Дәрістер №1 дәріс 1-БӨлім білім берудегі менеджменттің теориялық


Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері



Pdf көрінісі
бет54/79
Дата24.12.2022
өлшемі1,45 Mb.
#59426
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79
2. Басқарушылық қарым-қатынас, оның түрлері. Дұрыс 
ұйымдасқан басшылық қатынас жақсы басшылықтың катализаторы болып 
есептеледі. Керісінше басшылық қатынастың болмауы басшы мен жұмысшы 
арасындағы қатынасқа зиян келтіре отырып, ұйымның жұмыс өнімділігін 
төмендетеді. Басшы болу үшін екі шартқа сәйкес болуы қажет: оның 
көмегімен басшылық мәселелер шешіледі; оған қатысушылар өзін 
жетілдіруге, жетістікке жетуге мүмкіншілік алады.
Басқарудағы осы екі шартты орындағанда ғана қатынас тиімді болады. 
Атақты психолог А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының маңыздылығы 
жұмысшының басшысы не қалайтынын түсініп, өзін басшысының орнына 
қойып үйренеді. Бұл жағдайды А.Ю.Панасюк басшылық қатынасының 
бірінші заңы деп атаған. Басшы мен жұмысшы арасындағы өзара түсіністікті 
болдыру үшін бұйрықты ақпарат беруде мыналар маңызды: кәсіптік тілдің 


109 
бірлігі, интеллект деңгейін есептеу, ақпарат толықтығы, мәселеге көңіл 
аудару немесе оны жеткізудің ойлылығы. Ақпаратты жеткізу мынадай үлгіде 
жүзеге асуы тиіс: жұмысшының көзқарасына қарсылықты болмауы; 
жұмысты атқарудағы жұмысшының қызығушылығын көрсету. Кейде 
жұмысшыға басшы адам ретінде ұнамағандықтан қарсыласады. Бұл жағдайда 
іскерлік шиеленістен туған қатынас эмоционалды түрге көшеді.
Сондықтан басшы жұмысшылармен ең алғаш қатынасу кезінде 
басшылық қатынастың екінші заңына бағынуы тиіс: тең қатынасты жағдайда 
адам өзі эмоционалды оң қатынастағы адамның позициясын ұстанады, және 
керісінше эмоцианалды теріс қатынастағы адамның позициясын құптамайды.
Қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда болып, 
басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан жасалады. 
Біздің санамызда өзіндік түсінік, пікір, ойлар формасында туындайтын білім 
де тура осындай екі жолмен: алдымен басқамен қарым-қатынас арқылы, 
содан кейін өзіңмен диалог жасау, яғни рефлексия арқылы игеріледі.
А.А.Леонтьев қарым-қатынастың 4 түрін бөліп көрсетеді: әлеуметтік-
бағдарлық қатынас; топтық пәндік-бағдарлық қатынас мақсаты іс-әрекеттегі 
топтық әрекеттестікті ұйымдастыру; тұлғалық-бағдарлық қатынас бір-
бірімен қатынас; психологиялық өзара қарым-қатынас.
Басшылық әрекетін талдау кезінде қарым-қатынас оның тәуелсіз бөлігі 
болып саналады, қатынас басқару үрдісінде «коммуникативті реттеуші», 
«коммуникативті ұйымдастырушы» функцияларын атқарады. Басқару 
қатынасы басқару әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етеді. Басқару 
қатынасы 
қарым-қатынастың 
ерекше, 
спецификалық 
түрі. 
Басқа 
қатынастардан ерекшелігі осы қатынас түрі негізінде басшылық мәселелері 
шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет