стратегиясына және Қазақстан Республикасының
«жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасына сәйкес, Қоғам баламалы
энергия көздерін көбейтуде. 2015 жылы «Келешекте 300 МВт-ға дейін ұлғайту
мүмкіндігімен қуаты 45 МВт Ерейментау ЖЭС-ін салу» жобасы іске асырылды. Жоба
еліміздің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының қорытындылары
бойынша жалпыұлттық телекөпір барысында таныстырылды. ЖЭС45-тің іске
қосылуымен жыл сайын 110 мың тонна көмірді үнемдеу арқылы қоршаған ортаға
шығарылатын парниктік газдардың шығарындылары азайды.
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның қоршаған ортаға әсерді азайту және «таза»
технологияларды дамыту бойынша жүргізіп жатқан мақсатты жұмысына жоғары баға
берілді. 11 желтоқсанда экология және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы
жетістіктері үшін «Самұрық-Энерго» АҚ 2015 жылғы «Парыз» Елбасы сыйлығының
Гран-при жүлдесін иеленді. Жоғары награда біздің орнықты даму, корпоративтік
басқаруды жетілдіру, еңьекті қорғау, отандық тауар өндірушілерді ауқымды қолдау
салаларындағы жетістіктерімізді көрсетеді.
Біздің жылу электр станцияларымыз шынымен де бұрынғыға қарағанда таза әрі
қоршаған ортаға мейірімді бола бастады. Компаниялар тобы бойынша күл
шығарындылары 3 еседен артыққа – 36 мың тоннаға азайды. Мұндай нәтижелер шекті
тарифтер бағдарламасы аясындағы жаңғыртудың арқасында мүмкін болды – Екібастұз
ГРЭС-1 мен Екібастұз ГРЭС-2-нің барлық блоктарына электр сүзгілер қойылып,
Алматы ЖЭО-2-дегі тазарту жүйесі жаңғыртылды.
Шардара СЭС-ін қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жарты ғасыр бойы электр
энергиясын өндіріп келе жатқан су электр станциясын техникалық тұрғыдан толық
жаңарту станцияның қуатын 26%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс өндірісті
тоқтатпастан жүргізілуде, 2017 жылы аяқталады.
7
Үкімет пен Акционердің қолдауымен инвестициялық бағдарлама табысты іске
асырылуда. Екібастұз ГРЭС-1 станциясында әрқайсысының қуаты 500 МВт №8 және
№2 блоктары қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. «АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2
бойлерін қайта жаңартуды аяқтады. Алматы қ. электр желілерін дамыту бағдарламасы
бойынша «АЖК» АҚ Бесағаш, Мамыр, Есентай, Алтай қосалқы станцияларының
құрылысын аяқтады. Ақтөбе қ. ЖЭО-ны қайта жаңарту, Алматы ЖЭО-2 №8 ст.
қазандық агрегатын қайта жаңарту жұмыстары аяқталуда. Аталған жобаларды іске
асыру шығындарды азайтып, электрмен- және жылумен жабдықтау сенімділігін
арттырды.
Ағымдағы жылы 30 қарашада, ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу
қарсаңында «Богатырь-Көмір» ЖШС энергетикалық көмір тиеуді 1,5 миллиард тоннаға
жеткізе отырып, көмір кесігінде өзінің көмір өндіре бастағанына 45 жыл толу оқиғасын
атап өтті. Біздің ресейлік серіктестерімізбен ынтымақтастықты дамытудың негізгі
басым бағыттарының бірі - «Интер РАО» ЖАҚ пен «РУСАЛ» БК.
2015 жылы экономиканың өсу қарқынының баяулауына және ұлттық валютаның
еркін айналым бағамын енгізілуіне байланысты өндіру мен энергия тұтыну көлемінің
азаюы байқалды. Аталған факторларды бір деңгейге келтіру мақсатында компанияның
Акционері мен Директорлар кеңесі орта мерзімді жоспарларды шығындарды азайту
және инвестициялық бағдарламаны оңтайландыру жағына қарай қайта қарады.
Әлемдік деңгейдегі Standard & Poor's рейтинг агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-
ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін – «ВВ» деңгейінде, қысқа мерзімді кредиттік
рейтингін – «В» деңгейінде растады. Рейтингтердің өзгеру болжамы – «Тұрақты». Баға
мемлекет үшін «Самұрық-Энерго» АҚ-ның стратегиялық мәніне сүйенеді, ол қаржылық
қолдаудан, сондай-ақ компанияның өзге де нарықтық ұстанымдарынан көрінеді.
2015 жыл бойында компания қолданыстағы заңнамаға 2016 жылдан бастап электр
қуаты нарығы, Ұлттық оператордың жұмыс істеу тетіктері, Нарық кеңесінің құрылымы,
функциялары және ұйымдастыру мәселелері бөлігіне өзгерістер енгізу бойынша
ұсыныстар әзірлеу мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы
Энергетика комитетінің, KAZENERGY қауымдастығы Энергетика саласын дамыту
жөніндегі үйлестіруші кеңесінің «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын
әзірлеу жөніндегі жұмыс кеңесінің отырыстарына қатысты.
Стратегиялық мақсаттарға жету үшін «Самұрық-Энерго» АҚ трансформациялау
бағдарламасын іске асыруда. Операциялық холдингке көшу үшін қызметтің мынадай
бес бизнес-бағыты деңгейінде активтер басқару шоғырландырылды: «Көмір», «ЖЭК»,
«Тарату және өткізу», «Генерация», «Сату және трейдинг».
8
Өзгерістер ішкі нарықтағы тұтынушылармен және экспорттық жеткізілімдер
бойынша жұмысты жандандырды – Қазақстанның электр энергиясы Ресей нарығына
қайтып оралды, сондай-ақ Қырғыз Республикасына да электр энергиясы жеткізіледі.
Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы,
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы
Қызметінің негізгі көрсеткіштері
«Самұрық-Энерго» АҚ
Қазақстандағы жалпы электр энергиясын өндіру көлемінің 25 %-ын құрайды
ҚР БЭЖ-дегі станцияның белгіленген жиынтық қуатының 31,8 %-ына немесе 6
774 МВт-ға ие.
ҚР-дағы көмір өндіру көлемінің 36 %-ын құрайды
Әуе және кабельді ЭБЖ 220-0,4 кВ ұзындығы 70,111 мың км
Өндірістік көрсеткіштер
Атауы
Өлшем бірлігі
2013
2014
2015
2016
(жоспар)
2017
(жоспар)
Электр энергиясын
өндіру көлемі
млн кВт/сағ. 28 587
*
28 216
*
22 318
23 259
26 059
Электр энергиясын
тарату көлемі
млн кВт/сағ.
8 133
8 605
8 414
8 758
9 135
Электр энергиясын
беру көлемі
млн кВт/сағ.
11 859
12 344
12 113,6 12 332,0
13 068
Жылу энергиясын
өндіру көлемі
мың Гкал
6 792,5
7 561
6 907
7 359
7 987
Көмір өндіру көлемі
млн тонна
41,7
38,0
34,5
32,5
35,6
* Ертіс ГЭС каскадын есепке алмағандағы электр энергиясын өндіру көлемі.
Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер
Атауы
Өлшем
бірлігі
2014*
2015
2014-пен
салыстырғанда
2015-те
2016
2017
ауытқу, %
болжам
болжам
Топ акционерлеріне
тиесілі барлық
табыс (залал)
млрд теңге
15,94
-77,83
6,25
41,71
Қоғам
акционерлеріне
тиесілі бағам
айырмасын
есептемегендегі
барлық табыс
(залал) **
млрд теңге
29,01
182%
20,24
41,71
EBITDA
млн теңге
76 129
84 895
112%
85 581
69 156
EBITDA Margin
%
34,00%
37%
109%
33%
57%
9
* Салыстыру мақсатында 2014 жылдың көрсеткіштері тоқтатылған қызмет бойынша ЕТҰ-ны толық шоғырландыруға
көшіруді ескере отырып қайта есептелді.
** Бағам айырмасы бойынша шығыстардың әсерін есепке алмағандағы барлық пайда.
Индустриялық-инновациялық көрсеткіштер
Атауы
Өлшем
бірлігі
2013*
2014
2014
2015
(жоспар)
2015
(нақты)
Инновациялық-
технологиялық даму
рейтингі
%
71
70
91,2
75
**75,2
*Акционерлердің 2015 жылғы үміттеріне сәйкес
Корпоративтік басқару көрсеткіштері
Атауы
Өлшем
бірлігі
2011
2012
2013
2014
2015
(нақты)
Корпоративтік басқару
рейтингі
%
61,9
65
- *
73,5
81
* 2013 жылы корпоративтік басқару рейтингіне тәуелсіз бағалау жүргізілген жоқ.
Әлеуметтік көрсеткіштер
Атауы
Өлшем бірлігі
2013
2014
2015
Қызметкерді қатыстыру деңгейі
%
63
65
65
Жыл сайынғы кадр
тұрақтамаушылығы
%
10,1
8,6
11,9
Мың адамға шаққанда
өндірістегі жазатайым оқиғалар
саны
Саны /
1 000 адам.
0,48
0,17
0,5
Тауарларды, жұмыстарды,
қызметтерді сатып алудағы
жергілікті қамту үлесі
%
74
76,0
74
2015 жылғы мемлекеттік наградалар
«Самұрық-Энерго» АҚ тобында 2015 жылы мемлекеттік наградалармен марапатталған
қызметкерлер тізімі:
№
р/с
Тегі, аты-жөні
Награда түрлері
ЕТҰ атаулары
1
2
3
4
1.
Молдабаев Қ.Т. -
Басқарма Төрағасының
бірінші орынбасары
«Құрмет» ордені
«Самұрық-Энерго» АҚ
2.
Мұхамед-Рахимов Н.Т.
- Басқарма Төрағасы
«Ерен енбегі үшін» медалі «Алматы электр
станциялары» АҚ
10
3.
Мишин И. Г. -
Орталықтандырылған
жөндеу цехы
бастығының
орынбасары
«Ерен енбегі үшін» медалі «Екібастұз 2-МАЭС»
АҚ
4.
Шахтрин В.Л. -
«Богатырь» кесігінің
экскаватор машинисі
«Ерен енбегі үшін» медалі «Богатырь Көмір»
ЖШС
5.
Улядаров В.П. -
1-отын-көлік цехының
ауысым бастығы
«Ерен енбегі үшін» медалі «Екібастұз 1-МАЭС»
ЖШС
Достарыңызбен бөлісу: |