108
2. Тактика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен
сүю, құшақтасу, сипау т,б. денеге тию әрекеттерін зерттейді.
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте
орналасуын зерттейді. Адамдардың өзара байланысында келесі арақашықтық
зоналары белгіленеді:
Ым-ишара қарым-қатынас барысында көп ақпарат береді. Ым-
ишараның негізгі түрлері: иллюстраторлық ым-ишаралар - мәлімет беретін
ым-ишаралар: белгілер, пиктография – суреттердің бейнелері, кинстография
– денемен қозғалыс, идеографтар ойдағы заттарды біріктіретін қолдардың
қозғалысы; реттегіш ым-ишаралар адамның белгілі бір нәрсеге көзқарасы
мен сезімін білідіретін ым-ишаралар. Мыс. күлу, бас изеу, т.б.; эмблемалық
ым-ишаралар – қарым-қатынастағы сөздерді белгілі бір қимыл-
қозғалыстармен ауыстыратын ым-ишаралар қол көтеру, рахмет деп бас изеу;
адапторлық ым-ишаралар – адамның қолдарының қозғалысымен байланысты
әдеттері. Мыс. басқа адамға қол тигізу, қолдағы заты ұстау, сипау, т.б.;
аффекторлық ым-ишаралар – дене және бет-әлпет бұлшық еттерінің
қозғалысы арқылы белгілі бір эмоцияларды білдіретін ым-ишаралар. Мыс.
көз қиығының қозғалысы, беттің қызаруы, т.б.
Қарым-қатынас барысында кездесетін ым-ишаралардың түрлері: баға
беру /иегін қасу, тұрып ары бері жүру; өзін-өзі сендіру ишарасы – орындыққа
отырып тербелу/; өзіне-өзі сенімсіздік немесе тыныштық таппау ишарасы –
саусақтарын қиылыстыру, алақанын шымшу, саусақтарымен столді
тықылдату, орындыққа отырар алдында оны тексеру; өтірік айту немесе бір
нәрсені жасыру ишарасы – қолымен аузын жабу, мұрнына қолын тигізіп
отыру, дененің басқа жаққа бұрылуы, көздің ары-бері жүгіруі т.б.; өзін-өзі
бақылау ишарасы – бір қолын екінші қолымен қысып арқасының артында
ұстау, орындықта шынтақты тіреп отыру; келіспеу ишарасы – қолдарын
кеудесінің үстінде қиылыстырып ұстау, денесінің артқа қарай бағытталуы,
саусағымен мұрнының ұшына тию. Осындай ишараны түсіне білу
адамдардың мінез - құлық ережелерін ажыратуға, кім екенін білуге жақсы
көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: