Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен



Pdf көрінісі
бет17/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен 
гуманизациялау ұстанымы. Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы 
мен практикасында бірқатар төмендегі негізгі ұстанымдар бөліп көрсетіледі: 
Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру және 
ізгілендіру ұстанымы, мұнда алдымен жариялылық қарастырылады, себебі, 
мектепті 
басқарудағы 
жариялылық 
ақпараттың 
ашықтығы 
мен 
қолжетімдігіне байланысты. Әкімшіліктің жүйелі есеп беруі, мұғалімдердің, 
оқушылардың 
шешім 
қабылдауға 
қатысуы 
демократияландырудың 
көріністері болып табылады.
Субъект-субъектілік қатынастардың қалыптасуы, монологтан диалогқа 
өту педагогикалық үдерісті ізгілендірудің нақты формалары болып 
табылады. Басқаруды ізгілендіру бұл тұлғаға бағытталу, адамның 
адамгершілік сапасын құрметтеу және оған сенім білдіру. 
Ізгілік ұстанымы әрбір жеке тұлғаның құндылығын мойындау, оқыту 
мен дамыту диагностикасын ғана емес, білім беру үдерісінің субьектілеріне 
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, материалдық көмек көрсету мен 
қолдауды қамтамасыз етеді.
Менеджмент негізіндегі басқару білім беру үрдісіне қатысушылардың 
субъектаралық қарым-қатынастарына бағытталған әрекеттер арқылы 
жүргізіледі. Ізгіліктік сипаты адамды құрметтеу, оған сенім арту, оларды 
дамыту бағытын ұстануы тиіс.
Мектеп ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады.
3. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымдары. 
«Жүйе» түсінігі тұтастық, оның жекелеген бөліктерін немесе компоненттерін 
жіктеу мүмкіндігі туралы ұғымды білдіреді. Кез келген жүйенің (әлеуметтік, 


37 
биологиялық, педагогикалық) тұтастығы оның интегративтік қасиеттерінің 
тұрақтылығымен анықталады.
Жүйе күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен өзара байланысты 
объектінің жиынтығы немесе кешені белгілі бір жоспарға сәйкес 
реттелінетін, бірнеше білімнен тұратын тұтастық.
Жүйе тұтастай құрылымды құрайтын жаңа сипатқа ие болған өзара 
әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге 
бөлуге болады: техникалық; биологиялық; әлеуметтік – экономикалық. 
Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі дербес жұмыс 
істейтін бөлімдер болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық жүйе ең 
күрделі динамикалық дамитын, өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады.
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты әрі белгілі бір 
әдістерімен өзара әрекеттеседі. Бұл жүйедегі құбылыстар арасындағы 
байланыс арқылы көрінеді, ал олардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы 
мүмкін. Мысалы, кез келген жүйе білім беру мекемесі (кәсіпорын) жекелеген 
элементтің ұйымдастыру бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа 
сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылымды құрайды. Әрбір элемент өзіне 
тән функцияны орындайды. Оның жүйеге қатысты өзара тәуелділігі, өзіндік 
орны болады. Жүйенің жалпы сапалық белгісі оның иерархиялығы, яғни 
жүйедегі элементінің дербестігі және керісінше элементтердің жүйеге енуі. 
Әр деңгейде жүйе өзінің белгілерімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік жүйеге сапалық белгілер тән. Ол оның дербестігі және өзін 
– өзі басқаратындығы, бұл жүйенің белгілі бір заңдарға негізделген өздік 
басқару органы және өз бетінше өздігімен даму сипатын көрсетеді.
Жүйенің ашық және жабық түрі бар. Ашық жүйенің ерекшелігі оның 
сыртқы ортамен және одана енетін объектілер (экономикалық, саяси 
бәсекелестік) тығыз байланыстылығы, энергия, мәліметтер, материалдар 
алуы. Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болады. Оның іс- әрекеті 
қоршаған ортаға тәуелді, ашық жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның 
өмір сүруі сырттан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық басқарушы мен басқарылушының, 
яғни педагогикалық ұжым іс-әрекетіндегі функциялардың өзара байланысы 
мен өзара әрекетін білдіреді.
Тұтастық пен жүйелілік ұстанымы түрлі табиғи құбылыстар сияқты 
адамзат баласының ақыл-ойы бөлшектеп алуға келмейтін біртұтас құрылым 
ретінде ұғынылатын алуан түрлі микроқатынастардан (заттар мен 
құбылыстарға, 
адамдарға, 
оқиғаларға, 
үдерістерге 
т.б.) 
және 
макроқатынастардан (табиғатқа, адамзат баласына, отанға, еңбекке, өз-өзіне, 
т.б.) тұратын күрделі жүйе.
Жеке тұлғаның біртұтастығы мен жүйелілігі оның өмірінің әрбір 
кезеңдеріндегі басты ерекшеліктеріне ықпал ететін көптеген факторларға 
байланысты болып келеді.  
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымы мектепті басқаруда 
басқарушыға мектепті жүйе ретінде, оның негізгі белгілерін терең білуге 


38 
мүмкіндік береді. Бұл ұстаным басқару іс-әрекетінің тізбекті, логикалық 
құрылымды, өзара пайдалы және оның барлық функцияларының тең 
дәрежеде маңызды екенін көрсетеді. 
Басқарудағы жүйелілік педагогикалық үрдістің табиғатын түсінуге 
мүмкіндік береді және басқару тиімділігін арттырады. Мектепті басқаруда 
оның бөліктерін бақылап ғана қоймай, олардың арасындағы қатынастың 
пайда болуын анықтау қажет, сонымен бірге әрбір компоненттің әсерін, 
сапасын, болашақтағы дамуын көрсету керек. Мектеп пен қоршаған ортаның 
қатынасы екі түрде іске асырылады. Біріншісі, мектептің қоршаған ортаға 
үйренуі, ал екіншісі мектептің көздеген мақсатына жетуі үшін қоршаған 
ортаны өзіне бағындыруы. Мектепті басқарудағы жүйелілік екіжақты 
қозғалыс, ол басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын 
қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың 
болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық 
қызметтің айқындылығын, дұрыстығын, пайдалылығын ашуға болады. 
Менеджменттегі біртұтастық құрылымның басқаруда ғана емес
мұғалімнің мен оқушының өз әрекеттерін белсенді ұйымдастыра алуына 
негіз болып, танымдық ынталандыруға қол жеткізетінін ашып көрсетеді. 
Менеджмент негізіндегі басқарудың жаңа сипаты адам тұлғасына 
бағытталғандықтан, оның жүзеге асырылуы басқару мазмұнына дәстүрлі 
көзқарастарды өзгертумен бірге тұлғаға бағытталған басқару қызметінің 
ерекшеліктерін айқындауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет