22
сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің
жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық
қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық
жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.
Осы орайда мен мамандығыма, заманға сай жетік елші болып шығуыма
және Қазақстанды шет елдерге танытуға бар күшімді саламын. «Органикалық
заттардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірушілердің мына қызмет
түрлерімен айналасу мүмкіндігі бар: мұнай-химиясы синтезінің технологиясы,
көмірсутек шикізатын дайындау процесстері, қазып шығару және тасымалдау
технологиялары, көмірсутек шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің
химиялық технологиясы, биологиялық белсенді заттардың химиялық
технологиясы, көмірсутек шикізатын пайдаланудың химиялық технологиясы.
Бұл мамандық – өте қызықты. Себебі ол бұл әлемде жоқ жаңа затты
ойлап табуға мүмкіндік береді. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір
мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы
мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді.
Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның
ашылғаны. Қазақ үш-ақ мамандықты біледі: қара жұмысшы, директор, бас
директор. Араларындағы салаларды ойламайды да. Шын мәнінде халқыңа
пайдалы азамат болуға тырысу маңызды, керісінше халқың саған пайдалы
болу емес. Өз ісіңнің білгір маманы болғанға не жетсін!
Мен 18 жастамын. Арманымның оңайлықпен орындалмайтынын да
сезіп, білем. Алайда мен еліміздің, біздей ел жалғасы өскелең ұрпақ үшін
құрбан болған Қайрат Рысқұлбековтың мына сөзін жадымнан еш
шығармаспын:
«…Арман қудың ба, алдыңа қара, артыңа алаң болма! Өмірдің өткелін
іздеп таптың ба, жүрексінбе, көзді жұм да, қойып кет, белді шеш те, кешіп
өт…».
Аян Жәрдемов
Қазақстан-Британ Техникалық университетінің студенті
https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/24654/
Мәтіннің
жанры
Мәтін қандай аудиторияға
арналған?
Не
себепті?
Ойыңызды дәлелдеңіз.
Мәтіннен
мақсатты
аудитриясына
сай
терминдер
немесе
ұғымдарды,
тілдік
оралымдардан мысалдар келтіріп, талдаңыз.
2-тапсырма. Мамандық – адам өмірінің бастауы, алғашқы баспалдағы.
Сондықтан да адам мамандық таңдаудан жаңылыспағаны абзал. Қоғамға
қажет мамандық бар және сұранысқа ие емес мамандықтар да көптеп
кездеседі. Сіз мамандық таңдауда қандай қағидаларды басшылыққа алар
едіңіз? Зияткерлік миграция туралы не айтар едіңіз? Өз ойыңызды дәлелді,
тиянақты жеткізіңіз. Тапқыр ой мен ұтымды жауап беруде мамандыққа
қатысты нақыл қолданыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: