«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
141
соответствуют слову “открыть”, а остальные слову “бункер”. При многократном
повторении одного и того же предложения зависимость энергии сегментов ВП W(а,b)
остается одной и той же. Положения гласных и согласных остаются неизменными
относительно друг друга, меняются только длительности между пиками и их высоты. Такое
расположение пиков для различных масштабных коэффициентов для одного и того же
предложения не зависит от того, кто произносит данное предложение. Вейвлет-анализ
речевого сигнала показывает, что гласные фонемы и фонемы н, м, л имеют максимальные
энергии при средних значениях а. Энергия фонем н, м, л много меньше энергии гласных
звуков речи, но значительно выше энергии шума. Фонемы к, т, п, д выделяются при
больших значениях а. Перед фонемами к, т имеется пауза. Такая закономерность
наблюдается при многократном повторении и не зависит от случайных факторов. Шипящие
и свистящие фонемы при малых значениях масштабного коэффициента а имеют энергию
W(а,b), сравнимую с энергией гласных фонем. При средних значениях а они имеют энергию
на уровне шума. [2–5].
Список использованной литературы:
1. Семенов В.И. Свидетельство об официальной регистрации программы для ЭВМ №
2007615024. Непрерывное быстрое вейвлет-преобразование /Зарег. в Реестре программ для ЭВМ 4
декабря 2007 г.
2. Семенов В.И., Желтов П.В. Патент на изобретение № 2403628 РФ, МПК G10L 15/10.
Способ распознавания ключевых слов в слитной речи. Опубл. 10.11.2010 Бюл. №31.
3. Желтов П.В., Семенов В.И. Распознавание речи на основе вейвлет-преобразования/ Чуваш.
ун-т. Чебоксары, 2008. 16с. Деп. в ВИНИТИ РАН 29.02.08, №174-В2008.
4. Желтов П.В., Семенов В.И. Вейвлет-анализ акустического сигнала КГТУ им. А.Н.
Туполева// Вестн. КГТУ. 2008. Вып. 4.
5. Желтов П.В., Семенов В.И. Вейвлет-преобразование акустического сигнала/ КГТУ им. А.Н.
Туполева. Казань, 2008. 102 с.
УДК 004.838.2
СӘРСЕНҒАЛИЕВ Ә.А.
ҒАЛАМТОРДАҒЫ ҚАЗАҚ ЛАТЫН ЖАЗУЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ
САРАПТАМАСЫ
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана, Қазақстан)
БАСТАМА
Қазақ тіліндегі латын әліппесі қазіргі таңда кеңінен таралғанымен, стандарталмаған,
әрқилы жолдармен қолданылып жүр. Бұл тұжырымның нақтылығы цифрлы кеңістікте
айрықша байқалады. Пернетақтадағы латын әліппесінің ыңғайлылығы сол әріптерден
құралған жүйеленбеген ақпараттар қорының жиналуына, сонымен қатар қазақ тілінің латын
парадигмаларының туындауына септігін тигізіп отыр.
Осы мақаланың негізгі мақсаты - қазақ тіліндегі латындану үрдістерін анықтау және
жаңа стандартталмаған латын жазуларының ерекшеліктерін есепке алу. Және де, ресми
латын әліппесін тағайындауда қалыптасқан онлайн орфографияның қасиеттерін ескеруінің
ықпалын талқылау.
Мақала келесі құрылымда жазылған. Алдымен, қазіргі стандартталған әліппелер мен
өзге тілдердің латындану практикасынан кіріспе. Кейін, латынданудың компьютерге жанама
жазбасы туралы шолу. Және де қазақ тілі скрипттерінің тарихы мен жаңа стандартталмаған
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
142
латын жазуларына тоқталып, орфографиялық субжүйелер мен олардың туындауының
факторлары сарапталады.
ТӨМЕННЕН ЛАТЫНДАНУ ЖӘНЕ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СУБЖҮЙЕЛЕР
Кейбір тілдердің қолданылуы өзге жазу жүйесін қолдануға мәжбүрлейтіндіктен және
сол тілді қолдануды стандартты жүйеге бейімдеу үшін қазіргі кезде кеңінен қолданылып
келе жатқан латындану үрдісі орын алады. Латындану деп түпкілікті нәрсені, яғни латынға
негізделмеген графемаларды латын әліппесінің графемаларына алмастыруды астарлауға
болады. Төменнен латындану әсіресе, мысалға алсақ, Тіл академиясы сарапшылармен
қабылданған және енгізілген ережелерден гөрі, анонимды «шорқақ» қолданушылардың
тілінің қолданылуы мен тілдік тәжірибелерін сипаттайды.
Бұл тұрғыдан, осындай төменнен латындану бағыты жоғары тараптың, яғни Үкіметтің
немесе сарапшылардың қолдауын таппасы анық, алайда кейбір компьютерлік жанамалық
коммуникативті желілер тәрізді салаларда, қабылданған және тұрақтанған орфографиялық
түпнұсқа ретінде өзін мойындатады. Ивкович (2015) өзінің төменнен латындануды зерттеу
жұмысында бұл бағыттың маңыздылығын түсініп, салдарынан орфографиялық субжүйелер
туындайтыны мәлімдейді.
Орфографиялық субжүйе диакритиктардан айырылу сияқты, ортақ графемалық
сипаттардың болуы немесе қолданылуының шартымен байланысты тәуелсіз және өзара
байланысқан орфографиялық нұсқалардың жиынтығы деп анықталады (Ивкович, 2013, 342
бет). Бұл өзі жеке дара жүйе және супражүйенің бөлігі. Сондықтан да стандартты және
стандартқа сай емес шартты жиынтықтар аталмыш тілге байланысты Латынданудың
супражүйесін құрады. Жалпы тұрғыда, стандартты орфографиялық субжүйелер жабық,
дербес және толық боп келсе, стандартқа сай емес субжүйелер ашық, онша дербес емес және
толық емес болады. Ендеше, стандартталмаған субжүйелер, жүйелер арасында графемалық
ұғымдардың динамикалық түрде, дер кезінде «араласуын және қиысуын» талап етеді және
онымен қоса мүмкін етеді.
КОМПЬЮТЕРГЕ ЖАНАМА ЖАЗУЛАРЫНЫҢ ЛАТЫНДАНУЫ
Интернет кеңінен қолданысқа түскенше, латындану тек латын емес скрипттарға
негізделген мәтіндерді транслитерлеумен және транскрипциялаумен шектелген. Мысалы,
латын әріптеріне негізделген Мандарин, пиньинь орфографиясы 1958 жылы Қытай Халық
Республикасында ресми түрде қабылданды. Бұл орфография педагогика саласына арналып
жасалды (Коулмас, 2003), яғни жаңа Мандарин студентін, күрделі Қытай тілінің
логографиялық жүйесіне дағдыландыру үшін және де (Роджер, 2005) кітапханадағы
каталогтау жүйесі мен лексикалық түсіндірмелер дайындау үшін пайдаланылды.
Басқа латын әріптеріне негізделмеген скрипттарға латын әріптеріне кодтаудың
транслитереудің халықаралық стандарты жоғарыда аталған себептермен енгізілді. Росовски
(2010) өзінің жұмысында латын транскрипциялау жүйесі Ұлыбританиядағы Араб, Панджаби
және Урду тілдерінде қатынасатын адамдарда классикалық латын емес жазбаларды
үйренудегі педагогикалық құрал ретінде қалай қолданылатынын көрсетеді.
Латын әліппесінің латын әріптеріне негізделмеген жүйелердің орнына қолданылуы
көбінесе сандық дискурсивтерде (әсіресе, СМС хаттамаларында және Интернет форумдарда)
тілді көрнекілеуге тән, яғни төменгі сатыдан орын алады. Компьютерге жанама жазу
латындануы көптеген тілдерде, соның ішінде Араб (Ли, 2007), Грек (Андроутсополоус,
2007), Мандарин (Дай, 2009; Янг, 2007) тілдерінде қолданылды.
Стандартталған латын транскрипциялау жүйесіне қарағанда онлайн латындану
әлденеше өзгеше, бір-біріне қабыспайтын боп келеді.
Андроутсополоус (2009) Грек әліппесінің латындануын зерттей отырып, екі
транслитерлеу үлгілерін анықтады: фонетикалық және орфографиялық. Орфографиялық
үлгісіне тоқталсақ, ол оны тағы пернетақтаға негізделген және көрнекті үлгі деп бөлді.
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
143
Пернетақтаға негізделген үлгісінде қолданушылар Грек әріптерін пернетақтада еңгізіп
жатқандай, ал көрнекті үлгісі деп латын әріптерін барынша Грек әріптерінің бейнесіне
ұқсатып жазуды келтіреді. Мысалы, <ω> деген Грек әрпінің орнына латын әрпін, және
<θ>, <ξ> орнына <8>, <0>, <9> немесе <3> сәйкесінше сандарын қолдану. Осындай
алмастырулар Орыс жазбаларында да көрінеді. Мысалы, және латын әріптерін
<ш> /ʂ/ және <я> /ya/ Кириллицадағы әріптерге ауыстыру немесе <4> және <6> сандарын
сәйкесінше <ч> /tɕ/ және <ш> /ʂ/ әріптерімен алмастыру.
Сондықтан да, әртүрлі орфографиялық формалар мен өрнектердің пайда болуы
кездейсоқ емес, яғни әр тілдің өзіндік ерекшеліктері мен даму тарихын ескере отырып
туындайды.
ҚАЗАҚ ӘЛІППЕСІНІҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ СТАНДАРТТАЛҒАН ЛАТЫН
АЛФАВИТТЕРІ
Осы уақытқа дейін, тарих деректеріне сүйенсек, қазақ тілінде бірнеше жазу түрі
дағдыланды. Зерттеушілердің пайымдауынша, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін қазақ
тілі ауызекі тіл боп есептелді (Малов, 1941). Тек қана XIX ғасырдың екінші жартысынан
кейін қазақ тілінің тарихы жазба түрдегі тіл ретінде қарастырылады. Революцияға дейінгі
кезеңде, сауаттылық көрсеткіші тым аз болған кезде қазақтар араб графикасын қолданды.
Кеңес Одағының кезеңінде бірталай тілдік эксперименттер орын алды. 1920 жылдары Орта
Азия және Қазақстан елдерінің жазулары араб тілінен латын тіліне ауысты, ал 1930
жылдардың соңына қарай кирилицаға көшті.
Кейін, 1989 жылдың қыркүйек айында Қазақ ССР қазақ тілін мемлекеттік тіл деп
жариялайтын заң қабылдады және 1993 жылы бұл мәмле Атазаңмен бекітілді. 2006 жылы
қазан айындағы Н.Назарбаевтың қазақ әліппесінің латын әліппесіне ауысу үрдісін бастау
қажеттілігі жөніндегі мәлімдемесі мемлекеттің тіл саясатындағы маңызды төңкерістердің
бірі болды. Қазіргі таңда ТМД елдерінің қатарындағы 8 азия мемлекеттерінің арасында
Өзбекстан, Түрікменстан және Әзірбайжан әліппелерін латын тіліне көшірді. Қазақстан
болса тілінің графикалық негізі ретінде осы күнге дейін кириллицаны пайдаланып келеді.
Соңғы жылдары, қазақ тілінің латын әліппесіне көшуі қарқынды талқылануда және
көптеген жұмыстар зерттеліп, ұсынылып жатыр. Алайда, латын әліппесінің стандартталған
моделінің түпнұсқасы әлі толық жетіліп, бекітілген жоқ. Ұсынылған жобалардың арасынан
төмендегілерді атап өтуге болады:
Қазақ тілінің ғаламтор аймағында кедергісіз қолданылуына зор үлесін қосқан
компьютер инженері Жанат Аймаганов, қазақ әліппесін ABCnet латын әліппесінің негізінде
құрастырған. ABCnet латын әліппесінің негізінде қазақ тілінің ерекшеліктерін және ағылшын
тілінің жаһандануын ескере отырып, жазу ережелерін бабына келтірді. Бұл әліппе 23
ағылшын әріптерінен және апострофтан яғни тек
ASCII кодтық парағына тән белгілерден
құрастырылған.
2004 жылдан бастап мемлекеттік ақпарат агенттігі «ҚазАқпарат» шетелдік өкілдер
мемлекеттік жаңалықтар жинағын түсіну мақсатында, өз ғаламтор парақшасында қазақ
тілінің латын баламасына аударды.
Академик Алтынбек Шәріпбай қазақ тілінің латын баламасы ретінде қағида
тұрғысында, қосымша әріптерді араластырмай, стандартталған 26 әрпі бар ағылшын әліппесі
қолданылған жобасын ұсынды.
ЗЕРТТЕУГЕ ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
Ізденіс сұрақтарын сараптау мақсатында медиасайттардан, әлеуметтік желілерден,
байланысуға арланған бағдарламалардан және ресми сайттардан латын әріптерімен жазылған
қазақ тіліндегі деректер жиналды. Сол деректер негізінде құралған орфографиялық нұсқалар
осы мақалада ұсынылып отыр. Жинақталған орфогрфиялық нұсқалар толық болуы мүмкін
емес, өйткені бекітілген ереже болмағандықтан латын әріптерін әркім әрқалай қолдануына
ерікті. Әйтсе де, жинақталған орфографиялық нұсқалар тізімі латын әріптерін қазіргі заманда
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
144
қолданылу әдістерінің басым көпшілігін қамтиды. Орфографиялық нұсқалар кейіннен ортақ
қасиеттері бойынша орфографиялық субжүйелерге жіктелді.
СТАНДАРТТАЛҒАН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Ресми сайттарда контенттің латын әріптерімен ұсыну кеңінен таралмағанымен, жеке
дара сайттар әр түрлі әліппе негізінде контентін латынша әріптерге аударады. Қазақ тіліндегі
фонемалар саны базалық латын әліппесінен көбірек болғандықтан, артық қалған әрптерді
кодтау мәселесі туындайды. Стандартталған латын әліппелерінде осындай өзгешеліктерді
ескеріп, келесі үш әдістемеге негіздеген: диакриткалық әріптермен транслитерлеу,
диграфтарды қолдану және апострофды қолдану. Ең кең тараған түрі, диактрикалық
әріптерді қолдану. Qazaqparat әліппесіндегі мысал:
Festïvaldіñ aşılw saltanatında atalğan JOO rektorı Qwat Baymırzaev quttıqtaw söz söylep,
festïval jumısına sättіlіk tіledі.
Келесі әдіс – диграфтарды қолдану, яғни кейбір дыбыстарды қос әріптермен таңбалау.
Төмендегі нұсқа академик А.Шәріпбай ұсынған алфавит негізінде жазылған:
Festijvalding ashyluw saltanatynda atalghan ZhOO rektoeri Quwat Bajmyrzajev quttyqtaw
soez soejlep, festijval zhumysyna saettilik tiledi.
Үшінші әдіс апострофтарды қолдануға негізделген. Қазіргі қарақалпақ алфавиті,
татарлардың иналиф әліппесі де осы әдісті қолданады.
Ал ABCNet әліппесінің негізінде бұл мәтін төмендегідей жазылады:
Festivalding ashylu saltanatynda atalghan JOO rektory Quat Baymyrzaev qu'ttyqtau so'z
so'ylep, festival ju'mysyna sa'ttilik tiledi.
СТАНДАРТТАЛМАҒАН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Жинақталған деректер сараптамасы үш негізгі нұсқаны анықтады: транслитерленген,
нөмірленген және иконданған орфографиялық субжүйелер. Келесі кесте ғаламтордағы қазақ
тілінде латын әріптерінің қолданылуын көрсетеді.
Men munda(L4) otbasymmen 2007 zhili(L5) Col4esterden(L6) kowip(L4,L7) keldim.
Бұл бір сөйлемдегі мысал төрт орфографиялық стратегияның барлығын қамтиды.
Жалпы, стратегиялардың келесі түрлерін анықтауға болады.
Диактрикасыздандыру – негізгі графемалардың диактиркалық белгілерінен айыру.
Бұл әдіс синтагматикалық синкретизмды туындатады, яғни бір графема бірнеше фонеманы
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
145
бейнелейді. Мысалы an(än/añ) – аң немесе ән сөздерін кодтап тұр. Еуропадағы қазақтардың
әліппесінде диактрикалық символдар болғандықтан, бұл мәселе сол жақта айқынырақ
байқалады.
Транслитерлеу – қазақ фонемасында сәйкес әріп болмаған жағдайда, ағылшын немесе
француз орфографиясы өте қолайлы боп келді. Мысалы: jashik(fr, eng)
Нөмірленген орфографиялық субжүйе – фонеманы нөмірмен белгілеу. Қазақ қоғамы
қостілді болғандықтан, орыс тілінің ықпалы жазуда да байқалады. 4(четыре) және 6(шесть)
нөмірлері сәйкесінше ч және ш дыбыстарын кодтауға қолданылатын. Қазіргі таңда ұялы
телефонның нөмірленген пернетақтасынының азайған себебінен нөмірмен кодтау азайып
келеді.
Икондалған орфографиялық субжүйе – негізгі алфавиттегі әріп пен ауыстырылған
таңбаның визуалды ұқсастығына негізделген әдіс. Мысалы: Wimkent- Шымкент
СТАНДАРТТАЛМАҒАН ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СУБЖҮЙЕЛЕР ТУЫНДАУЫНЫҢ
ФАКТОРЛАРЫ
Тілдің қолданылуының өзегіне үнемділік кіреді. Оның бір белгісі диактрикалық
қысқартулар. Қысқартылған мәтін түсінуге еш кедергі келтірмейді. Бұл әсіресе стандартты
қазақ кириллица әліппесінен гөрі, негізгі кириллица әріптерімен жазу кеңінен таралған.
Компьютерге жанамаланған жазуда орфографиялық үнемділік деп минималды
саналық және физикалық жұмыспен максималды нәтижеге ие болу айтылады. Грайс (1989)
орфографиялық үнемділіктің екі қағидасын анықтаған:
1. Жазудың мағынасын жеткілікті деңгейде жеткізу
2. Жазуға қажеттіден артық нәрсені қоспау.
Екінші қағидаға диактрикалық белгілерді де қосуға болады.
Орфографиялық нормаларға сай жазу көбірек жұмысты талап етеді. Мысалы біреудің
пернетақтасы, драйвері, бағдарламасы, телефоны қазақ тіліне бейімделмеген болуы мүмкін.
Тіпті барлығы сай болғанның өзінде, қазақ тілінде мәтін теру өзге тілге ауысып отыруды
талап етеді. Соның әсерінен, қолданушылар өзіне қолайлы әліппені таңдайды. Бір мысал
ретінде, <ө> әрпін телефон арқылы теру бірнеше жыл бұрын мүмкін емес болатын. Оған ең
ұқсас <о> әрпін теру үшін қолданушы 7 рет пернені басу керек еді, ал оған ұқсас тағы бір
символ <0> саны тек бір рет теру арқылы жүзеге асырылатын. СМС теруде қалыптасқан
нөмірлік орфографиялық субжүйе кейіннен ғаламторда да қолданылып келеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл ізденіс жұмысында ғаламтордағы қазақ тіліндегі латын жазуларының негізінде
жасалды. Ресми сайттар мен мемлекеттік қызметтер латын әріптерін транслитерлеу немесе
ұсынылып жүрген көптеген әліппелерінің негізінде аударылады. Әлемдік сервистер
(Wikipedia, google) qazaqparat ұсынған алфавит негізінде жұмыс істеп келеді. Қарапайым
қолданушылар болса, латын әріптерін үнемдеу мақсатында келесідей орфографиялық
стратегиялар қолданылатыны анықталды:
- Диактрикалардан айыру ең көп кездесетін әдіс, көбіне кириллица әріптеріндегі
жазуларда айқын байқалады
- Қолданушылардың көпшілігі стандартты qwerty пернетақтасындағы әріптерді
қолдануға тырысады
- Нөмірлену/Икондану сияқты әдістер коммуникативті жазуларды кең тараған
- Қолданушылар үнемдеу мақсатында, бір латын әрпін бірнеше дыбыстарға қолданады,
оны контекст бойынша іздеуші бағдарламалар түсіне алмағанымен, қазақ тілін
меңгерген адам оқи алады
- Қолданыстағы орфографиялық субжүйелердің туындауы технологиялық шектеулермен
тығыз байланысқан
Жаһандану заманында қоғамның талаптары күрт дамып келеді, сондықтан жазу
өнеріне бұрынғы әліппенің шектеулі әріптерін қолдану жеткіліксіз. Эмоциялық таңбалар,
валюталар таңбалары, инженерлік, ғылыми, ресми тілдегі графемалардың қолдануы
«ҚОҒАМДЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
146
әліппенің әріптерімен бірқатар жүреді. Осы орайда, тіл коммуникативті құрал ретінде
әрдайым бейімделіп отырады. Бұл табиғи үрдістің ерекшеліктерін ескеріп, жаңа қазақ латын
әліппесіне жан-жақты саралап, қолданушылардың қалауларына қарсы келмейтіндей етіп
бекіткен жөн.
АЛҒЫСТАР
Бұл мақала жазуда өңдеуге, деректемелер жинауға, сараптамалар жүргізуге көп
көмегін тигізген Кардифф университетінің магистрі Ғаббасова Гүлнұрға алғыс білдіремін.
Сілтемелер:
1. Аймағанов Ж. ABCNet qazaq a’lippesi http://abcnet.kz/
2. Шәріпбай А. Қазақ жазуын кириллицадан латиницаға аудару http://alphabet.kz
3. Малов С.Е. К истории казахского языка. Изв. АН СССР, ОЛиЯ, М., 1941. № 3.
4. Androutsopoulos, J. (2009). 'Greeklish': Transliteration practice and discourse in a setting of
computer-mediated digraphia. In A. Georgakopoulou & M. Silk (Eds.), Standard languages and language
standards: Greek, past and present (pp. 221-249). Aldershot, UK: Ashgate.
5. Coulmas, F. (2003). Writing systems: An introduction to their linguistic analysis. Cambridge, UK:
Cambridge University Press.
6. Dai, X. (2009). Thematic and situational features of Chinese BBS texts. Language@Internet, 6,
http://www.languageatinternet.org/articles/2009/2011
7. Danet and S.C.Herring (Eds.), The multilingual Internet: Language, culture, and communication
online (pp. 184-208). New York: Oxford University Press.
8. Grice, H. P. (1989). Studies in the ways of words. Cambridge, MA: Harvard University Press.
9. Ivković, D. (2013). Pragmatics meets ideology: Digraphia and non-standard orthographic practices
in Serbian online news forums. Journal of Language and Politics, 12(3), 335-356.
10. Lee, C. (2007). Linguistic features of email and ICQ instant messages in Hong Kong. In B.
11. Rogers, H. (2005). Writing systems: A linguistic approach. Malden, MA: Blackwell.
12. Rosowsky, A. (2010). "Writing it in English": Script choices among young multilingual Muslims
in the UK. Journal of Multilingual and Multicultural Development, 31, 163-179.
ӘОЖ 004
ТЕМИРБЕКОВА Ж.Е., ЧЕРИКБАЕВА Л.Ш., ТОЛЕУГАЗЫ Б., CАКЫПБЕКОВА М.Ж.
“ЛИНАС” ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША РЕКТИФИКАЦИЯЛЫҚ КОЛОННАНЫ
ЕСЕПТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ., Казақстан)
Жұмыстың мақсаты ректификациялық калоннаның компьютерлік моделін құру үшін
технологиялық және гидравикалық өлшемін анықтауда оның жылу алмасу процесінің
маңызды параметрлерін және каллоннаның геометриялық өлшемін берілген мұнайдың
құрамындағыдай анықтау болып табылады. Технологиялық есептеулерде ректификация
процесінің оптималды параметрі сонымен қоса дистилят құрамы, дизельді жанармай және
мазуттын қалдығының параметрлерін анықтау. Гидравликалық өлшемде тарелканың типі,
каллоннаның геометриялық өлшемі, ағымның жылдамдығы және т.б. есептеулер жүргізу.
Линастың
экономикалық
және
техникалық артықшылығы
халықаралық
ректификациялық технологияға қарағанда сапасы жоғары екені Линас құрылғысы мұнай
өндіру зауытында тұрақты жұмыс жасайтыны дәлелденген және тексерілген [1]. Осы
құрылғының халықаралық аналогта бірнеше маңызды артықшылықтары :
0>6>4>3>9>0>8> Достарыңызбен бөлісу: |