Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет18/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79
4. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі ұстанымдары. 
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі ұстанымында 
мектеп пен педагогика тарихы шектен тыс орталықтандырудың басқаруды 
әкімшілдікке ұрындыратынын айқын көрсетті. Ол төмен сатыдағылардың 
инициативасын іске асыруды шектейді, олар (төмен сатыдағы басшылар, 
мұғалімдер, оқушылар) өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдердің 
орындаушысы болып қалады. Сол сияқты біржақты жүргізілген 
орталықсыздандыру да педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін 
төмендетеді, басқарудың және басшының ролін төмендетіп, оның талдау 
және бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді.
Басқарудағы коллегиалдықтың бірлігі ұстанымын іске асыру тұтас 
педагогикалық 
үрдісті 
басқаруда 
субъективтілікті, 
авторитаризмді 
болдырмауға бағытталған. Басқару іс-әрекетінде әріптестердің тәжірибесі 
мен біліміне сүйену, оларды шешімдер даярлау мен талқылауға бағыттау, 
әртүрлі көзқарастарды салыстыру, оларды талдау және қажетті шешім 
қабылдау өте маңызды. Коллегиалдық сонымен бірге ұжымның әрбір 
мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін жоққа шығармайды. 
Педагогикалық жүйелерді басқарудың тиімділігі көп жағдайда нақты, 
шыншыл және қажетті ақпараттың болуымен анықталады. Ақпараттың 
объективтілігі мен толықтығы дәлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы және 
қорытудағы үстірттікке қарсы тұрады.


39 
Дегенмен, ақпараттың көптігі және ретсіздігі оның мүлде жоқтығы 
тәрізді шешімдер қабылдауда қиындық келтіреді. Ақпараттық мәліметтер 
банктерін, оларды оперативті пайдалану технологияларын құру басқару 
еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының деңгейін көтереді. Бұл білім беру 
жүйелерін басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы 
ұстанымын сипаттайды. Оқу-тәрбие жүйесінде жеке басқару мен ұжымдық 
басқарудың бірлігінің жүзеге асырылуы келесі қызмет түрлерінде бастау 
алады: жалпыға жұмыс істейтін кеңес және тексеру мүшесінің қызметі; 
шешім қабылдауда ұжымның кеңесі керек болатын конференциялар, съездер 
жұмыстары. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады және 
бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару 
біріншіден, оның толықтылығын сақтайды; екіншіден, басқа жеке 
компоненттерге әсер етеді және олардың өзгеруіне ықпалын тигізеді. 
Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару 
қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету 
үшін түрлі әдіс-тәсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Педагогикалық 
жүйеде ең маңызды жүйені қалыптастырушы фактор мұғалім мен оқушылар, 
оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылар болып табылады. Бұл фактор баланың 
жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі іс 
жүзінде көрсете алуына негізделген. Мектептің мақсаты тәрбиенің негізін 
қалыптастыру, яғни интеллектуалдық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, 
құқықтық және басқа да тәрбиенің бағыттарын кіріктіреді. Мектеп 
басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз 
ойларын қосып және оның жүзеге асуына ықпал жасау басқарудың ең тиімді 
түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйенің әлеуметтік-педагогикалық жағдайының 
қалыптастырылуы тұрақты сипатқа ие. Оның анықталуы мен дамуы мектепті 
басқару үрдісін екі бөлімге бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: жалпы және 
жеке. Жалпыға әлеуметтік, экологиялық, тәрбиелік, ұлттық, географиялық 
жағдайлар жатқызылса, ал, жеке жағдайларға әлеуметтік - географиялық 
тұрғыдан қатысушылар құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері 
(қалалық не ауылдық), мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны 
қорғау бойынша тәрбие жұмыстары (түрлері мен бағыттары) жатады. 
Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқаны ұстаз бен оқушылардың 
қарым-қатынасынан, ата-аналардың педагогикалық білім деңгейінен 
көрінеді. Әлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға немесе ұжымдық 
субъект атқарады, яғни педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым 
жұмысын тиімділігі басшының басқару шеберлігіне байланысты.
Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады:

бірінші саты - мемлекеттік органдармен және ұжыммен 
тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі;
- екінші саты - ұжымдық жалпы еңбекке жауаптылар: мектеп 
директоры мен психологы, әлеуметтік педагог, мектеп директорының 


40 
басқарудағы көмекшілері (оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары) және өзін-
өзі басқаруда қатысатын органдар; 
- үшінші саты - ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық 
жүргізетін мұғалімдер (педагогикалық ұжымы), тәрбиешілер, сынып 
жетекшілері; 
- төртінші саты - сыныптық және жалпымектептік өзін-өзі басқаратын 
оқушылар ұжымы. Бұл саты мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының 
ерекшеліктерін көрсетеді. 
Басқару жүйесінде оқушылар ұжымының алатын орны ерекше, осыған 
байланысты көлденең және тігінен басқару сатылары да бөліп көрсетіледі:
көлденең басқару, ол жалпы мектептік ұжым (педагогикалық, оқушылар, ата-
аналар) мен сынып ұжымына қатысты; тігінен басқару, ұйымдар, спорт 
секциялары, шығармашылық жұмыстар, үйірмелер, бригадаларларға 
байланысты.
Педагогикалық қызметті атқаруға және қойылған мақсатты шешуге 
бағытталған тәсілдер әдіс болып табылады. Олардың тиімділігі ұстаз бен 
оқушылардың қарым-қатынасына тікелей байланысты. Сондықтан үйрету, 
бақылау, жаттықтыру сияқты тәсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, 
сақтау және реттеу тәсілдерін де меңгеруі және орынды қолдана білуі тиіс. 
Сондықтан сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін басқаруда мұғалімнің назарында 
болуы тиіс. Педагогикалық жүйенің аталған компоненттері өздігінен пайда 
болмайды, олар алдымен мұғалімнің атқаратын қызметтерінен қалыптасып, 
содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненті бола 
алады. Білім беру үдерісін (мақсаттылықтан бастап бірлескен әрекетке дейін 
талдау) ұйымдастыруға барлық субъектілердің өзінің қажеттілігі мен 
даралық қасиеттерін меңгере отырып, тікелей қатысуын, соған қарай 
тұлғаның іс-әрекеттегі (үйрену мен оқыту) мотивациялық қажетттілік 
саласын айқындайды. Білім беру жүйесі саласы қызметкерлерінің (тәрбиеші, 
мұғалім, психолог, әлеуметтік педагог) әкімшілікке бағынуына байланысты 
педагогикалық-психологиялық қызметтері құрылымының ұйымдастырылуы 
түрлі статуста болады: білім беру мекемелерінің (бала-бақша, балалар үйі, 
интернат, мектеп, лицей, гимназия, колледж) басшылығымен қызмет 
атқарады; қалалалық немесе аудандық білім департаментінің басқаруымен 
(немесе жетекшілігімен) бірнеше оқу орындарына қызмет көрсетеді; 
мектептен 
тыс 
мекемелер 
құрамында 
(мысалы, 
медициналық-
психологиялық-педагогикалық 
комиссия, 
отбасына 
және 
балаларға 
әлеуметтік, педагогикалық, медициналық және психологиялық көмек көрсету 
орталығы); ғылыми-әдістемелік орталық немесе кабинет ретінде қалалық, 
аудандық, облыстық немесе мемлекеттік білім департаментінің басқару 
құрамында және солардың әкімшілік басқаруымен қызмет көрсетеді. 
Сонымен білім беру үдерісіндегі әрбір субьектінің өз әрекетін ұйымдастыруы 
және өзгелермен қарым-қатынасын қалыптастыруы, білім алушылар мен 
педагогтардың жекелеген әрі бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесіне өзіндік 
талдау жасауы басқару ұстанымдары болып табылады.


41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет